Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет16/53
Дата13.11.2018
өлшемі1,24 Mb.
#19259
түріМетодическое пособие
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53

−  кірігу  қызметі  біртұтас  білім  кеңістігі  ретінде  оқу  орнының  барлық 
бөлімдерінің  өзара  іс-әрекетін,  мектепішілік  және  мектептен  тыс 
байланыстарды кеңейту және тереңдетуді қамтамасыз етеді; 
− реттеу қызметі педагогикалық процестерді тәртіпке келтіру және олардың 
бала  тұлғасын,  оқушы  және  педагогикалық  ұжымдардың  қалыптасуы  үшін 
қызмет етеді; 
−  түзету  қызметі  оқушы  тұлғасы  қалыптасуына  теріс  ықпалдардың  күшін 
азайту мақсатында оның тәртібі мен қарым-қатынасын педагогикалық түзетуді 
іске асырудан тұрады. 
Интеллектуалды, рухани бай, еркін, дені сау, мәдениетті тұлға тәрбиелеуді 
қамтамасыз ету үшін бірқатар шарттар орындалуы қажет: 
 – 
оқушылардың  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  олардың  психологиялық-
жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  игеруіне,  меңгеруіне,  басынан  өткеруіне 
бағытталған  әдістерді,  жұмыс  тәсілдерін  және  іс-әрекеттің  озық  түрлерін 
таңдау;  
 – 
білім беру процесіне қатысушыларының барлығын көркем мұраға бейімдеу, 
көркем өзіндік білдіруі үшін жағдай жасау; 
 – 
мұғалімнің, сынып жетекшісінің педагогикалық мәдениетін үнемі көтеру; 
 – 
оқу және сабақтан тыс іс-әрекет, қосымша білім беруді кіріктіру; 
 – 
мектеп микросоциумының мүмкіндіктерін барынша пайдалану; 
 
Дәйектер,  зерттеулер  мен  тәжірибелердің  көптігіне  қарамастан 
педагогикалық қауым санасында белгілі бір стереотиптер әлі де болса орнықты. 
Мысалы,  анда-санда  болса  да  байқау  өтетін  күнге  бір  немесе  екі  ай  қалғанда 
тәрбие жүйесін құру нұсқауы кездесіп қалады. Бұл таныс құбылыс, дегенмен, 
мектеп тәжірибесін зерттеу кейбір белгілі заттарға қайтып оралу қажет екенін 
және талап етіліп отырғанын көрсетті. 
Тәрбие жүйесі оқушыға ықпал ету кеңістігі ретінде тұтас алғанда барлық 
субъектілерімен бірге оқу ұйымын, барлық іс-әрекет түрлерін қамтиды. Тәрбие 
жүйесінің  сипаттамасы  оқу  ұйымының  даму  бағдарламасында  баяндалған 
жағдайда күнделікті тәжірибе үшін оңтайлы. 
Біріншіден,  түсініктерді  нақтылау  қажет.  Жүйе  (грек.  systema  –  тұтас; 
бөліктерден  құралған;  құрама)  –  бір-бірімен  өзара  байланыста,  тәуелділікте 
және  бір-бірімен  өзара  әрекетте  және  осының  негізінде  біртұтас  бірлікте 
болатын ретке келтірілген көп компонент.  
 
Тәрбие жүйелері туралы көп, нақты және түсінікті жазылған. Дегенмен, 
жекелеген оқу орындары жетекшілерінде, педагогтерде әлі күнге дейін тәрбие 
жүйесі  «оқушылармен  сабақтан  тыс  жұмыс»  немесе  «тәрбие  жұмысы» 
түсінігімен  ұқсас  деген  ұғым  сақталған.  Сондықтан  да  тәрбие  жұмысы 
«педагогтың  өз  педагогикалық  тұжырымдамасын  белгілі  социомәдени  ортада 
іске асыруының жеке тәсілі» екенін айта кету орынды[25, 166 б.]. Оқу орнының 
тәрбие  жүйесі  барлық  жүйе  астындағыларды  қамтиды.  Соның  ішінде  сабақ 
басты  тәрбие  кешені  ретінде  қарастырылады.  Тәрбие  процесі  қызмет,  қарым-
35 
 


қатынас  және  өзара  қарым-қатынасты  ұйымдастыру  формасы  ретінде  іс-
әрекеттегі барлық субъектілерді қамтиды.  
Тәрбие  жүйесінің  болуы  тәрбие  процесін,  сәйкесінше,  нәтижесін  де 
адамның тұлғалық өзгеруін айтарлықтай тиімді етуіне мүмкіндік береді. Жүйе 
оқушылардың  да,  педагогтардың  да,  ата-аналардың  да  қызметін  барынша 
мағыналы  және  мақсатты  етуге  мүмкіндік  береді,  олардың  ұжымда  бірге 
дамуын қамтамасыз етеді. 
Жүйелерді ұғыну және сипаттау үшін оларды компоненттер және олардың 
байланыстары  түрінде  көрсету  тиімді.  Тәрбие  жүйесі  келесі  компоненттерден 
тұрады (1 сызбаны қараңыз). 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сызба 1 – Оқу орнының тәрбие жүйесі [13, 36 ] 
Төмендегі қорытынды жасауға болады.  
1.  Тәрбие  мазмұнын  және  технологияларын  жаңарту  жаңа  жағдайлар, 
отбасы, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени дәстүрлермен бірдей заманауи 
идеялар,  тәсілдер  және  принциптер  негізінде  іске  асырылады.  Нақ  осы  әр 
оқушының  бейімін,  қызығушылығы  мен  белсенділігін  жетілдіруге  мүмкіндік 
беретін даму ортасын, тәрбие жүйесін құруға көмектеседі. 
2.  Замануи  мектеп  балалар  мен  ересектердің  қарым-қатынасын 
ізгілендіруді, оның тіршілігін демократияландыруды өте қажет етуде, сонымен 
бірге  тәрбие  процесінің  біртұтас  ұйымы,  оның  барлық  буындарының  өзара 
байланысына талаптар қою қажеттігі туындады.  
3.  Заманауи  тез  өзгермелі  әлемде  кірігу  және  бейкірігу  ағымдары 
бұлжымай  көрінеді. Осы қарама-қайшылықтар тудыратын феномендердің бірі 
тәрбие  жүйелері  болып  табылады.  Олар  ғалымдар  мен  практиктердің 
назарында.  
Басқару 
Бағытты іс-
әрекет  
 
Жүйенің игерілген 
ортасы 
(ішкі және сыртқы) 
Қарым-қатынас 
және өзара қарым-
қатынас 
Құндылықты-
мағыналық өзек 
Іс-әрекет 
субъектілері 
36 
 


 
4. Кез келген тәрбие жүйесінің әр оқу орны үшін оның қоршаған ортасы 
бар,  өзіндік  педагогикалық  және  оқушылар  құрамы  тән.  Тәрбие  жүйесінің 
оңтайлы  үлгісін  қарастырғанда  оның  элементтерінің,  байланыстарының,  даму 
жолдарының  алуан  түрлілігін  қалауда  оның  мәні  мен  мазмұнын  анықтайтын, 
алдағы уақытта жүйенің қайта құрылымдалуына негіз болатын ең маңыздысын 
таңдай  білу  керек.  Сонымен,  тұжырымдама  тәрбие  жүйесі  үшін  жүйе  мен 
мақсаттардың  негізіне  қаланған  басты  педагогикалық  ойлардың  жиынтығы 
ретінде болуы тиіс. 
5.  Тәрбие  жүйесі  тәрбиенің  нақты  шарттарын  көрсететін  маңызды 
белгілерден  тұрады:  оқушылар  құрамы,  оқушылардың  жасы,  оқу  орнының 
ерекшелігі,  тәрбиелілік  деңгейі,  білім  алушылардың  жеке  ерекшеліктері, 
ортаның  дәстүрлері,  ерекшеліктері,  педагогикалық  ұжымның  мүмкіндіктері, 
басшының шығармашылық мүддес іжәне т.б. 
6.  Тәрбие  жүйесі  бес  компоненттен  тұрады:  жеке-топтық,  құндылықты-
бағдарланушылық,  функционалды-іс-әрекеттік,  диагностикалы-нәтижелілік, 
қарым-қатынасты-коммуникативтік. 
7. Мектептің тәрбие жүйесі өз дамуында бірнеше кезеңнен өтеді, бұл кезде 
дәстүрлер мен жаңарулар арасындағы қарама-қайшылық дамудың жылжытушы 
күші ретінде алға шығады. Кез-келген жүйе әрекетінің мақсаты мен нәтижесі, 
дамушы  тұлға  оның  жетілгендігінің  көрсеткіші  болып  табылады.  Белгілі  бір 
уақыт  аралығында  қол  жеткізу  жоспарланатын  болжанған  нәтиже  түлектің 
қалаған бейнесінен көрінеді. 
8.  Тәрбие  оқушы  тұлғасының  даму  процесін  мақсатты  түрде  басқару. 
Жүйелі  жүргізілген  тәрбие  ғана  тиімді  болады.  Мектептің  тәрбие  жүйесінің 
мақсаты: ортада даму мен өзіндік дамудың белсенді процесіне оқу және оқудан 
тыс әрекеттер арқылы тартылған оқушы тұлғасы тұратын біртұтас әлеуметтік-
мәдени орта құру. 
9.  Оқу  орны  тәрбие  жүйесінің  даму  тұжырымдамасын  іске  асыру 
механизмі  білім  беру  бағдарламасы  шеңберінде  тәрбие  жүйесінің  барлық 
субъектілерінің орны мен рөлін, сондай-ақ жаңа деңгейлі оқу орнының қызмет 
үшін қажет ресурстарды анықтайды. Сабақтан тыс қызмет оқумен кірігеді, ал 
тәрбие  мақсатты,  логикалы  құрылған  жұмыстар  жүйесі  мен  олардағы  қарым-
қатынастарда жүзеге асады. 
10. Жүйеге енгізілген адам тұлғасының дамуы тәрбие жүйесін басқарудың 
мәні болып табылады, ол жүйе және тұлғаның өзара іс-әрекеті мен өзара әсерін 
басқаруды  талап  етеді,  сол  сияқты  басқару  құралы  мен  тәсілдері  түрлерін 
анықтайды. 
 
 
37 
 


жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау