әдіс енгізу жатады. Ол мектеп жұмысына пәрменді әдістерді: балалардың
тұлғалық ерекшеліктеріне сүйену; оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін
дамыту, білім беру процесіне тек балаларды ғана емес, сонымен бірге олардың
ата-аналарын да қатыстыруды енгізуге тырысты [16].
Песталоццидің: «Мектептің мақсаты – тәрбие және тек қана тәрбие» деген
сөзі барлық кезде де тәрбиеге аса зор көңіл бөлінгенін дәлелдейді. Ал
жұмыстың жаңа, заманауи технологияларын, түрлері мен әдістерін меңгеру –
мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің міндетті шарты. Сыныптан тыс және
мектептен тыс жұмыстың тиімділігі оқушы қызметін ұйымдастыруына
байланысты.
Елдегі білім беру ұйымдарында балаларды және білім алушы жастарды өз
Отаны – тәуелсіз Қазақстан Республикасын сүюге, өз елінің лайықты азаматы
болуға, қоғамдағы ауызбіршілік пен тұрақтылықты сақтауға тырысуға үйретеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін – Мемлекеттік Елтаңба,
Мемлекеттік
Ту,
Мемлекеттік
Әнұранды
адамгершілік-құқықтық
құндылықтардың негізін салушы ретінде танып-білуге айрықша көңіл бөлінеді
(Астана қаласындағы №50 мектеп-лицейінде өткен «Мемлекеттік рәміздер – ұлт
намысы» атты сынып сағатының сценариі 1қосымшада келтірілген).
Республикадағы көптеген мектептердің сынып жетекшілері оқушылардың
қажет білімі мен білігін, кәсіби қызығушылығын қалыптастыру үшін тәрбиенің
жүйелі-рөлдік үлгісін қолданады, оларда адам тіршілік әрекетінің «Мен – орта»,
«Мен – ұжым», «Мен және отбасы», «Мен және қоғам», «Мен және әлем»
аялары бөліп көрсетіледі. Тәрбиенің мұндай жүйесі оқушыларда әлем туралы
біртұтас түсінік қалыптастыруына ықпал ететін жұмыс мазмұны мен түрлерін
іздестіруге бағытталған, оларға өз қарым-қатынасын сыртқы, ішкі әлеммен, өз-
өзімен, адамдармен үйлестіруіне көмектеседі.
Тәрбие жұмысы мұғалім−оқушы, оқушы−оқушы, мұғалім−мұғалім
тұлғалық-бағдарлы қарым-қатынаста орнатылған және сынып жетекшілерінің
әдістемелік комиссиясы, мектептегі өзін-өзі басқару кеңесі, кітапхана,
балалардың қоғамдық ұйымдары, тарихы мұражайы, дене тәрбиесі бойынша
және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кеңестің жұмысы арқылы
ұйымдастырылады.
Облыстардың білім беру ұйымдары ақпараттары бойынша білім беру
ұйымдарында рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, эстетикалық, дене
және отбасылық тәрбиенің дөңгелек үстел, кездесу топтары, іскерлік ойын және
рөлдік ойын, Интернет-конференция, «Ой шабуылы», «Мағына эстафетасы»,
«Психодрама», кинолекторийлер, әдеби-музыкалық композиция, дәріс-
оқырмандар конференциясы, дәріс-кеңес, дәріс-сұхбат, ауызша журнал,
байқаулар, фестивальдар, «Эстет» клубы, көркемөнер көрмелеріне бару,
«Суретшінің сайтында» сырттай кездесулер, шығармашылық қонақ бөлме,
театрландырылған практикум, сұлулық зертханасы, музыкалық студия және т.б.
сияқты инновациялық формалары белсенді түрде енгізілуде.
Тәрбиенің ұсынылған формалары ауызша, аудиовизуалды және ақпараттық
заманауи тәрбие құралдарының көмегімен іске асырылады. Оларға: тәрбие
20
шараларының мультимедиялық қойылымдары: «Өмір, сен сондай тамашасың
және әр түрлісің!», «Мораль және адамгершілік», «Ішкі дүниеңді ретке келтір»,
«Ар-ұят қазақ әдебиетінде өмірлік құндылықтар өлшемі ретінде», «Баланың
еркіндігі – әке үшін масқара ма?», «Үміт оты кеш сөнеді», «Адам өмірінде
жақсылық пен жамандықтың жүзеге асуы», «Өмірдің мәнін іздестіруде»,
«Олардың ерлігі уақытқа бағынбайды», «Отанның ұлдары»; шаралардың
компьютерлік тұсаукесерлері: «Вернисаж», «Сұлулық әлемді құтқарады»,
«Астана, сен көркемсің әрі жассың», «Бізге Муза келді!», «Денсаулық әлеміне
саяхат», «Темекіні соттау», «Денсаулық – даналардың сыйақысы», «Пайдалы
әдеттер», «Экономика біздің қолымызда», «Тұрыңыз, сот келе жатыр!», «Сот
риторикасы», «Жас отбасы», «Отбасы психологы, көмектесіңіз!», «Балалармен
қарым-қатынас этикасы» және т.б. жатады.
Білім алушылар тұлғасын әлеуметтендіруде волонтерлік қозғалыс өзекті
болып табылады. Республикадағы білім беру ұйымдарында волонтерлік топ
мүшелері жасаған түрлі бағытты мультимедиялық материалдар кеңінен
қолданылады: «Есірткісіз Қазақстан», «Өзіңді таны», «Барлығы әртүрлі –
барлығы тең», «Жас темекіқұмардың басынан кешкендері», «Сұхбат тақырыбы
–
...», «Таңдау өз қолыңда», «Құрдасыңа қол ұшын бер», «Менің табысқа барар
жолым» және т.б.
Мектептің тәрбие жүйесі – біртұтас педагогикалық процеске
қатысушылардың барлығының жоғары ізгілікті мәдениеті, жауапты тәуелділік
қарым-қатынасы,
өзара
қарым-қатынасы
мен
ынтымақтастығының
қалыптасуын көздейтін, қызметтің жүйеқұраушы түрлерін ұйымдастыратын
қызығушылықтар мен міндеттердің, инновациялық тәсілдердің, мазмұны мен
вариативті технологияларының бірлігіне негізделген тұтас педагогикалық
процестің барлық қатысушыларын қамтитын күрделі психологиялық-
педагогикалық білім беру.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мұражайы оқушы
жастарды тәрбиелеудің пәрменді құралы болып табылады, ол білім
алушылардың білім беретін, мәдени-техникалық, кәсіби деңгейін арттыруға
ықпал етеді, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.
Мұражайды бас қаланың мәдени орталығы ретінде айқындайтын «Алға
ұмтылған Қазақстан», «Мәдениет арқылы сұхбат» көрмелері осының дәлелі.
Мұражайдың мәдени-білім беру орталығы ретінде басты міндеттерінің бірі –
әсемдікті түсінуге және бағалауға үйрету, тарихи сана мен қазақстандық
патриотизмді, өз елінің өткені мен бүгіні үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Аталған міндеттерді іске асыруда Мұражай педагогикасының орталығы
құрылған, балалардың бейнелеу және декоративті-қолданбалы өнер студиясы
ашылған, білім беру бағдарламалары іске асырылады [17].
Оқушылардың жоғары адамгершілігін, тәртібін, өмірдегі қиын жағдайларда
өзін ұстау білігін қалыптастыруда дұрыс ұйымдастырылған спорттық өмір
ықпал етуі тиіс. Мысалы, Қарағанды облысы Саран қаласындағы №16 жалпы
білім беретін орта мектепте саралау және жеке көзқарас негізінде оқушылардың
21
Достарыңызбен бөлісу: |