Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 499,06 Kb.
Pdf просмотр
бет9/18
Дата06.03.2018
өлшемі499,06 Kb.
#11785
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

 

 

беретін  пәндердің  оқу  бағдарламаларында  жоқ,  оқушылар  үшін  мүлдем  жаңа 



білімдерді қамтуы қажет. 

− 

мазмұнның  жалпылық  дәрежесі.  Мәселен,  білімнің  жалпылығының 

қажеттігі  оқушыларда  жалпыланған  іс-  әрекет  тәсілдерін  қалыптастырудың 

қажеттігінен  туындайды.  Бағдарламаға  енгізілген  білімнің  жалпылық  деңгейі 

ондағы  қойылған  оқыту  мақсаттарына  және  оқушылардың  абстрактілі 

ойлауының  даму  деңгейіне  сәйкес  болу  керек.  Бағдарламаға  енгізілген 

материал  оқушылардың  әр  түрлі  категориясы  үшін  қолданылуы  мүмкін,  оған 

бағдарламаға  енгізілген  білімдердің  жалпылығы  арқылы  оқушылардың 

барлығына ортақ мәселелерді таңдап алу арқылы қол жеткізуге болады. 

− 

мазмұнның  ғылымилығы.  Бағдарламаға  алдыңғы  қатарлы  ғылыми 

білімдер мен адамның пракикалық іс-әрекетіндегі неғұрлым құнды тәжірибелер 

енгізілуі қажет. 

− 

білім мазмұнының сараланғандық сипаты. Бағдарламада білімнің әр 

түрлі деңгейі мен түрлері сараланып берілуі қажет. Мұғалім ғана емес, оқушы 

да  меңгерілетін  білімнің  әрқайсысының  ерекшелігін  оның  ғылым  мен 

практикаға қоланылу ерекшілігі түсінуі тиіс. 

− 

курстың  практиакалық  бағыттылығы.  Бағдарлама  білім  беру 

стандартының  талаптарына  сәйкес  оқушылардың  алған  білімін  практикада  әр 

түрлі мәселелерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігін қалыптастыратындай 

материалдарды қамту керек. 

− 

оқу  материалының  өзара  байланыстылығы  мен  жүйелілігі

Бағдарламадағы  білім  мазмұны  барлық  келесі  тақырыптарды  оқу  өткен 

тақырыптарға  сүйене  отырып  жүргізілетіндей,  ал  жеке  және  жалпы  білімдер 

арасында байланыс болатындай болып жүйелі түрде құрылуы тиіс. 

− 

уақыт  қорына  лайықтығы.  Бағдарламадағы  материалдар  оны 

зерделеуге бөлінген уақыт қоры ескеріле отырып беріуі керек. 

Білім  мазмұнына  қойылатын  бұл  талаптар  білім  стандарты  жалпы  білім 

беру  мақсаты  және  оқушыларды  оқытудың  психологиялық  заңдылықтары 

арқылы анықталады. 

Қолданбалы  курстар  мектеп  компоненті  есебінен  жүзеге  асырыла  алады 

және олар бірнеше функцияны атқаруы мүмкін: 

− 

бейінді курстардың мазмұнын толықтыруы; 



− 

таңдап алған баыттан тыс оқушылардың әр түрлі танымдық мүдделерін 

қанағаттандыруы. 

Жалпы  алғанда  «физика»  пәнін  бейінді  оқыту  үшін  қолданбалы 

курстардың келесі түрлерін ұсынуға болады: 

І. 


Пәндік  қолданбалы  курс,  оның  міндеті-базистік  оқу  жоспарындағы 

«Физика»  оқу  пәні  бойынша  білімді  кеңейту  және  тереңдету,  оны  бірнеше 

топқа бөлуге болады: 

1. 


Пәнді  тереңдетіп  оқытуға  бағытталған  көтеріңкі  деңгейдегі 

қолданбалы курс, ол оқу пәнімен  тақырыптық та, уақытыда да келісімді бола 

18 

 



 

 

алады.  Бұл  жағдайдағы  толықтырылған  бағдарлы  курс  физиканы  тереңдетіп 



оқытатын арнайы мектептің бағдарламасымен сәйкес келеді. 

2. 


Курстың  жеке  бөлімдері  тереңдетіп  оқытылатын  арнайы  курстар. 

Мұндай  курстарға  «Механика»,  «Заттың  құрылысы  мен  қасиеттері», 

«Термодинамика»,  «Оптика»,  «Салыстырмалылықтың  арнайы  теориясы», 

«Атом және атом ядросының физикасы» және т.б. жатуы мүмкін. 

3. 

Оқу  бағдарламасына  кірмейтін  негізгі  курстың  жеке  бөлімдері 



тереңдетіліп  оқылатын  арнайы  элективті  курстар.  Мұндай  курстар  ретінде 

«Гидро-аэродинамика»,  «Максвелл  теңдеулері»,  «Плазма  физикасы»  және  т.б. 

болуы мүмкін. 

4. 


Оқушыларға  білімді  тәжірибеде  қолдана  алудың  маңызды 

жолдарымен  және  әдістерімен  таныстыру,  оқушылардың  қазіргі  заманғы 

техника  мен  өндіріске  қызығушылығын  дамыту  мақсатындағы  қолданбалы 

курстар. Мұндай курстарға «Физика және техника», «Физика және компьютер», 

«Физика және қоршаған орта», «Электр техникасы мен радиотехника». 

5. 


Табиғатты  танып  білу  әдістерін  зерделеуге  арналған  қолданбалы 

курс.  Мұндай  курстардың  мысалдары  ретінде  «Физика  ғылымындағы  іргелі 

эксперименттер»,  «Физика-техникалық  зерттеулердің  әдістері»,  «Физика  –

техникалық модельдеу» және т.б. жатқызуға болады. 

6. 

Физика және астрономия тарихын зерделеуге арналған қолданбалы 



курстар. 

7. 


Физикалық  эксперимент  негізінде  есептер  шығаруға  арналған 

қолданбалы курстар. 

ІІ. 

Пәнаралық  қолданбалы  курстар,  олардың  міндеті-оқушылардың 

табиғат пен қоғам туралы білімдерін интеграциялау. Мұндай курстарға «Ғарыш 

физикасы»,  «Астрофизика  элементтері»,  «Биохимиялық  физика»  және  т.б. 

жатқызуға болады. 

Қолданбалы курстарды  жүргізу  кезінде  жаңа  техникалық  мүмкіндіктерді, 

мысалы электрондық оқу құралын пайдаланған тиімді болады. 

Мысалы:  «Молекулалық  физика  және  термодинамика  негіздері»  атты 

бағдарлама  мектеп  курсында  оқылатын  «Молекулалық  физика  және 

термодинамика»  бөліміне  кеңейтіп  оқуға  арналған.  Негізінен  молекулалық 

физиканың  күрделі  мәселелері  мен  ерекшеліктерін  ашатын  бұл  бағдарлама 

Дальтон,  Дюлонг-Пти  заңдары,  Майер,  Пуассон,  Вал-дер-Ваальс,  Фурье 

теңдеулерімен оқушыларды таныстырады. 

Бағдарлама 3 тараудан тұрады. 

І тарау. Газдардың молекула-кинетикалық теориясы. 

ІІ тарау. Термодинамика заңдары. 

ІІІ тарау. Нақты газдар және фазалық өзгерістер. 

Бағдарламада  материалды  оқытудағы  сабақтастықтық  математикамен, 

биологиямен, химиямен пәнаралық байланыстар ескерілген. 

Мақсаты: 

Жаратылыстану-математикалық  бағыттағы  класс  оқушыларының  білім 



деңгейін кеңейту; 

19 


 


жүктеу 499,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау