Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 499,06 Kb.
Pdf просмотр
бет10/18
Дата06.03.2018
өлшемі499,06 Kb.
#11785
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

 

 



Оқушылардың танымдық және  шығармашылық қабілеттерін дамыту; 

Ғылымның  іргелі  негіздері  мен  олардың  қолданылуын  өз  бетінше 



зерделеу дағдысын қалыптастыру; 

Табиғатқа ғылыми көзқарасын бекіту. 



Осы  бағдарламаға  сәйкес  жасалған  оқу  кешенінде  есеп  шығарудың 

тәсілдері, әдіс-амалдары келтіріліп, жаттығу есептері берілген. Әр тараудан соң 

алған білімін тексеру мақсатында тест сұрақтары құрастырылды. 

«Толқындық оптиканың шекті жағдайы ретіндегі геометриялық оптиканы» 

және  «Оптикалық  аспаптарды»  атты  қолданбалы  курстарды  қарастыру 

жарықтың  толқындық  сипатымен  анықталатын  осы  әдістің  қолданылу  шегі 

туралы түсінікті кеңейтеді. Сонымен қатар, геометриялық оптика заңдарының 

және оған негізделген оптикалық жүйелерде сәулелердің жолын салудың үлкен 

қолданбалы  мәні  зор,  ал  негізгі  мектепте  бұл  мәселеге  оқушылардың 

математикалық  дайындығы  мен  жас  ерекшеліктері  ескеріле  отырып 

қарастырылған болатын.  

Геометриялық  оптика  толқындықтың  шекті  жағдайы  ретінде 

қарастырылғандықтан,  оқушыларға  физикалық  теориялардың  арасындағы 

байланысты  орнықтыратын  принцип  ретіндегі  сәйкестік  принціпінің  рөлін 

көрсетуге мүмкіндік береді. 

Салыстырмалықтың  арнайы  теориясын  басқа  бағдардағы  сыныптарға 

қарағанда  тереңірек  қарастыру  қажет.  Негізгі  постулаттардан  релятивтік 

кинематика  және  динамиканың  қағидалары  логикалық  түрде  қорытылып 

шығарылады, ньютондық және релятивтік механиканың ара қатысы, сәйкестік 

принципінің рөлі қарастырылады.  

Оқушылардың таңдауы бойынша қатысатын қолданбалы курстар, мысалы, 

«Физика  және  техника»  қолданбалы  курсы  әрбір  оқушының  қоршаған  дүние 

мен  техника  әлемі  туралы  ғылыми  жаратылыстану  көзқарасын,  есептер 

(негізінен,  техникалық  мазмұнды)  шығаруға  біліктіліктері  мен  дағдысын 

қалыптастыруға,  күнделікті  өмірден  және  техника  саласынан  алынған 

теориялық  қана  емес,  практикалық  материалды  (тапсырманы)  ой  елегінен 

өткізе алу дағдысын қалыптастыратындай болып ұйымдастырылуы тиіс. 

Жоғарыда  айтылғандарды  тұжырымдай  келе  физикадан  бейінді  оқыту 

оқушылардың  физика  негіздерінен  біліммен  қарулануына,  ғылыми  ойлай 

алуының  дамуына,  ғылыми  дүниетаным  негіздерінің  қалануына  себептесетін 

болады. Сонымен қатар пәнді оқытуда физиканың практикалық қолданысымен 

байланысты мәселелерге басты назар аудару ғылыми мәселерлерді әлеуметтік 

және жеке тұлғалық мәні бар міндеттер тұрғысынан саналы түрде жұмыс жасай 

алатын жан жақты дамыған және ой өрісі кең азаматты тәрбиелеуге өз үлесін 

қоса алады. Ал, бұл қазіргі кезде білім беруді жаңарту негіздерінің бірі болып 

қарастырылып  отырған  түйінді  құдіреттіліктің  қалыптасуына  себептесетін 

болады. Таңдаған бағытқа бейінге сәйкес тереңдетілген деңгейде оқытылуының 

қамтамасыз  етудегі  оқытудағы  мақсат  қабілет  қарымы  ерекше  дарынды 

балалардың білімін арттырып болашақта да білімін ұштай түсуге бағдар беру, 

ғылыми ізденіске қызығушылығын арттыра отырып қол жеткізу.  

20 

 



 

 

Қорытынды 

 

Қазіргі  қоғамның  маңызды  проблемаларының  бірі-бұл  құбылмалы 



әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүріп қана қоймай, болып жатқан 

құбылысқа  белсенді  әсер  ете  отырып,  оны  жақсартуға  бейім  тұлғаны 

қалыптастыру болып отыр. Мұндай тұлға - шығармашыл, белсенді, әлеуметтік 

жауапты, жақсы дамыған интеллект иесі, жоғары білімді, кәсіби сауатты болуы 

болуы қажет.  

Осыған  орай  жалпы  орта  білім  қоғамдық-гуманитарлық,  жаратылыстану-

математика  бағыттары  бойынша  бейінді  оқыту  негізінде  жүзеге  асады. 

Мектептің  жоғары  сыныптарында  бейінді  оқытуды  енгізудің  қажеттігі 

мемлекет  пен  қоғам  тарапынан  мектептегі  білім  беру  жүйесіне  қойылып 

отырған  талаптардан,  республиканың  әлеуметтік-экономикалық,  әлеуметтік-

мәдени  дамуынан  туындаған  заңды  құбылыс  болып  табылады  және  ол 

оқушылардың  білім  алу  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін  таңдауға 

жағдайлар туғызуға бағытталған оқыту түріне жатады.   

Білім  мазмұнын бейінді оқытудың  мәні оқушылардың бейімділіктері мен 

қабілеттіліктері,  орнықты  қызығушылықтары  аясында  оларды  таңдап  алған 

оқыту бағдарында барынша дамыту мақсатымен  білім беру мазмұнын арнайы 

бағыттау ретінде қарастырылды. 

Мектептің  жоғары  сыныптарына  бейінді  оқытудың  мазмұнын  анықтау 

ғылыми  таным  үдерісінің  жүйелілік,  іс-әрекеттік  тұрғыдан  қарау,  білім 

мазмұны құрылымының тұлға және қоршаған нақты дүниенің құрылымдарына 

сәйкестігі  туралы  педагогикалық  заңдылықтарына,  психика  мен  іс-әрекеттің 

бірлігі  психологиялық  заңдылығына,  жаратылыстану  ғылымдарының  іргелі 

теорияларына  негізделді.  

Әр  түрлі  бағытта  физика  пәндерінің  мазмұнын  анықтауға  әсер  ететін 

факторлар ретінде қандай да бір бағытта бұл пәндерді оқытудың жалпы және 

арнайы  мақсаттары, сондай-ақ    әр  түрлі  бағытта оқушылардың оқу-танымдық 

іс-әрекеттерінің  ерекшеліктерін  анықтайтын  олардың  қабілеттіліктері  мен 

бейімділіктері болып табылатындығы көрсетілді. 

Бейінді  оқыту  оқу  курстарының  (қолданбалы  және  таңдау  курстары) 

мазмұнын таңдап алуда оқушылардың зерделенетін материалға қызығушылық 

танытуы;  білім  мазмұнының  әлеуметтік  мәнділігі;  білім  мазмұнының 

қолданбалы бағытталғандығы; кәсіпке бағдарлану; таңдап алған пән бойынша 

мемлекеттік стандарт мазмұнына сәйкес келуін ескеру арқылы құру қажеттілігі 

негізделді.  

Қортындылай  келе,  «Физика»  пәнінен  теориялық  білім  мен  адамзат 

қызметінің  әр  түрлі  салаларындағы  физиканың  практикалық  қолданылуын 

органикалық түрде үйлестіру, оқушылардың физикалық эксперментті орындай 

алу  дағдысын  дамыту,  физиканың  маңызды  жетістіктерімен  және  қазіргі 

заманғы  техникадағы  қолданысымен  таныстыру  оқушылар  білімдері  мен 

біліктерін  адами  іс-әрекеттердің  әртүрлі  салаларында,  сондай-ақ  тұлғааралық 

қарым-қатынас  пен  әлеуметтік  қатынастарда  өмірлік  міндеттерді  шешу  үшін 

пайдалануды қамтамасыз етеді. 

21 

 



жүктеу 499,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау