Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет48/81
Дата07.02.2020
өлшемі1,24 Mb.
#28563
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   81

151
 
11. Фосфорорганикалық, сынапорганикалық жəне металқұрам-
дас пестицидтерге сипаттама беріңіз.
12. Тағам өнімдеріндегі пестицидтердің қалдықты мөлшерлерін 
анықтау үшін талдаудың қандай əдістері қолданылады?
13. Сізге полигалогенделген көмірсутегілердің қандай топтары 
белгілі? Олардың қоршаған ортаға жəне тағам өнімдеріне түсуінің 
негізгі жолдарын көрсетіңіз.
14. Полигалогенделген көмірсутегілердің адам ағзасына уытты 
əсерін сипаттаңыз.
15. «Диоксин фоны» түсінігін қалай түсінуге болады?
16. Тағам өнімдері жəне тағам шикізатына нитраттар, нитриттер 
жəне нитрозаминдер түсуінің негізгі қандай көздері бар?
17. Азот қосылыстарының адам ағзасына əсерін сипаттаңыз, осы 
қосылыстардың потенциалды қаупін көрсетіңіз.
18. Сертификаттау сынақтарының тəжірибесінде тағам өнім-
деріндегі нитраттар, нитриттер жəне нитрозаминдерді анықтаудың 
қандай əдістері бар?
19. Полициклды ароматтық көмірсутегілердің уытты əсерін 
сипаттаңыз.
20. Қандай заттар өнімдердегі канцерогенды ПАК-дің қатыс уин-
ди-каторлары болып табылады?
21. Бенз(а)пиренді анықтау үшін талдау əдістерінің қандай 
түрлері қолданылады?
22.  Гормондар жəне гормональды белсенді заттардың жіктелуі-
нің негізіне қандай қағида салынған.
23. Ауылшаруашылығы жануарларын өсіру үшін қолданылатын 
гормо-нальды препараттардың потенциалды қауіптілігі неде?
24. Тағам өнімдеріндегі антибиотиктердің потенциалды 
қауіптілігін сипаттаңыз.
25. Антибиотиктердің қалдықты мөлшерін қандай əдістермен 
анықтау мүмкін болады? Осы талдау əдістерін сипаттаңыз, олардың 
артықшылықтарын жəне кемшіліктерін көрсетіңіз.
26. Тағам өнімдеріне түсу көздеріне жəне адам жəне жану-
ар ағзасына уытты əсер көрсетуіне байланысты əртүрлі топтағы 
микотоксиндерді сипаттаңыз.
27. Қай өнімдерде жəне қандай микотоксиндер нормаланады? 
Өнімдердегі микотоксиндер мөлшерінің шектелген деңгейі қандай?
28. Микотоксиндерді талдау əдістерінің қандай түрлері скрининг-
əдіске жəне арбитражды əдіске жатады? Неліктен?


152
29. Микотоксиндерді талдау барысында сынаманы таңдаудың 
қандай ерекшеліктері бар? Бұл немен байланысты?
30. Тағамдық улану жəне тағамдық интоксикация түсініктеріне 
анықтама беріңіз.
31. Тағам өнімдері қауіпсіздігінің микробиологиялық 
бақылауының мақсатын жəне міндетін атаңыз.
32. Гигиеналық нормативке микробиологиялық көрсеткіштері 
бойынша микроағзалардың қандай топтары кірген?


153
 
ІV БӨЛІМ. 
АЗЫҚ-ТҮЛІК ШИКІЗАТЫ ЖƏНЕ 
ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ 
ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Радиоактивтілік – кейбір элементтер атомдарының нөмері 
мен массалық санын өзгеріске ұшырататын атом ядроларының 
өзіндік ыдырауы. Радиоактивті ыдырауды тоқтату немесе тездету 
мүмкін емес, жартылау ыдырау кезеңі – уақытпен өлшенетін, қатаң 
анықталған жылдамдықпен жүзеге асырылады, осы кезеңде барлық 
атомдардың жартысы ыдырайды. Радиоактивті элементтердің ыды-
рауы иондайтын сəулелердің ағындарымен бірге жүреді, олардың 
əрқайсысы өзінің физика-химиялық қасиеттерімен сипатталады: 
альфа-сəулесі-жылдамдығы 20000 км/с жететін, оң зарядталған 
бөлшектер (гелий атомы) ағынын құрайды; оң зарядтардың болуы 
себебінен магнит өрісінде α-бөлшектер ауытқиды (солтүстік по-
люске). Бета-сəулесі – жарық жылдамдығымен қозғалатын теріс 
зарядталған бөлшектер ағыны; теріс зарядтардың болуы себебінен 
электрондар магнит өрісінде ауытқиды (оңтүстік полюске). Гамма-
сəулесі – қасиеті жағынан рентген сəулесіне ұқсас, қысқа толқынды 
магнит сəулесі; жарық жылдамдығымен бірге таралады, маг-
нит өрісінде ауытқымайды, бірнеше мыңнан бірнеше миллион 
электронвольтқа дейінгі жоғары энергияға ие. 
Өлшем бірліктерінің СИ жүйесінде радиоактивтіліктің өлшем 
бірлігі – беккерель (Бк) – секундына бір ядролық айналысты сипат-
тайды. 
Халықтың сəулелену деңгейін эквивалентті доза бірлігі – зи-
вертпен (Зв) бағалайды. 1 зиверт – салмағы 1 кг-дық биологиялық 
тін өз бойына сіңірген, фотондық сəуленің 1 грэйінде сіңірілген 
доза сияқты биологиялық эффект түзетін, кез келген сəуле түрінің 
эквивалентті дозасы. 1 грэй (Гр) – бұл салмағы 1 кг-дық сəулеленген 
затқа берілген, кез келген иондалатын сəуле түрінің 1 Дж энергиясы-
на сəйкес келетін сіңірілген сəуле мөлшері. 
Жердің радиациялық фоны:
•  ғарыштық сəуле;
•  топырақ, су, ауа, басқа да қоршаған орта нысандарының 
құрамындағы табиғи радионуклидтер;
•  адам қызметі нəтижесінде пайда болған жасанды радио-
нуклидтер (мысалы, ядролық сынау); медицинада, техникада, 


154
ауылшаруашылығында қолданылатын радиоактивті қалдықтар 
жəне жеке радиоактивті заттар сияқты  3 компоненттен тұрады.
Адам алатын сəуленің табиғи көздеріне мыналарды жатқызады:
1. Ғарыштық сəуле. Космогенді радионуклид дозасы ғарыштық 
сəуле жəне атмосфера ауасының өзара əсерлесуі кезінде пайда бо-
латын көміртегі – 14 (
14
С) изотопы əсеріне толығымен байланысты 
болады жəне 12 мкЗв/жыл құрайды. 
2. Ингаляция. Халықтың сəулеленуінің жиынтық дозасының 
ең көп үлесін – радий изотоптарының уран қатарындағы ұзақ 
сақталатын табиғи радионуклидтердің, бөлме ауасында жəне 
атмосфера ауасында болатын қысқа мерзімге сақталатын туыс 
өнімдерінің, сонымен қатар торий қатары радионуклидтерінің
 
ингаляциясы береді. Бұл доза радон-222 (
222
Rn)-нің қысқа 
мерзімге сақталатын туыс өнімінің өкпе эпителийін сəулелеуге, 
сонымен қатар газ тəрізді 
222
Rn-нің қанда еруі есебінен алынған 
дозаға, жəне адамның ішкі ағзасының сəулеленуіне байланысты 
болады. Ингаляция кезіндегі жалпы əсерлі доза шамамен, 1260 
мкЗв/жыл құрайды.
3. Тағам жəне сумен түсу. Табиғи радионуклидтердің су жəне тағам-
мен түсу есебінен ішкі сəулелену дозасы 2 құрамдас бөліктен тұрады:
а) Калий-40 (
40
К) əсерінен туындаған доза. Бұл доза барлық 
адамдарға бірдей болады жəне едəуір өзгеріске ұшырамайды. 
Тұрақты калий-39 (
39
К) мөлшері адам ағзасындағы тұзды-сулы ба-
ланспен реттеледі. Калий-40 тұрақты калиймен тұрақты қатынаста 
ағзаға түсіп, одан шығады. Сондықтан адам ағзасындағы 
40
К мөлшері 
тұрақты болады жəне оның ағзаға түсуіне тəуелді болмайды;
ə) уран жəне торий қатарларының радионуклидтері түзетін доза. 
Бұл доза көрсетілген радионуклидтердің тағам өнімдері жəне су-
мен бірге бір жылда түсетін мөлшеріне пропорционалды болады. 
Уран жəне торий қатарындағы радионуклидтер ішінде атмосфе-
ра ауасының құрамында болатын
222
Rn жəне оның қысқа мерзім 
сақталатын туыс өнімдері ыдыраған жағдайда түзілетін қорғасын-210 
(
210
Pb) адамның сəулеленуіне үлкен үлесін тигізеді. Қорғасын-210 
жəне оның ыдырауы кезінде пайда болатын висмут-210 (
210
Ві) жəне 
полоний-210 (
210
Ро) жер бетіне шөгіп, судың, су көздері бетінің, шөп 
жəне ауылшаруашылық өсімдіктерінің радиоактивті ластануына əкеп 
соғатын табиғи радионуклидтердің ғаламдық деңгейде түсуін туды-
рады. 
Халықтың ішкі сəулелену дозасының негізгі бөлігі табиғи радио-


жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау