өнер туындылары көрсетілген. Әсемдік мүлтіксіздік немесе игілік туралы
түсініктермен сәйкес келеді. Әсемдік – болмысты меңгерудің негізгі оң
формасы және эстетикалық мұрат түсінігімен үнемі байланысты болады.
Мағынасы жағынан жақын түсініктер: үйлесімді, жетілген, сұлулық, әдемі.
Жалпыадамзаттық құндылықтарға сол сияқты заң және құқықтық тәртіп
жатады. Заңдылық – қоғамдық өмірде құқық пен заңның үстемдігінен,
қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтық нормалар нұсқамаларын
мүлтіксіз орындаудан, құқық бұзушылықпен және лауазымдық тұлғалардың
қызметтегі заңға қайшы әрекеттерімен жүйелі күресінен, қоғамда тәртіп пен
ұйымшылдықты қамтамасыз етуден тұратын қоғамдық-саяси тәртіп.
Дұрыс, шынайы заңдылық оның демократиялық, адамгершілік сипатын
қамтамасыз ететін, негізін қалайтын бастамаларға, белгілі принциптерге
сүйенуі тиіс.
Заңдылық тұрғыда қоғамдық қарым-қатынасты реттеуде басты рөл
құқыққа беріледі.
Сол нысанды қажет ететін қатынастар ғана құқықты реттеуі тиіс.
Құқықтық тәртіп – заң және басқа құқықтық нормалардың сақталуы
қамтамасыз етілетін қоғамдық қарым-қатынастар жағдайы, қоғамдық тәртіптің
құрамдас бөліктерінің бірі. Бұл әлеуметтік байланыстардың шын мәнінде
реттелген жағдайы, заңдылықтың сапалық көрінісі.
Құқықтық тәртіптің сақталуы құқықтық нормалардан басқа әдет-
ғұрыптармен, мораль және адамгершілік нормаларымен, ұйымның ішкі
ережелерімен және т.б. қамтамасыз етіледі. Құқықтық тәртіп мемлекеттегі
заңдылықтың сақталу деңгейімен және азаматтардың құқықтары және
бостандықтарының іске асырылу көрсеткішімен, сол сияқты олардың және
мемлекеттік органдардың заң артқан міндеттерді орындауымен сипатталады.
1.2 Ұлттық құндылықтар
Ұлттық құндылықтар – қандай да бір этникалық қауым өкілдерінің өзіндік
тарихи көрінісі бар рухани мұраттарының жиынтығы.
Ұлттық құндылықтар бір этностық топқа тиесілі адамдардың мінез-
құлқының әлеуметтік және нормативтік-мәдени аксиомасы рөлін атқарады.
Балалар мен жастарды әлеуметтендіру мәселелеріндегі қауіптер мен
тәуекелдер ең алдымен ғаламданудың дәстүрлі құндылықтар жүйесіне тигізер
қысымымен байланысты. Ашық әлем жағдайында бұқаралық мәдениетті
үстемелей, орынсыз пайдалану жалпыадамзаттық, сол сияқты ұлттық
құндылықтардың бұзылуына әкеледі.
Мемлекет басшылыққа алатын құндылықтар, идеялар мен басымдықтар
жүйесі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
еңбектерінде тұжырымды түрде баяндалған. Бұл – ұлтаралық келісім және
ұлттар ішіндегі бірлік, қазақстандық патриотизм, жоғары тіл мәдениеті,
толеранттылық, тұрақтылық және жаңғырту. Президенттің Отанымыздың алға
11
басуы және гүлденуі жолында этностар мен этникалық топтарды рухани
біріктіру идеялары өте өзекті.
Берілген мемлекеттік аксиологиялар негізінде жалпыадамзаттық және
ұлттық құндылықтар жүйесінде тәрбие жүйесін жаңғыртудың мемлекеттік
басымдықтары «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы
мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында
көрсетілген. Жастардың әлеуметтену процесі келесі құндылықтарға негізделеді:
патриотизм, халық бірлігі, мәдени саналуандық, толеранттылық, отбасы,
денсаулық және спорт, саламатты өмір салтын сақтау.
Тұжырымдамада, сондай-ақ, маңызды құндылық ретінде заңға
мойынұсынушылық, заңға бағынатын азаматтар ғана демократияны жетілдіруге
және шынайы құқықтық мемлекет құруға қабілетті; білім мен мансап, білім
беру жүйесінің еңбек нарығына айқын бейімделуін назарға ала отырып, қайта
қаралуы тиіс; еңбекқорлық - жалпыға ортақ еңбек қоғамында жастардың аса
маңызды негізгі құндылықтары жастарды экономикалық-еңбек қызметіне
тартуға негізделген еңбексүйгіштік пен ерекше еңбек этикасы, сонымен бірге
оң мұрат-мақсаттар, инновациялылық және жаңа экологиялық этика
болуы керек [9].
Барлық қазақстандықтар үшін ең ұлы құндылық, елдің әрбір азаматының
оны көзінің қарашығындай сақтаудағы борышы және намысы − тәуелсіздік.
«Тәуелсіздік» түсінігінің дәл мағынасы толық автономиялықты және
өркениеттің өз ұлттық факторларының көмегімен дербес даму қабілетін
білдіреді.
Халықаралық құқықта мемлекет тәуелсіздігі онымен дипломатиялық
қатынастары міндетті емес басқа мемлекеттердің мойындау актілеріне ұқсас.
Саяси көзқарастан «тәуелсіздік» терминімен конституциялық құқықтың
түрлі принциптерін және институттарын белгілейді. Мемлекет үшін сыртқы
қарым-қатынастарда – бұл халықаралық құқықтың субъектілігі, егемендіктің
міндетті бөлігі, ішкі қарым-қатынастарда – билік тармақтарының бөлінуі. Адам
үшін – бұл тұлғаның құқықтық мәртебесі, судьялардың мәртебесі.
1991
жылы 16 желтоқсанда қазақ халқының көпғасырлық арманы
орындалды – Қазақстан жаңа мәртебеге және жаңа мүмкіндіктерге ие бола
отырып, өз тәуелсіздігін алды, қазіргі күні әлемдік қауымдастықта берік
нығайды.
Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кие.
Патриотизм. «Патриот болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңде ұялату»,
Мемлекет басшысы бұл құндылықты осылайша айқындап берді. Жас
қазақстандықтар үшін Елбасының өмірі мен еңбек жолы өз елінің патриоты
болудың жарқын үлгісі болып табылады.
Патриотизм тұлғаның кіріктірілген қасиеті ретінде ішкі бостандықтан, өз
Отанына, отандастарына сүйіспеншіліктен, бейбітшілікке ұмтылудан,
мемлекеттік билікті сыйлаудан, Отанына қызмет етуге даярлықтан, өз қадір-
қасиетін сезіну мен тәртіптіліктен, патриоттық сезімдер мен ұлтаралық қатынас
мәдениетінің үйлесімді көрінуінен тұрады.
12
Достарыңызбен бөлісу: |