1 10-
11 сыныптарға арналған «Физика» оқу бағдарламасының
өзектігі
Жалпы орта бiлiм беру жүйесiн жаңарту қажеттiгiн елiмiздегi де, алдыңғы
қатарлы шетел тәжiрибелерi де, жастарды еңбекке және кәсiптік білім
алуларына дайындаудың нақты орын алып отырған тәжiрибесi де дәлелдеп
отыр. Бүгiнгi таңда бiлiм беру мен экономикалық байланыс нығая түсiп, нақты,
орнықты сипат алуда, ал бұл өз кезегінде әлеуметтiк-экономикалық
проблемалардың педагогикалық проблемаларға айналуына әкелуде. Бұл
жағдайларда жастарды өмiрлiк iс-әрекетке дайындаудың педагогикалық
шарттарының бiрiне бiрыңғай үздiксiз бiлiм беру жүйесiндегі жалпы және
кәсiптік бiлiм берудің өзара әрекеттесуiн жатқызуға болады.
Мектеп түлектеріне жоғары технологияландырылған қоғам мен
ақпараттық технологиялар әлемінде өмір сүруге және қызмет етуге тура келеді.
Сол себепті жалпы орта білім беру жүйесіне енетін физика пәні ерекше назар
аударуды қажет етеді.
Қазіргі Әлемде ғылыми-техникалық революция жағдайында өнеркәсіптің
барлық салаларында жоғарғы квалификациялы жұмыскерлер керек. Олар
қазіргі заманғы күрделі машиналарды, компьютерлерді, робот-автоматтарды,
басқарылатын станоктарды, т.б. жеңіл меңгере алатындай болуы керек.
Сондықтан мектептің алдында оқушыларды тиянақты жалпы біліммен
қамтамасыз ету және өз бетінше оқып-үйрену дағдысын қалыптастыру, қысқа
мерзімде жаңа мамандық алуға немесе өндірістің дамуына қарай басқа
мамандықты тез игеруге бейімдеу міндеті тұр.
Осыған орай, 10-11 сыныптарға арналған «Физика» оқу пәні шеңберінде
білім алушы келесі күтілетін нәтижелерге қол жеткізуі қажет:
−
адам мен оны қоршаған әлемнің бірлігі мен тұтастығы туралы өз
түсінігін кеңейту үшін: іргелі өзара әрекеттесулерді (гравитациялық,
электромагниттік, күшті және әлсіз) сипаттайтын негізгі ұғымдарды, заңдарды
және теорияларды; табиғатты танып білудің қазіргі заманғы ғылыми әдістерін,
адамдардың зат табиғаты туралы ғылыми түсініктерді қабылдауы, ғылыми
жаңалықтарды адамзат мүддесі үшін кеңінен қолдану үшін ғылым және адамзат
тарихынан мысалдарды білуі;
−
табиғатты танып-білу үшін және ондағы өз орнын сезіну үшін:
Әлемдік мұхиттың және Жер атмосферасының ластануымен байланысты
ғаламдық және аймақтық проблемалар туралы, ядролық қатер болжауларын;
радиоактивті сәулелердің тіршілік иелері мен өсімдік дүниесіне әсерін білуі,
күн сәулелелерінің Жер магнитосферасына, атмосферасына және биосферасына
қатысты
Күн-Жер
байланысы
проблемалары
туралы,
табиғат
құбылыстарындағы циклділік принциптері, олардың себептері, адам іс-
әрекетінің табиғат құбылыстарының циклділік сипатына әсері туралы түсінігі;
−
нақты шешім қабылдау үшін: зерделенген заңдарды түсіндіруге және
мәселелерді шешуге қажетті әртүрлі ақпарат көздерін қолдана алуы;
4
−
әртүрлі өмірлік мәні бар жағдаяттарда: танымдық қызығушылығын
қанағаттандыру үшін қызықты есептер мен эксперименттік есептерді шешуге
қажетті қосымша білімдерді пайдалануы және іздеп таба білуі;
−
өзінің әлемнің ғылыми бейнесі туралы түсінігін кеңейту үшін: өлі
және тірі табиғатта болып жатқан процестер мен құбылыстар, зат пен өрістің
қасиеттері, кеңістіктік-уақыттық заңдылықтар, табиғаттың динамикалық және
статистикалық заңдары туралы өзінің көзқарастарына түзетулер енгізе алуы;
−
әртүрлі тұрғыда қарым-қатынас жасау үшін: табиғат құбылыстарын
модельдей талдауды, талдау нәтижелерінің қолданылу аясын, олардың
дәйектілігін дәлелді түрде көрсетуді білуі;
−
әртүрлі коммуникацияларды жүзеге асыру үшін: табиғи жүйелерді
ажырату принциптері туралы түсінігі болуы, Әлемдік мұхиттың және Жер
атмосферасының ластануына байланысты ғаламдық және аймақтық
проблемаларды; ядролық қатер болжауларын; радиоактивті сәулелердің
тіршілік иелері мен өсімдік дүниесіне әсерін түсінуі;
−
әртүрлі тұрғыда бірлесе жұмыс істеуді жүзеге асыру үшін: табиғи
құбылыстардың өтуіндегі негізгі принциптер мен заңдардың әрекетін
айқындайтын, бақыланатын табиғи құбылыстар мен олар бағынатын заңдарды
проблемалық жағдаяттарды шешу үшін қолдануы, жаратылыстанымдық
зерттеулерді жоспарлау және жүргізу, алынған нәтижелерді өңдеу, талдау және
интерпретациялау;
−
берілген тұрғыда бірлесе жұмыс істеу үшін: табиғат құбылыстарын
немесе жүйелерді зерделей отырып, олар бағынатын заңдылықтарды өзара
байланыста айқындап, түсіндіруі және пайдалануы, әр түрлі ақпарат көздері
мен қазіргі заманғы технологияларды (оқу мәтіндерін, анықтамалық және
ғылыми-көпшілік басылымдарды, компьютерлік мәліметтер базасын, Интернет-
технологияны) пайдаланып, нақты мәселені шешуге қажетті ақпараттар ала
білуі;
−
жағдаятты бағалап, нақты тұрғыда тиімді шешім қабылдау үшін:
техника мен өнеркәсіпте, қазіргі кезде күнделікті өмірде пайдаланылатын
құралдарды қауіпсіз және дұрыс пайдалана алу принциптерін, жаратылыстану
ғылымдары адам іс-әрекетінен туындаған қоршаған ортадағы өзгерістерді
қалай түсіндіретіндігін, табиғи объектілерді қорғау мақсатында қандай қорғау
қорлары, белсенді табиғи формаларды қалпына келтіру технологиялары
жасалатындығын білуі;
−
экологиялық, техногендік және ақпараттық факторларды ескере
отырып, жауапты шешім қабылдау үшін: адамның тіршілік әрекетін қауіпсіз
ұйымдастыру принциптерін, экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуының негізгі
көздерін, адамның белсенді әрекет етуі нәтижесінде туындайтын
атмосферадағы, ионосферадағы физикалық процестерді, озон қабатыынң
проблемасын, жылу, ядролық және гидро- электрстанцияларды жобалаудың
5