9
хаттар және т.б.).
8. Ресурстық орталықтың негізі экспериментінің ең басты идеясы (ойы)
тәрбие жүйесінің концепциясын әзірлеу – оның негізінде жан-ұя тәрбиесінің
әлеуметін сақтау.
9. ТМ (РО) білім беру ба
ғдарламаларының оқ
у модульдері бойынша
құрылымдау (оқу материалдарын үлкен блокпен көрсету, нақты блок
материалдарын меңгеру процесін әр түрлі деңгейде ұйымдастыру).
Ұжымдық оқыту тәсілін енгізу (әр түрлі жастағы топтарды ұйымдастыру).
1.2 Тірек мектептердің (ресурстық орталықтардың) жұмыс жүйесі
ТМ(РО) кешенді-бейімделу типті болуы м
үмкін
, яғни өзіне келесі
компоненттерді енгізеді:
№1. Басқару блогы.
№2. Білім беру процесіннің блогі:
-
мектепалды тәрбие және оқыту;
-
базалық жалпы білім беру процесі.
№3. Бейіндік оқыту блогі.
№4. Шығармашылық дамыту блогі:
-
диагностика, бейімделу және дамыту;
-
медико-психологиялық қызмет;
-
дамыту, тәрбиелеу, әлеуметтендіру;
-
акппараттық-аналитикалық қызмет.
Педагогикалық іс-әрекет блогі сессия кезеңдерінде де, сессияаралық
кезеңдерінде магниттік мектептерге шығу арқылы жүзеге асырылады.
№ 1. Тірек мектептерді (ресурстық орталықтарды) басқару блогі.
Тірек мектептерді (ресурстық орталықтарды) басқару блогі басқаратын
объектінің ерекшеліктерін ескере отырып мынадай міндеттерді:
–
әлеуметтік өзгерістерді болжау және талдау, білім берудің қажеттілігі,
әлеуметтік тапсырыстарды;
–
ресурстық орталықтарының құндылық жүйесін қалыптастыруды;
–
оқу жоспарының білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және жүзеге
асыруды;
–
кіріктірілген білім беру кеңістігін ұйымдастыруды;
–
ресурстық орталығын дамыту бағдарламаларының тұжырымдамасын
әзірлеуді және жүзеге асыруды;
–
білім беру процесін үйлестіруді;
–
ресурстық орталық оқушыларының контингентін құрылымдау және
диагностикалауды есепке алып ұйымдастыруды;
–
оқушылар мен мұғалімдердің жобалық-зерттеулік ж
ұмыстарын
ұйымдастыруды;
–
кадрлардың біліктілігін арттыру, оларды аттестациялау, әлеуметтік
қорғауды ізденістер арқылы ұйымдастыруды;
10
–
ресурстық орталықтарда оқушылардың жатын орындарын, тамақтануын
және тасымалдануын ұйымдастыруды;
–
инновацияны меңгеру және нұсқаулықтар әзірлеуді ұйымдастыруды;
–
көпканалды қаржыландыруды ұйымдастыруды;
–
бейінді оқытуды жүзеге асыру, қосымша қызмет көрсетуді;
–
ТМ-де (РО)-та оқушыларға әлеуметтік-психологиялық жағдайдың
жасалуын жүзеге асырады.
Координациялық Үйлестіру Кеңесі ТМ-де (РО-та) басқару органы болып
табылады.
Координациялық Үйлестіру Кеңесі құзіреттілігі, кеңес төрағасының және
оның мүшелерінің құқығы және міндеттері, кеңестің жұмысын өткізуді
ұйымдастыру Координациялық Үйлестіру Кеңесінің ережесімен анықталады.
Координациялық Үйлестіру Кеңесінің ережесін білім беру басқармасының
бастығы бекітеді.
Координациялық Үйлестіру Кеңесінің құрамына:
–
жергілікті білім беру басқармасының өкілдері;
–
ТМ(РО)-тың білім беру ұйымдарының басшылары;
–
білім алушылардың ата-аналары;
–
қоғам өкілдері (ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, кәсіпкерлер және т.б.)
кіреді.
№2. Білім беру процесінің блогі
Мақсаты: оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, кәсіби білім беру
негізінде олардың жан-жақты деңгейдегі қызығушылығын арттыру.
Міндеттері:
–
білім беру базалық компонентін жүзеге асыру;
–
дарынды балалармен жұмыс жүйесін дамыту;
–
педагогикалық ынтымақтастықнегіздері арқылы бірыңғай жүйелі тәрбие
жұмыстарын құру;
–
магниттік мектептердің оқу -тәрбие іс-әрекеттерін жандандыру және
үйлестіру.
№ 3. Бейіндік оқыту блогі
Мақсаты: шығармашылық белсенді, кәсіби-бағдарланған, еңбек нарығында
өзін-өзі жүзеге асыруға қабілетті тұлғаны дайындау. Біліктілік талаптарына сай
мамандықтың негізі жайында білімді меңгеру.
Міндеттері:
–
алдын-ала кәсіптік оқытуына жағдай жасау;
–
еңбек оқыту сабақтары мен жалпы білім беру пәндер аралықтарында
пәнаралық байланысты жүзеге асыру;
–
оқушылардың мамандық әлеміне хабардар етуіне кәсіпті шеберханалар
ашылуы;
–
белгілі тип мамандығына оқушылардың қызғушылығын арттыру.
11
№4. Шығармашылық дамыту блогі
Мақсаты:Мен – тұжырымдамасының принциптері негізінде оқушылардың
өмірге деген позитивтік, мәдени -үйлесімді және белсенділік көзқарасын
қалыптастыру, магниттік мектептер аралығында бейресми байланыстарды
дамыту, орталықта тәрбиелік шараларды ұйымдастыруды күшейту.
Міндеттері:
–
балалардың түрлі іс-әрекетін, бейімділігін мен қабілетін байқау және
дамыту;
–
өнер, ғылым, техника салаларында балалардың шығармашылықтарының
дамуына жағдай жасау;
–
мектеп пән курстарына практикалық қосымша әдістемелік нұсқаулықтар
мен оқу құралдарын жасау;
–
оқушыларға кәсіптік бағдар беру;
–
әр түрлі жастағы балалар ұйымын қызғушылықтарына қарай
қалыптастыру;
–
сабақтан тыс уақытта балалардың демалысы мен бос уақытын
ұйымдастыру;
–
оқушылардың зияткерлік қабілеттерінің диагностикасы, олардың
әлеуметтік, тұлғалық ерекшеліктері;
–
ТМ-де (РО-та) білім беру іс-әрекетерінің тиімділік деңгейінің
диагностикасы;
–
оқушылардың ақпараттық мәдениеттін қалыптастыру;
–
баланың мектепте үлгермеушілігінің «жасырын» себептерін табу;
–
ТМ (РО) жа
ғдайында оқушылардың денсаулығы мен психикалық
диагностикасын ж
әне мұға лімдердің физикалық, зияткерлік жұмыстар
жүктемесіне бейімдеу.
1.3 Тірек мектептер (ресурстық орталықтар) іс -әрекеттерін басқару және
ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының Заңнамасына, ШЖМ және тірек мектептері
(ресурстық орталықтарының) іс-әрекетінің Типтік ережелеріне сәйкес, оған
кіретін білім беру мекемелерінің ережелері және құрылтай құжаттары енген ТМ
(РО) басқару негізгі бірлескен принциптер арқылы ұйымдастырылып жүзеге
асырылады(1-қосымша).
Тірек мектебі (ресурстық орталық) облыстық, қалалық (аудандық) білім
беру басқармаларының негізі бұйрықтарымен құрылады.
Тірек мектептері (ресурстық орталықтар) құрылуына өтінім жасалады,
онда:
–
тірек мектептері (ресурстық орталықтар) атауы мен орналасуы және оған
кірген білім беру ұйымдары (заңдық мекен-жайы, байланыс телефондары);
–
тірек мектептері (ресурстық орталықтар) құрылымына сипаттама;
–
білім беру процесін іске асыру моделінің сипаты;
Достарыңызбен бөлісу: |