Коммуникативтік әрекеттер оқушылардың басқа адамдардың ұстанымдарына
әлеуметтік құзыреттіліктер мен саналы бағдарларды (ең алдымен, серіктестің
қарым-қатынасы немесе жұмысы бойынша), тыңдай білу және диалогке кіре
білу, проблеманы ұжымдық талқылауға қатысу, құрдастар тобына кірігу
және өнімді өзара әрекеттестік, құрдастары және ересектермен
ынтымақтастықты құра білуді қамтамасыз етеді.
Ынтымақтастық — ақпараттар және әрекеттермен алмасу ғана емес,
сонымен қатар заманауи жұмыс бойынша серіктестердің эмоционалдық-
психологиялық қажеттіліктеріне сыпайы тұспалдауға бағытталған:
•
Мақсатқа жетуге байланысты қолдау және көмек көрсету;
•
Топтағы даусыз бірлескен жұмысты қамтамасыз ету;
•
Адамдармен өзара түсінісушілік, жылы қарым-қатынастар орнату;
•
Тиімді топтық талқылау ұйымдастыру;
•
Тиімді бірлескен шешімдер қабылдау үшін топ мүшелері арасында білім
алмасуды қамтамасыз ету;
•
Топтың мақсаттарын айқын құру және оған қатысушылардың осы
мақсаттарға жету үшін өз энергиясын көрсетуге мүмкіндік беру;
•
Басқалардың қажеттіліктеріне дұрыс қарау.
Сонымен қатар «коммуникативтік құзыреттіліктер» ұғымы мазмұнына
сөйлеу әрекеттері де кіреді:
•
Пікір білдіруде тілдік материалды пайдалану үшін меңгеру;
•
Қарым-қатынас жағдаяттарына сәйкес тілдік бірліктерді пайдалану
қабілеттілігі;
•
Коммуникативтік-маңызды тілдік құрылымдар аясында жеке пікір
білдірулерді қабылдау және тудырудың байланыстылығын түсіну және жету
қабілеттілігі;
•
Көру және естумен (оқылым, тыңдалым) берілетін мәтінді түсіну және
пікір білдіру қабілеттілігі (айтылым, жазылым);
•
Ақпараттардың әртүрлі қайнаркөздеріне (сөздіктер, анықтамалықтар)
бағдарлану және оларды оқу жұмысында пайдалану қабілеттілігі;
•
Тілдің қызмет етуінің әлеуметтік-мәдени мәнмәтінімен танысу дәрежесі;
•
Қарым-қатынасқа
қабілеттілігі
және
дайындығы
(
оқытудың
интерактивтілік аспектісі).
Сыныптағы топтық жұмысты ұйымдастыру үшін тапсырмаларды
орындау кезінде 3-6 адамнан, көп жағдайда 4 адамнан тұратын топтарға
бөлінеді. Тапсырма жеке адамға емес, топқа беріледі. Топтарды әр түрлі
белгілер бойынша құруға болады. Мысалы, әртүрлі деңгейдегі топтар
танымдық белсенділіктері бірдей деңгейдегі оқушылардан құрылуы мүмкін.
Бұдан басқа, топтар оқушылардың өз қалауы бойынша құрылуы мүмкін:
ұқсас қызығушылықтары, жұмыс стилі, достық қарым-қатынастары және т.б.
бойынша. Топтағы жұмыс кезіндегі оқушылардың рольдері әртүрлі бөлінуі
мүмкін:
•
барлық рольдерді мұғалімдер ертерек бөліп қояды;
199
•
қатысушылардың ролі араласқан: балалардың бір бөлігіне ол қатаң берілген
және мәселені шешудің барша үдерісінде бұлжымайды, топтың басқа бөлігі
өз қалауы бойынша рольді өз бетінше анықтайды;
•
топ қатысушылары рольді өзі таңдайды.
Рольдің орындалуы топ қатысушысының жеке-дара қасиеттеріне
байланысты. Бұл үдеріске баланың әлеуметтік-психологиялық мінездемесі де
әсер етеді. Мысалы, сыныптағы төмен дәрежелі оқушы рольді қабылдау
кезінде мұғалімнің көп көңіл бөлгенін және қолдауын талап етеді.
Оқушылардың топтар бойынша жұмысы кезінде мұғалім келесі
позицияларда болады: жетекші, топ «режиссері» болу; топтың бір
қатысушысы қызметін атқару; топтық жұмыс барысы мен нәтижелерін
қадағалаушы және бағалаушы сарапшы болу; топтар жұмысын бақылаушы
болу. Басында мұғалім оқушының тапсырманы топта бірлесе орындауына
қосылуын қамтамасыз етеді. Ол топтық жұмыс дегеннің не екенін, балаларға
әрбір топта және сынып бөлмесінде топтардың қалай орналасуы тиістігін
түсіндіреді; жұмыстың жүйелілігі туралы нұсқаулық береді, топ ішінде
тапсырмаларды бөледі; балалардың топта орындауы мүмкін қызметтері
(рольдері); топтағы жұмыстың жеке нәтижелерін талқылау қажеттілігіне
көңіл аудару. Мұғалім оқушыларға топтың әрбір мүшесінің жұмысын
серіктестерінің қабылдауына байланысты тәсілдерді хабарлайды:
•
жолдасының жауабын мұқият тыңдау, оның толықтығын бағалау;
•
материалды мазмұндау логикасына назар аудару;
•
жолдасының өз жауабын нақты мысалдармен, дәлелдермен көрсете алуын
анықтау;
•
жіберілген қателерді сыпайы түзету;
•
қажетті елеулі толықтырулар енгізу;
•
жауаптың негізделген бағасын беру.
Топтың тапсырманы бірлесе орындауының бастапқы кезеңінде топ
мүшелерінің әрекеттерін нәтижеге жету үшін қажетті үйренетін кейбір
қолжетімді әрекеттерді күш жетерлік іске асыруға оқушыларды тарта
отырып, мұғалім үйлестіреді. Сонымен қатар педагог тапсырманы
орындаудың бар үдерісін барынша реттейді.
Содан кейін мұғалім оқушыларға өз нұсқаларын айта отырып, мәселені
шешу жолын бірлесе тауып көруді ұсынады. Мұғалім оқушыларға ненің
дұрыс шыққанын, ненің дұрыс шықпағанын түсіндіре отырып, оқушылар
жұмысын өзі бағалайды.
Бұдан әрі оқушылар осы тапсырманың шешу тәсілдерін ұсынып қана
қоймай, сонымен бірге бақылау, үдерісті бағалау және алынған нәтиже
саласында бастама білдіреді. Педагогтің топтық жұмыстың осы кезеңіне
қатысуы негізінен марапаттаумен шектеледі және кейбір жағдайларда
бақылаудың көмегімен оқушы жұмысының нәтижелерін онымен бірге
бағалайды.
Топ жұмысының келесі кезеңінде мұғалім көмегі аз. Оқушылар
тапсырманы ала отырып және әрбіреуінің орындайтын тапсырмаларын
ескере отырып, оқу жұмысының барлық кезеңдерінде серіктестермен өзара
200
Достарыңызбен бөлісу: |