Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет13/53
Дата13.11.2018
өлшемі1,24 Mb.
#19259
түріМетодическое пособие
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53

қадағалап  отырды.  Білім  беру  жүйесінде  оқу  орындарының  төрт  түрі  болды: 
мектебтер, медреселер, қарыхандар және далаилхандар. Оқыту араб және парсы 
тілдерінде жүргізілді.  
Жадидизм  («жадид»  –  араб  сөзі  және  жаңа  деген  мағынаны  білдіреді)  – 
мұсылмандардың  мәдени-реформаторлық,  ағартушылық  және  қоғамдық-саяси 
қозғалысы  ретінде  ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасырдың  басындағы  Орта 
Азияда, сол сияқты Поволжьеде, Қырымда кең тарады. Жадидтер ұлттық өнер 
мен  әдебиеттің  дамуы,  әйел  теңдігі,  діни  қауымның  қызметін  қайта 
ұйымдастыру,  мектептерде  ұлттық  тілде  оқыту,  елдегі  саяси  құрылымының 
реформасы үшін күресті. Олар мұсылман мектептеріне оқытудың жаңа әдістері 
мен  бірқатар  зайырлы  пәндерді  енгізу,  тәрбие  жүйесін  жетілдіру  мәселелерін 
көтерді.  Соңғы  жылдары  жадидизмді  прогрессивті  құбылыс  ретінде  Орталық 
Азия  елдерінде  ғана  емсе,  сонымен  қатар  Ресейде,  сол  сияқты  Америкада, 
Еуропада және Азияда оқытады. 
Ұлттық  модернизмнің  көптеген  сипаттары  ХХ  ғасырдың  басында  пайда 
болысымен  аскеттік  канондармен  және  дәстүрлі  түрлермен  белгілі  қарама-
қайшылыққа  түссе  де,  дәстүрлі  негіздерді  шығармашылықпен  өңдеуі,  жаңа 
негіздерді қабылдауы, батыс, сонымен қатар орыс мәдениетімен өзара әрекеті, 
қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік-мәдени өміріне атсалысуы арқасында өткен 
ғасырдың барысында дамыды. 
Әрбір  тәрбие  жүйесінде  уақыт  пен  әлеуметтік-саяси  құрылымның, 
қоғамдық қатынастардың белгісі болатынын атап көрсету қажет. Олар ұсынып 
отырған  мақсаттар  мен  міндеттерден  осы  дәуір  адамының  мұраты  көрінеді. 
Осыған  орай  бізге  жеткен  дәстүрлердің  бастауын  түсінуге  бағдарлану  керек. 
Тәрбие дәстүрлеріне қатысты «оң» немесе «теріс» дегендей бағалау өлшемдері 
болмайды.  Педагогикалық  парадигмалардың  ең  болмаса  соңғы  ғасыр 
аралығындағы  тарихын  бақылай  отыра  білім  беру  процесіндегі  тәрбие 
жүйесінің заманауи жағдайы мен келешегін түсіну мүмкін.  
Белгілі  бір  тәрбие  жүйесінің  мысалдары  олардың  барлығы  нақты-тарихи, 
мәдени,  адамгершілік,  идеологиялық  және  өмірлік  құндылықтар  логикасына 
сәйкес  дамығанын  көрсетіп  отыр.  Мысалы,  тұлға  тәрбиесінің  халықшылық, 
табиғисәйкестілік,  адамгершілік  және  діни  құлықтылық  принциптеріне 
негізделген  біртұтас  жүйеқұраушы  тұжырымдамасы  Л.Н.Толстойдың 
педагогикалық  көзқарасының  өзегін  құрайды.  Мұнда  халықшылық  идеясы 
еріктілік идеясымен байланыстырылған. Оның ойынша ерікті тәрбие баланың 
шынайы рухани-адамгершілік және шығармашылық дамуының қажетті шарты 
болып  табылады.  Л.Н.  Толстой  орыс  педагогикасының,  нағыз  орыс  адамын 
тәрбиелеудің негізін халықтың мәдени-тарихи дәстүрлерінен, тілінен, діні мен 
сенімінен,  тұлғаның  адамгершілік  өзіндік  жетілуінен  көрді.  Оқушының 
адамдық  қадір-қасиетін  құрметтеу  және  оның  құқықтарын  мойындау 
педагогтың бала табиғатын қадірлеуімен байланысты. Бұл арада Л.Н. Толстой 
тәрбиенің маңызды принциптерінің бірі – табиғисәйкестілік принципін ұстанып 
отыр. 
29 
 


С.Т. Шацкийдің мектепті тәрбие жүйесі ретінде құру тәжірибесінің талдау 
оның  мазмұнына  тән  ерекшеліктерді  бөліп  көрсетуге  мүмкіндік  береді: 
оқытуды бала қызығушылығына бағдарлап ұйымдастыру, оқыту мен тәрбиелеу 
процесін бірізді даралау, арнайы таңдап алынған тақырып төңірегіне (кешендер 
идеясы)  материалдарды  топтастыру,  оқытудың  жаңа  тәсілдерін  іздестіру, 
оқушыларды  олардың  өз  өмірін  ұйымдастыру  ісіне  тарту.  Оның  тәрбие 
жүйесіне  жоғары  руханилық,  адам  тұлғасының  маңыздылығын  түсіну,  тек 
балалардың  ғана  емес,  сонымен  қатар  қоршаған  қоғамдық  ортаның  мүддесі, 
қызығушылығы  және  сұранысымен  тығыз  байланыс,  адамгершілік  қарым-
қатынас,  шығармашылық  ынтымақтастық,  жалпыадамзаттық  құндылықтарға 
сүйену негізінде оқушылар мен мұғалімдердің ұжымдарын құру тән. 
Ресейде  1930  жылдан  1980  жылдар  аралығында  А.С.  Макаренконың 
адамды  ұжымда  және  ұжым  арқылы  тәрбиелеу  жүйесі  іске  асырылды.  Ол 
«коммунистік тәрбие» жүйесі ретінде дүниежүзіне белгілі болды. Оның басты 
мақсаты қоғамдық мүддені үнемі өзінің жеке басы мүддесінен жоғары қоятын 
ұжымшыл-адамды  тәрбиелеу  болып  табылады.  А.С.  Макаренконың  тәрбие 
жүйесі  соғыстан  кейінгі  ауыр  жағдайларда  балаларға  патриотизм,  әділдікке 
деген  сенім,  адалдық,  еңбексүйгіштік  және  т.б.  қасиеттерді  дарыта  отыра, 
жалпыадамзаттық құндылықтарға берік сүйенді.  
ХІХ  ғасыр  мен  ХХ  ғасырдың  басындағы  білім  беру  теориясы  мен 
практикасының  талдауы  бізге  сол  замандағы  инновациялық  мектептің  тәрбие 
жүйесін білім берудің ізгілікті парадигмасы ретінде анықтауға мүмкіндік берді, 
себебі  оның  мәнді  сипаттамасы  педагогиканың  адамгершілік  бағдарлы 
принциптеріне сүйенді: 
– 
жалпыадамзаттық  құндылықтарға  сүйену  (баланы  жақсы  көру  және 
құрметтеу, балаға және оның жанының мейірім күшіне сену, бала тұлғасының 
құндылықтарын мойындау); 
– 
демократияландыру  (баланың  еркін  іс-әрекеті  мен  өмірлік  өзіндік 
анықтауы үшін жағдай жасау, мәденисәйкестік принципі); 
– 
халықшылық  (білім  беруде  халықтың  тәрбиелік  идеалдарына  сүйенуі; 
мектептің  халықтық  ортаға  қосылуы,  ұлттық  және  халықтық  дәстүрлердің 
ескерілуі); 
– 
табиғилық қағидасы (жас және жеке ерекшеліктерді ескеру, өзіндік даму, 
өзіндік тәрбие және өздігінен білім алу үшін жағдай жасау). 
Мазмұнына  егжей-тегжей  тоқталмай-ақ,  «Жаңашыл  тәрбие  жүйелері», 
«Ізгілікті тәрбие жүйелері»,  «Жалпы қамқорлық педагогикасы» тәрбие жүйесі 
ретінде»,  «Жетістік  педагогикасы»,  «Мәдени  диалог  мектебі»,  «Әділетті 
қауымдастық»,  «Вальдорф  мектебі»,  «Ғаламдық  білім  беру  мектебінің  тәрбие 
жүйесі»  және  т.б.  тәрбие  жүйелері  табысты  жұмыс жасағанын атап  көрсетуге 
болады. 
Бұл  жүйелердің  әрқайсысының  тұлғаға  мақсатты  ықпал  ету, 
қайырымдылық,  адамгершілік,  жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылық 
мұраттарында  үйлесімді  тұлға  қалыптастыру  мақсаты  болды.  Оқу-тәрбие 
30 
 


жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау