Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 471,85 Kb.
Pdf просмотр
бет3/6
Дата10.11.2018
өлшемі471,85 Kb.
#18840
1   2   3   4   5   6

 

жұмыста  әріптестіктің  әртүрлі  формалары  мен  біріккен  шығармашылығын 



қолдану.  

Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасында сенімді қарым-қатынас құру 

үшін  педагогтың  бала  отбасына  үнемі  зерттеу  жүргізгені  жөн.  Бұл  үшін  ата-

аналар  жасындағы  айырмашылықты,  олардың  білімін,  ортақ  мәдени 

деңгейлерін, сондай-ақ, ата-аналардың жеке ерекшеліктерін, олардың тәрбиеге 

көзқарастарын, отбасылық қатынастардың мінездемесін, т.б. білу қажет.   

Сонымен  бірге,  балабақшаның  отбасына  үнемі  ашық,  яғни  олар  қалаған 

кезінде өздерінің  мәселелерін  талқылауға,  консультация мен  көмек  алатындай 

болғаны жөн.   

Педагогтың  жұмысы  ата-анамен  және  балалармен  жұмысқа  үйлестірілген 

болуы міндетті. 

Мектепке  дейінгі  ұйым  педагогы  ата-аналармен  сенімді  шағын  орта  құру 

үшін    олармен  жұмыс  мазмұны  мен  формаларын  ойластыруы  міндетті.  

Мысалы,  олардың  қажеттілігі  зерттеу  және  алынған  мәліметтерді  келешек 

жұмыста қолдану мақсатында экспресс-сұрақ жүргізу.   

Тәрбиешілер  мен  ата-аналар  арасында  іскер  әріптестік  үшін  жағымды 

қарым-қатынас  орнағаны  жөн.    Педагог  ата-аналармен  жұмыста  олар  қызыға 

қатыса  алатын,  бала  бейнесінің  жағымдылығын  қалыптастыратын  жұмыстар 

өткізуі қажет.  

Ата-аналарда  баланың  жағымды  бейнесін  формалау  үшін  отбасында 

айтылмайтын, ата-анасы күтпеген, олар үшін қызықты ақпаратты хабарлайды. 

Бұл  баланың  құрбыларымен  тіл  табысудағы  ерекшелігі,  оның  еңбекке  деген 

қатынасы, іс-әрекеттерінің жетістіктері болуы мүмкін.    

Педагогты  бала  тәрбиесіндегі  отбасы  мәселелерімен  таныстыру  өте 

маңызды. Бұл кезеңде тәрбиешілер ата-аналармен диалог жүргізеді,  отбасымен 

сөйлескенде тек жағымды жақтарын емес, бала қылығындағы қиыншылықтар, 

кедергілер туралы да айтады. 

Ата-аналармен 

біріккен 

зерттеулерде 

қызметтің 

нақты 


түрлері 

жоспарланады және әріптестік формалары таңдалады.  

Республикамызда  ата-аналармен  жұмысты  ұйымдастырудың  төмендегі 

түрлері енгізіледі: 

- нұсқаулық-педагогикалық (лекциялар, семинарлар); 

- ұйымдастырушылық-әдістемелік  (ойындық  және  имитациялық  ойындар, 

сабақтар); 

- психологиялық – медициналық (лекциялар, семинарлар, тренингтер); 

- практикалық  дағдыларды  жетілдіру  (практикалық  сабақтар,  тәжірибе 

алмасу, үйірмелер, клубтар). 

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үрдісін жоспарлауға ата-аналарды 

қосуды келесі бағыттармен жүзеге асыруға болады: 

- білім  беру  жағдайларына  ата-аналардың  қажеттілігін,  қызығушылығын 

зерттеу; 

- әлеуметтік  тапсырысты  әзірлеуге  ата-аналарды  тарту:  мектепке  дейінгі 

ұйым  миссиясын  анықтау,  білім  беру  мазмұнын  таңдау  (білім  беру 




 

бағдарламалары, технология, балаларды тәрбиелеу мен оқыту әдістемесі); түлек 



моделін құру; 

- жоспарды  әзірлеудің  барлық  деңгейіне  ата-аналарды  тарту:  мектепке 

дейінгі ұйымның даму бағдарламасы, жылдық және оқу жоспарлары, баланың 

жеке даму картасы, тәрбиешілермен біріккен жоспарлар.  



Ата-аналармен жұмыс формалары: 

Форма – (латын сөзі forma) – құрал, бірнәрсенің құрылымы, ұйымдастыру 

жүйесі.  

Бүгінгі  күні  ата-аналар  педагогикалық  білімін  ағартудың  дәстүрлі  емес, 

жаңашыл деп саналатын әртүрлі әдістері мен формалары қолданылып келеді: 

- көрнекі насихаттау; 

- оn-line бақылау; 

- отбасына қатынау; 

- консультациялық пункттер; 

- ата-аналар жиналысы

- әңгімелесу мен консультациялар; 

- ата-аналар конференциялары; 

- ауызша журналдар; 

- сауалнама жүргізу; 

- ашық есіктер күні; 

- дөңгелек үстелдер; 

- клубтар ұйымдастыру; 

-біріккен бос уақыттар

- іскер ойындар ұйымдастыру және т.б. 

  Мектепке  дейінгі  ұйымның  ата-аналармен  жұмыс  қабылдауы  әртүрлі: 

жанды  сөз,  тәрбие  жұмыстарын  көрсету,  ата-аналар  үлгісі  және  т.б.  Ата-

аналармен  жұмыстың  барлық  түрлері  ұжымдық,  жекелік  және  көрнекі-

ақпараттық болып бөлінеді.    

Ата-аналармен  ұжымдық  жұмыс  түріне  өздеріңізге  таныс  белгілі  іс-

шаралар жатады.    

Біріншіден,  бұл  -  ата-аналармен  жұмыстың  тиімді  формасы  болып 

табылатын  ата-аналар  жиналысы.  Ата-аналар  жиналысында  топтың  тіршілік 

әрекетінің мәселелері талқыланады. Ата-аналар жиналысына дайындық кезінде 

келесі ережелерді ұстану қажет:  

- жиналыс мақсатқа бағытталған болуы;  

- ата-аналардың өтініші мен қызығушылығына жауап беру;  

- нақты белгіленген тәжірибелік мінездеменің болуы;  

- диалог түрінде өткізілуі;  

-жиналыста  бала  кемшілігін  және  бала  тәрбиесіндегі  ата-аналардың 

қателіктерін жарияламау керек. 

Ата-аналармен  жұмыстың  дәстүрлі  емес,тиімді  формаларының  бірі  - 

шағын  жиналыс.  Қызықты  отбасы  анықталып,  оның  тәрбиелеу  тәжірибесі 

зерттеледі.  Одан  кейін  шағын  жиналысқа  екі-үш  отбасы  шақырылады,  онда 




 

отбасы  тәрбиесіндегі  позицияларымен,  отбасының  дәстүрлі  тәрбиесі  туралы 



бөліседі. 

Ата-аналармен жұмысты келесі кезеңдерге сүйене отырып, құруға болады: 

-  Ата-аналармен    жұмыс  мазмұны  мен  формаларын  ойластыру.  Олардың 

қажеттілігі  зерттеу  мақсатында  экспресс-сұрақ  жүргізу  және  алынған 

мәліметтерді келешек жұмыста қолдану.   

- Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында болашақтағы іскер әріптестік үшін 

жағымды  қарым-қатынас  орнату.    Ата-аналарға  олар  қызыға  қатыса  алатын, 

бала бейнесінің жағымдылығын қалыптастыратын жұмыстар өткізу.  

-  Ата-аналарда  баланың  жағымды  бейнесін  формалау  үшін  отбасында 

айтылмайтын, ата-анасы күтпеген, олар үшін қызықты ақпаратты хабарлау. Бұл 

баланың  құрбыларымен  тіл  табысудағы  ерекшелігі,  оның  еңбекке  деген 

қатынасы, іс-әрекеттерінің жетістіктері болуы мүмкін.    

-  Педагогты  бала  тәрбиесіндегі  отбасы  мәселелерімен  таныстыру.  Бұл 

кезеңде  тәрбиешілер  ата-аналармен  диалог  жүргізеді,    отбасымен  сөйлескенде 

тек  жағымды  жақтарын  емес,  бала  қылығындағы  қиыншылықтар,  кедергілер 

туралы да айтады. 

- Баланың жеке тұлғасын ересектермен бірге формалау және зерттеу.  Ата-

аналармен  біріккен  мұндай  зерттеулерде  жұмыстың  нақты  мазмұны 

жоспарланады және әріптестік формасы таңдалады.   

Ата-аналармен  жұмыста  педагогикалық  консилиумдарды  қолдану 

керек.  Консилиум  құрамына  меңгеруші,  негізгі қызмет  бойынша  меңгерішінің 

орынбасары,  тәрбиеші,  педагог-психолог,  мұғалім-логопед,  бас  медбике,  ата-

аналар комитетінің мүшелері. Консилиумда отбасының тәрбиелік потенциалы, 

оның  материалдық  жағдайы  және  отбасындағы  бала  статусы  талқыланады. 

Консилиум  жұмысының  қорытындысы  бала  тәрбиесінде  ата-аналарға  көмек 

мөлшерін  анықтау,  ата-аналар  әрекетінің  жеке  коррекциясына  қарай 

бағдарламалар әзірлеу болуы мүмкін.   

Бүгінгі күні зерттеу  – жобалық, рөлдік, имитациялық және іскер ойындар 

сияқты      ата-аналармен    жұмыс  формаларына  көп  мән  берілуде.  Бұл  ойындар 

үрдісінде  белгілі  бір  білімді  меңгеріп  қана  қоймайды,  әрекеттің,  қатынастың 

жаңа  моделдерін  құрастырады.  Талқылау  үрдісінде  ойынға  қатысушылар 

мамандардың  көмегімен  жағдайларды  бар  жағынан  сараптауға  және  тиімді 

шешім қабылдауға тырысады.  

Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыратын формалардың бірі – 



ата-аналар конференциясы. Бұл форманың бағалылығы, мұнда ата-аналармен 

бірге  қоғамдастық  та  қатысады.  Конференцияға  педагогтар,  аудандық  білім 

бөлімінің  қызметкерлері,  медициналық  қызмет  өкілдері,  бастауыш  сынып 

мұғалімдері, педагог-психолог және т.б. қатыса алады.  

Ата-аналармен  жұмыстың  бір  формасы  -  тренингтер.  Тренингтік  ойын 

жаттығулары мен тапсырмалары баламен іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдеріне баға 

беруге,  жағымсыз  формаларды  конструкциялыққа  ауыстыруға    көмектеседі. 

Ойын  тренингіне  тартылған  ата-ана  баламен  сөйлесуді  бастайды,  жаңа 

шындыққа жетеді.  



жүктеу 471,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау