Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет8/53
Дата13.11.2018
өлшемі1,24 Mb.
#19259
түріМетодическое пособие
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53

6.  Оқушылардың  өзіндік  шығармашылық,  зерттеу  жұмыстарын 
ұйымдастыру; 
7.  Сабақ  мазмұнына  оқушылардың  жағымды  әлеуметтікмәдени 
тәжірибесін  кеңейтуді  қамтамасыз  ететін  әлеуметтік  рөлдердің  ойнатылуын 
белсенді түрде қосу. 
Көрсетілген  талаптарды  орындау  оқу  пәндерінің  тәрбиелік  әлеуетін 
белсенді іске асыруға ықпал етеді. Сабақты жоспарлауда және өткізуде тек қана 
сабақ  материалының  мазмұны  және  қолданылатын  формалар,  әдістер  мен 
технологиялар  тәрбие  мүмкіндігіне  ие  емес  екенін  есте  сақтау  қажет. 
Педагогтың тұлғалық қасиеттері (оның сыртқы келбеті, мінез-құлық мәдениеті, 
сөзі, сенімділігі, сезімділігі), мұғалім мен оқушылар қарым-қатынасының стилі 
(ақкөңілдік,  әділдік,  педагогикалық  сыпайылық,  сабақта  іскерлік  ахуалын 
туғызу,  оқушының  жеке  жетістігін  қолдау)  тәрбиелейді.  Сондықтан  сабақтың 
әр кезеңі белгілі бір тәрбиелік мүмкіндіктерге ие.  
Тәрбиелей  оқыту  принципі  оқыту  мен  тәрбие  бірлігінің  заңдылықтарына 
негізделеді  (Л.С.  Выготский).  Оқыту  процесіндегі  тәрбие  білім  алушыларды 
интеллектуалды,  және  ең  бастысы  қызығушылықтарын  ескере  отырып 
креативтік,  жеке  танымдық  қабілеттерін  дамытумен  байланысты.  Оқу 
материалын  меңгеру  тек  таным  аясын  дамытып  қана  қоймайды,  сол  сияқты 
ұйымшылдық,  дербестік,  шыдамдылық,  іскерлік,  еңбексүйгіштік,  тәртіптілік 
сияқты тұлғалық қасиеттері мен сапаларын қалыптастырады. 
Оқудағы  дәйектілік  және  жүйелілік  пәндер  бойынша  білім,  білік  және 
дағдылар жүйесі мен әлемді танудың бірыңғай тұжырымдамасын қалыптастыру 
арасындағы қарама-қайшылықты шешуге мүмкіндік береді [14, 156-158 б.].  
Заманауи білім берудегі жаңашылдық бағыт шетелдік, сондай-ақ отандық 
білім  беру  жүйелерімен,  авторлық  мектептермен,  жобалар  және 
технологиялармен жеткілікті дәрежеде кеңінен көрсетілген. Мысалы, оқытудың 
Вальдорфтық  жүйесін  инновациялық  ретінде  қарастыруға  болады  (неміс 
философы  және  педагогы  Р.Штейнер),  оның  мақсаты  –  тұлғаның  үш 
құрамдасының:  ойлау,  сезім  және  ерік  жиынтығына  сүйене  отырып,  оның 
жасырын  қабілеттері  мен  қасиеттерін  ашу,  тұлғаның  ойлағыштық,  әсершіл 
және жігерлі жақтарын тең дәрежеде дамыту, біртұтас тұлға қалыптастыру.  
Сонымен бірге, итальяндық педагог М.Монтессоридің догмалық оқытудың 
баламасы ретінде балабақшада және бастауыш мектепте еркін тәрбие беру мен 
ерте  дамыту  идеясын  іске  асырған  өздігінен  даму  технологиясы  бойынша 
ұйымдастыру  қызметі  кең  тарады.  М.Монтессори  баланың  дербес  даму 
қабілетіне  сүйене  отырып,  педагогтың  басты  міндеті  қоршаған  ортаның 
қалыптасқан  жағдайларында  өздік  дамудың  табиғи  процесі  үшін  «азық 
жеткізу»  деп  білді.  Мысалы,  ресейлік  білім  беруде  жеке  жобалар  мен 
технологиялар бойынша құрылған жаңашылдық, сонан кейін эксперименттік іс-
әрекетті  ұйымдастыру,  дамыта  оқыту  жүйесі  мен  авторлық  мектептер: 
Адамшылық  мектебі  (негізінде  −  Ш.А.  Амонашвилидің  тәжірибесі),  Бейіндік 
мектеп  (Е.А.  Ямбург,  Б.А.  Бройде),  Орыс  мектебі  (И.Ф.  Гончаров,  
18 
 


Л.Н.  Погодина),  Өзін-өзі  билеу  мектебі  (А.Н.  Тубельский)  және  т.б.  зор 
қызығушылық тудыруда. 
Тәрбие  процесін  ұйымдастыруда  педагогикалық  теориялар  өз  дамуын 
жалғастырады,  мысалы  К.Д.  Ушинский  педагогтарға:  «...мүмкіндігінше 
адамның  дене  және  ішкі  сезімінің  табиғатын  мұқият  зерттеу,  жалпы  өз 
тәрбиеленушілерін және айналасындағы жағдайларды зерттеуге», әр оқушының 
«тәрбие  тарихын»  жүргізуге  кеңес  берді.  Л.Н.  Толстой  балаға  құнттылықпен 
қарауды,  оны  үнемі  зерттеуді  және  т.б.  талап  етті.  Заманауи  жаңашыл 
практикада  тәрбие  жұмысының  негізгі  идеялары  қаралады:  балалар  ұжымын 
құру,  мектептің  ортамен  өзара  қарым-қатынасын  ұйымдастыру,  дербестікті, 
бастамашылықты, шығармашылықты және т.б. дамыту.  
Қазақстанның білім беру теориясы мен практикасын тарихи-педагогикалық 
талдау  инновациялық  мектептің  тәрбие  жүйесін  ізгілікті  идеяның  маңына 
топтастырылған, теориялық (жаңа адам тәрбиесі тұжырымдамасын әзірлейтін) 
және практикалық-бағдарлық (берілген тұжырымдамаларды жаңа үлгідегі оқу 
орындарында  іске  асыратын)  бағыттар  бойынша  іске  асырылатын 
философиялық,  жаратылыстануғылыми  және  қоғамдық-педагогикалық 
ізденістердің бірлігі ретінде анықтауға мүмкіндік береді.  
 
Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттарының  (МЖМБС) 
тәрбиелік компоненті заманауи әлеуметтік саясаттың ізгілікті басымдықтарын 
іске  асыруға,  ұлттарды  біріктіру,  тұлғаның,  қоғам  мен  мемлекеттің  бәсекеге 
қабілеттігі  мен  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге,  қоғамдық  санада  әлеуметтік 
жауапкершілік,  толеранттылық,  патриотизм  мақсаттарын  тәрбиелеуге 
бағдарланған;  балаларда  өзекті  әлеуметтік-мәдени  тәжірибені,  рухани-
адамгершілік  мұраттарды  қалыптастыруда,  жасөспірімдердің  әлеуметтік 
шығармашылықта  белсенді  азаматтық  көзқарастарды  іске  асыру  аясын 
кеңейтуде  білім  беру  ұйымдары  мен  басқа  әлеуметтік  институттардың 
тәрбиелік  әлеуетін  дамытуға  және  толыққанды  іске  асырылуын  қамтамасыз 
етуге көмектеседі. 
В.А.  Караковскийдің  пікірінше,  отбасы  мен  мектеп  баланың  тек 
эстетикалық  мәдениетін  ғана  емес,  сондай-ақ  «әлем  мәдениетін»  тәрбиелеуі 
тиіс.  Философиялық  және  психологиялық-педагогикалық  әдебиет  деректері 
жалпыадамзаттық  құндылықтар  проблемасы  мен  оның  тұлға  тәрбиесіндегі 
орны  тек  заманауи  педагогика  ғылымындағы  маңыздылардың  бірі  ғана  емес, 
Антикалық  дәуірден  және  Орта  ғасырлардан  бастап  дүниежүзі  мектеп 
тарихында жетекші рөл атқарғанын көрсетіп отыр. 
Құндылықтар негізгі жол – өз халқының, сол сияқты өзге ел халықтарының 
мәдениеті  арқылы  тасымалданады.  Оқушылардың  жалпыадамзаттық 
құндылықтарға бағдарын қалыптастыру олардың жас ерекшеліктерін ескерген 
жағдайда  ғана  іске  асуы  мүмкін.  Бұл  ізгіліктілік  бағдарын  қалыптастыру 
процесінде мұғалімнің рөлін арттырады [15]. 
В.А.  Караковскийдің  тәрбие  жүйесінің  басты  идеяларына:  міндетті 
мектепішілік  ұжым  құру;  оның  ішінде  өзін-өзі  басқару  элементтерінің болуы; 
басты  міндеті  ұжымдық  жұмысқа  дайындау  болып  табылатын  коммунарлық 
19 
 


жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау