Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет86/122
Дата04.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2913
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   122

идеяларды  әр  сабақта  жан-жақты  қолданып,  жаңаша  оқытудың  тиімді 
жолдарын  тауып,  жүйелі  түрде  қолдану-заман  талабы  болып  отыр.  Білім 
берудің  мазмұны  жаңарып,  жаңаша  көзқарас  пайда  болды.  Осыған 
байланысты  ұстаздар  алдында  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  үнемі  жаңартып 
отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. 
Мемлекетіміздің  білім  беру  үдерісіне  енген  жаңартылған  білім 
беру         бағдарламасы  - заман  талабына  сай  келешек  ұрпақтың 
сұранысын  қанағаттандыратын тың бағдарлама. 
       
Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы 
оның  ұлттық  білім  жүйесінің  деңгейіне,  даму  бағытына  байланысты. 
«Ұрпағы  білімді  халықтың  болашағы  бұлыңғыр  болмайды»  дегендей,  жас 
ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің 
басты талабы.     Еліміздегі білім беру саласы жаңа жүйеге көшу барысында 
ұлтымыздың  болашағына тірек болар азаматтардың білім деңгейі жоғары, ой 
өрісі  дамыған,  өз  ойын  еркін  жеткізе  алатын,  туындаған  мәселелерді  шеше 
білетін және шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуді басты фактор 
ретінде  қарастырып  отыр.  Сонымен  қатар,  мемлекеттік  тілдің  зор  әлеуетін 
сезіну міндеттілік деп танылып, ұлтаралық келісім кепілі ретінде әрбір білім 
алушы оны құрметтеуі парыз. 
       
Біз  02.05.17  –  20.05.17ж.  аралығында      3  апта  көлемінде  қазақ  тілін 
жаңа  мазмұнда  оқыту  бойынша  дәріс-тренингтер  тыңдап,  көптеген  оқу 
стратегияларын, тілді үйретудің әдіс-тәсілдерін, алған білімдерін  тәжірибеде 
қолдана білудің егжей-тегжейін үйрендік. Сонымен қатар, бұл курста  білім 
мазмұнын  бағалаудың  ерекшеліктеріне  де  назар  аудардық.    Критериялды 
бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі 
алдын  ала  белгіленген  критерийлердің  нақты  жиынтығымен  өлшенеді. 
Оқушылардың  пән  бойынша  үлгерімі  екі  тәсілмен  бағаланады: 
қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау.  Қалыптастырушы бағалау 
күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және 
тоқсан  бойы  жүйелі  түрде  өткізіледі.  Қалыптастырушы  бағалау  үздіксіз 
жүргізіле  отырып,  оқушылар  мен  мұғалім  арасындағы  кері  байланысты 
қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға 
мүмкіндік береді.
   
      
Курстан  алған  әсеріміз  өте  көп.  Біз  үшін  осы  күндер  көзді  ашып-
жұмғандай  тез  өтті.  Осы  ретте  қазақтың  «Ақылды  көп  жасағаннан  сұрама, 
көп білгеннен сұра» деген жақсы бір сөзі ойыма оралып отыр.  Біздің білімге 
деген  ықыласымызды  оятып,  дәріс  берген  тренерімізге  алғысымыз  шексіз. 
Көңіл  қойып,  ой  түйетін  маңызды  сәттер  ерекше:   шиыршықты  оқытудың 
мазмұны,  жаңа  бағдарлама  бойынша  әр  сабаққа  қысқа  мерзімді  жоспар 
құрастыру, аудармасыз оқытудың тәсілдері, төрт дағды бойынша (айтылым, 
тыңдалым,  жазылым,  оқылым)  оқып  үйренген  білікті  тренинг  біздің 
педагогикалық   білімімізді   тереңдете  түсті.  Білім  алудан  еш  жалықпадық. 
Өзге  ұлттың  баласы  неге  қазақ  тілін  білмейді  деген  сауалдың  жауабын 
ұстазымыздың  «Мұғалім  өзіне  де,  оқушыға  да  талап  қоя  білгенде  ғана 
білімде сапа болады», - деген пікірінен тапқандаймыз… Курс қазақ тілі пән 
188 
 


мұғалімдеріне  не  берді?  Курстан  күтілген  нәтиже  қандай?  Осы  сұрақтарға 
жауап  іздесек,  ұстаздардың  берер  жаубы:  бұл  курстан  қазақ  тілі  пән 
мұғалімдері  өздеріне  қажетті  мол  рухани  байлық  ала  алды,  теория   түрінде 
де,тәжірибе түрінде де өздеріне қажетті өте мол қор жинады деп ойлаймыз. 
Ұстаздардың курстан күткен нәтиже осы еді. 
 
 
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ 
САБАҚТАРЫНДА ПАЙДАЛАНУ 
  
Омарова А.А. 
Алматы облысы,Талдықорған қаласы, №2 орта мектебінің 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
 
Педагогикалық  қызметтің  басты  мақсаты  —  жаңа  педагогикалық 
технологияларды ұтымды пайдалану. 
Білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру  –  жаңа  инновациялық  әдістер  мен 
оқыту  технологияларын  қолдану  арқылы,  дамыта  оқыту,  дара  тұлғаны 
бағыттап  оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асыра  отырып,  оқу-  тәрбие  үрдісінің 
барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Бүгінгі 
күннің  талабына  сай  білім  саласында  жаңа  технологиялар  қолданудың 
маңызы  зор.Заман  талабына  сай  білім  беру  оқушылардың  адамгершілік, 
интеллектуалдық  дамуының  жоғары  деңгейі  мен  білімін  қамтамасыз  етуге 
бағытталған  оқытудың  үздіксіз  үрдісі  десек,  оның  тиімділігі  мен  сапасын 
арттыру  мұғалімнен  оқу  процесінің  ғылыми  теорияға  негізделген  және 
оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы әдістеріне 
көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы білім беру болып 
табылады.  Бүгінгі  таңда  жас  ұрпаққа  кез  келген  пәнді  ұғындырудың  тиімді 
жолы – жаңа технология негіздері болып табылады. 
Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнін  оқытуда  жаңа  технологияларды 
пайдалану  мұғалім  үшін  қандай  маңызды  болса,  оқушы  үшін  одан  да 
маңызды.  Жаңа  технологиялар  оқушылардың  білім  сапасын  арттыруға, 
өздігінен  жұмыс  істеу  мүмкіндігін  молайтуға  көп  көмегін  тигізеді.  Осы 
тұрғыда жаңа технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында кеңінен 
пайдаланамыз.  Соңғы  жылдары  оқытудың  жаңа  технологиялары  білім  беру 
саласында  кеңінен  қолданылып  келеді.  Олардың  ішінде  отандық  әдіскер 
ғалымдар  жасақтаған  «Модульдік  оқыту  технологиясы»  (М.Жанпейісова), 
«Деңгейлеп  оқыту  технологиясы»  (Ж.Қараев),  қазақ  тілі  мен  әдебиеті 
сабақтарына  арналған  «Сатылай  кешенді  талдау»  (Н.Оразақынова),  «Сын 
тұрғысынан  ойлау»  т.б.  технологиялары  мұғалімдердің  қызығушылығын 
арттырып, оқу үдерістеріне кеңінен ендірілуде. Мұндай әдіс – тәсілдер мен 
оқытудың  жаңа  технологиялары  туралы  арнайы  еңбектер  мен  ғылыми  – 
әдістемелік тұрғыдан баяндайтын құралдар, түрлі курстар мен білім сатысы 
оқулары  арқылы  мұғалімдердің  әдіскерлік  шеберліктерін  ұштауларына 
мүмкіндіктер  мол. Сондықтан  түпкі  нәтижені  таңдаудың,  оны  мақсатқа  сай 
ұйымдастыра  білудің  маңызы  зор.  Оқыту  әдістерінің  кез  келген  түрін 
189 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау