165
тиімділікке жетуге қажетті қоспалар жəне көмекші заттар,
мөлшерлеме (дозировка) қолданылатын тағам өнімдерінің тізімі;
– техникалық құжаттар, соның ішінде тағам өнімдеріндегі
тағамдық қоспаларды (оның өзгерген өнімдері) бақылау əдістері;
– өнімді өндіруші елде (шетелге шығарушы) импортталатын
тауарды қолдану үшін денсаулық сақтау органдарының қосымша
рұқсаты беріледі.
Тағамдық қоспаларды өндірісте қолданылуы Қазақстан
Республикасының денсаулық сақтау министрлігі бекіткен іс-
шараларға сəйкес тіркеуден өткеннен кейін, техникалық құ-
жаттар, қауіпсіздік талаптарына сəйкестігі туралы санитарлық-
эпидемиологиялық қорытынды, санитарлық нормалар жəне
ережелерге сəйкес тиісті өндіріс жағдайы болған жағдайда ғана
жүзеге асады.
Егер өндіруші генетикалық модификациялық тағамдық қос-
паларын (ферментті препараттар) қолданатын болса, онда ол олар-
ды бекітілген тəртіпте декларациялауы тиіс. Басқа да жайттар
халықаралық келісімде ескертілмесе, импортталатын тағамдық
қоспалар да Қазақстан Республикасының қолданыстағы санитарлық
ережелері жəне гигиеналық нормативтеріне сəйкес болуы тиіс.
Тағамдық қоспалардың тауарлық сараптамаларының тағы бір
маңызды кезеңіне – таңбалау ережелері, тасымалдау, сақтау жəне
іске асыру ережелеріне – өнімнің сəйкестігін бекіту жұмыстары жа-
тады. Тағамдық қоспаларды таңбалау Қазақстан Республикасының
заңнамалары, нормативтік жəне техникалық құжаттарына сəйкес
жүзеге асырылады.
Бөлшек саудаға арналған тағамдық қоспалардың қаптамасында
(зат белгісінде) қолдану, тұтыну əдістері жəне мөлшері бойын-
ша ұсынымы көрсетілген «тағамдық» деген таңбасы болуы ке-
рек. Кешенді тағамдық қоспаларды қолдану барысында деңгейі
санитарлық нормалар жəне ережелерде нормаланатын тағамдық
қоспалардың өнімдегі салмақтық үлесі көрсетіледі.
5.2. Тағамдық қоспалардың қолданылуын
гигиеналық бақылау
Тағам өнеркəсібі жəне қоғамдық тамақтандыруда тағамдық
қоспаларды қолдану нормативтік-техникалық құжаттармен, «та-
ғамдық қоспаларды қолдануға қатысты санитарлық ережелер»,
166
«Азық-түлік шикізаттары мен тағам өнімдері сапасына қойылатын
медика-биологиялық талаптары мен санитарлық нормаларымен»
жүзеге асырылады.
МемСТ жəне техникалық шарттарда тағамдық қоспаларды
«Шикізаттар жəне материалдар» бөлімінде көрсетеді. Егер тағамдық
қоспаларды пайдалану регламентінің бұзылуы өнімнің қауіпсіздік
жəне тағамдық құндылығы деңгейінде анықталса, онда тағамдық
қоспалардың қызметін сипаттайтын көрсеткіштер (түс, дəм,
иіс, жəне т.б.) нормативтік құжаттардың физика-химиялық жəне
органолептикалық көрсеткіштер тізіміне шығарылады, онымен қоса
тағамдық қоспаларын сынау əдістері келтіріледі. Қолданылатын
тағамдық қоспалар тағам өнімдерін таңбалау барысында көрсетілуі
тиіс.
Қолданылатын тағамдық қоспалардың гигиеналық бақылауын
Мем-лекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органда-
ры жүзеге асырады. Өндіріске жаңа тағамдық қоспаларды енгізу
үшін гигиеналық сертификат қажет. Тағам өнімдерінің нормативтік
құжаттарына қосылған тағамдық қоспалардың қолданылуын
бақылауды Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде аккредиттелген
сəйкестікті растау органдары жүзеге асыруы мүмкін.
Қазақстан Республикасында қолданылуға рұқсат етілген тағамдық
қоспалардың тізімі оларға қатысты сұраныстың өсуіне, əсіресе жаңа
қоспаларды əзірлеу жəне олардың қасиеттерін зерттеу барысында,
біздің елде қабылданған санитарлық нормаларға, жаңа халықаралық
жəне еуропалық қауіпсіздік стандарттарына бейімдеу, икемдеу
əрекетіне байланысты, тұрақты түрде кеңеюде жəне түзетілуде.
Бақылау сұрақтары жəне тапсырмалары
1. Тағамдық қоспаларға анықтама беріңіз жəне олардың тағам
өнімдерін өндіру технологиясындағы тағайындалуын атаңыз.
Олардың тағамға арналған биологиялық белсенді қоспалардан
қандай принципиалды айырмашылығы бар?
2. Тағамдық қоспалар адам денсаулығына қауіп келтіруі мүмкін
бе? Тағамдық қоспалар қандай құжаттармен реттеледі?
3. Тағамдық қоспалардың санитарлы-гигиеналық сараптамасы-
ның жүргізілу рəсімін сипаттаңыз.
167
VI БӨЛІМ.
ТАҒАМ ӨНІМДЕРІН ЛАСТАУ КӨЗІ
РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН ПОЛИМЕРЛІ
ЖƏНЕ БАСҚА ДА МАТЕРИАЛДАР
Тағам өнеркəсібі жəне қоғамдық тамақтандырудағы полимерлі
материалдардың қолданылу спецификасының мəні азық-түлік
шикізаты жəне тағам өнімдерімен байланысуында жатыр
.
Сондықтан полимерлі материалдарға оларды қолдану бағытынан
тыс, қауіпсіздігіне де арнайы талаптар қойылады.
Полимерлер синтетикалық жəне табиғи түрде болады, соңғысы
химиялық өңдеу əдісімен модификациялануы мүмкін. Тəжірибеде
көрсетілген полимерлер таза күйінде емес, түрлі қоспалармен бірге
қолданылады. Бұл жағдайда полимерлі композициялар құрамына
полимерлерге белгілі бір қасиет беруге арналған қаттыландырғыш,
пластификаторлар, толтырғыштар, бояғыштар, саңылау түзгіштер
жəне басқа компоненттер енгізеді.
Тағам өнімдерімен қатынасқа түсетін полимерлі материалдар
қажетті эксплуатациялық қасиеттері бар жəне гигиеналық талаптарға
сəйкес болуы тиіс. Эксплуатациялық қасиеттер (химиялық төзімділік,
өткізгіштік жəне т.б.) тағам өнімінің тағайындалуына, қаптау неме-
се жабдықтарды пайдалану шартына тəуелді болады. Гигиеналық
талаптарды токсикологиялық жəне басқа да арнайы зерттеулер
нəтижесінде Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
органдары əзірлейді жəне бекітеді.
Полимерлі жəне басқа да материалдардың қаптама ретінде
қолданылуы:
– өнімнің қапталу жəне тасымалдану мүмкіндігін қамтамасыз ету;
– қоршаған орта əсерінен, ауру тудыратын жəне зиянды
микроағзалар əсерлерінен қорғау;
– өнімнің тағамдық құндылығын сақтау;
– өнімнің жарамдылық мерзімін ұзарту жəне т.б. міндеттерді ше-
шуге бағытталған.
Материалдар өнімнің органолептикалық қасиетін өзгертпеуі жəне
жоғарыда айтылғандай адам ағзасына кері əсерін тигізетін химиялық
заттар бөлмеуі тиіс. Қоспалар жəне төмен молекулалы қоспалар
химиялық түрде полимерлермен байланыспайды, сондықтан белгілі
жағдайда олар тағам өніміне тез өтіп, адам денсаулығына кері
əсерін тигізуі мүмкін. Полимер немесе басқа материалдар құрамына
Достарыңызбен бөлісу: |