Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет10/53
Дата13.11.2018
өлшемі1,24 Mb.
#19259
түріМетодическое пособие
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53

белсенді  өмірлік  ұстанымдарын  қалыптастыру  үшін  келесі  міндеттер 
ұсынылған: 

оқушылардың танымдық белсенділігін, оқуға және еңбекке жауапкершілік 
қатынасын ынталандыру; 

оқушылардың  денсаулығын  сақтау,  денесін  дамыту,  зиянды  әдеттерге 
теріс қарым-қатынасын тәрбиелеу үшін жағдай туғызу; 

мектеп  оқушыларының  өзін-өзі  басқару  жүйесін,  кіші  жастағы 
балалармен қамқорлық жұмыстарды жетілдіру және тереңдету; 
 - 
оқушыларда  азаматтық  жауапкершілігі  мен  қасиетін,  өз  елінің  тарихы 
мен мәдениетін құрметтеуді тәрбиелеу, белсенді өмірлік бағытын қалыптастыру.  
Тәрбиенің  оқумен  кірігуі  –  Назарбаев  Зияткерлік  мектептері  желісінің 
тәрбие  жүйесі  жұмысының  басты  ерекшелігі  болып  табылады.  Оқушы  –  бұл 
білім  беру  процесіндегі  басты  тұлға.  Педагогтардың,  ата-аналардың  және 
жергілікті  қоғамдастықтың  толық  өзара  әрекеттесуі  арқылы  қолдау  мен 
сүйемелдеудің біртұтас жүйесі дәл сол үшін құрылады. Педагогикалық әсердің 
тиімділігі  оқушылар  мен  педагогтар  арасындағы  кері  байланыстың 
қарқындылығына,  сондай-ақ  оқушыларды  түзететін  ықпалдардың  шамасына, 
сипатына  және  дәлелділігіне  байланысты.  Егер  тәрбиеші  және  тәрбиеленуші 
жиі  араласса  тәрбие  нәтижесі  айтарлықтай  жоғары  болады;  егер  тәрбиеші 
баланың мінез-құлқын жете түсінсе, оны ұғынса және жақсы бастамаларын дер 
кезінде  қолдаса,  теріс  іс-әрекеттерін  уақытында  жойса,  жалпы  нәтиже  сүбелі 
болары анық.  
С.А.Назарбаева  «Өзіне жол табу»  атты кітабында «Адамзатқа қызмет ету 
адамгершілікке  жатады»  -  деп  жазады.  Ол  өзінің  рухани  ізденістері  туралы, 
адамгершілік құндылықтардың жаңаруы қажеттігі туралы сөз етеді. Сондықтан 
Астана  қаласындағы  №22  мектеп-гимназиясының  ұстаздар  қауымы  оқу 
процесіне  «Өзін-өзі  тану»  пәні  алғаш  енгізілген  күннен  бастап  ата-аналарды 
отбасында тұлғаны дамытуға ықпал ететін оң жағдай тудыруға, сонымен қатар 
ата-аналар  мен  мектеп  педагогтары  арасындағы  қарым-қатынастың  берік 
іргетасын  құруға  бағыттайды.  «Өзін-өзі  тану»  сабағы  отбасында  тең  құқылы 
және ынтымақты өзара қарым-қатынас жасауға жәрдемдеседі. «Өзін-өзі тану» 
сабақтары  –  бұл  әлеуметтік-рөлдік  ойындар,  тренингтер,  жаттығулар  арқылы 
жүргізілетін  ашық  диалог,  сол  арқылы  адамзат  қарым-қатынасы  әлемі 
зерттеледі,  өмірлік  бақылаулармн  алмасу  орын  алады,  қоғамға  тәжірибелік 
қызмет  ету  дағдылары  дамиды.  Мектеп  тәжірибесі  барлық  жүргізілген 
жұмыстар  насихатқа  ықпал  ететінін  және  адамгершілік  даму  барысында 
отбасындағы  тәрбиелік  мүмкіндіктерді  пайдалану  арқылы  отбасылық 
құндылықтар рөлінің нығаятынын көрсетіп отыр. 
Маңғыстау  облысы  Ақтау  қаласындағы  №  4  мектеп-гимназиясында 
балалардың  денсаулығы  –  гимназия  жұмысының  басым  бағыттарының  бірі. 
«Денсаулық  нығайту  мектептерінің  еуропалық  желісі»  жобасының  аясында 
оқушылар  туған  өлкесі  бойынша  саяхат  жасайды.  Тәрбиеленушілер  спорттың 
каратэ,  қол  добы,  жеңіл  атлетика,  спорттық  атыс  және  т.б.  түрлерімен 
айналысады. Ал бастауыш сынып оқушылары үшін кіші спорт залы ашылған. 
22 
 


Гимназия  педагогтары  балалар  ән  шырқап,  би  билейтін,  кітап  оқып,  сурет 
салатын  түрлі  үйірмелер  мен  факультативтерде  олардың  шығармашылық 
дербестігін  ашады.  Гимназия  жанында  фортепианодан  дәріс  беретін  музыка 
мектебінде мектеп оқушыларының жалпы санының 30% білім алады. 
Гимназия  ашылған  күннен  бастап  онда  білім  алатындар  тарабынан 
ешқандай  құқық  бұзушылықтың  болмауы  тәрбие  жұмысының  жетістігін 
дәлелдейді.  
Мақтан  тұтар  себептер  жеткілікті.  Пәндік  олимпиадаларда  оқушылар  – 
тұрақты  жүлдегерлер  болса,  қалалық,  облыстық,  республикалық  және 
халықаралық  интеллектуалдық  ойындар,  олимпиадалар  мен  жарыстардың 
тұрақты жеңімпаздары. 
Бастамашылық,  іскерлік  пен  шығармашылықты  дамыту  және  қолдау 
мақсатында келесі бағыттар бойынша: 
− балалар қозғалысы бастамаларын қолдау және дамыту; 
− көшбасшылықты дамыту бағдарламаларына балалар мен жасөспірімдерді 
қатыстыру; 
− мектептегі өзін-өзі басқарудың үлгілері мен түрлерін дамыту; 
− балалар мен жасөспірімдердің көркем шығармашылығын дамыту; 
−  дамытатын,  рөлдік  ойындар  мен  жарыстар  жүйесін  іс-әрекет  бейіндері 
және балалардың қызығушылығы бойынша енгізу;  
−  білім  беру  ұйымының  қызметіне  әлеуметтік  қорғалмаған  отбасылар, 
девиантты  мінез-құлық  санатындағы  білім  алушыларды  белсенді  қатыстыру 
жұмыстарын жетілдіру қажет. 
Педагогтердің  жаңашыл  тәсілдері  негізінде  тәрбие  жүйесін  жаңарту 
мақсатында тәрбие процесінің басқару механизмін, құрылымын және мазмұнын 
жетілдіру  үшін  білім  беру  ұйымдарындағы  тәрбие  жұмысының  тиімділік 
мониторингін  жүргізу,  педагог  кадрлардың  кәсіби  шеберлік  деңгейін  арттыру 
қажет,  себебі  тәрбие  жұмысының  сапасы  оны  жүргізетін  мамандардың 
педагогикалық  құзыреттілігіне,  олардың  кәсіби  және  мәдени  деңгейіне, 
шығармашылық әлеуетіне тікелей байланысты.  
 
 
 
 
 
 
 
23 
 


3  Жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтар  мен  педагогтердің 
жаңашыл тәсілдері негізіндегі тәрбие жүйесі 
 
Жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларда білім берудің ұлттық жүйесін 
реформалау  ерекше  маңызға  ие  болады.  Қазіргі  таңда  дүние  жүзінде  ұлттық 
білім  беруді  дамыту  проблемаларына  қызығушылық  артып  отыр,  ол  көбіне 
ұлттық  өзіндік  сананың  заманауи  жандануымен,  халықтардың  мәдени 
сәйкестілікті ізденуі арқылы өзін-өзі танытуымен байланысты.  
  
ХХІ ғасырдағы білім берудің шеңбері мен проблемасын анықтауға әрекет 
жасаған  ЮНЕСКО-ның  және  басқа  халықаралық  ұйымдардың  соңғы 
құжаттарында  дүние  жүзінде  білім  беру  жүйесін  дамытуда  ең  алдымен  білім 
беру  тәжірибесінің  ғаламдық  және  ұлттық  бірегей  түрлері  үйлестірілген 
нұсқалары  мен  модельдерін іздестіруге  ерекше  көңіл  бөлінген.  Біртұтас  білім 
беру  кеңістігін  құру  мақсатында  Қазақстан  Болон  процесіне  қосылған  кездегі 
жағдайларда білім беру мен тәрбиенің басым құндылықтарын таңдау мәселесі 
ерекше өзекті бола түседі. 
Э.Фроммның  пікірінше,  құндылықтар  мен  құндылықты  бағдарланулар 
өмірдің мәнін табуға мүмкіндік береді және сол себепті қоғамның құндылықты 
бағдарлану  жүйесіне  деген  қажеттілігі  әрдайым  болады  [18,  359].  Заманауи 
жағдайларда  жалпыадамзаттық  моральдық  құндылықтардың  біртұтас  жүйесі 
ғаламданудың негізгі сипаттамасы болып табылады. 
Білім  беру  құндылықтары,  сонымен  қатар  білім  беру,  оқыту  және 
тәрбиелеу  процесіне  жататындар,  қоғамның  өзгерісімен  қалыптасады,  үнемі 
прогрессивті  және  тұлғаға  бағдарланады.  Заманауи  тұлға  білім  беру,  оқыту, 
тәрбиелеу,  өзіндік  тәрбие  процесінде  қалыптасады,  ал  осы  инновациялық 
кешенді процесс білім берудің бірқатар жаңа құндылықтарын талап етеді. Атап 
айтсақ: 
– 
зияткерлік-шығармашылық; 
– 
әлеуметтік-қоғамдық; 
– 
әлеуметтік педагогикалық қызметтегі қабілеттерін дамыту. 
Білім  берудің  жоғарыда  аталған  компоненттері  маңызды  құндылықты-
білім беру компоненттерін құруды ескереді. Оларға жаңа педагогикалық стиль, 
мұғалімнің педагогикалық ұжымда бағдарлануы, оқушылармен педагогикалық 
этика  және  такт  деңгейінде  қарым-қатынас  жасауы,  педагогикалық 
шығармашылық,  өзіндік  бақылау  мен  өзіндік  талдау,  өз  ісіне  эмоционалды-
құндылықты  қарым-қатынас,  педагогикалық  қызмет  сияқты  өзінің  тұлғалық 
және кәсіби мүмкіндіктерін толық ашу мақсатындағы алғашқы педагогикалық 
іс-әрекетті таңдауы жатады. Білім берудің жаңа құндылығы деп біз мұғалімнің 
өзіндік  жетілуіне  жаңа  көзқарасын  да  айтамыз.  Білім  берудегі  жаңалық 
дегеніміз – өз тұлғасының өзіндік құндылығын, оның қайталанбас даралығын, 
өзгермейтін бейімділігі мен тағайындалуын тануы үшін қажет психологиялық-
педагогикалық жағдай жасау. 
24 
 


жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау