Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет123/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   211

              244 

 

«Сабақ  беру  –  үйреншікті  жай  шеберлік  емес,  ол  үнемі  жаңадан  жаңаны  табатын 



өнер»,  -  деп  Ж.Аймауытов  айтқандай  білім  беру  жүйесіндегі  қазіргі  заман  талабы  сабақ 

өткізудің  жаңа  әдістері  мен  инновациялық,  ақпараттандырылған  оқыту  технологияларын 

пайдалану.  

Білім  беру  барысында  білім  алушылардың  танымдық  қабілетін,  білімдерін  одан  әрі 

дамыту, тереңдету,  ізденімпаздығын арттыру, оқуға белсенділігін арттыру, ойлауды дамыту 

әрбір педагог үшін кәсіби парыз. 



 

Әдебиеттер 

1.  Бітібаева Қ. Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі. – Астана: Дарын, 2012 

ж. – 271б. 

2.  Технология как средство обучение второго поколения. Народное образование, 1998 ж. 

3.  Байтанасова  Қ.  Айтуғанова  С.  Қазақ  әдебиетін  оқыту  әдістемесі.  –  Астана: 

Фолиант, 2011 ж. 158 б. 

 

 

 

 

А.К. Ибраева  

Астана қ. (Қазақстан) 

 

БІЛІМ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІ ТЕРЕҢ 

ІЗДЕНІСКЕ БАУЛУ 

 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  «Білім  беру  жүйесінің  басты 

міндетi  –  ұлттық  және  жалпыадамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері 

негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау, 

оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру»  –  деп  білім  беру 

жүйесін  одан  әрі  дамыту  міндеттері  көзделеді.  Ұлттық  білім  үлгісінің  негізгі  бағыты  – 

адамды  қоғамның  ең  негізгі  құндылығы  ретінде  тану,  оның  қоғамдағы  орны  мен  рөліне, 

әлеуметтік жағдайына, психологиялық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани 

жан  дүниесінің  баюына,  саяси  көзқарасының,  шығармашылығы  мен  белсенділігінің,  кәсіби 

іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру [1]. 

XXI ғасыр ақпараттар тасқынын жаһандану үрдісін өмірімізге алып келді. Сондықтан 

оқыту  үрдісінде  ақпараттық  коммуникативтік  технологияларды  пайдалану  –  өзекті  мәселе 

[2]. 

Ақпараттық-коммуникативтік  технология  ақпараттық  құралдармен  жұмыс  істеуге, 



оқу  барысында  компьютерді  пайдалануға,  модельдеуге,  электрондық  оқулықтарды, 

интерактивті  тақтаны  қолдануға,  интернетте  жұмыс  істеуге,  компьютерлік  оқыту 

бағдарламаларына  негізделеді.  Ақпараттық  әдістемелік  материалдар  коммуникативтік 

байланыс  құралдарын  пайдалану  арқылы  білім  беруді  жетілдіруді  көздейді.  Ақпараттық-

коммуникативтік  технологиялардың  келешек  ұрпақтың  жан-жақты  білім  алуына,  іскер  әрі 

талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық 

жағдай  жасау  үшін  де  тигізер  пайдасы  аса  мол.  Жаңа  ақпараттық  технологияның  ішінде  ең 

тиімді 


технологияларға: 

оқытудың 

компьютерлік 

технологиясы, 

мультимедиялық 

технологиялар, презентациялық технологиялар, қашықтықтан оқыту технологиялары кіреді. 

Қазақ  тілі  сабағында  деңгейлік  тапсырмаларды  интерактивті  тақтаның  көмегімен 

меңгерту,  мультимедия  арқылы  модельдеу  жеке  тұлғаның  компьютер  арқылы  қатысымға 

түсу  мүмкіншілігін  туғызып,  білікті,  қабілетті  тұлғаны  қалыптасуына  ықпал  етеді. 

Монитордағы көрнекіліктер мен анимациялардың тілдік заңдылықтарды үйренудегі пайдасы 

зор.  Интерактивті  тақта  –  жаңа  материалды  өте  қызықты  және  қарқынды  етіп  түсіндіруге 



              245 

 

көмектесетін көзге көрінетін құнды құрал. Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар 



көмегі  арқылы  танысуға  мүмкіндігі  зор.  Ол  сызбаларды  түсіндіруді  жеңілдетіп,  қиын 

мәселелерді  шешуге  көмектесе  алады.  Оқытушылар  өздерінің  жаңа  ойларын,  идеяларын 

әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Зерттеулер 

көрсеткендей,  түрлі  ресурстарды,  қызықтыруларды  ұлғайта  отырып  қолданса,  оқытушылар 

үшін  де,  оқушылар  үшін  де  интерактивті  тақта  сабақты  қызықты  ететіні  анықталды. 

Интерактивті тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқушылардың білімдерін тексере де алады.  

ХХІ  ғасырдың  маманы  –  жаратылыстану  мен  гуманитарлық  ғылымдар  бойынша  ой-

өрісі  кең,  жан  дүниесі  бай,  ұлттық  менталитеті  жоғары,  кәсіби  білікті  маман,  адамдармен 

дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара 

тұлға  болуы  тиіс.  Осы  дара  тұлғаны  қалыптастыруда  білім  беруде  тиімді  технологияларды 

қолдана  білу  керек.  Осындай  технологияларға  –  «Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан 

ойлауды  дамыту»,  Ж.А.  Қараевтың  «Саралап-деңгейлеп  оқыту»,  Н.А.Оразыханованың 

«Сатылай 

кешенді 


оқыту» 

технологияларын 

жатқызуға 

болады. 


Қазақ 

тілінің 


заңдылықтарын  терең  меңгертуде  тиімді  технологиялардың  бірі  –  сатылай  кешенді  оқыту 

технологиясы [3]. 

Сатылай  кешенді  оқыту  технологиясы  дегеніміз  –  оқыту  мақсаты,  міндеттері,  әдіс-

тәсілдері,  өзіндік  ерекшелігі  бар  және  білім  алушыларға  білімді  ғылыми  негізде  сатылай, 

жүйелі,  кешенді  меңгертіп,  оларға  ұлттық  құндылықтарды  бағалай,  қолдана  білуге 

машықтандыратын  оқыту.  Бұл  технология  дидактиканың  табиғилық,  түсініктілік, 

ғылымилық,  жүйелілік,  бірізділік,  көрнекілік,  беріктілік,  саналылық  пен  белсенділік,  жас 

ерекшеліктерін  есепке  алу,  теорияның  практикамен  байланысы  ұстанымдарын  басшылыққа 

алады.  Сатылай  кешенді  оқыту  технологиясының  басты  қағидаларының  бірі  –  жоғары 

қиындықта оқыту. 

Сатылай  кешенді  оқыту  технологиясында  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  қарым-

қатынас  жаңа  қағидаларға  негізделеді.  Олар:  ынтымақтастық,  өзара  сыйластық,  түсіністік, 

әріптестік,  сияқты  қасиеттер.  Мұғалім  –  бұл  жағдайда  дайын  білімді  түсіндіріп  қоюшы, 

бақылаушы,  бағалаушы  емес,  танымдық  іс-әрекетті  ұйымдастыратын  ұжымдық  істердің 

ұйытқысы. Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі – тілдік ережелерді құрғақ жаттату емес, 

алған 


теориялық 

білімдерін 

практикалық 

тұрғыдан 

қолдана 

алу 


машықтығын 

қалыптастыруында.  

Мысалы япырмау деген одағайға  сатылай кешенді талдау төмендегіше жасалады. 

1. Бұл сөз бір құрамнан тұр: япырмау 

2. Тұлғасына қарай – туынды түбір япырм-ау 

3. Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана түбірден тұр. 

4. Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар. 

5. Лексикалық мағынасы – адамның көңіл-күйіне берілген атау. 

6.  Грамматикалық  мағынасы  –  лексикалық  мағынаның  жалпылануынан  жасалған 

жалпы грамматикалық мағына – одағай. 

7. Мағынасына қарай – көңіл-күй одағайы. 

Сатылай  кешенді  талдау  білім  алушыларға  қазақ  тілі  ғылымының  мазмұны  мен 

жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын және 

әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. 

Қазақ  тілін  ғылыми  негізде  терең  меңгермейінше,  бүгінгі  заман  талабына  лайықты 

білімді,  жан-жақты  ана  тілінің  болашағын  биіктен  көрсете  білетін  ұрпақ  тәрбиелей 

алмаймыз.  Халқымыздың  рухани  көсемі  Ахмет  Байтұрсынов  «Мұғалім  әдісті  көп  білуге 

тырысу  керек.  Оларды  өзіне  сүйеніш,  қолғабыс  нәрсе  есебінде  қолдану  керек»  дегендей, 

оқыту  барысында  ең  озық,  тиімді  технологияларды  орынды  қолданған  жағдайда  ғана 

бәсекеге қабілетті маман дайындай аламыз. 

Өз іс тәжірибемде осы аталған технологияларды қолданып жүрмін. Бұл технологиялар 

оқушыларды  ізденіске  жетелеп,  белсенділігін  арттырады.  Іс  тәжірибемде  ақпараттық 




жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау