Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет14/53
Дата13.11.2018
өлшемі1,24 Mb.
#19259
түріМетодическое пособие
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53

процесі  жағдайларында  тұлғаға  мақсатты  әсер  ету  моральдық  құндылықтар 
қалыптасуының  кепілі  бола  алмайды,  дегенмен  бұл  кезде  келеңсіз  қасиеттер, 
бейәлеуметтік  мінез-құлық  көрсетуін  тоқтата  алады,  қоғамдық  маңызды 
құндылықтарға қатынасын өзгерте алады, өзіндік жетілу, өзіндік даму, өзіндік 
әлеуетін  іске  асыруына  ықпал  етеді,  шығармашылық  және  интеллектуалдық 
қабілеттерін дамытуды ынталандырады. 
Ресей,  Украина,  Беларусь  тәрбие  жүйелерінің  зерттеуі  мен  талдауы  бұл 
елдерде  жалпыадамзаттық  моральдық  құндылықтарға  айналуы  мен  олардың 
келесі  ұрпақтарда  жүзеге  асуын  көздейтін  құндылықты  тұрғылар  идеясының 
білім  берудің  ізгілікті  парадигмасымен  үндесетінін  көрсетті.  Білім  берудегі 
тәрбие жүйесінің ізгілікті тұрғысының мәні білімді соңғы нәтиже ретінде емес, 
өмір  бойы  жалғасатын  процесс  ретінде  қабылдаудан  тұрады.  Бұл  кезде  оқу 
орны  әлемге  деген  өзіндік  ойлауы  мен  қарым-қатынасы,  өз  жолын  іздестіруі, 
сыни  ойлауы  мен  маңызды  шешім  қабылдау  білігі,  шығармашылық  және 
интеллектуалдық  әлеуетін  жетілдіруі  үшін  негіз  қалайды.  Әрбір  тұлғаның 
руханилығына,  өзіндік  құндылығына,  егемендігіне  бағдарланған  және 
моральдық  өзіндік  жетілуіне  бастайтын  білімді  ізгілікті  деп  санауға  болады. 
Сол  себепті  заманауи  білім  берудің  негізгі  принциптері:  еркіндік, 
жауапкершілік,  әділдік,  шығармашылық,  ынтымақтастық,  бастамашылық, 
толеранттылық, парасаттылық болуы тиіс. 
Тәрбие  жүйесінде  білім  беруді  ізгілендіру  процестерін  сана  мен 
дүниетанымның  толық  жетілуі,  жеке  жауапкершілігін  кеңейту,  мәдениетті 
қалыптастыру, социум мен тұлғаның өзара қарым-қатынасын үйлестіру ретінде 
қарастыру  қажет.  Мұндай  контексте  жалпыадамзаттық  және  ұлттық 
құндылықтар белгілі беделмен алға шығады, оларсыз білім беру және тәрбиенің 
ең  жоғары  құндылығының  бірі  ретінде  рухани-адамгершілік  прогресс  пен 
толеранттылыққа  қол  жеткізу  мүмкін  емес.  Толеранттылық  құндылықты 
бағдарлар  жүйесінде  басты  түсінік  болады,  себебі  біртұтас  білім  беру  және 
ғылыми-мәдени кеңістіктің негізі болып табылады. Толеранттылық моральдық 
құндылықтарға  негізделген  түрлі  мәдениет  пен  дәстүрлерге  құрметті, 
дербестікті,  ой  еркіндігін,  моральдық  және  тәуелсіз  пікірді  болжайды.  Адам 
барлық  процестерге  бірге  белсенді  араласушы,  рухани  құндылықтар 
«генераторы» ретінде қарастырылады [3-4, 19 б.]. 
Алайда,  Б.С.  Гершунский  білім  беру  саласында  бейбітшілік  пен 
толеранттылық  рухындағы  тәрбие  проблемасына  жеткілікті  көңіл  бөлінбейді 
деп  санайды.  Ол  білім  және  тәрбие  арқылы  біртұтас  әлемдік  кеңістікке 
жақындауға  болатындықтан  толеранттылық  ділінің  қалыптасу  қажеттілігін 
ерекше  бөліп  көрсетті.  Түрлі  халықтардың  бір-біріне  өзара  рухани  ықпал  ету 
және толеранттылыққа қол жеткізудің бірден бір жолы – ұлттық білім беру мен 
тәрбие  идеалдарын,  құндылықтары  мен  нормаларын  ескере  отыра  білім  беру 
тұжырымдамаларының жақындасуы және ақырын кірігуі [11, 19 б.].  
Е.В.  Бондаревскаяның  ойынша  заманауи  қоғамдағы  тәрбие  дағдарысы 
келесіден  байқалады:  ол  өзінің  ізгілікті  қызметін  жоғалтты,  өмірдің  мәнді 
31 
 


сауалдарына (маңызы мен мақсаты туралы) жауап қайтаруын, тұлғаның рухани 
және адамгершілік дамуында қоректендіретін орта болуын тоқтатты. Мектептің 
өсіп  отырған  тәрбиелік  рөлін  күшейту  қажеттілігі  және  педагогика 
ғылымындағы  оның  теориясы  мен  әдісінің  әзірленуіндегі  жетіспеушіліктер 
педагогикалық  теорияда  және  практикада  инновациялық  мектептің  тәрбие 
жүйесінің қалыптасуын арнайы зерттеу қажеттілігін анықтайды.  
Осыған байланысты педагогика ғылымы мен практикада мектептегі тәрбие 
жүйесінің  маңызды  инновациялық  сипаттамаларын  іздестіруін  талдау  қажет. 
Сол себепті Е.В. Бондаревскаяның мәденитанулық түрдегі тұлғалық-бағдарлы 
білім  беруге  негізделген  тәрбие  жүйесі  қызығушылық  тудырады.  
Е.В.  Бондаревская,  қызметінің  негізгі  өзегі  азамат,  мәдениетті  және 
адамгершілікті  адам  тәрбиелеу  болып  табылатын  мәденитанулық  түрдегі 
тұлғалық-бағдарлы  білім  берудің  теориясы  мен  проактикасын  әзірлеуге 
бағытталуы  тиіс  елдегі  танымал  және  баршаға  белгілі  ғылыми  мектептің 
жетекшісі [20, 29 б.].  
Жалпы  білім  беретін  пәндердің  мұғалімдері  сияқты,  әлеуметтік  педагог 
балаларды әлеуметтенуге дайындауы, олардың рухани-адамгершілік қалыптасу 
процесіне  ықпал  етуі  тиіс.  Профессор  Н.Е.  Щуркова  дайындаған 
шығармашылық тапсырмалар да осыған бағытталған. Автор оларды мектептің 
бүкіл тәрбие жүйесі контексінде өткізуін болжайды. Ғалым жалпыадамзаттық 
құндылықтың  бірі  −  бақыт  проблемасын  педагогикалық  проблема  ретінде 
қарастырады,  білім  алушыларда  бақытты  болу  қабілетін  қалыптастыру 
мәселесін  кәсіби  жолмен  шешуді  ұсынады,  осы  қабілетті  дамыту  әдістемесін 
сипаттайды [5, 21 б.]. 
 
Қазақстан  Республикасының  заманауи  білім  беру  саясаты  негізгі  басым 
міндеттерді  анықтады,  ал  білім  беру  ұйымдарындағы  тәрбие  жүйесін  тиімді 
дамытпайынша оларды шешу мүмкін емес. М.Е. Демеуова, К.Ж. Қожахметова, 
К.А.  Дүйсебаев,  Ж.И.  Намазбаева,  Х.Т.  Шерьязданова,  А.Р.  Ерментаева  және 
т.б.  қазақстандық  ғалым-зерттеушілер  заманауи  жағдайларда  рухани-
адамгершілік тәрбие жүйесі өз тағайындалуына толық сәйкес келіп отырғанын 
атап көрсетті. 
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізіндегі тәрбие Қазақстан 
Республикасы Президентінің «Қазақстан – 2030» жолдауында, «Білім туралы» 
Заңда,  Халықаралық  конвенцияларда,  Үкіметтің  және  Білім  және  ғылым 
министрлігінің 
басқа 
да 
нормативтік 
құжаттарында 
көрсетілген 
тұжырымдамалық  идеяларды  дамытады.  Рухани-адамгершілік  тәрбие  жүйесі 
жалпыадамзаттық рухани құндылықтар мен заманауи этикалық стандарттардың 
жоғары  принциптеріне  және  нормаларына  сәйкес  білім  алушылардың 
әлеуметтік толысу жасында өзіндік жетілуге және өзіндік әлеуетін іске асыруға 
даяр  біртұтас  үйлесімді  тұлға  қалыптасуына,  өзін-өзі  тану  мотивін 
қалыптастыруға,  дене  және  адамгершілік-рухани  дамуының  үйлесіміне  қол 
жеткізуге,  өзара  түсіністік  пен  келісімге  ұмтылуға,  қайырымдылық  пен  адам 
сүйгіштік қасиеттерді бекітуге ықпал етеді.  
32 
 


жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау