Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Қозыбаев атындағы



жүктеу 2,05 Mb.
Pdf просмотр
бет31/80
Дата26.12.2019
өлшемі2,05 Mb.
#24967
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   80

65 
 
ӘОЖ 372.3 
 
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ҰЙЫМ ТҮЛЕГІНІҢ ҮЛГІСІ 
 
Жанаева Н.Ж. 
(МДОТ-15к  тобының студенті) 
 
«Мектепке дайын болу –оқу, жазу, санауды білу емес, 
мектепке дайын болу– осының бәрін үйренуге дайын болу»  
(Психология ғылымдарының докторы, Леонид Адамович Венгер). 
 
Мектепте 
оқытуға 
дайындықты 
қалыптастырудегеніміз 
балалардың 
оқубағдарламасын  ойдағыдай  меңгеру  және  балалар  ұжымына  ену  үшін  алғы  шарт 
жасау  деген  сөз.  Бұл  ұзақ  та  кұрделі  процесс,  оның  мақсаты  мектеп  жасына  дейінгі 
балаларды жан-жақты дамыту болып табылады.Баланың мектепте оқуға арнаулы және 
жалпы  дайындығын  ажырата  білу  қажет.  Арнаулы  дайындық  балада  алдымен 
мектептің ана тілі, математика секілді оқу пәндерін үйренудің негізі болып табылатын 
білімнің,  ұғымның,  іскерліктің  бар-жоғымен,  жалпы  дайындық  оның  дене  және 
психикалық дамуына қарай анықталады. Дене дамуы – бұл баланың жақсы денсаулық 
күйі,  төзімділігі,  қолайсыз  ықпалдарға  қарсы  тұра  алуы;  қалыпты  антропометриялық 
көрсеткіштері (бойы, салмағы, кеуде клеткасының аумағы), қимыл жағынан дамуының 
жақсы  дәрежесі,  қолдың  жазу  үшін  керекті  майда,  дәл  және  алуан  турлі  қимылдар 
жасауға әзірлігі  мәдени-гигиеналық дағдыларының т б жеткілілті дамуы. 
         Психологиялық  даму  алдымен  интеллектуалдық  даму  дәрежесі  деген  мағынада 
түсініледі.  Мектепке  дейінгі  ересектер  шағының  аяғына  қарай  балалар  қоршаған  орта 
туралы,  адамдардың  өмірі  туралы,  табиғат  туралы  белгілі  мөлшерде  білім  меңгереді. 
Бұл  білім  мөлшері  балалар  балабақшасының  бағдарламасында  белгіленген.  Мектепке 
дейінгі  балалардың  жеке  деректерді  емес,  мектептегі  пәндік  оқытуды  негізуге  негіз 
болатын  өзара  байланысты  білімдер  жүйесін  меңгеруі  маңызды.  Олардың  таным 
ынтасын,  әуесқойлығын  дамытудың  зор  маңызы  бар.  Бұл  мектепте  балалардың  сан 
алуан оқу тілегін қалыптастыру үшін негіз болып табылады.  
       Баланың  мектепте  оқуға  психологиялық  дайындығының  маңызды  компоненті  – 
адамгершілік-ерік дайындығы. Оқу іс-әрекеті еркін ықылас қоюды, мақсатты түрде есте 
сақтауды,  өзінің  мінез-құлқын  бақылай  білуді,  тәртіліптілікті,  жауапкершілікті, 
дербестікті, ұйымшылдықты т.т. талап етеді. Адамгершілік-ерік дайындығы деген ұғым 
сондай-ақ баланың жаңа ұжымға, мектеп ұжымына енуіне, ықыластылық, ізгі ниеттілік, 
өзара көмек, ұйымдастыру шеберлігі сияқты моральдық сапаларды қамтиды. 
        Бала  мектептегі  жаңа  іс-әрекетке  ғана  емес,  сонымен  бірге  өзінің  құқықтары  мен 
міндеттері бар оқушының жаңа әлеуметтік жағдайына да дайын болуға тиіс. Мектепке 
дайындайтын топтағы балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының ерекшеліктері 
Балалар  бақшасының  балаларды  мектепке  дайындау  жөніндегі  жұмысы  олардың 
мектепке  дайындайтын  тобына  көшуінен  көп  бұрын  басталады.  Балалар  бақшасының 
оқу-тәрбие  жұмысының  бүкіл  жүйесі  баланың  мектепте  оқуға  дайындығын 
қалыптастыруды  көздейді.  Мектепке  дайындайтын  топтың  басқа  топтардан 
айырмашылығы  –  «Балалар  бақшасындағы  тәрбие  бағдарламасында  көзделген  оқу-
тәрбие жұмысының барлық міндеттерін орындау аяқталады. Тәрбиешінің басты міндеті 
–  тапсырмаларды  сапалы  және  уақытылы  орындауын  бақылау  мен  балаларға  көмекті 
күшейту,  әрбір  баланың  алдына  қойған  мақсаттарына  міндетті  түрде  жетуін  талап 
ету.Мектепке  дайындайтын  топта  олардың  іс-әрекет  мазмұнын  қиындату  оны  жүзеге 
асырудың неғұрлым жоғары тиімділігі мен ұштастырылуға тиіс. Балалар бақшасының 


66 
 
мектепке  дайындайтын  тобында  балалардың  тәуелсіздігін  қалыптастыру  жөніндегі 
жұмыс  жалғастырылады.  Тәуелсіздік  қайсыбір  іс-әрекет  үшін  қажетті  білімнің, 
іскерліктің,  дағдының  болуымен,  оны  жүзеге  асыру  процесінде  қалыптасатын 
жағдайларға,  алынған  нәтижелерге  саналы  қараумен  сипатталады.  Мектепке  дейінгі 
балалық шақта баланың тәуелсіздігін дамыту мектепте оқытудың маңызды негізі болып 
табылады.  Оқу  іс-әрекеті,  үйге  берілген  тапсырмаларды  орындау  бірінші  сынып 
оқушысы күннің көпшілік уақытын алады. Ол мектепке жинала ма, сабақта отырып оқи 
ма немесе алғашқы қоғамдық тапсырмасын орындай ма -  бәрінде де дербестік көрсету 
қажет  болады.  Таңертең  ол  өзі  гимнастика  жасайды,  мектепке  керектің  бәрін  алуды 
ұмытпайды.  Тәуелсіз  жұмыс  істеудің  дағдысы  оның  сыныпта  тапсырманы  орындап 
шығуына  көмектеседі,  бірақ  тәуелсіздік  үйге  берілген  тапсырманы  орындаған  кезінде 
өте-мөте қажет.  Бірінші  сынып оқушысы өзінің жұмысын жоспарлай, бақылай білуге, 
өзнің  жетістіктерін  байқап,  кемшіліктерін  көре  білуге,  бір  міндеттерді  шешкен  кезде 
үйренген  тәжірибені  басқа  міндеттерді  шешу  үшін  қолдана  білуі  қажет.  Мектепке 
дайындайтын топтағы балалардың тәуелсіздігін дамыту міндеттерін, міне, осы талаптар 
белгілейді. Мектепке осы заманғы оқытудың негізін қалаушы принцип тәрбиелей және 
дамыта  отырып  оқыту  болып  табылады,  ол  балалардың  таным  процестерін,  білімге 
ықыласын  дамытуды  көздейді.  Балалар  бақшасында  бұл  принципті  жүзеге  асыруда 
балалардың  қарапайым  іс-әрекеті  жоспарлы  және  жүйелі  түрде  жетілдірілетін  оқу 
сағаттары  ерекше  маңызды  роль  атқарады.  Бұл  тәрбиешінің  балаларда  оқу  міндетін 
түсіну  және  оны  орындауға  әзір  тұру,  ықыласты  болу,  үлкендердің  жоспары  мен 
нұсқауы  бойынша  әрекет  істей  білу,  бұрынғы  алған  білімі  мен  іскерлігін  жаңа  іс-
әрекетте  пайдалану,  тапсырманы  орындау  тәсілдерін  меңгеру,  өзін-өзі  бақылау, 
бағалау, қалыптастыруына мүмкіндік беру. Бұл тұрғыда әрбір сабақтың бағдарламалық 
мазмұнын  дұрыс  белгілеудің  зор  маңызы  бар.  Балаларды  мектепке  жан-жақты 
дайындауға қамқорлық жасай отырып, педагог ата-аналардың отбасында бала өмірінің 
дұрыс режимін ұйымдастыруына көмектеседі, мектепке түсерде мектеп жасына дейінгі 
баланың шамамен қай көлемде білімі болуы тиіс екенімен, оның есте сақтағыштығын, 
ықыласын,  талдау,  салыстыру,  жинақтау,  қорытынды  жасау  қабілетін  қалай  дамыту 
керек  екнімен,  бірінші  сыныпта  баланың  оқу  әрекетіне  қойылатын  талаптармен 
таныстырады,  балалардың  ой  еңбегінің  мүмкіндіктері,  олардың  еңбек  нәтжелерін 
көзқарасы туралы айтып береді. Мектептің бірінші сыныбындағы оқу-тәрбие жұмысы.  
         Мектептің 
оқу-тәрбие 
жұмысының 
маңызы 
оқу 
жоспарында 
және 
бағдарламасында анықталынады.Оқу жоспары – мемлекеттік құжат, онда оқу орнының 
қайсыбір типінің міндеттері мен мақсаттарына сәйкес сол үшін міндетті оқу пәндерінің 
тізбегі  беріледі.  Ол  оқу  пәндерінің  өзара  байланысын,  оларды  оқыту  жүйелігін,  әр 
пәннің берілетін білім мен іскерліктің жалпы жинағындағы үлес салмағын анықтайды. 
Мектептің  бірінші  сыныбындағы  басқа  да  оқу  пәндерінің  бағдарламалары: 
«Математика»,  «Еңбекке  үйрету»,  «Бейнелеу  өнері»,  «Музыка»,  «Дене  шынықтыру» 
осылайша  құрылған.Мектептегі  оқу-тәрбие  жұмысының  негізгі  формасы  сабақ  болып 
табылады.  Сонымен  бірге  мұғалім  баланы  одан  әрі  жан-жақты  дамытуға  бағытталған 
сыныптан  тыс  тәрбие  жұмысының  алуан  түрлерін  пайдаланады.Мектептегі  тәрбие 
жұмысының үлгі мазмұны бар. Онда балалардың жас ерекшелігін ескеретін және әрбір 
баланың  белсенді  іс-әрекетін  көздейтін  тәрбие  жұмысының  міндеттері  мен  мазмұны 
көрсетілген.Тәрбие  жұмысының  мазмұны  жоспарларда  нақтыланады,    олар  мына 
бөлімдер  бойынша  жасалады:  «ұжымдық  тұрмысты  жолға  қою»,  «Саяси-тәрбие 
жұмысы»,  «Кітаппен  жұмыс  істеу»,  «Дене  шынықтыру,  сауықтыру  жұмысы», 
«Табиғатта  жұмыс  істеу»,  «Техникаға  ықыластандыру»,  «Көркемдік  тәрбиесі», 
«Ойындар».  Барлық  бөлімдер  өзара  байланысты  тәрбиелеу  мен  дамытудың  тиісті 


жүктеу 2,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   80




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау