Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ


ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДЫҢ ЗАҢДЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ



жүктеу 471,85 Kb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата10.11.2018
өлшемі471,85 Kb.
#18840
1   2   3   4   5   6

 

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДЫҢ ЗАҢДЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ 



 

  Әдістемелік құралдың құқықты негізі болып табылады: 

-  Бала құқықтары Декларациясы және бала құқықтары туралы Конвенция

-  Қазақстан Республикасының Конституциясы; 

-  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 2007 шілдедегі «Білім туралы» 

Заңы; 


-  Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы  «Қазақстан-

2050»  Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»    атты 

Қазақстан халқына Жолдауы; 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 



қаулысымен  бекітілген  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік 

жалпыға міндетті стандарты

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010  жылы  7  желтоқсандағы     



№  1118  Қаулысымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасы  білімді  дамытудың 

2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2010  жылы    28  мамырдағы            



№ 488 [5] қаулысымен бекітілген Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және 

оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі  2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» 

бағдарламасы;  

Қазақстан Республикасының 2011жылғы 30 желтоқсандағы санитарлық 



ережелері мен нормалары.  

 

Әдістемелік  құралдың  мақсаты  -  балаларды  тәрбиелеу  мен  оқытуда 

мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасында тиімді әріптестік механизмін құру 

болып табылады.  

Мектепке  дейінгі  ұйымның  білім  беру  үрдісінде  ата-аналармен  тиімді 

әріптестіктің заманауи формаларын жетілдіру бойынша әдістемелік құралдың 

міндеттері:  

 



Тәрбиешілерге мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен жұмысының 

заманауи моделдерін ұсыну; 

 

Ата-аналармен  жұмыстың  тиімді  формаларымен,  педагогикалық 



тұрғыда балалармен қарым-қатынастың жаңа құралдарымен таныстыру; 

 



Балаларына білім беруде ата-аналардың қажеттілігін зерттеу;   

 



Біріккен  шығармашылық  жұмыстарға  ата-аналар  мен  балалар 

күштерін біріктіру;    

 

Педагогикалық үрдіске ата-аналарды жүйелеп тарту; 



Педагогтар құзырлығының деңгейін көтеру; 

Мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру жағдайларына тапсырыс беруші 

ретінде ата-аналарды педагогикалық ағартуды жалғастыру. 

 

 



 

 



 

Күтілетін нәтиже:  

     -   Кәсіптік құзырлықтың деңгейі, сонымен бірге көрсетілетін 

жағдайлардың деңгейі де көтеріледі

- Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен жұмысының позициясы өзгереді; 

- Ата-аналар мектепке дейінгі ұйым қызметіне қатыса алатын болады

-  Педагогтар  ғылыми-әдістемелік  деңгейде  отбасындағы  балаларды 

тәрбиелеу мен оқытудың тәжірибелерін зерттеп біледі;  

-  Балаларының алдында ата-ананың, ата-аналар алдында педагогтар беделі 

көтеріледі.  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 



 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ  

АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

ЖАҒДАЙЛАРЫ 

 

Білім  беру  жүйесін  дамыту  Қазақстан  Республикасының  басымдық 



бағыттарының бірі болып табылады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» 

Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»    атты  Қазақстан 

халқына Жолдауында және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға 

Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында білім беру 

жүйесінде басымдықтарды анықтады және біздер  -  педагогтар алдына күрделі 

мақсат - әлемдік деңгейдегі білім орталығы болуды қойды.  

Мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесін  жаңарту,  ондағы  гуманизациялау 

және  демократияландыру  үрдістері  мектепке  дейінгі  ұйымның  отбасымен 

қарым-қатынасын белсендіру қажеттілігіне әкелді.   

Отбасы  –  балаға  «эмоционалдық  тылда»  психологиялық  қорғау  беретін 

бірден-бір  алғашқы  социум.  Отбасының  маңызы  мектепке  дейінгі  жастағы 

балалар  үшін  ерекше.  Әрбір  бала  өз  ата-анасынан,  әжесі  мен  атасынан, 

бауырларынан  ерекше  сүйіспеншілік  күтеді:  яғни  оны  үлгілі  тәртібі  мен 

қылығы үшін емес, қандай болса солай сүйгенін қалайды.   

Бала  үшін  отбасы  –  бұл  қоғамдық  тәжірибенің  көзі.  Отбасында  ол  өзі 

еліктейтін үлгілер табады, мұнда ол әлеуметтік туылады. Егер біз адамгершілігі 

зор,  дені  сау  ұрпақ  тәрбиелегіміз  келсе,    онда  бұл  мәселені  «бүкіл  әлеммен»: 

балабақша, отбасы, қоғам болып шешуіміз қажет.  

Мектепке  дейінгі  ұйымдардың  басты  мақсаты  –  отбасында  баланы 

тәрбиелеуге  кәсіптік  көмек  беру,  оны  ауыстырмай,  тәрбиелік  функцияларын 

жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу. Бұл: 

- баланың қызығушылығы мен қажеттілігін дамыту; 

- бала тәрбиесіндегі тұрақты өзгеретін жағдайларда ата-аналар арасындағы 

міндеттер мен жауапкершіліктерді бөлу;  

-  отбасындағы  әртүрлі  ұрпақ  арасындағы  қарым-қатынастың  ашықтығына 

қолдау көрсету;  

- отбасы өмірінің бейнесін жасау, отбасылық дәстүрлерді формалау;  

-  баланың  жекелігін  қабылдау  және  түсіну,  балаға  бірден-бір  жеке  тұлға 

ретінде сену және сыйлау.  

Жоғарыда  айтылған  отбасылық  қатынастарды  жүзеге  асыру  үшін  келесі 

тәрбиелік міндеттерді орындау бойынша жұмыстар жүргізілу қажет: 

- біріншіден, баланы және ата-ананы сыйлауға тәрбиелеу;  

- екіншіден,  ата-аналармен  олардың  отбасылық  шағын  ортасын  зерттеу 

үшін біріге әрекет жасау.  

Одан  кейін  отбасының  ортақ  мәдениетін  көтеруге  және  ата-аналардың 

психологиялық  –  педагогикалық  құзырлығына  ықпал  ету,  оларға  балалармен 

жұмыстың дағдыларын қалыптастыруда  теориялық және практикалық  көмек 

көрсету,  отбасына  жеке-дифференциалды  тәсіл  нәтижесінде  ата-аналармен 




жүктеу 471,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау