Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет20/53
Дата13.11.2018
өлшемі1,24 Mb.
#19259
түріМетодическое пособие
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53

Қазақстандағы  заманауи  гуманистік  педагогикасы  және  педагогикалық 
процестер  әрбір  білім  алушылардың  жеке  қасиеттеріне  сәйкес  келетін  оқыту 
мен  тәрбиелеудің  жолдарын,  құралдары  мен  әдістерін  іздестіріп,  ұсынуға 
негізделген.  
Біріншіден,  бала  дамуының  жағдайы  мен  мүмкіндіктерін  диагностикалау 
әдістерін  жетілдіру,  басқа  жағынан  тұлғаға  әсер  ететін  түрлі  іс  әрекеттерді 
ұйымдастырудың  инновациялық  жаңашыл  (оның  ішінде  үнемі  жетілдірілетін 
компьютерлік техника) құралдарының пайда болуы оқу және тәрбие жұмысын 
терең  де  жан  жақты  дербестендіруге  мүмкіндік  тудырады.  Сол  себепті  жаңа 
жағдайларда туындыған вальдорфтық педагогиканы, сұхбат пен ынтымақтастақ 
педагогикасын, тәрбиенің тұлғаға бағдарланған технологияларын осы бағытқа 
жатқызуға болады. 
Бұл  педагогикалық  теориялар  мен  технологиялардың  барлығы  да 
бағдарламаны  жеке  игерудің  қарқынын,  жалпы  алғанда  тұлға  дамуын 
қамтамасыз  ететін,  аздаған  оқушылар  және  тәрбиеленушілермен  жұмыс 
жасауда  және  педагогикалық  процесте  заманауи  техникалық  құралдар  мен 
медициналық психологиялық әрекет етудің барынша мол қолдануда тұлғалық 
қасиеттерді  терең  диагностикалауға  және  жеке  ерекшеліктерін  дәл  есептеуге 
негізделген. 
Бұл  идеялар  қаншалықты  мөлшерде  іске  асырылатынын  және  олар 
қалыптасатын жеке педагогикалық жүйелер жүйесінің қаншалықты ортақтығын 
сипаттайтынын уақыт көрсетеді. 
Ғаламдық  педагогикалық  процес  бейнесінің  осы  аясында  қандай  да  бір 
елдегі педагогикалық процесс дамыды және дамиды да, нақты мектептерде оқу 
тәрбие жұмысының жүйесі жетілдірілді. Жеке педагогикалық жүйелер әлемдік 
педагогикалық  процестің  динамикасымен  байланыссыз  дамуы  мүмкін  емес. 
Мектеп  жүйесінің  динамикалы  түрде  даму  үстіндегі  әлемдік  білім  жүйесімен 
қандай  да  бір  деңгейде  болуы  мүмкін  емес.  Жүйелі  талдау  саласындағы 
мамандар  көрсеткендей,  «компоненттер  қызметі  жүйеге  қатысты  мақсатқа 
сәйкес сипатқа ие, кері жағдайда компонент жүйеден шығып қалады да ол үшін 
жат дене болады» [27; 28].  
Демек,  тұтас  алғанда  педагогикалық  процесс  үшін  (мемлекет,  континент, 
әлем  деңгейінде)  прогрессивті  ұмтылыс  тән  болса,  оны  құраушы  жүйелер 
(мектеп,  басқа  да  тәрбие  буындары  және  т.б.)  жүйеге  қатысты  компоненттер 
қызметінің  мақсатты  сипатының  әдепкіден  заңды  белгіленуі  салдарынан  осы 
прогрессивті мақсаттың «өз» бөлігін шешеді [29]. 
Жоғары  ретті  педагогикалық  жүйелердің  жалпы  қозғалысы  прогресті 
жекелеген  тасымалдаушы  –  мұғалім,  тәрбиеші,  ғалымның  жаңашыл  іс 
әрекетінен,  оның  қызметін  жетілдіру,  дамыту  және  пайымдаудан  басталады. 
Мектеп, кез келген ашық жүйе сияқты дамымайынша өмір сүре алмайды. Кейде 
көзге түсіп тұратын мектептің тұрақтылығы – алдамшы көрініс. Бұл тұрғыдан 
біз  П.П.  Блонскийдің  екі  шеткі  жүйе  –  педагогикалық  процесс  пен 
тәрбиеленушінің өзара байланысты динамикалылығы туралы: «Баланың, оның 
44 
 


соңынан  педагогикалық  процестің  де  дамуы,  бұл  ең  алдымен  баланың  өзінен 
жаңа және үлкен күш салуды талап ететін жоғары қарай толассыз қозғалыс» − 
деген пікірін дұрыс деп санаймыз [25, 30 б.]. 
Психологиялық-педагогикалық  әдебиеттер  зерттеуі  мен  Қазақстан 
Республикасы білім беру ұйымдары тәжірибесінің талдауы жаңарған білім беру 
жүйесіндегі  жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтар  негізінде  тәрбие 
жүйесінің келесі басымдықтарын анықтауға мүмкіндік берді:  
−  жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтарды  үйлестіру,  ұжым  мен 
тұлға, табиғат пен адам құндылықтары;  
−  балаға  білім  беру  процесінде  дамудың  жеке  траекториясын  таңдау 
құқығын беру; әлеуметтік және жеке маңызды іс әрекет түрлерінде әрбір білім 
алушының өзіндік жүзеге асыруы үшін жағдай жасау;  
−  адамгершілік  таңдау  жағдайында  жалпыадамзаттық  және  ұлттық 
құндылықтар пайдасына өздігінен шешім қабылдауға дайын болу. 
Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрімізді оның көптүрлілігі мен 
ұлылығында сақтап, мәдени игілігімізді жинауымыз қажет. 
 
Ұлттық мәдениет, халықтың тарихы, тілі, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары 
негізіндегі  ұлттық  құндылықтар  жүйесіне  этнопедагогикалық  құндылықтар 
жатады. Бұл құндылықтардың енгізілуіне келесілер ықпал етеді: 

мектептерде ұлттық сәнді-қолданбалы өнер, киіз басу, қазақ халқының 
аспаздық өнерін зерттеу бойынша орталықтар, үйірмелер ұйымдастыру; 

өз халқының тарихи-мәдени тамырын түсіну үшін ұлттық мәдениеттің 
дәстүрлерін, ежелгі технологиялары мен әдет-ғұрыптарын қайта жаңғырту; 

білім  алушылармен  ұлттық  және  жалпыадамзаттық  құндылықтарға 
негізделген тәрбие жүйесін құру. 
 
Мектептерде  жыл  сайын  өткізілетін  Конституция  сабақтары,  Құқық 
сабақтары, құқықтық білім берудегі тақырыптық онкүндіктер, «Оқушылардың 
құқықтары  мен  міндеттері»  пікірсайыс  апталықтары  осы  құндылықтардың 
қалыптасуына ықпал етеді.  
Сыныптағы 
тәрбие 
жұмысын 
жоспарлау 
дегенде 
сынып 
қауымдастығында  тәрбие  процесі  мен  қызметін  ұйымдастырудың  мақсаттары 
мен  міндеттерін  және  тәсілдерін  анықтау  бойынша  сынып  жетекшісінің, 
балалар мен ересектердің, жоспарланған жұмыстың ұйымдастырушылары мен 
қатысушыларының,  өткізу  мерзімдерінің  бірлескен  қызметін,  күтілетін 
нәтижелерін түсіну қажет.  
 
Тәрбие жүйесін жаңарту процесі педагогика ұжымының күшін мектептің 
ашық тәрбие  жүйесін құруға бағытталған, мұнда келесі бағдарға біріктірілген 
тәрбие  процесі  факторларының  мәні,  мазмұны,  ұйымдастырылуы,  сол  сияқты 
тиімді шарттары жан-жақты ескеріледі: 
1.  Тұлға  дамуындағы  тәрбие.  Тәрбиенің  арқасында  адам  тіршілік 
әрекетінің  практикалық  білік,  сын  тұрғысынан  ойлау,  білім,  қарым-қатынас 
нормалары  мен  дене  саулығы  негіздерінің  құрамдастарын  қамтамасыз  етуге 
болады. 
45 
 


жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау