Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 471,85 Kb.
Pdf просмотр
бет6/6
Дата10.11.2018
өлшемі471,85 Kb.
#18840
1   2   3   4   5   6

15 

 

орасан  көп  ақша  төлейді,  ал  бала  қабылдануы  үшін  күрделі  тестілеуден  өтуі 



қажет.  Дегдарлы  балабақшаларда  тәрбиеленушілердің  ата-аналарымен  қарым-

қатынас  жеткілікті күрделі. Бірақ, мұндай балабақшалар көп емес. Сол сияқты 

дегдарлы балабақшаларға ұқсас, еркін тәрбиеге бағытталған, кішкентай балалар 

үшін қатал әрі күрделі сабақтар жүйесі жоқ балабақшалар да аз.  

Балабақшалардың көпшілігінде тәрбиешілердің басты міндеті – балаларды 

тіл  алғыш,  елгезек  болуға  үйрету.  Жапондардың  үй  тәрбиесі  балаларға  өте 

жұмсақ, балаларға сирек тыйым салады. Бірақ бөгде адамдарға көшеде, белгілі 

орындардағы  қарым-қатынас  бойынша  жапондық  дәстүр  бардық  азаматтан, 

соның  ішінде  балаларды  қоса,    ерекше  құрметті  талап  етеді.    Сондықтан 

балабақшада балаларды ортада өзін-өзі ұстау, сөйлеу, танысу мәнерлеріне жиі 

көңіл бөлінеді.   

Оқу  жылы  Жапонияда  1  сәуірден  басталады.  Бұл  күні  балабақшадан 

университетке  дейінгі  барлық  білім  беру  орындарында  салтанатты  ашылу 

рәсімдері  өтеді.  Және  балабақша  директоры  кішкентай  тәрбиеленушілерді 

университет  ректоры  студенттерін  қалай  қарсы  алса,  дәл  солай  қарсы  алады. 

Елдің  барлық  оқу  орындары  бірыңғай  кестемен  жұмыс  істейді:  оқу  жылы  үш 

семестрге бөлінген. Семестр аралығында студенттер, мектеп оқушылары және 

балабақша тәрбиеленушілері үшін каникулдар болады.  

Каникулда балалар бассейнге жүзу үшін (бассейндер барлық балабақшада 

бар)  және  өмір  туралы  тәрбиешімен  әңгімелесуге  балабақшаға  келе  алады. 

Бірақ сабақтар бұл уақытта өткізілмейді.  

Жалпы  Жапонияда  бала  денсаулығын  сақтауға  көп  көңіл  бөлінеді:    әрбір 

оқу  орнында  медициналық  қызметкерлер  ұжымы  жұмыс  істейді:  –  дәрігер, 

медбике, тіс дәрігері, фармацевт, денсаулық кураторы. 

Жапондық тәрбиешілер балаларды өзара іс-әрекетке үйрете отырып, олады 

кішкентай  топтарға  (хан)  формалайды.  Бұл  топтардың  өздерінің  үстелдері, 

балалардың өздері таңдаған жеке есімдері болады.  

Топтар    (әр  жыныстан  6–8  адам)  қабілеттері  бойынша  емес,  олардың 

қызметін  тиімді  қылатын  жағынан  топтайды.  Балалар  бойына  көптеген 

дағдылар  сіңіріледі:  сұхбаттасына  қалай  қарау  керек,  өзін  қалай  көрсету  және 

құрбысының пікірімен қалай есептесу, т.б.  

Мұндай  топтардың  құрамы  тұрақты  емес.  Әр  жылда  топтар  жаңадан 

құрылады.  Бала  топтарының  үнемі  ауысуы  сәбиді  әлеуметтендіру  үшін  кең 

мүмкіндік  береді.  Егер  балада  нақты  топта  қарым-қатынас  орнықпаса,  оның 

басқа балалар арасында тіл табысуы мүмкіндігін жоққа шығармаймыз.  

Тәрбиешілерді  балалардың  оларға  тым  қатты  үйреніп  қалмауы  үшін 

ауыстырады.  Мұндай  жағдайда  егер  педагог  бір  себептермен  баланы  ұнатпай 

қалса, бұл оқиға балаға өте қиынға соқпайды. Өзге тәрбиешімен балада достық 

қарым-қатынас  орнауы  мүмкін,  сондықтан  бала  ересектердің  барлығы  өзін 

сүймейді деген ойға қалмайды.  

Жапонияда  кішкентай  балаларды  тәрбиелеу  адамның  шығармашылық 

қабілеттерін  дамытуға  бағытталмайды,  бірақ  балада  адамзат  қоғамы  туралы 




16 

 

түсінік  қалыптастырады,  ұжымда  тиянақты,  ешкімге  кедергі келтірмей  жұмыс 



істей алатын физикалық және психикалық дені сау адамды тәрбиелейді.  

Сол себептен, Жапониядағы мектепке дейінгі білім беру мемлекеттік емес, 

Германиядағы  сияқты  Білім  министрлігіне  бағынбайды.  Мемлекет  балалары 

балабақшаға баратын ата-аналарға қаржылық көмек ұсынбайды.  

 

 Австралиядағы мектепке дейінгі білім беру 

Тарихи жағынан келгенде,  Австралиялық білім  беру  жүйесі  британ  үлгісі 

бойынша  құрылған,  қазіргі  күнге  дейін  солай  жалғасуда.  Австралияда 

балабақшалар  өте  кішкентай  балаларға  арналған.    Мектепке  дейінгі  тәрбие 

ерекше  оқыту  ұсынбайды,  өйткені  мұнда  балалар  мектепке  өте  ерте  барады 

және  балаға  өзінің  ерекшелігін  көрсету  үшін  оны  зиянды  деп  санайды. 

Австралиядағы  балабақшалардың  басым  көпшілігі  жеке  меншік.  Балабақшада 

бір  күндік  төлем  ақысы  20–50  австралиялық  доллар(A$).  Мемлекет  ең 

көбіаптасына  бір  балаға  ChildCareBenefit  –A$  122,  екі  балаға  -  A$  255,  үш 

балаға  -  A$  398  көлемінде  жәрдемақы  төлейді.  Бәріне  тиісті  ең  аз  жәрдемақы 

аптасына  – A$ 20.50. 

Айта  кетерлігі,  тәрбиешілердің  жақсы  дағдылары  мен  олардың  балаларға 

қарым - қатынасының ерекшелігі: тәрбиешілер ата-аналарға баласының дұрыс 

тәрбиеленбегенін  немесе  қолынан  ештеңе  келмейтінін  айтпайды.  Олар 

тәрбиелеу үрдісіне сәйкес ата-аналармен бірге жұмыс жасайды.  

Австралиялық  мемлекет  -  халықаралық  елдер  ішіндегі  балалардың 

мектепке дейінгі білім кезеңінде ата-аналарға көмек беретін жалғыз мемлекет.  

 

 Израильдегі мектепке дейінгі білім беру 

Өзінің  пайда  болуының  жарты  ғасырдан  көп  мерзімінде  Израиль  шөлді 

алқаптан Шығыстың үдемелі дамыған мемлекетіне айналды. Мұның бір себебі 

– елдің жоғары білім беру деңгейі. Израилдағы білім беру– бұл мемлекет халқы 

мен  репатрианттар  ғана  емес,  шетелдіктер  де  қолдана  алатын  жақсы  жүйе. 

Өзінің  көптеген  экономикалық  жетістіктері  үшін    Израиль  еврей  қауымында 

сақталған оқытудың ескі дәстүрлеріне міндетті.  

Болашақ  карьера  үшін  база  құруда  алғашқы  қадамды  израилдықтар 

балалықтың ерте жасынан бастайды.  Кейбір балаларды мектепке дейінгі білім 

беру  орындарына  екі  жастан  береді,  көпшілігі  үш-төрт  жастан  бастап  барады. 

Бес  –  алты  жаста  балабақшаға  бару  барлығына  міндетті.  Онда  оқуға,  жазуға, 

арифметикаға  оқытады,  балалардың  шығармашылық  ойлауын  дамытуға 

тырысады  және  ойын  бағдарламаларын  қолдана  отырып,  компьютерлік 

сауаттылықпен  де  таныстырады.  Сондықтан  бірінші  сыныпқа  барған  сәтте 

Израилдің жас азаматы  оқып та, жазып та, санап та білетін болады. Мектепке 

балаларды алты жастан бастап қабылдайды.  

 

 



 

 


17 

 

 АҚШ–тағы мектепке дейінгі білім беру 

АҚШ-та  мектепке  дейінгі  білім  берудің  бірыңғай  жүйесі  жоқ.  Ол  белгілі 

бір міндеттерді шешуге арналған қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді әртүрлі 

бағдарламалар щеңберінде ұйымдастырылады.  

  АҚШ-та  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  арналған  әртүрлі 

бағдарламалар  жеткілікті.  Ережеге  сәйкес,  бұл  бағдарламалар  балалардағы 

стресстік  факторларды  төмендетуге  және  оларды  дамытуға  бағытталған.  

Кейбір  бағдарламалар  баланың  мектепке  дейінгі  ұйымда  толық  бір  күнге, 

кейбіреулері  жарты  күнге  болуға  арналған.  Ата-аналардың  өздеріне  қажетті 

уақытты  таңдауына  мүмкіндік  беретін  икемді  кестесі  бар  бағдарламалар  да 

кездеседі.  Дамуында  ерекшеліктері  бар  үш-төрт  жастағы  балаларға  арналған 

бағдарламалар  да  бар.  Бұлар  –  ақылы  бағдарламалар.  Бірақ  олар  өзге 

көмектерден де қаржыландырылуы мүмкін.   

Бала күннің бірінші жартысында бір бағдарламамен, ал екінші жартысында 

өзге  бағдарламамен  оқуына  болады.  Әртүрлі  бағдарламаларға  қатысу 

мадақталады, өйткені бұл балаларға жан-жақты тәжірибе жинақтауға және жаңа 

ересектер арқылы танысу ауқымы кеңейеді деп есептеледі.   

Бүгінгі күні ерекше мұқтаждығы бар ата-аналармен және  мектепте оқуда 

үлгермеушілігі  бар  балалармен  өзара  іс-әрекеттерді  ұйымдастыру  міндеттері 

өзекті  болып  отыр.  Мұндай  балалардың  ата-аналары  педагогпен  бірге  бала 

дамуының жеке жоспарларын әзірлеуге қатысады және оны бағалап бекітеді.    

Америкалық  зерттеушілер  отбасы  мен  балабақшаның  өзара  іс-әрекетінің 

алты түрін атап көрсеткен:  

1.  Балабақша  ата-аналарға  үйде  бала  дамуы  үшін  жағдайлар  жасауына 

көмектеседі,  сәбимен  қарым-қатынас  дағдысына  оқытады,  дұрыс  тамақтану 

және қоғамдық қызметтерге байланысты ақпараттар береді.  

2.  Балабақша  ата-аналарға  бала  дамуы  туралы  ақпарат  ұсынады.  Ата-

аналар  мен  педагогтар  кездесуі  ұйымдастырылады,  пошталық  хабарламалар 

қолданады және балабақша сайты жұмыс істейді.  

3. Ата-аналар балабақша жұмысына, сыныптан тыс сабақтарға тартылады.  

Олар  балаларды  тоқуға,  сурет  салуға  үйретеді,  оқып  береді,  сабақтарды 

ұйымдастыруға көмектеседі және өзге де іс-шараларға қатысады.  

4. Балабақшада ата-аналар балалармен сабақтың оқу жоспары туралы және 

осы  жоспарды  үйде  жүзеге  асыру  мүмкіндіктері  туралыақпарат  алады.    Бұл 

жағдайда балабақша ата-аналарды қажетті оқыту материалдарымен қамтамасыз 

етеді.  

5.  Ата-аналар  балабақшаны  басқаруға  тартылады.  Бұл  жағдайда  бюджетті 

жоспарлайтын  және  балабақша  қызметкерлерін  жалдау  саясатын  анықтайтын 

қамқоршылық кеңес құрылуы мүмкін.  

6. Балабақша мен ата-аналар мектепке дейінгі жастағы балалар үшін оқыту 

бағдарламаларын қолдайтын және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қоғамдық 

ұйымдармен тығыз қызмет етеді.  

Сол  себептен,  АҚШ  –  тағы  мектепке  дейінгі  білім  беру  балабақшалар 

функциясының  сапалылығын  қамтамасыз  етуде  ата-аналар  мен  мемлекеттің 



18 

 

күшін  интеграциялау  бойынша  озық  тәжірибені  демонстрациялайды.  Бұл 



тәжірибені  Қазақстанның  мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесіне  де  бейімдеуге 

болады.  

 

 Еуропалық елдер тәжірибесі 

Еуропаның  кейбір  елдерінде  мектепке  дейінгі  білім  беруді  қолдаумен 

шіркеу  айналысуы  мүмкін.  Францияда  католикалық  шіркеуге  жататын  ақылы 

мектепке  дейінгі  ұйымдар  бар.  Мұндай  мектепке  дейінгі  мекемелерге 

балалардың 10 %  жуығы барады.  

Европалық  елдер  қатарында  мектепке  дейінгі  білім  беру  кезеңіне 

дамуында  мәселелері  бар  балаларды  қалыпты  дамудағы  құрбылары  арасында 

интеграциялау сұрақтарына ерекше көңіл бөлінеді. Олар мектепке дейінгі білім 

беру орындарына бірге барады. Балалықтың ерте жасынан жағымды сау ортаға 

түскен  дамуында  мәселелері  бар  балалар  оңай  әлеуметтенеді.  Ал  олардың 

қалыпты  дамудағы  құрдастары  бала  кезден  толерантты  болуға,  дамуында 

ерекшелігі бар адамдарды қабылдауға және бағалауға үйренеді.   

  

 Кипрдегі мектепке дейінгі білім беру 

Мектепке дейінгі білім беру (балабақшаға бару) міндетті емес және 3-тен 5 

жас 8 айға дейінгі балаларға білім беру жағдайларын ұсынады. Бұл білім беру 

балабақшалар (nipiagogeia) мен бастауыш мектепті (dimotikascholeia) қамтитын 

Негізгі Білім берудің бөлігі болып табылады. 

Мектепке  дейінгі  білімді  мемлекеттік  және  жеке  меншік  балабақшалар 

және  бастауыш  мектептің  жұмысын  реттейтін  заңнамалық  актілер  реттейді.  

Мемлекет ұсынған мектепке дейінгі білім балабақшадағы тәрбиешілердің еңбек 

ақысын  қамтиды.  Мемлекет  сонымен  бірге  оқулықтардың  және  басқа  да 

қажетті  оқу  материалдарының  шығынын  төлейді.  Басқа  шығындарды  ата-

аналар төлейді. 

Бүгінгі күні Кипрдегі балабақшалардыүш топқа бөледі: 

• мемлекеттік 

• қауымдық 

• жеке меншік 

Мұндай  балабақшаларда  бір  (monothesia)  немесе  бірнеше  педагогтар 

(polythesia) жұмыс жасауы мүмкін.  

Мемлекеттік  балабақшалар  Ата-аналар  ассоциациясы  және  жергілікті 

әкімдіктермен бірге Білім мен мәдениет министрлігінен негізделеді. Білім мен 

мәдениет  министрлігі  бұл  балабақшаларға  мұғалімдерді  тағайындайды  және 

барлық  қажетті  құралдарды  ұсынады.  Ал  Ата-аналар  ассоциациясы  және 

жергілікті  әкімдіктер  ғимараттың  құрылысына  және  негізгі  құралдарға 

жауапты.  Жұмысқа  сонымен  бірге  жинақтаушылар  немесе  мұғалімнің 

көмекшісі  ретінде  қызмет  ететін  жоғары  мектептердің  түлектері  де 

қабылданады.  Бұл  қызметкерлердің  еңбек  ақысын  Ата-аналар  ассоциациясы 

төлейді. 

 



19 

 

 Финляндиядағы мектепке дейінгі білім беру жүйесі 

Финляндияда  ауру  мен  сау  балалар,  ұлттары  мен  әлеуметтік  шығуы 

әртүрлі  балалар  тәрбиеленетін  интегрициялық  тәрбие  идеясы  үлкен 

танымалдықпен қолданылады. Бірақ арнайы мектепке дейінгі мекемелер де бар. 

Олардың  бірі  дамуында  физикалық,  психикалық,  когнитивті  және  әлеуметтік 

кемшілігі  бар  балаларға  (бұл  балабақшада  8  бала  және  4  тәрбиеші  болуы 

мүмкін) арналған.  Басқалары жетекші «профиль» алады. Онда, мысалы, өнерге, 

шетел тілдеріне және футболға да өте көп уақыт бөлуі мүмкін.  

  «Кішкентай балаларға күндізгі күтімнің» басты міндеті (Финляндияда дәл 

осындай формамен мектепке дейінгі тәрбие туралы заң қабылданған болатын) 

бала  тәрбиесінде  ата-ананың  қолдауы  болып  табылады.  Ал  балабақшаға 

қойылатын  талап  -  сенімді,  жағымды  қарым-қатынас  және  оқытудың    жан-

жақты даму ортасын орнату. 

Финляндияда  балалармен  шұғылданатын,  ойнайтын,  серуендейтін,  бірақ 

тамақтандырмайтын  төрт  сағаттық  топтар  болады.  Толық  күнге  арналған 

балабақшалар  да  бар.  Балаларды  түнге  қалдыруға  болатын  балабақшалар  да 

кездеседі,  бірақ  олар  аз,  өйткені  мұндай  балабақшалар  ата-анасы  іссапарға 

кеткен немесе түнгі кезекте жұмыс істеген жағдайларға арналған.  

Мектепке дейінгі тәрбиемен балаларды қамтуды ауқымды деуге болмайды. 

Балалардың шамамен  60% үш жастан бастап мектепке дейін мектепке дейінгі 

мекемелерге  барады.    Алайда  Финляндияда  барлық  алты  жастағы  балалар 

балабақшаның  даярлық  тобына  немесе  мектептің  дайындық  сыныбына  баруға 

құқығы бар екендігі бойынша заң қабылданған.  

Әрбір  топта  жасына  байланысты  12  -  ден  21  –  дейін  бала  болуы  мүмкін. 

Үш жастан кіші әрбір бала екі баланың орнын «алады», себебі екі есе көңілді 

талап етеді деп есептелінеді.  

  Егер  балалар  үш  жасқа  жетпесе,  онда  олармен  бір  немесе  екі  тәрбиеші 

және үш күтуші жұмыс  істейді. Егер барлық бала төрт жастан жоғары болса, 

онда  топта  екі  тәрбиеші  және  бір  көмекші  болғаны  жөн.  Егер  топ  күніне  5 

сағаттан  аз  жұмыс  істесе,  онда  бір  тәрбиеші  мен  бір  күтуші  болуы  керек. 

Ауырып қалған тәрбиешілерді күтуші немесе арнайы шақырылған штаттан тыс 

тәрбиеші  ауыстырады.  дәрігер,  медбике,  музыкалық  қызметкер,  логопед 

лауазымдары жоқ. Тек қана тіс дәрігерінің қарауы болып тұрады.  

Балабақша  таңғы  6.30  не  7.00  –ден    17.00  не  18.00  –ге  дейін  ашық; 

балалардың  ерте  келуі  мен  кейін  қалуы  ұжым  мүшелері  арасында  келісіледі 

(әрқайсысына жылына бір рет келеді). Барлық ересектер үш ауысыммен жұмыс 

істейді, кезекпен өз топтарына 7.30, 8.00 немесе 10.00 келеді. Бұл кесте күннің 

жауапты бөлігінде барлық  ересектердің бір  мезгілде  топта  болуына  мүмкіндік 

береді. Тәрбиешінің жұмыс уақыты жеті сағат, ал тәрбиешінің көмекшісі - сегіз 

сағатқа тең (ол ортаңғы ауысымға келеді). 

Әрбір  балабақшаның  ішкі  саясаты  тәрбиеленушілердің  ата-аналарымен 

келісіледі.  Финляндияда  бала  тәрбиесіне  ата-аналар  ғана  жауап  береді  

(олардың құқығы мен міндеттері заңмен бекітілген). Бала-ата-аналар жобасына 

ата-аналардың қатысуы марапатталады. 

 



20 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 

 

Шет  елдердегі  мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  ата-аналармен  жұмыс 



түрлері  мен  модельдеріне  жасаған  мониторинг  және  сараптаманы 

қорытындылай келе, баланы бірлесіп тәрбиелеуде ата-ананың қатысуы әр елде 

әртүрлі  екеніне  көз  жеткіздік.  Ата-аналармен  бірлесіп  жұмыс  істеуде  АҚШ 

және Финляндияның мектепке дейінгі ұйымдарының жұмысы жаман емес. Көп 

елдерде  ата-ананың  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  жұмысына  және  бірлескен 

қызметті  жоспарлауда  айқын  емес.  Бұл  ата-ана  және  мектепке  дейінгі  ұйым 

немесе  ата-ана  мен  мемлекет  арасындағы  экономикалық  мәселенің  шешілуі, 

немесе  мекемеде  баланың  болу  ұзақтығының  шешімі  болуы  мүмкін.  Ұлттық 

өзгешелік пен әлемдік тенденцияларды есепке ала отырып, Қазақстанда өзінің 

мектепке дейінгі білім жүйесі қалыптасты (2010-2014 жж. арналған «Балапан» 

мемлекеттік  бағдарламасы).  Біздің  жасаған  қорытындымыз  бойынша, 

қазақстандық  балалардың  ата-аналары  мен  еліміздің  мектепке  дейінгі 

ұйымдары әрбір жеке баланың тәрбиесі мен оқытуында бірлесіп қызмет етеді. 

Балабақшадағы  мектепке  дейінгі  білім  беру  үрдісіне  отбасыны  тарту 

қажетті,  өйткені  ата-аналар  бала  тәрбиесіне  жауап  береді,  олар  баланы 

тәрбиелеу мен оқытуда өздерінің рөлін сезінуі тиіс.  

Әртүрлі  елдегі  мектепке  дейінгі  ұйымдар  модельдерін  қысқаша  талдау 

әлемдік тәжірибенің көптүрлілігін көрсетеді, ал қазақстандық мектепке дейінгі 

жүйе  біршама  артықшылығымен  сипатталады.  Сонымен  қатар,  жаңа 

экономикалық  жағдайларға  сәйкес  болу  үшін  шетелдік  тәжірибе  тәрбиешілер 

мен педагогтардың көзқарасын кеңейтеді, қазақстандық мектепке дейінгі білім 

беруді жаңғыртудың ұтымды ынталандыруы және оқулығы бола алады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



21 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

1. 


ҚР  «Білім туралы»Заңы (27 шілде  2007 жыл) 

2. 


ҚР Мемлекеттік жалпыға  міндетті білім беру стандарты 20.08.2013 

3. 


Давыдова  О.И.,  Богославец  Л.Г.,  Майер  А.А.  Балабақшада  ата-

аналармен  

жұмыс: Этнопедагогикалық тәсіл - М.: ТЦ Сфера, 2005. – 144 б. - («МДҰ 

басқару» журналына қосымша). 

4.  Зверева  О.Л.  МДҰ  ата-аналар  жиналысы:  әдістемелік  құрал  /О.Л. 

Зверева, Т.В. Кротова. - М.: Айрис — пресс, 2006. – 128 б. - (Мектепке дейінгі 

тәрбие мен дамыту) 

5. Балабақша және отбасы/ Т.А. Маркова, М.В. Загик, В.М. Иванова және 

т.б. 1981 ж.  

6.  Агавелян  М.Г.,  Данилова  Е.Ю.,  Чечулина  О.Г.  МДҰ  педагогтардың  ата-

аналармен өзара қарым - қатынасы - М.: ТЦ Сфера, 2009.  

7.  Скоролупова  О.А.  МДҰ  тәрбие  -  білім  беру  үрдісін    тақырыптық 

жоспарлау.   I бөлім – М.: ООО «Скрипторий 2003» баспасы, 2008. 

8.  Скоролупова  О.А.  МДҰ  тәрбие  -  білім  беру  үрдісін    тақырыптық 

жоспарлау.  II бөлім  – М.: ООО Издательство «Скрипторий 2003», 2008. 

9.  Отбасы  мен  балабақша  жағдайында    балаларды  ерте  жастан  тәрбиелеу. 

Мақала мен құжаттар жинағы / Т.И. Оверчук ред. Құрастырғандар: Р.А. Горб, 

И.М. Исаченкова. – СПб.: «БАЛАЛЫҚ-ПРЕСС», 2004. 

10.  Доронова,  Т.Н.  Мектепке  дейінгі  мекеме  және  отбасы  –  бірыңғай 

дамыту  кеңістігі:  мектепке  дейінгі  мекеме  қызметкерлеріне  арналған 

әдістемелік  нұсқаулық  /  Т.Н.  Доронова,  Е.В.  Соловьева,  А.Е.  Жичкина,  С.И. 

Мусиенко. – М.: ЛИНКА – ПРЕСС, 2001 

11.  Козлова,  С.А.  Мектепке  дейінгі    педагогика  /  С.А.  Козлова,  Т.А. 

Куликова.-  3-  шығарылым.,  өзгерткен  және  толықтырған  –  М.:  «Академия» 

баспа орталығы, 2001. 

12.  Макаренко  А.С.  Ата-аналарға  арналған  кітап  /  А.С.  Макаренко.  –  М.: 

Просвещение, 1968. 

13.  Маркова,  Т.А.  Мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  отбасындағы 

тәрбиесі / Т.А. Маркова. -М.1979. 

14. Мухина, В. Жас ерекшелік психологиясы/ В. Мухина. – М.: 1998. 

15.  Новиков,  Н.И.  Из  трактата  «О  воспитании  и  наставлении  детей»  // 

Ақылмен және жүрекпен / Н.И. Новиков. – М.: 1989. 

16. Оклендер, В. Окна в мир ребенка / В. Оклендер.-М.: 1997. 

17. Скинер, Р. Семья и как в ней уцелеть / Р. Скинер, Д. Клиз. – М.: 1995. 

18.  Спок,  Б.  Разговор  с  матерью:  Тәрбие  туралы  кітап.  Ағылшын  тілінен 

аударған / Б. Спок. – М.: Политиздат. 1991. 



 

 

 

 

 


22 

 

МАЗМҰНЫ 



 

Кіріспе......................................................................................................  3 

 

Әдістемелік құралдың заңды–құқықты қамтамасыз етілуі ...............  5 



 

МДҰ білім беру үрдісінде ата-аналармен жұмыстың  

ұйымдастырушы-педагогикалық жағдайлары ..................................... 6 

 

Шет елдегі мектепке дейінгі білімді дамытудың заманауи  



модельдері мен негізгі тенденциялары................................................. 15 

 

Қорытынды.............................................................................................. 24 



 

Пайдаланылған әдебиеттер ................................................... 25 



 

жүктеу 471,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау