Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет53/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   211

              106 

 

Г.Н. Сафаргалиева  



А.М. Сейдалиев  

Арқалық қ. (Қазақстан) 

 

ДЕНЕ ҚАБІЛЕТТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ 

 

Күш  пен  жылдамдық  –  күш  қабілеттері  жас  спортшылардың  дайындығындағы  күш 

қабілетін  тәрбиелеуді  мынадай  жаттығулар  қолдану  ұсынылады.  Анық  шаршағанға  дейін 

қайталап  салмақ  көтеру;  шектік  салмақты  көтеру;  шектік  салмақты  жоғары  жылдамдықпен 

көтеру. Соған сәйкес үш әдіс бар: қайталау, күш, шектік күш және өзгерістік күші. Олардың 

әрқайсысын  жас  спортшылардың  дене  тәрбиесі  іс-тәжірибесінде  қолданудың  өзіндік 

ерекшеліктері бар. 

Күшті  дамытуға  көмектесетін  құралдарды  таңдау  бұлшық  еттің  үйлесімді  дамуын 

және бұлшық ет салмағының жасына қарай сәйкес дамуын қарастыруы тиіс. 

Жасөспірімдердегі күш қабілетін түрлі заттарды қолданып жаттығу арқылы дамытуға 

болатынын іс-тәжірибе көрсетті. 

Күшті тәрбиелеу құралы аяқ-қол бұлшық еттерінің, иық белдеуінің негізгі бұлшық ет 

топтарын дамытуы тиіс. Барлық бұлшық ет топтарын кешенді дамытауды қамтамасыз ететін 

сабақты  ұйымдастыру  түрін  қолдану  арқылы  күш  қабілеттерін  тәрбиелеуде  жетістікке 

жетуге болады.  

Шапшаңдықты  тәрбиелеудің  негізгі  әдістемесі  қысқа  уақыт  аралығында  үлкен 

қарқынмен орындалатын жаттығулар  болып  табылады.  Зерттеу  көрсеткеніндей  шапшаңдық 

төменгі  сыныпта  және  жасөспірімдік  кезеңде  жақсы  дамиды.  Бұл  кезеңде  қимыл  жиілігін 

арттыруға  бағытталған  құралдарды  көптеп  пайдалану  арқылы  шапшаңдықты  тәрбиелеген 

дұрыс.  12  –  15  жаста  негізінен  жылдамдық  –  күш  жаттығуларын  пайдаланып,  жылдамдық 

қабілетін  арттыруға  болады,  жылдамдық  жаттығуларын  орындауды  аз  көлемде,  сабақтан 

келесі  сабаққа  жылдамдық  қабілеті  артып,  қимыл  саны  уақыт  бірлігіне  қарай  артуын 

қадағалау  қажет.  Мұндағы  жаттығулар  біркелкі  болмауы  тиіс.  Олардың  міндеті  –  түрлі 

бұлшық  ет  топтарын  кең  қамтып,  орталық  жүйке  жүйесінің  реттеуші  әрекетін  жетілдіріп, 

оқушылардың үйлесімділік қабілетін арттыру болып табылады. 

 Шапшаңдықты дамыту барысында мынадай әдістемелік ережелерді ұстану қажет: 

- жаттығулар әдісі жағынан күрделі болмауы тиіс. 

- оқушылар жаттығуларды жақсы меңгеруі тиіс. 

- жаттығу 

ұзақтығы 

соңында 

шаршағаннан 

жылдамдықты 

орындауы 

төмендемейтіндей болуы тиіс. 

- балалар мен жасөспірімдерге арналған жылдамдық жаттығуларының ұзақтығы 10-12 

м-тан аспауы тиіс. 

- келесі жаттығулар жоғары қалпына келтіру кезеңінде орындалады. 

- жылдамдық  жаттығуларын  қайталап  орындау  барысында  белсенді  демалысты 

пайдалану керек (1-2 мин). 

- жылдамдық жаттығулары сабақтарда алғашқылардың бірі болып орындалады. 

 Шапшаңдықты  тәрбиелеуде  жүгіру  сипатындағы жылдамдық  жаттығуларымен  қатар 

спорттың басқа түрлерінен алынған жаттығулар да пайдаланылады. 

 Төзімділікті дамыту құралдарының бірізділігімен үйлесімділігіне келетін болсақ, онда 

жаттықтыру  ықпалдарының  түрлі  құралдары  топтамасын  пайдалану  тиімді  болады. 

Төзімділікті тәрбиелеуге біркелкі қайталау және өзгермелі әдістер пайдаланылады. 

 Иілгіштік басқа да дене қабілеттерімен байланысып, олардың даму деңгейіне әсер етеді.  

 Жүргізілген  зерттеулер  иілгіштікті  таңдаулы  тәрбиелеуде  төмендегі  жаттығулардың 

тиімділігі туралы сөз етеді. 

- омыртқа  жотасы  түрлі  бастапқы  қалыптан  әріптесінің  көмегімен  немесе  жеке 

орындалатын иілулер; 



              107 

 

- сан-жамбас  буыны  алдына  қарай  және  көлденең  бағытта  аяқты  сермеу,  жартылай 



құлау,  қолмен  тербеліп,  тіреліп,  шпагат  (шатқа  отыру)  жасау,  гимнастикалық  қабырға 

жаттығулары; 

- иық  белдеуі  буындары  түрлі  жазықтықта  қолды  жұлқа  қимылдату,  қолды 

айналдыру, таяқпен жаттығу, гимнастикалық қабырғада жаттығу. 

Иілгіштікті дамытуда өзгермелі және тұрыстық жаттығулар пайдаланылады. 

Бұлшық  еттің  жұмыс  тәртібі  бойынша  ерекшеленетін  жаттығулардың  екі  тобы 

ұсынылады: бірінші топ созылу босаңсытумен немесе жиырылумен жалғасады; екінші топ – 

бұлшық  еттің  қарсы  жатқан  жақтарының  ауысуы  болмайды.  Сонымен,  өзгермелі  және 

тұрыстық  жаттығулар  белсенді  және  баяу  иілгіштіктің  артуына  түрліше  әсер  етеді.  Аралас 

жаттығулар 

(өзгермелі-тұрыстық) 

жетекшілікті 

дәрежеде 

белсенді 

және 

баяу 


қозғалғыштықты  арттырады.  Демек,  иілгіштікті  дамыту  үшін  өзгермелі–тұрыстық  тәртіпті 

пайдалануға болады. 

Дене  дайындығы  барысында  жас  спортшының  дене  қабілетін  тәрбиелеу  туралы 

мәліметтерді  қорыта  келе,  мұғалімнің  педагогикалық  қызметі  бұл  ең  алдымен 

шығармашылық жұмыс екенін дамушы ағзаның өсу заңдылықтарын білу құрайды. Оқытушы 

шығармашылығы  өскелең  ағзаның  даму  заңдылықтарымен  байланысты  қолданылып, 

жаттықтыру  ісінің  әсерін  анықтайтын  педагогикалық  ықпалдар  құралдары  мен  әдістерін 

білуге байланысты болады. 

 

Әдебиеттер 



1.  Адамбеков  К.Т.  «Оқушылардың  дене  тәрбиелеудің  педагогикалық  негізі»,  п.ғ.д. 

дисс. авторефераты. – Алматы, 1995. – 38 б. 

2.  Аяшев  А.О.  «Болашақ  мұғалімнің  тәрбие  жұмысына  кәсіби  даярлығын  дене 

тәрбиесінің құралдары арқылы қалыптастыру», п.ғ.д. дисс. авторефераты, – М., 1993. – 55 б. 

3.  Кузнецов  З.И.  Мектеп  жасындағы  балалардың  негізгі  дене  қасиеттерін  дамыту  // 

ғылыми конференциясының жинақтары, – Поланга, 1966 ж.  

4.  Сапарбаев  М.Б.  «Дене  тәрбиесі  пәнінің  мұғалімдеріне  үздіксіз  педагогикалық  білім 

беру жүйесінің теориясы мен практикасы», п.ғ.д. дисс. авторефераты. – Алматы, 1993. – 318 б. 

5.  Гейнца  К.А.  «Қазақстандағы  жалпы  білім  берегін  мектептердегі  1-9  сынын 

оқушыларының нұсқалық, бөлімдерін жете зерттеу», п.ғ.к.. дисс. авторефераты. – М., 1995. – 22 б. 

6.  Жұманова  А.С.  «7-9  жастағы  қазақ  балаларының  дене  тәрбиесі  ісінің  мазмұнын 

тәжірибеде дәлелдеу», п.ғ.к. дисс. авторефераты, – Алматы, 1997 

 

 

 



 

Ж.Е. Турманова  

Астана қ. (Қазақстан) 

 

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН МАМАНДАРДЫҢ 



ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІКТІЛІГІ 

 

Нарықтық  қоғамда  еңбек  ресурстарын  басқарудың  маңызы  арта  түсуде.  Қоғамдық 



дамуға ғылыми-техникалық прогрестің соңғы нәтижелерін қолдану өнім сапасын арттыруға, 

еңбек  ресурстарына  деген  көзқарасты  өзгертіп,  еңбекке  шығармашылық  жағынан  қарауға 

және  жоғары  дәрежеде  мамандар  дайындауға  ықпал  жасайды.  Қазіргі  таңда  экономиканың 

қарқынды  дамуына  байланысты  мемлекеттік  қызмет  көрсетудің    сапасына  басқа  қырынан 

қарау  орын  алуда.  Бұған  дәлел,  Елбасының  27  қаңтар  2012  жылғы  Қазақстан  халқына 

«Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  кезекті 

жолдауында сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесіне айқын басымдылық бергенінде. 



жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау