Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 0,61 Mb.
Pdf просмотр
бет6/18
Дата14.11.2018
өлшемі0,61 Mb.
#19730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

14 

арттыру  және  педагог  кадрларды  қайта  дайындау  институттары  және  шағы н 

жинақты  мектептің  өңірлік  дамыту  орталықтары  кіреді.  Олар  мониторинг 

топтарының 

медициналық-психологиялық 

қызметінің 

іс-әрекеттерін 

үйлестіреді.  

Басқару  жүйесіне  оқу-тәрбие  жұмыстарының  және  сыныптан  тыс  тәрбие 

жұмыстары  бойынша  екі  сектор  кіреді,  сессия  кезеңдерінде  балалардың 

тамақтану,  орналасу  және  орын  ауысу  сұрақтарымен  экономика  бөлімінің 

менеджері және шаруашылықты қамту бөлімі айналасады.  

ТМ-де(РО-та) қажеттілігіне байланысты шығармашылық топтар құрылады. 

Сессия  кезеңдерінде  уақытша  мектеп  ұжымының  кураторлары  балаларға 

әлеуметтік  бағдарламаларды  жүзеге  асырады.  Оқушылар  конференциясы  ТМ-

де(РО-та) оқушыларының өзін-өзі басқару алқасы болып табылады. 

Тірек  мектебі  (ресурстық  орталық)  іс -әрекеттері  келісім  шартына  сәйкес 

оның ұйымдастырушысымен қаржыланады.  

ТМ-де(РО-та) 

қаржылық-шаруашылық 

қызметі 

Қазақстан 

Республикасының  заңнамасымен,  мектептің  жарғыларымен  және  білім  беру 

ұйымының Типтік ережелерімен реттеледі. 

ТМ(РО)  барлық  білім  беру  ұйымдары  келісім  шарт  негізінде  өздерінің 

балансы  мен  сметасын  сақтайды  (жыл  сайын  бюджет  бойынша  бекітілген, 

кешенге  кіретін,  білім  беру 

ұйымы  арқылы  қаржыландыру  шығындары 

өндіріледі). 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

2  Ресурсты

қ  орталықта  сессияаралық  және  сессиялық  кезеңдерді 

ұйымдастыру 

 


15 

Тірек  мектебі  (ресурсты

қ  орталықтың)  білім  беру  процесіне  3  сессия 

(

тағайындау, оқу, қорытынды) және сессияаралық кезеңдер кіреді. 

ТМ-де 


(РО-та)Үйлестірушілік 

Кеңесінің 

шешімімен 

сессияның 

ұзақтылығы оқу процесінің кестесіне сәйкес 3 күннен 10 күнге дейін бекітіледі. 

Сессия  кезеңдерінде  оқу  зертханалары  мен  шеберханаларында  практикалық 

сабақтар ұйымдастырылады, оқушылардың денсаулығына көңіл бөлінеді. 

Тағайындау  сессиясы  оқу  жылының  басында  (қазан  айының  бірінші  он 

күндігінде)  өтеді.  Сессияның  алдында  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығын  және  оқу  деңгейін  анықтау  мақсатында  алдын-ала 

тестілеужүргізіледі.  Бұл  жұмыс  түрі  оқушының  біліміндегі  кемшіліктерді 

анықтау  үшін  өткізіледі.  Әр  оқушының  оқуына  жеке  бағыты  анықталып, 

олармен сессияаралық кезеңінде жұмыстар жоспарланады. 

Сабақ  циклдық-модульдік үлгіде  өткізіледі,  өйткені  бұл  магниттік 

мектептердің  оқушыларының  жаңа  ортаға  психологиялық  бейімделуін, 

ұжымдық  жұмыс  дәстүрін  үйретуге,  топтағы  жұмысты  таңдауға,  шағын 

топтарда  циклдік-блоктық  сабақтарды  жоспарлауға  мүмкіндік  береді, 

оқушылардың өзіндік білім алуға талпыныстарын қалыптастырады. Оқытудың 

әр блогының соңында мұғалім оқушының алған білім деңгейінің мониторингін 

шығарады,  шығармашылық  топ  әр  оқушының  сессия  кезінде  алған  біліміне 

байланысты әр  оқушыға  арнап  диаграмма,  өсу  динамикасын  құрады. 

Оқушылардыңқиындық  тудыратын  аймақтары  анықталып,  бұл  кемшіліктерді 

жою үшін  технологиялық  карталар  құрастырылып,  нұсқаулар  беріледі(2,3 -

қосымшалар). 

Тьютерлер – әр оқушыға оқытудың жеке бағытын ұйымдастырады, сессия 

аралығында сол бойынша жұмыстар жүргізіледі. 

Оқу  сессиясы  оқу  жылының  орта  кезеңінде  (ақпан  айының  бірінші  он 

күндігінде) жүргізіледі.  

Оқу сессиясының міндеттері

– 

ресурстық  орталық  оқушыларының  жалпы  оқу  қабілеттері  мен 



дағдыларын дамыту; 

– 

сессия  аралығында  оқушылардың  оқу  барысында  қиынға  соғатын 



зоналарын белгілеп, оқыту барысын қадағалау; 

– 

білім  негіздері  аны



қталған  оқушылардың  әр  түрлі  шығармашылық 

жұмыстарын ұйымдастыру; 

– 

нәтижеге бағытталған жұмыс; 



– 

тұлғаның кәсіпке бейімделген бағытын анықтау. 

Оқу сессиясы кезінде химия, физика блоктарында аудиториялық сабақтар 

(зертханалық,  практикалық  жұмыстар)  математикадан  (практика),  тарихтан 

(тренинг), «Экология», «География», «Сызу» пәндерінен кіріктірілген сабақтар, 

экологиялық  жобаларды қорғауды  өтеді.  Жеке,  топтық  жұмыстар 

ұйымдастырылады.  Сабақты  ресурстық  мектептердің  мұғалімдері  магниттік 

мектептердің мұғалімдерімен біріге отырып өткізеді.  

Ресурстық  орталықта  компьютерлік  кабинеттерде  электрондық  оқу 

ақпараттарымен  жұмыс  істеумүмкіндіктері  бар.  Базалық  пәндер  және  таңдау 

пәндері  бойынша оқу  модульдеріжасалуы  тиіс.  Онда  сабақ  барысында  оқушы 



16 

мен  мұғалімдердің  кезектесе  отырып  атқаратын  іс -әрекеттері  белгіленген. 

Берілген оқу модульдерінде оның мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелері 

анықталған. 

Магниттік  мектеп  о

қушыларының  жаңа  жағдайға,  психологиялық 

бейімделуіне  мүмкіндік  жасалады,  ТМ(РО)  және  ШЖМ  мұғалімдері  оқу 

сабақтарын  модуль  түрінде  өткізіледі.  Сессия  нәтижесінде  оқушылардың  оқу 

деңгейі  аңықталады,  сессияаралық  кезеңдерде  оқу  қиындықтарыныңаймағын 

жоюға жеке ұсыныстар беріледі.  



Қорытынды сессия оқу жылдың соныңда(сәуір айының 3-ші он күндігінде) 

өтеді.  Сессия  кезіндегі  оқу  түрлері:  пәндік  сабақтар,  практикалық  жұмыстар, 

зертханалық  және  бақылау  жұмысы,  диагностика,  коррекция  (т

үзету), 

тренингтік және басқа түрлері пайданылады.  

Сессияның міндеттері: 

– 

үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  алған  бағдарлы  білім-білік  дағдыларын 



пайдалануға үйрену; 

– 

сабақ  құруда  оқушылардың  белсенді  іс-әрекетіне  оқу  материалының 



мазмұнында  блоктік-модульдық  құрылымға,  әдіс-тәсілдерге  назар  аудару 

(зерттеу және жобалау жұмыстары); 

– 

ҰБТ-ге алдын ала дайындық кезеңдерінің деңгейін анықтау, бағалау.  



Таңдау  курстары  мен  базалық  пәндер  бойынша  түйінді  мәселелер 

анықталып,  жеке  маршруттың  жүзеге  асуына қорытынды  жасалынады. 

Консультациялық пунктер қызмет жасайды. Оқушылардың ҰБТ-не дайындалу 

деңгейі бағаланады(4,5-қосымшалар). 

Сессияаралық  кезеңдерінде  оқушылардың  оқу-қабілеттік  іс-әрекеттері 

шағын  жинақты  мектептерде  өтеді,  бірақ  ТМ(РО)-тың  пән  мұғалімдері 

қашықтан оқытуды қолданып, оқушыларға қолдау жасайды. 

Сессия  кезеңдерінде  ТМ -те  (РО)-та қосымша  білім  беру  орталығы  және 

толық күн мектеп ретінде жұмыс жасайды.  

Қосымша компонентер ретінде спорт, көркем және басқа сабақтар күннің 

екінші жартысында жұмыс жасайды. Дамыту модулі оқушыларға білім беруде 

тұлғаны  дамытуды  қамтамасыз  етуге  бағытталынған.  Оқушылардың  сабақтан 

тыс  іс-әрекеті  әр  түрлі  пән  үйірмелері,  секциялар,  қызғыушылығы  бойынша 

клубтар, ғылыми  қоғам  және  басқа  бірлестіктер  арқы лы ұйымдастырылады, 

мысалы: Қарағанды  облысы,  Шашубай  мектеп -балабақша  кешені, 

«Альянс»ресурстық  орталықтың  жұмыстық  оқу  жоспары;  Шығыс  Қазақстан 

облысы Күршім ресурстық орталығының «Тәрбиелік шараларды ұйымдастыру 

жоспары» берілген(6,7-қосымша). 

ТМ-де (РО-та) оқитын 10-11 сыныптардың оқушыларына қоғам өмірінде, 

оқушылар  ұжымында  және  ауыл  бірлестігінде,  оқуда  жоғарғы  көрсеткіш 

нәтижесіне  жетсе,  Үйлестіру  Кеңесінің  қорынан  стипендия  тағайындауға 

болады. 


 

2.1  ТМ-дің  (РО)-тың  шағын  жинақты  мектептерінің  10  сыныптағы 

қорытынды сессияларының үлгі бағдарламалары 

 


жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау