Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет10/53
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17190
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53

24 
қалыптастыруға  және  бекітуге  үйрету  мақсатында  өткізіледі.  Ырғақты 
сезінуін,  координацияны,  шыдамдылықты,  физикалық  жұмыс  жасау 
қабілеттілігін  дамытуына  мүмкіндік  жасау  .  Ритмика  сабағы  ритмикалық 
жаттығуларды,  ритмикалық  эстафета,  музыкалық-ритмикалық  және  сөйлеу 
ойындарын пайдалануды ұсынады. 
- «Мимиканы және пантомимиканы дамыту». Сабақ дербес және топпен 
жүргізіледі.  Сабақ  ұзақтығы  40-45  минут.  Сабақты  өткізу  түрі  қойылған 
мақсатқа сәйкес болады. Сабақты тифлопедагог өткізеді. 
-  «Түйсіну  мен  ұсақ  моториканы  дамыту».  Бұл  курстың  мақсаты 
зағиптардың  түйсінуі  мен  ұсақ  моторикасын  дамыту,  заттарды  тануды  , 
қоршаған ортадағы нәрселерді , кеңістікте бағытталуын үйрету. Сабақ топта, 
дербес және кіші топта өткізіледі.  
-  «Кеңістікте  бағдарлау».  Оқушылар  үлкен,  кіші  кеңістікте  бағытталу 
тәжірибесіне, өз бетімен қозғалу біліктілігіне сәйкес топтарға бөлінеді. 
-  «Әлеуметтік-тұрмыстық  бейімдеу».  Курстың  негізгі  мақсаты  болып 
табылады:  қоршаған  әлемдегі  заттар  және  құбылыстар  туралы  елесті 
қалыптастыру; түрлі әлеуметтік жағдаяттардағы және қоғамдық орындардағы 
дұрыс тәртіп біліктілігіне, айналадағы адамдармен қарым-қатынасқа үйрету. 
Бастауыш сынып баланың тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз етуге 
бағытталған,  оның  әлеуеттік  толық  мүмкіндігін  дамытуға,  ауытқушылығын 
түзетуді дамытуға, емдеу, гигиена және көруін сақтауға, оқуға деген ынтасы 
мен  біліктілігін  дамытуға,  көрнекілік-образды  тәсілін  және  теориялық 
ойлауын, оқу іс-әрекетіндегі дағды мен білікті игереді; оқуға, санауға, жазуға, 
суретті түсінуге, жеке басының гигиенасыныңэлементарлық тәсілдерін яғни, 
өзіне-өзі қызмет жасау, мобильділік, бағыттаушылықты үйренеді.  
Негізгі мектепмектеп бітіруші түлекке білім алуын жалғастыруға және 
қоғамның  толыққанды  өміріне  араласу  үшін  қажетті  жалпы  білім  берудің 
мықты  іргетасын  қалайды.  Түзету  жұмыстары  танымдық,  дербес  және 
қозғалыс  саласында,  гигиена  және  көруін  сақтауға,  денсаулығын  бекіту 
бойнша  әрі  қарай  жалғасады.  Мектеп  баланың  әлеуетті  мүмкіндіктерін 
ғылыми ой-санасын, әлеуметтік өзін-өзі анықтау мүмкіндігін дамытады, көруі 
бойынша  мүгедектердің  жұмысқа  орналасуы  мен  түрлі  еңбек  іс-әрекетін 
үйренуін кәсіби оқуын, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастырады.  
Негізгі  мектеп  жалпы  білім  беруге  дайындықты  аяқтауды  қамтамасыз 
етеді.  Мұғалім  оқушылардың  қызығушылығының  толық  есебін,  қоғамдық 
пайдалы  еңбекке  және  заманауи  қоғамдық  өмірге  белсенді  араласуына, 
әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне жағдай жасайды .  
 
Өмір іс-әрекетіне сәйкес орта 
Көру  қабілеті  бұзылған  оқушының  кеңістікте  бағдарлауы  қиындық 
туғызады,  сондықтан  оның  мектепте  өзін  жайлы  сезінуі  үшін  мектеп 
ғимаратына  саяхат  жасауы  қажет.  Бұл  оған  кабинеттер  мен  мектеп  үй-
жайының  орналасуын  есте  сақтауына  көмектеседі.  Барлық  кедергілер  және 


25 
бұрылыстар  айтылу  қажет,  балаға  бұрыштар  мен  есіктерді  ұстап  көруге 
мүмкіндік беру қажет.  
Нашар  көретін  баланың  бағдарлауы  үшін  мектепке  кіретін 
баспалдақтарды  ашық  кереғар  түстерге  бояп  қою  қажет,  міндетті  түрде 
таяныш  болу  қажет.  Таяныш  баспалдақтың  екі  жағында  70  және  90  см 
биіктікте, төменгі сыныптар үшін — 50 см болуы қажет. 
Есіктер жақсы ашық кереғар түске боялу керек. Егер есіктер шыныдан 
болса, оның ашылатын тұсын ашық түсті бояумен бояп қою қажет. 
Көру қабілеті бұзылған оқушының тұтқадан ұстап бағдарлауы үшін 
мектептің дәлізі бойына барлық периметр бойынша тұтқалар жасалу қажет. 
Көруі бойынша мүгедектің бағдарлауын жеңілдету үшін мектеп ішінде 
еденді түрлі рельефті етіп жабуға болады (бағытты өзгерткенде еден рельефі 
де  өзгереді)  немесе  еденге  арналған  плиткалар  немесе  жай  ғана  кілемнен 
жасалған жолдар. 
Көру қабілеті бұзылған оқушыларға арналған киім ілгіште өтушілерден 
бөлек, арнайы орын арнау және оны таяныштармен, орындықтармен, сөмке, 
киім ілетін ілгектермен жабдықтау қажет.Баланың есіне сақтауы үшін ол 
жерге бірненше рет апарып көрсету қажет. 
Сыныпта  қолжетімді  және  қолайлы  жағдай  жасау  үшін  ұсынылады: 
көру  қабілеті  бұзылған  оқушыларға  арнап  рельефті  фактуралы  немесе  едені 
кілеммен жабылған белгілі бір оқушы орнын жабдықтау керек. 
Жұмыс  орнының  жарықтануына  аса  мән  беру  керек.  Парта  мұғалім 
үстелі  мен  терезеге  жақын  бірінші  орында  орналасуы  керек.  Оқушы 
диктофонды пайдалануына болады (оның конспектілеу тәсілі).  Мүмкіндігіне 
қарай,  әртүрлі  сабақта  қолданылатын  құралдар  тек  қана  көрнекі  емес 
сонымен  қатар,  зағип  бала  оны  қолымен  ұстау  үшін  рельефті  болып  келуі 
керек. 
Көз  қызметінің  мүмкіндігі  төмендемеуі  болмас  үшін  шаршауы  болмау 
керек.  Дер  уақытында  сабақ  өтетін  жердегі  іс-әрекет  және  жағдай  түрлерін 
ауыстыру  оқушылардың  жұмыс  жасау  қабілетін  көтеруге  көмектеседі.  В 
Көзді  сақтаудың  негізінде  жұмыс  орнын,  үй-жайды  тиімді  жарықтандыру 
жатыр.  Көру  қабілеті  бұзылған  балалар  үшін  партаның  жұмыс  жасайтын 
бетін,  баспалдақты,  дәліздерді,  денешынықтыру  залдарын  жарықтандыру 
жоғары болу керек. 
 
 
2.3  Тірек-қозғалыс  аппараты  бұзылған  балаларды  оқытуды 
ұйымдастыру 
 
Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалардың ерекшеліктері 
«Тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуы» (ТҚАБ) ұғымы жинақтамалық 
сипатқа  ие  және  өзінің  құрамына  органикалық  орталықты  немесе  шеткері 
пайда болған қимыл-қозғалыстық бұзылуды қамтиды. 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау