Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Қозыбаев атындағы



жүктеу 2,05 Mb.
Pdf просмотр
бет32/80
Дата26.12.2019
өлшемі2,05 Mb.
#24967
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   80

67 
 
дәрежесін қамтамасыз етеді.  Балалар бақшасы мен мектеп жұмысындағы сабақтастық. 
Халыққа  білім  беру  жүйесіндегі  сабақтастық  дегеніміз  –  оқыту  және  тәрбиелеу 
деректерін  дәйекті  түрде  шешу  мақсатында  оның  аралас  буындары  арасында  өзара 
байланыс  орнату.  Балалар  бақшасы  мен  мектептің  сабақтастығы  олардың  тәрбиелеу 
және  оқыту  жұмысы  мазмұнының,  оны  жүзеге  асыру  әдістерінің  өзара  байланысты 
болуын көздейді. Балалар бақшасы мен мектеп арсындағы сабақтастықтың қажеттілігі 
біздің еліміздегі мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие ролінің едәуір артуына байланысты 
да  мықтап  күшейіп  отыр.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  –  халыққа  білім  берудің  біртұтас 
жүйесінің  бірінші  буыны.    Балалар  бақшасы  мен  мектептің  арсындағы  сабақтастық 
оқыту  мен  тәрбиелеудің  мазмұны  бойынша  да,  оқу-тәрбие  жұмыстарының  әдістері, 
тәсілдері,  ұйымдастыру  формалары  бойынша  да  жүзеге  асырылады.  Бастауыш 
мектептің  мұғалімі  оқудың  тиімділігін  арттыру  үшін  балалар  бақшасында  жиі 
қолданылатын  ойын  тәсілдерін  пайдаланады;  балалар  бақшасының  тәрбиешісі  оқыту 
процесіне  арнаулы  оқу  тапсырмаларын,  жаттығулар  енгізіп,  біртіндеп  оларды 
күрделендіреді,  сол  арқылы  мектеп  жасына  дейінгі  балаларда  оқу  іс-әрекетінің  алғы 
шарттарын  қалыптастырады.  Балалар  бақшасындағы  оқу  –  оқыту  формасы  ретінде 
мектептегі  сабаққа  негіз  даярлайды.    Балалар  бақшасына  бармайтын  алты  жастағы 
балаларды  мектептегі  оқуға  дайындау  мектептердің  жанында  ұйымдастырылатын 
дайындық  кластарында  жүзеге  асырылады.  Балалар  бақшасы  мен  мектеп 
байланысының формалары.  
         Мектепке  дейінгі  мекеменің  практикасында  балалар  бақшасы  мен  мектеп 
байланысының белгілі тәжірибесі қалыптасқан. Бұл байланысты орнатудың екі жолын 
бөліп  көрсетеді:  балалар  бақшасы  мен  педагогтар  ұжымының  тығыз  байланысы  және 
мектеп  жасына  дейінгі  балалар  мен  бірінші  сынып  оқушыларының  тікелей 
жақындасуы.Тәрбиешілер  мектептің  бастауыш  сыныбындағы  оқу-тәрбие  жұмысының 
мазмұнымен  және  өзіндік  ерекшелігімен  танысады,  сөйтіп  балалардың  даму 
перспективаларын  анықтайды  және  оның  мектеп  талап  ететін  дәрежеде  болуын 
қамтамасыз  етеді.  Бұл  педагогтар  ұжымының  арасындағы  байланыс  алуан  түрлі: 
Бірінші  сынып  бағдарламасы  мен  «Балалар  бақша  тәрбие  бағдарламасын,  бірлесіп 
талқылау  және  зерттеп  үйрену  олардың  арасындағы  сабақтастығын  терең  түсіну.  Өз 
шәкірттерінің жаңа ұжымда өзін қалай көрсеткенін, бірінші сыныптың бағдарламасын 
қалай  меңгергенін,  қандай  қиыншылықтарға  кездескенін  білу  үшін  мектептегі 
оқытудың алғашқы айларында тәрбиешінің өз шәкірттерін қадағалауы. Бірінші сынып 
оқушыларының  үлгерім  қорытындысы  бойынша  өткізілетін  педагогикалық  кеңеске 
қатысу керек.Мектепке дейінгі балалардың мектепке жан-жақты дайындалу мәселелері 
бойынша  конференциялар  мен  педагогикалық  оқулар  өткізу,  педагогикалық  және 
психологиялық  әдебиет  жаңалықтарын  бірлесе  талдау,  мектепке  дейінгі  ұйымдар  мен 
мектептердің  балаларды  мектепке  оқытуға  бірлесе  дайындау  жөніндегі  жұмысының 
озат  тәжірибесімен  танысу.  Тәрбиешілер  мектептердің  талаптарын,  балаларды  оқуға 
дайындау  міндеттерін  айқынырақ  сезінеді  де  табысты  орындайды.  Ал  мұғалімдер,  өз 
тарапынан, балалар бақшасының міндеттеріне, оның жұмысы мен әдістеріне тереңірек 
үңілетін  болады,  мұның  өзі  олардың  тәрбиелік  ықпал  ету  әдістерін  сабақтастыруға 
мүмкіндік береді.    
 
Ақыл-ой  тәрбиесі  баланы  қоршаған  орта,  құбылыс,  адамдар,  олардың  өзара 
қарым-  қатынасы  жайлы  дұрыс  мәліметтермен  қаруландыру  арқылы  тәжірибесін 
ұлғайтып,  айналасындағы  құбылыстарға,  ақиқатқа,  оқиғаларға  оның  дұрыс  қарым  – 
қатынасы мен көз қарасы қалыптасады. Даму- баланың сандық және сапалық жағынан 
жетілуі психикасының, ой санасының өсуі. Ақыл- ойдың дамуы баланың өзін қоршаған 
дүние  туралы  алғашқы  мәліметтерді  игеруінің  нәтижесінде  іске  асады.  Ақыл-  ойдың 


68 
 
дамуы дегеніміз- баланың жасына байланысты оқыту мен тәрбиенің әсерінен, тәжірибе 
жинақтауынан оның ақыл – ой әрекетінде болатын сандық және сапалық өзгерістердің 
жиынтығы. Ақыл – ойды дамытудың шарты- балалардың сан қилы іс- әрекетінің тиімді 
ұйымдастырылуы  әлеуметтік  ортаның  әсері,  адамдардың  қарым-  қатынасы,  тілді 
меңгеруі,  қабылдауы  мен  түйсінуі  берілетін  білім  сапасы.  Міне,  осылардың  барлығы 
баланың  жан-  жақты  дамуына  мүмкіндік  тудырады.    Сонымен,  ақыл-  ой  тәрбиесі 
дегеніміз  балаға  мақсат  көздей  ықпал  етіп,  оның  айналадағы  дүниені  шынайы 
ақиқаттық тұрғыдатаып –білуін қамтамасыз ету, табиғатқа, қоғамға, адамдарға  дұрыс 
қарым-  қатынасын  қалыптастыру.Айналадағы  тіршілік  құбылыстары  жайлы  дұрыс 
түсінік қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі бала күн сайын жаңа заттармен кезігеді, 
айнала өмірді бақылап, өздігінен түсініп, қортынды жасағысы келеді. Бірақ үлкендердің 
басшылығынсыз,  өздігінен  игерген  білімі  мен  түсінікткері  жүйесіз,  кейде  таяз,  қате 
болады. Сол себептен педагоктің міндеті  – баланың білім қорының бірізді молаюына, 
бірте-  бірте,  ретпен,  жүйелі  жинақталуына  көмектесу.  Бала  айналадағы  заттар,  оның 
сапасы  (түрі,  көлемі,  түсі),  қолданылатын  орны  қасиеттері  (сынуы,  жыртылуы, 
қаттылығы,  жұмсақтығы,  бұзылуы),  қандай  заттан  (ағаш,  темір,  қағаз,  мата) 
жасалатындығы  жайлы  нақты  түсінік  алуы  керек.  Сондай  -  ақ  кейбір  табиғат 
құбылыстары  туралы,  олардың  өзара  байланысы,  заңдылықтары  өсімдіктердің, 
жәндіктердің  жануарлардың  дамуын  танып  білу,  бақылау  және  түсігіне  жеңіл  тиетін 
қоғамдық  құбылыстармен,  оқиғалармен,  адамдардың  еңбегімен,  мерекелермен, 
республика  астанасы  Астанамен  т.  б.  таныстыру  арқылы  балалардың  дүние,  табиғат, 
қоғам,  Отан  туралы  алғашқы  түсініктері  қалыптасады.Танымдық-психикалық 
процестерді дамыту. Баланың түйсік, қабылдау, ес, қиял, ой және тіл сияқты танымдық- 
психикалық  процестерін  дамыту-  ақыл-  ой  тәрбиесінің  басты  міндеттерінің  бірі. 
Айналадағы  дүниені  тануда  түйсік  пен  қабылдаудың  дамуы  неғұрлым  жоғары  болса, 
дүниені танып білу соғұрлым бай болады, сондықтан балабақшада сенсорлық тәрбиеге 
аса  зор  көңіл  бөледі.  Балаларды  ана  тілінде  үйрету  оларды  пікір  алысудың, 
дүниетанудың  күшті  құралымен  қаруландырады,  сөзді  анық,  қысқа,  тұжырымды 
айтуға,  ойын,  талап-  тілегін  сөз  арқылы  жеткізуге  ,  көрген  білгенін  әңгімелеп  беруге 
дағдыландырады. 
Әдебиет: 
1.  Болотина  Л.Р.,  Микляева  Н.В.  Обеспечение  преемственности  в  работе  ДОУ  и  школы: 
методическое пособие. - М.: Айрис-пресс, 2006
.
 
2.  Развитие детей 6-7 лет и подготовка их к школе /Под ред. А.М. Леушиной.- М.: Просвещение, 
1991. -209 с. 
3.  Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе. – М., 1991. 
4.  Забрамная С.Д., Боровик О.В. От диагностики к развитию. - М.: В. Секачёв, 2004. 
5.       Урунтаева  Г.А.    Диагностика  психологических  особенностей  дошкольника.  –  М., 
Педагогика,  1999. – 291 с.  
 
УДК 376 
 
ОСОБЕННОСТИ ИНКЛЮЗИВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ В РЕСПУБЛИКЕ 
КАЗАХСТАН 
 
Жандусова А.Е. 
(Студентка группы ДФ-16) 
 
В Республике  Казахстан,  несмотря  на  позитивные  изменения  и  существующую 
правовую  основу,  на  сегодняшний  день  имеется  ряд  трудностей  в  реализации  прав 


жүктеу 2,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   80




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау