Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет11/53
Дата13.11.2018
өлшемі1,24 Mb.
#19259
түріМетодическое пособие
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53

Сонымен, білім берудегі жаңа құндылықтар – білім берудегі адамгершілік 
пен  демократиялылықтың  мәні  мен  мақсаты  –  тұлға,  оның  қалыптасуы  және 
өздігімен еркін дамуы. Білім берудегі жаңа құндылықтарға оқушыларды ұлттық 
тарихқа, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға, Қазақстан халқы мәдениетіне, 
жалпыадамзаттық  құндылықтарға  бейімдеуді  көздеген  ұлттық  және 
жалпыадамзаттық құндылықтар жатады.  
 
Заманауи жағдайларда білім берудің басқа құндылықтары да зор маңызға 
ие болуда: 
– 
мұғалімдерде  педагогикалық  қарым-қатынас,  педагогикалық  этика 
мәдениеттерін (тәрбиенің арнайы тәсілдері мен тәрбие технологиялары, ұлттық 
ерекшеліктері негізінде) тәрбиелеу; 
– 
білім  беру  саласында  өзінің  тұлғалық  және  кәсіби  шығармашылық 
әлеуетін  мамандандыру  процесі  (осыған  қажет  психологиялық-педагогикалық 
жағдайларды жасауда); 
– 
гуманитарлық,  адамгершілік  және  демократиялық  бағыттылығындағы 
білім беруді қамтамасыз ету; 
– 
келесі  басым  міндеттерді  шешудегі  инновациялық  жолдар,  шарттар, 
құралдар, әдістер мен тәсілдер:  
а)  болжау  қабілеті  бар  мұғалімдерде  талдау,  баламалы  таңдау  қабілетін 
(мінез-құлық,  сенім,  адамгершілік  құндылықтар,  дүниетаным),  арнайы 
маңызды шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру; 
ә) тек еркін ғана емес, сонымен қатар жауапты тұлға қалыптастыру. Білім 
берудің  жаңа  құндылықтары  оқушыларға  құқықтық  мәдениет,  қоғам  өмірінің 
нормаларын  меңгертуден,  экономикалық  оқыту  және  экономикалық  білім 
беруден құралады.  
Мемлекеттік  білім  беру  стандарттарында,  жаңа  мазмұнда  –  оқу 
жоспарлары  мен  бағдарламаларда,  оқулықтар  мен  әдістемелік  құралдарда, 
педагогикалық технологиялар мен әдістемелік түсініктерде білім берудің жаңа 
құндылықтары көрініс табады. 
Білім берудің жаңа құндылықтары заманауи тәуелсіз қоғам қажеттілігімен 
жарияланған және республикадағы маман даярлаудың жалпы ұлттық сипаттағы 
міндетті іске асыруға бағдарланған. Ұлттық адамгершілік-рухани құндылықтар 
ұлт  қалыптасуының  басты  факторларының  бірі  болып  табылады.  Бұл 
құндылықтардың  мазмұнына:  мәдениеттің  ұлттық  құндылықтары;  ұлттық-
педагогикалық  мәдениет  пен  халық  шығармашылығы  ескерткіштері;  тәрбие 
және  оқыту  саласындағы  тарихи  қалыптасқан  дәстүрлер;  ұлы  ойшылдар, 
ағартушылар,  белгілі  педагогтардың  классикалық  мұралары;  білім  берудің 
ұлттық құндылықтары енеді.  
Осы  құндылықтардың  басты  ұлттық  өзегі  мектептің  және  халықтық 
педагогиканың демократиялық және ізгілікті дәстүрлерімен тығыз байланысты. 
Сонымен,  білім  берудің  жаңа  құндылықтары,  жаңа  педагогикалық  тұрғылар 
тұтас  және  бірыңғай  сипатта  болады,  олар  үдемелі  дамудағы  ұлттық  және 
жалпыадамзаттық  құндылықтардан  тұрады.  Жалпыадамзаттық құндылықтар  – 
25 
 


ұлттық  құндылықтарға  бағдар  –  жалпыадамзаттық,  ұлттық  құндылықтардың 
бір-бірімен өзара байланысын білдіреді.  
Жалпыадамзаттық құндылықтардың қаншалықты қажет екені туралы талас 
көптен  бері  тоқтамай  келе  жатыр.  Әр  халық  өздігімен  өмір  сүреді,  алдағы 
уақытта да жас ұрпақ өздерінің дәстүрі, салты, мәдениеті, ділімен тәрбиеленуі 
мүмкін.  Бірақ,  әр  елде,  әр  халықта  өзінің  тұрақты  құндылықтары  бар  екенін 
оқушылар  түсінуі  тиіс.  Сонымен  бірге,  орны,  уақыты  мен  жағдайына 
қарамастан  жалпыадамзаттық  құндылықтар  социумда  үнемі  іс-әрекет  етеді. 
Оқушылардың  жалпыадамзаттық  дегенді,  ұлттық  дегенді,  және  олардың  бір-
бірімен  үйлесімділігі  мен  өзара  байланысын  көбіне  түсінбей  жататынын 
тәжірибе  көрсетіп  отыр.Білім  берудегі  жалпыадамзаттық  және  ұлттық 
құндылықтар  динамикасының  талдауы  түрлі  педагогикалық  жүйелердегі  ең 
жоғары құндылық − жалпыадамзаттық құндылықтар екенін көрсетіп отыр.  
Білім  берудегі  тәрбие  жүйесінің  жалпыадамзаттық  және  ұлттық 
құндылықтар  мен  жаңа  педагогикалық  тұрғылар  негізінде  іс-әрекет  ететін 
басты мазмұнын қарастырайық.  
Тәрбие  жүйесі  –  белгілі  бір  әлеуметтік  құрылым  (отбасы,  мектеп,  ЖОО, 
мемлекет)  мен  әлеуметтік  тапсырысты  орындау  логикасы  аясында  тәрбие 
процесінің  өзара  байланысты  мақсаттары  мен  принциптерін,  әдістері  мен 
тәсілдерін кезең-кезеңмен іске асыруын ұйымдастырудың жиынтығы.  
Кез-келген  тәрбие  жүйесі  нақты  қоғам  сұранысына  ие  және  өз 
маңыздылығын  сақтап  тұрған  кезде  болады,  сондықтан  оның  деректі  тарихи 
сипаты бар. 
Бізге ежелгі өркениет, көне антикалық дәуір, орта ғасыр, өркендеу дәуірі, 
XVIII-
XIX  ғасырлар  мен  адам  дамуының  қазіргі  кезеңі  –  XX  және  
XXI ғасырдың басындағы тәрбие жүйесі белгілі. 
Дүниежүзіне кең танымал тәрбие жүйесінің ерекшелігі неде? Мұны білу 
үшін көбірек белгілі тәрбие жүйесі мәнін олардың қысқаша жалпыадамзаттық 
және  ұлттық  құндылықтарға  сүйенуінің  жаңа  қырынан  қарастыруға 
тырысамыз. 
Өте ертедегі спартандық тәрбие жүйесі негізінен әскери қауым мүшесі – 
жауынгер  даярлау  мақсатын  көздеді.  Баланы  7  жасқа  дейін  отбасында 
тәрбиеші-асыраушы  тәрбиеледі.  7  жастан  бастап  өскелең  спартандықтардың 
тәрбиесін  полис  (қала-мемлекет)  өз  міндетіне  алды.  Бұл  процесс  үш  кезеңде 
өтті.  
Афиналық  тәрбие  жүйесі  ежелгі  Грекия  адамын  тәрбиелеудің  үлгісі 
болды,  оның  басты  міндеті  тұлғаны  жан-жақты  және  үйлесімді  дамытуға 
бағытталды.  Гимнастика,  би,  музыка,  сөз  өнеріндегі  сайыс  –  басты  принцип 
болды.  Осы  жүйе  алдағы  уақытта  «жеті  еркін  өнердің»  (грамматика, 
диалектика,  пікірталас  сайысы,  арифметика,  геометрия,  астрономия,  музыка) 
бағдарламасы  ретінде  танымал  болып,  «ізгіліктердің  жиынтығын»  меңгеруге 
бағыттады.  Бұл  бағдарлама  талай  ұрпақ  үшін  білім  берудің  символы  болды 
және грек зиялылығы ретінде тарихқа енді.  
26 
 


жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау