бұл, ең алдымен адамның өзіндік құндылығына негізделген гуманистік
(адамгершілік) позицияларын қалыптастыруды білдіреді. Нақты адамдарды,
солар арқылы – өз халқыңды және еліңді сүюге болады.
Тұлғаны қалыптастырудағы басты құндылықтардың бірі – өз елі, тарихы,
халқы үшін мақтаныш сезімі. Өз халқының тарихын, салтын, әдет-ғұрпын
білетін, өз Отанын құрметтейтін және сүйетін, ол үшін жауапкершілікті
сезінетін тұлғаның патриоттық тәрбиесі ұлттық тәрбиенің өзегі болып
табылады.
Патриотты тәрбиелеу ісі өз мәні бойынша адамгершілікті, себебі оның
негізінде махаббат және құрмет – адамның балалық шағында басталып өмір
бойы қалыптасатын құндылықтар бар. Ең алдымен бұл анаға, туған үйіне деген
махаббат, ол жыл өткен сайын кемелденеді және адамның өз өлкесіне, қаласына
деген махаббаты Отанына деген махаббатпен, оның тарихына құрмет, өз халқы
үшін мақтаныш және оны қорғау сезімімен толысады.
Білім беру ұйымының негізгі міндеттері қатарына мыналар кіреді:
–
болашақ мұғалімдерде оқушыларды жалпыадамзаттық және ұлттық
құндылықтар негізінде тәрбиелеу идеясын табысты жүзеге асыруда қажет
түйінді құзыреттіліктерді дамыту;
–
білім беру ұйымы кеңістігін тұлғаның өзіндік анықтау тәжірибесін
жинау, байыту және маманның қалыптасу кеңістігі ретінде жобалау;
–
мектепте міндетті түрде ұлттық ерекшеліктерді ескере отыра тәрбиелеу
үлгісін (құндылықтар, мақсаттар, мазмұн, технологиялар, шарттар және
ресурстар) дайындау және негіздеу.
Білім беру мекемелеріндегі жасөспірімдер мен жастар тәрбиесіне
бағдарланған тәрбие жұмысы оларды көшенің теріс ықпалына түспеуіне және
қоғамдық-пайдалы қызметке тартуға, жас ұрпақтың құқықтық және
адамгершілік мәдениетін, кәсібилігі мен азаматтық белсенділігін
қалыптастыруына ықпал етеді (2, 3 қосымшаларды қараңыз).
Тәрбие жүйесін жаңартудың қажеттілігі әлеуметтік прогресс қажеттілігі
сияқты күшті. Әртүрлі елдердегі тәрбиенің маңызы мен мақсатын түсіну үшін
ұлттық дәстүрлерді ескеру қажет: Англияда тәрбие болашақтағы әлеуметтік
жағдайға сәйкес бағаланады, Германияда және Францияда интеллектуалдық
тәрбие жолын ұстану ерекше байқалады, ал АҚШ-да тәрбиеге көп жағдайда
прагматикалық жағдайда қарайды. Жапонияда тәрбиелілік заттану
философиясын қабылдамаумен дәстүрлі түрде байланысады.
Американдық педагогтар қоғам мен оқу орны білім алушылардың
әлеуметтенуіне ықпал еткен кездегі қозғалысты ұсынады, әсіресе «түрлі түсті»
білім алушылар үшін осындай қолдау маңызды. Француз педагогтары білім
алушылардың қоғамдық құрылымдарға ауыртпалықсыз енуіне мүмкіндік
беретін мәдени құндылықтарды меңгеру міндетін қояды. Жапондық педагогтар
–
бала табиғатына табынушылық тәрбиеленушілер үшін қоршаған әлемнің
көптүстілігін қысқартатындықтан тәрбие мүмкіндіктері мен нәтижелерін
42
тарылтады, тәрбие әлем бейнесін тек социум арқылы меңгерутуі мүмкін, жеке
білім алушылардың эгоцентризмін басу қажет деп санайды.
Көне және жаңа ағымдардың қақтығысында тәлімгердің орны
педагогикалық процестегі орталық фигуралардың бірі ретінде біржақты
бағаланбайды.
Экономикалық, саяси, ұлттық ықпалдар педагогиканың дамуын тек қана
бәсеңдетті, бірақ өз нысанын зерттеуді тереңдету немесе жетілдіру жолындағы
жалпы бағытын өзгертпеді.
Әрине, мектеп ісі, тұтас алғанда тәрбие практикасы ең алдымен саяси-
экономикалық факторлармен анықталады. Дегенмен, бұның мектеп туралы
және тәрбие туралы ғылымға тіпті ешқандай қатысы жоқ. Міне сол себепті
мектеп педагогиканың конъюнктурадан тыс күшті ықпалын (мысалы, тиімді
формалардың практикалық ұсыныстары, оқу және тәрбие жұмысының әдістері
түрінде) байқай отыра, қоғамдық-саяси институттар бастамашылық ететін
басқа әлеуметтік құрылымдармен салыстырғанда күмәнді жаңашылдықтарды
қабылдай қоймайды.
Педагогика өз дамуының әр кезеңінде жеке Еуропа елдерінде, тұтас
алғанда Еуропада және бүкіл дүниежүзінде пайда болған педагогикалық
жүйелердің негізінде қалыптасатын, тұтас алғанда педагогикалық процестің
ерекше әлеуметтік құбылыс ретінде өзіне тән сипатын анықтайтын идеяларды
ұсынды [26, 26 б.].
Тәрбие мақсаты белгілі бір жалпыадамзаттық немесе ұлттық
құндылықтарды дамыту емес, өзіндік дамуда табиғи қабілеттерді жүзеге асыру
үшін жағдай жасау болуы тиіс. Әрбір балаға табиғатынан өзіндік даму, сыртқы
жағдайларға сіңісу, оларға бейімделу және оларды өзгерту қабілеті берілген –
бұл қабілет өз дамуындағы тиісті жағдайларда тұлғаны қоғамдық болмыстың
ортақ құрылымынан шығып қалмайтын дербес адам ретінде сипаттайтын
қасиеттер тудыруын қамтамасыз етеді. Ұжымда тәрбиелеу идеясына
негізделген педагогикалық процесс – бұл Р. Баден-Пауэлдың, С.Т. Шацкийдің,
А.С. Макаренконың және т.б. педагогикалық жүйелері. Олар тұлғаны дамытуда
түрлі идеологиялық нұсқамаларға негізделе және өз идеяларын әртүрлі
экономикалық және саяси жағдайларда жүзеге асыра отыра, топтық қарым-
қатынастардың оң әсерін іске асыруда жеке даралықты қалыптастырудың
жолын көрсете білді.
Тұлғаны дамытудың шынайы жолы – бұл ұжымның даму процесіндегі
әмбебап әдістер мен баланың жария етілмеген (бірақ қол жетпейтін)
бостандығы емес, керісінше жеке тұлға мен қоғам мүдделерінің үйлесімі.
Тәрбие теориясы мен практикасы дамуының осы кезеңінде өз мұратына адал
адамдарға, Отанға беріле қызмет етуге қабілетті тұлға қалыптастыруда оң әсер
ететін нәтижелерге қол жеткізілді. Біз мұны кеңестік мектеп (және кеңестік
тәрбиенің барлық жүйесі), скауттық және ұжымшылдық идеясына жақын басқа
бағыттар (мысалы, жапондық тәрбиенің теориясы мен практикасы) мысалынан
көре аламыз.
43
Достарыңызбен бөлісу: |