20
- сынып жетекшілерімен және басқа да мамандармен (мектеп дәрігерімен,
психиатрмен, психологпен, логопедпен, дефектологпен және т.б.) болуға тиісті
консилиумға қатысты кеңес өткізу;
- сыныптар (топтар) және жалпы параллельдер бойынша талдамалық
ақпарат әзірлеу;
- талқылау жоспарын құрастыру: психологиялық сау балаларды және түрлі
проблемалары бар балаларды топтарға бөлу; консилиум қорытындысын жазуға
арналған бланкілерді дайындау.
5. Психологиялық-педагогикалық консилиум өткізу:
- қонсилиумға қатысушылардың арасында нақты балаларға қатысты
ақпаратпен алмасу;
- әр баланы, сондай-ақ сыныпты немесе топты қолдау стратегиясын әзірлеу
және жоспарлау;
- нақты бала бойынша консилиумның қорытынды бланкісін толтыру.
21
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. ҚР «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі III Заңы
2. «Анализ положения детей с инвалидностью: развитие инклюзивного
общества в Республике Казахстан». Отчет подготовлен Представительством
ЮНИСЕФ в Казахстане при поддержке Фонда UniCredit - Астана, 2014, -
108 стр.
3. Положение о ресурсном центре инклюзивного образования. Астана, НАО
им. И. Алтынсарина – 2016 г.
4. Ерсарина, А. М. Развитие инклюзивного образования в Республике
Казахстан [Текст] // Открытая школа (Рус). - 2012. - №1 (112). - С. 10-13. –
http://www.open-school.kz
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080
қаулысымен бекітілген Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандарттары
6. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2012 жылғы 8
қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары.
7. Амиридзе С. П. Обзор зарубежного опыта в области инклюзивного
образования. // Научная электронная библиотека –
http://cyberleninka.ru/
8. Скрыпник Т. доктор психологических наук, заведующая лабораторией по
вопросам аутизма Института специальной педагогики НАПН
Украины.
Инклюзия в Украине: перспективы детей с аутизмом. //ru.osvita.ua
.
9. Мировая практика инклюзивного образования//
http://inclusion.kz/
10. Инклюзивное
образование.
Национальный
отчет
«Среднесрочная
десятилетнего периода достижения Целей ОДВ: донести образование до
всех и каждого. – Алматы, 2008
11. Семаго Н.Я. Опыт системного развития инклюзивного образования в
Центральном округе Инклюзивное образование. Выпуск 1. Москва, Центр
«Школьная книга», 2010.
12. Ямбург Е.А., Забрамная С.Д. Управление службой сопровождения детей в
условиях
образовательной
организации.
Практико-ориентированная
монография. Москва.: Бослен – 2013.
13. Амрина
Б.Б., Елисеева И.Г., Жангазиева Т.А., Чумакова О.Ф.
Организационные
основы
и
формы
включения
школьников
с
ограниченными
возможностями
в
общеобразовательный
процесс.
Методические рекомендации.-Алматы: ННПЦ КП, 2014 г.
14. Психолого-методическое сопровождение и оказание поддержки учащимся с
особыми образовательными потребностями в школах. Методические
рекомендации НАО им.Алтынсарина. 2015 г.
15. Мектептік консилиумдар құру және ерекше қажеттіліктері бар балаларға
интенсивті, кең және арнайы қолдау көрсету. Әдістемелік ұсынымдар. –
Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015.
22
ЖОБА
Білім беру ұйымындағы психологиялық-педагогикалық консилиум
туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1.1. Психологиялық-педагогикалық консилиум (бұдан әрі - Консилиум)
білім беру ұйымындағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды дамыту
мен оқытудағы мәселелерді шешу және ерекшеліктерін зерттеуге кешенді
ықпалды қамтамасыз ету үшін психологиялық-педагогикалық қолдау
қызметінің мамандары мен білім беру процесінің қатысушыларының өзара
әрекеттесуінің тұрақты қызмет ететін формасы болып табылады.
1.2. Консилиум өз әрекетін білім беру ұйымының ішінде ғана жүзеге
асырады.
1.3. Консилиум білім беру ұйымы жетекшісінің бұйрығымен құрылады
және Консилиумның төрағасымен үйлестіріледі.
1.4. Консилиум өз әрекетінде БҰҰ бала құқықтары туралы Конвенция,
Қазақстан Республикасының әрекеттегі «Білім туралы», «Кемтар балаларды
әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»,
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарды және осы Ережені
басшылыққа алады.
2. Консилиум мақсаты мен міндеттері
2.1. Консилиум әрекетінің мақсаты ерекше білім беруге қажеттілігі бар
балалар, әлеуметтік және педагогикалық қауіп тобындағы балалар мен
жасөспірімдер, оқыту мен мінез-құлығында қиындықтары бар балаларға
олардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім беру мен дамыту үшін
қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін білім беру жүйесін қолдау болып
табылады.
2.2. Консилиум міндеттері:
2.2.1. диагностикалық-консультациялық және түзете-дамыту жұмысының
нәтижелерін талдау барысында іске асырылатын әдістемелік қолдау;
2.2.2. балалардың оқуы мен тәртібіндегі қиындықтардың сипаты мен
себептерін анықтау;
2.2.3. баланың әлеуетті мүмкіндіктері мен шығармашылық қабілеттерін
анықтау, оқыту мен тәрбиелеу процесінде жеке ықпалды қамтамасыз ету үшін
тәрбиешіге/мұғалімге ұсыныстарды әзірлеу;
2.2.4.
ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды сәйкес
топтар/сыныптарға қосу жолдарын анықтау;
2.2.5. психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға ұсыну
үшін оқушының дамуы, денсаулығы мен білім алу ерекшеліктері туралы
қорытынды жасау;