Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 471,85 Kb.
Pdf просмотр
бет4/6
Дата10.11.2018
өлшемі471,85 Kb.
#18840
1   2   3   4   5   6

10 

 

Заманауи  кезеңдегі  тағы  бір  қызықты  формалардың  бірі  –  әртүрлі 



конкурстарды  –  сұрақтар  мен  жауаптар  кештерін  өткізу  болып  табылады. 

Бұл  форма  өзінің  педагогикалық  білімін  нақтылауға,  оларды  практикада 

қолдануға,  жаңалықты  білуге,  бір-бірімен  білімін  толықтыруға,  бала 

дамуындағы кейбір мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.  

Ата-аналармен  жұмыста    олардың  қажеттілігі  бойынша  жұмыстанатын 

әртүрлі  кафедралары  бар  «Ата-аналар    университеті»  сияқты  форманы  да 

қолдануға болады:  

- «Жас аналар кафедрасы» (Ана болу – менің жаңа мамандығым).  

- «Тәлімгерлер кафедрасы» (Әке мен ана–алғашқы және басты ұстаздар).  

-  «Отбасылық  дәстүрлер  кафедрасы»  (Аталар  мен  әжелер  –  отбасылық 

дәстүрлер қорғаушысы).  

 «Ата-аналар  университетінің»  жұмысы  өнімді  болуы  үшін  мектепке 

дейінгі  ұйым  ата-аналармен  қызметін  әртүрлі  деңгейде  ұйымдастыруына 

болады: жалпы балабақшалық, топаралық, жеке-отбасылық.  

Ата-аналармен  жұмыстың  маңызды  сәті  –  үй  педкеңестері,  лекциялар, 

ауызша  журналдар,  ашық  есік  күндері,  әкелер,  әжелер,  аталар  клубы, 

практикумдар және т.б. болуы қажет.  

Отбасы мен балабақша өзара іс-әрекетінің басты формаларының бірі әрбір 



ата-анамен  жеке  жұмыс  болып  табылады.  Бұл  форманың  артықшылығы, 

отбасын  зерттеу,  ата-аналармен  сұхбат  (әрқайсысымен  жеке-жеке),  ата-

аналардың  балалармен  топта,  үйдегі  әңгімелесуін  бақылау  арқылы 

педагогтардың баламен біріккен іс-әрекеттің нақты жолдарын белгілеуінде. 

Тәрбиешінің 

ата-аналармен 

сұхбаты 

– 

педагогтың 



отбасымен  

байланысының қолжетімді формасы. Сұхбат келесі талаптарды қамтуы қажет: 

- нақты және мазмұнды болуы;  

- баланы тәрбиелеу мен оқыту сұрақтары бойынша ата-аналарға жаңа білім 

беру;  

- педагогикалық мәселелерге қызығушылығын ояту;  



- бала тәрбиесіне жауапкершілік сезімін арттыру. 

Жеке  жұмыста  тоқтай  кетер  бөлімнің  бірі  –  отбасына  қатынау.  Басты 

мақсат  –  баламен  және  оның  жақындарымен  өзі  қалыптасқан  ортада  танысу. 

Баламен ойында, оның жақындарымен сұхбатта сәби туралы көптеген қажетті 

ақпарат  алуға  болады.  Қатынау  ата-анаға  да  көп  пайда  әкеледі:  олар 

тәрбиешінің  баламен  қалай  әңгімелесетінін  біледі,  педагогқа  баламен  үйде 

еркін сөйлесуіне мүмкіндік береді. Педагог үйге сапарды ұйымдастыра отырып

отбасына барғанда өзін сыпайы, әдепті ұстауы керек, отбасымен сұхбатты бала 

кемшілігінен  бастамау  және  ата-аналарға  бала  тәрбиесі  туралы  көп  сұрақтар 

қойылмау қажет.  Өзіңізге отбасына сапарлар ұйымдастыру бойынша жаднама 

әзірлеңіз және оны орындауға тырысыңыз. 

Ата-аналармен 

дифференциалдық 

жұмыстың 

бір 

формасы 


консультациялар  болып  табылады.    Консультациялар  сұхбатқа  ұқсайды. 

Айырмашылығы,  әңгімелесу  –  бұл  тәрбиеші  мен  ата-ана  диалогы,  ал 




11 

 

консультация  жүргізе  және  ата-ана  сұрағына  жауап  бере  отырып,  педагог 



кәсіптік көмек беруге тырысады.   

Ата-анамен  жұмыста  жеке  блокноттарды  да  қолдануға  болады.  Мұнда 

тәрбиеші қызметтің әр түрінен баланың табыстарын жазып отырады, ата-аналар 

блокнотқа бала тәрбиесіндегі қызықтырған сәттерін белгілейді.   

Педагогтың  ата-анамен  жұмыста  көрнекілік  насихаты  да  маңызды  рөл 

атқарады.  Мақсатқа  бағытталған  және  жүйелі  қолданылған  көрнекі  құралдар 

балабақшадағы  тәрбиелеу  әдістерімен,  мазмұнымен,  міндеттерімен  ата-

аналарды таныстыруға және отбасына практикалық көмек беруге ықпал етеді. 

Педагогикалық  практикада  көрнекіліктің  әртүрлі  түрлері  қолданылады:  

натуралық, бейнелеушілік, сөздік-бейнелік, ақпараттық. 

Ақпараттық  насихаттаудың  мысалы  -  ата-аналар  бұрышы.  Ата-аналар 

бұрышының материалдарын мазмұны бойынша екі бөлімге бөледі:   

- Ақпараттық  сипаттағы  материалдар  (ата-аналарға  арналған  ереже,  күн 

тәртібі, әртүрлі сипаттағы хабарландырулар)  

- Балабақша  мен  отбасында  бала  тәрбиесі  сұрақтарын  жариялайтын 

материалдар.  

Онда  баланы  дамыту  мен  тәрбиелеу  бойынша  ағымдағы  жұмыс  көрінеді. 

Ата-аналар  балаларының  бөлмесін  немесе  бұрышын  қалай  жабдықтауды 

көрнекі  түрде  көре  алады,  сұрақтарына  жауап  алып,  жақын  арада  қандай 

консультациялар болатындығы туралы біле алады.  

Ата-аналармен  жұмыстың  тиімді  формасы  әртүрлі  көрмелер  болып 

табылады.  Мысалы,  балалар  жұмыстарының  формасы:  бала  суреттері,  қолдан 

жасалған  ойыншықтар,  балалар  кітаптары,  альбомдары  және  т.б.  Көрмелер 

сонымен  бірге  ата-аналарға  бағдарламаның  маңызды  тарауын  жариялау  үшін 

мысалы:  «Отбасы  мен  балабақшада  балалардың  бейнелеу  іс-әрекеті», 

«Ойыншықтар және оның тәрбиелік рөлі» тақырыбында өткізілуі мүмкін  

Ақпараттық парақтардың да рөлі зор, себебі мұнда өткізілген жиналыстар 

туралы, оқиғалар, экскурсиялар, көмек көрсету өтініштері, ерікті көмекшілерге 

алғыс туралы ақпараттарды енгізуге болады. 

Балабақшада 



бейне 

бақылаулар 

жүйесін 

орнату 

ақпараттық 

технологиялардың жаңа формасы. Балабақшада Оn-line бақылаудың қажеттілігі 

–  қазіргі  уақыттың  шындығы.  Баспа  жолдарында  балалармен  өрескел  қарым-

қатынастар,  қызметкерлердің  жағымсыз  қылықтары  жиі  жарық  көреді  және 

олардың қылмыс әрекеттері сот залына дейін жетіп жүргені шындық...   

Мұндай  жағдайда  ата-аналар  балаларын  толық  күнге  педагогтарға 

қалдыруға  сенімсіздік  танытады.  Қазақстандабалабақшаларға  бейне  бақылау 

камераларын  орнатудың  инициаторлары  білім  беру  басқармалары  болып 

табылады. Балабақшада бейне бақылау камераларын орнатудың көмегімен үш 

негізгі мәселе шешіледі:  

• Бала  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  –  балабақшаның  ішкі  және  сыртқы 

территорияларын бақылауға болады.  

• Педагогтармен  даулы  жағдайларды  шешу.  Камерада  сақталған  жазбалар 

даулы сәттерде ата-анаға бала немесе педагог жағына шығуға мүмкіндік береді. 



жүктеу 471,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау