12
• Білім беру шарттарын ұсынудың сапасын бақылау. Бұл балабақшалардың
көпшілігі ақылы негізде болғандықтан бүгінгі күні өзекті. Ата-аналар не үшін
ақы төлейтіндігін білуге тиіс!
Ақпараттық параққа ата-аналарға арналған жаднамалар, ата-аналардың
өздері көрнекілейтін қабырға газеті де жатады. Газетте ата-аналар отбасы, бала
өмірінен
қызықты
оқиғаларды
белгілейді,
бала
тәрбиесі
туралы
тәжірибелерімен бөліседі. Мысалы, «Отбасының демалыс күні», «Менің анам»,
«Менің әкем», «Мен үйдемін» және т.б.
Ақпараттық жылжымалы - мұқаба тақырыптық қағида бойынша
формаланған: «Біздің балалар ауырмасын», «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі»
және т.б. Мұқаба ата-анаға уақытша қолдануға беріледі. Ата-аналар
жылжымалы-мұқаба мазмұнымен танысады, олармен әңгіме жүргізу,
сұрақтарына жауап беру, ұсыныстарын тыңдауы қажет.
Бала тұлғасының дамуы мен тәрбиесінде ата-аналармен жұмыстың
тиімділігін қалай анықтауға болады?
Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен өткізетін жұмысының тиімділігі
төмендегілер куәлік етеді:
- біріншіден, мектепке дейінгі ұйымда, нақты топта балалармен білім беру
үрдісінің мазмұнына ата-аналардың қызығушылығы;
-
екіншіден, ата-аналардың өздерінің бастамасымен туындаған
пікірталастар;
- үшіншіден, ата-аналардың сұрақтарына өздерінің жауаптары;
- төртіншіден, ата-аналардың тәжірибелерінен мысалдар келтіру, педагогқа
баланың ішкі әлеміне қатысты сұрақтар санын көбейту;
- бесіншіден, ересектердің тәрбиешімен жеке қарым-қатынасқа ұмтылуы,
тәрбиенің сол және өзге әдістерін қолданудың дұрыстығы туралы ата-
аналардың ойлануы;
- алтыншыдан, педагогикалық жағдайларды сараптау кезінде олардың
белсенділігін көтеру, пікірталас сұрақтарын талқылау және міндеттерді шешу.
13
ШЕТЕЛДЕГІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМДІ ДАМЫТУДЫҢ
ЗАМАНАУИ МОДЕЛЬДЕРІ МЕН НЕГІЗГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
Мәдениеттің әртүрлілігіне және педагогикалық ғылым мен тәжірибені
дамыту жолдарының өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, әртүрлі елдердің
педагогтары ұқсас мәселелерді шешеді: баланың үйлесімді, психологиялық –
физикалық және әлеуметтік дамуына бағытталған мектепке дейінгі білім
мазмұнын, әдістері мен құралдарын анықтау; әртүрлі жастағы балалардың
өзара іс-әрекетінің тәжірибесін байыту үшін жағдайлар құру; мәдени-
этникалық көптүрлілілік туралы түсінігін кеңейту; дені сау балалармен және
ерекше қажеттіліктері бар балалармен бірлескен тәрбие мен оқыту; отбасы
қажеттілігін толық қанағаттандыру мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар
қызметін қайта құру. Ағартудың көлемінің кеңдігіне қарамастан кейбір
шетелдік моделдерді талқылып көрелік. Мектепке дейінгі білімнің шетелдік
тәжірибелеріне шолу жасау оның дамуындағы мемлекеттің рөлі мен статусын
анықтауға және салыстыруға мүмкіндік береді. Бірқатар елдердің
тәжірибелерін қарастыралық:
Германияның мектепке дейінгі білім беру жүйесі
Заманауи Германия – 16 дербес жерлерден тұратын федеративті мемлекет.
Оның әрбір жері оқушыларға оқытудың моделін таңдау мүмкіндігін ұсынатын
білім беру жүйесінің формалары бойынша әртүрлі орналасқан.
Германияның білім беру жүйесі бірнеше сатыдан тұрады. Элементарлық
білім беру бірінші сатыға және мектепке дейінгі мекемелер сатысына жатады.
Көбінесе, олар - балалардың қатысуы үш жыл ішінде ата-аналар еркімен
болатын балабақшалар, даярлық сыныптары және кіріспе топтар.
Германиядағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту– бұл Германия білім
беру жүйесінің төменгі элементарлық сатысы. Германиядағы мектепке дейінгі
білімінің ұзақ дәстүрі бар. Kindergarten көптеген елдер қолданып жүрген
немістің әлеуметтік институты болып табылады. Бұл сөз басқа тілдерге де
енгізілді, мысалы ағылшын тілінде kindergarten.
Кішкентай балаларға арналған алғашқы мекемелер XIX ғасырдың басында
пайда
болды.
Мұндай
мекемелердің
басты
функциясы
өнеркәсіп
қызметкерлерінің балаларын ата-анасы жұмыста болған кезінде күні бойы
бақылау ғана болатын. Жұмысшылардың бала күтімі бойынша білім беруді
енгізуге қызығушылығы аз еді. Буржуазиялық ортада балабақшалар отбасын
толықтыру үшін, яғни балаларын мектепке дайындауға арналды.
Германияның заманауи балабақшаларының тәрбие жұмысында бастысы
тіл дамыту, баланың жекелігі, әлеуметтік тәрбие мен ойындар болып табылады.
Балабақшада балалар, ережеге сай, түске дейін уақыт өткізеді, ал екінші
жартысында олар үйде, өз отбасында болады. Сонымен бірге ұзартылған
күнмен жұмыс жасайтын балабақшалар мен мектепке дейінгі мекемелер де бар.
Бүгінгі күні Германияда 3-6 жастағы балалардың 30 % жоғарысы
балабақшаларға барады.
14
30 маусым – дәстүрлі «өзгерісті» күн. Сол уақытта алтыға толған баланың
мектепке баруы міндетті. Ата-аналарды балаларын тіркеу мерзімі туралы
хабарландырады. Алғашқы оқу күніне дейін олар бастауыш мектептерде
жүргізілетін және бірнеше есімдері бар «Vorbereitungsjahr»; «Vorschule»;
«Schulnachmittage» даярлық сабақтарына қатыса алады. Бұл сабақтың мақсаты
– бес жастағы баланы бірінші сыныпқа дайындау және алдағы уақытта мектеп
таңдауына шешуші ықпал ететін бейімділігін анықтау. Сондай-ақ мектеп
жасына жеткен, алайда мектепке баруға қабілетсіз балаларға арналған арнайы
топтар да болады.
Байқап отырсақ, бұл елде мектепке дейінгі мекемелер желісі әлсіз
дамыған. Балабақшалар саны аз, оның өзі 3-5 жас аралығындағы балаларды
қамтиды. Біздің өлшемімізбен мектепке дейінгі мекемелер желісі ыңғайлы
емес, бұл көбінесе балабақшаның жұмыс кестесіне байланысты. Мысалы,
балабақша күніне 7-ден 12 сағатқа дейін жасауы мүмкін. Кейде ата-аналар
баласын түскі асқа алып кетіп, кейін қайтадан әкеледі. Егер балабақша сағат 16-
ға дейін жұмыс жасаса, онда баланы одан ерте алып кетуге болмайды.
Германия білім беруінің көбінесе жеке меншік мектепке дейінгі білім беру
мекемелеріне ұсынылған бұл сатысы міндетті емес, және мемлекет оны
қаржыландыруға қатыспайды.
Біздің балабақшалардан айырмашылығы, Германияда балаларды мектепке
дайындық жүргізілмейді – балабақшалар Білім министрлігіне бағынбайды және
ата-аналарға қаржылық мақсатқа бағытталған сәйкес бағдарламалары
болмайды.
Жапониядағы мектепке дейінгі білім беру
Жапондық өмір бар дәстүрімен, білім жүйесі, оның ішінде мектепке
дейінгі білімді қоса, әлемге танымал.
Дәстүр бойынша білім беру саласы ер адамдардың иелігінде болып
табылады. Мектепке дейінгі ұйымдар арасында меңгеруші әйелдер кездеспейді.
Соңғы кездері ер адамдар тәрбиешілік қызметтен де әйелдерді шеттете бастады.
Жапонияда балабақша міндетті білім беру сатысы болып табылмайды.
Балалар мұнда ата-анасының қалауымен көбінесе төрт жастан бастап келеді.
Кейде ата-анасының қатты бос еместігіне қарай баланы үш жастан да алуы
мүмкін. Сондай-ақ, Жапонияда бір жастағы балалар үшін бөбекжайлар да бар.
Бірақ отбасынан баланы соншалықты ерте беру ерекше жағдайлардың бірі
болатын. Баласын аталған бөбекжайға беру үшін ата-аналар арнайы арыз жазу
керек және сәбиін қандай себеппен үш жасқа дейін үйде тәрбиелей
алмайтындығын дәлелдеуі қажет.
Жапонияда барлық балабақшалар жеке меншік. Олардың ішінде беделді
университеттердің қамқорлығындағы дегдарлы балабақшалар ерекше орын
алады. Егер бала мұндай балабақшаға түссе, онда оның болашағының
қамтамасыз етілгендігі: жасы жеткеннен соң университеттік мектепке барады,
ал одан кейін сынақсыз университетке түседі. Сондықтан беделді университет
жанындағы балабақшаға түсу өте қиын. Ата-аналар баласының түсуі үшін
Достарыңызбен бөлісу: |