102
ғылыми еңбегімді қарастыру барысында және жинақтаған ұстаздық тәжірибемде экологиялық
мәселелерді шешуде оларды психологиялық жуықтау арқылы зерттеу маңыздылығына көз
жеткіздім. Әрі экологиялық білім мен тәрбие берудің өзі ауқымды психологиялық, онымен қоса
әр қырлы педагогикалық іс. Осы орайда, бүгінгі жастарда ізгілікті-рухани қасиеттерді сіңіру
қажеттігін ескеріп, табиғи ортаға болған қарым-қатынаста экологиялық іс-әрекетті тиімді
ұйымдастыру арқылы белсенділікті қалыптастырудың психологиялық маңыздылығын
қарастыруға талпыныстар жасау мәселенің өзектілігін айқындай түспек.
Әдебиеттер
1. Ясвин В.А. Психология отношения к природе. – М., 2000, 456 с
2. Дерябо С.Д., Ясвин В.А. Экологическая психодиагностика. Даугавпилс, 1994, 58 с
3. Рубинштейн С. Л. Основы общей психологии. СПб.: – Питер, 2012.С.21-23
4. Леонтьев А. Н. Деятельность. Сознание. Личность, – М.: Политиздат, 1980, 344 с
5. Выготский Л. С. Вопросы детей возростной психологии Собр. Соч. Т6. – М.:
Педогогика, 1982
6. Сидельковский А.П. Человек и природа. Формирование отношение. – Ставрополь,
1975, 67 с
7. А.В.Петровский, М.Г. Ярошевский Психология, М.: Академия, 1998, С.370-371
8. Бұзаубақова К. Ж. Жалпы білім беретін мектептерде сабақтан тыс жұмыстарды
жүргізу барысында оқу шығармалары экологиялық білім берумен табиғат қорғауға тәрбиелеудің
педогогикалық негіздері: п.ғ.к. автореф. – Жамбыл, 1996, – 23 с
9. Муликова А.С. Оқушылардың өзіндік ізденіс белсенділігін ұйымдастыру арқылы
экологиялық тәрбие беру. – Алматы: Полиграфия Сервис и К, 2011
Г.Н. Сафаргалиева
Т.Д. Бержан
Арқалық қ. (Қазақстан)
ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ КҮШТІК БАҒЫТТАҒЫ ӨЗІНДІК ЖАТТЫҒУ
ҰСТАНЫМДАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖҮЙЕСІ
Футбол жаттығу сабақтарына қойылатын міндеттер дене шынықтыру процесінің
негізінен туған. Сабақтың мазмұны негізінен гармоникалық жан-жақты адамды дамыту және
ішкі, сыртқы дене шынықтыру мүмкіндігін арттыру, шаруашылық жұмыс пен Отанды қорғауға
жастарды дайындау болып табылады.
Кейбір жаттықтырушылар тек жоғарғы нәтижеге жетуді ғана мақсат тұтып
футболшылардың денсаулығының жақсаруына және дене пішінінің дұрыс қалыптасуна
жағынан жеткіліксіз назар аударады. Сондықтан біржақты жаттығу жұмыстары нәтижесінде
қолайсыз жағдай туғызуы әбден мүмкін. Футболшының шеберлік шыңына жетуі үшін ең
алдымен денсаулығы, дене шынықтыру мүмкіншілігі, тәртібі моральдық жағынан жоғары болуы
шарт.
Футболшыларды оқыту жене жаттықтыру процесінде мынандай міндеттер қойылады: а)
Қозғалыс және дағды мүмкіншілігін арттыру жолдары; б) Ағзаның функционалдық /қызметтік/
мүмкіншілігін арттыру /дем алу, жүрек, ішкі құрылыс жүйелері/; в) Спортшының жұмыскерлік
қабілетін сақтау және арттыру; г) Спорттағы арнайы білімін арттыру, гигиеналық және өзіндік
бакылау тәсілдемелерін үйрету; д) Футболшыны жұмыс қабілетіне, сана сезімге, белсенділікке
және тәртіптілікке тәрбиелеу.
103
Осы айтылған міндеттерді жаттығу процесінде біртіндеп шешсе, адам ағзасында үлкен
мүмкіндіктің ашылуына ықпал етеді. Футболшылардың шеберлігін жылдан-жылға арттыру
үшін ең
:
алдымен ғылыми-педагогикалық принциптерді сақтау керек, оның негізгі заңдарын
және осы принциптерді іс жүзінде қалай пайдаланудың жолдарын білген дұрыс.
Жалпы жаттығулардың көлемін көбейтіп орындағанда көптеген мақсаттарды шешуге
болады. Сонымен қатар табиғаттың сыртқы күштері мен гигиеналық факторлар футболшылар
ағзасының функцияларын жақсартуға мүмкіндік туғызады және дене шынықтыру
ауыртпашылығы мен демалыс, тамақтану, ұйқы, жұмыс және тұрмыс гигиеналық талаптарды
пайдалану, ұйқы режимін дұрыс сақтауға көмектеседі.
Оқыту және жаттықтыру арнайы ұйымдастырылған процесс болғаннан кейін ол негізгі
дидактикалық принциптерге сәйкес болуы және негізгі оқыту процесінің заңдарына бағынуы
керек.
Оқыту және жаттығу процестеріне негізінен тәрбиелеу, сапалық, белсенділік,
көрнектілік, жүйелік қолайлы принциптерден тұрады. Бұл принциптер бір-біріне тығыз
байланысты.
Жоғарыда айтылған принциптердің ішіндегі оқыту мен жаттығу процесінде басты
принциптердің бірі – тәрбиелеу принциптері екені мәлім. Себебі футболшыларды ойын
тәсілдеріне, ойын жүргізу әдістеріне денесін шынықтыру арқылы дайындау, ең алдымен
жастардың мінез-кұлқын, сана-сезімдерін тәрбиелеуіміз қажет. Демек, жаттықтырушы адам
арнайы оқыту және жаттықтыру процесінде тек үйретіп, ойыншылардың шеберлігін арттырып
қана қоймай, сонымен қатар нақтылы қойылған тәрбиелеу жұмысының мақсаттарын да
орындауға тиіс. Бұл арада жаттықтырушының өз жұмысына көңіл аударып, жаттығу сабақтарын
нақтылы белгіленген уақыттан кешікпей уақытында өткізуіне, өз ісін сүюіне, жоғарғы
мәдениеттілікпен өзіне қатаң талап қоюына, педагогикалық әдептілікті сақтауына ерекше көңіл
бөлінуі қажет.
Оқыту және жаттығу процесінде жаттықтырушы дұрыс тәрбиелік принциптерді сақтап,
сабақ жүргізген бетте ғана оқшылардың өз күштеріне сенімділігі артып, спорттық шеберлігі әрі
қарай арттыруына жағдай туғызады.
Дене шынықтыруды асықпай, біртіндеп, жақсы педагогикалық және дәрігерлік
бақылауды ұйымдастыратын болса, сонда ғана футболшылардың үлкен жетістіктерге жетуіне
мүмкіндік туады.
Тәсілдердің түрлерін ойын жүргізу құралы деп білу керек, себебі футболшы ойын
тәсілдерінің түрлерін неғұрлым көп біліп, оны әртүрлі жағдайда қолдана білсе, қарсылас
команданы жеңуге көп үлес қоса алады және ойын тәсілдерін шебер қолдана білген ойыншылар
футболшының жан-жақты дайындығын арттыруға көмектеседі.
Алаңдағы ойыншылар көптеген ойын
әдістерін, олардың түрлерін және әртүрлі қозғалыс
тәсілдерін пайдаланады. Оның ішінде допты тебу, тоқтату, алып жүру, алдап өту, допты тартып
алу елеулі мәнге ие. Сонымен қатар, допқа ие болу тәсілдерінің бір түрі – допты қолмен ойынға
қосу ойын тәртібі бойынша доп бір бүйірінен алаңның сыртына шықса. Футболшы алаңда
орындайтын міндетіне байланысты ойын тәсілдерін әртүрлі көлемде орындайды.
Оқу-жаттығу сабағында берілетін жүктеменің деңгейі шұғылданушылардың дене-
күшінің ерекшеліктеріне жүктемені көтеру қабілеттілігіне қарай берілуі тиіс. Сондықтан да оқу-
жаттығу процесінде шұғылданушыларды жоғарыдағы ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа
бөлуге болады. Жаттығу барысында жүктемені топтағы шұғылданушыларға бірдей деңгейде
беру үлкен қате болып саналады. Әрбір берілген жүктемеге ағзасының жауап беру қабілеттілігін
қатаң түрде бақылауымызда ұстау қажет. Бұл жерде жаттықтырушылар дәрігер және
психологтармен тығыз байланыста жұмыс атқарулары қажет.
Әдебиеттер
1. Матвеев Л.П. Спорт жаттықтырушының негіздері. – М., 1987 ж.
2. Футбол. Энциклопедия. – М., 1998 ж.