Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет119/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   211

              236 

 

 



Литература 

1.  Минералова И.Г. Детская литература: Учеб.пос. – М., 2002. –127 с. 

2.  Кравцов Н.И. Славянский фольклор. – Москва. 1987. – 257 с. 

3.  ДушечкинаЕ.В. Проблема календарной словесности. – 1995. – 258 с. 

4.  Петрушевская Л.СМальчик Новый год. – М: Изд. «Коммерсантъ», 2007. 

5.  Токарева 

В. 

Рождественский 



рассказ. 

[Электронный 

ресурс] 

http://isidor.ru/author/2044/books/55608/tokareva_viktoriya_samoylovna/rojdestvenskiy_rasskaz 



 

 

 

 

А. Шормақова 

Қ.Таңатарова 

Астана қ. (Қазақстан) 

 

ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ШӘКӘРІМ 

ШЫҒАРМАЛАРЫН ЖАҢАША ОҚЫТУ 

 

Қазақстан  Республикасы  «Білім  туралы»  Заңында:  «Білім  беру  жүйесінің  басты 



міндеті  –  жеке  адамның  шығармашылық,  рухани  және  дене  мүмкіндіктерін  дамыту, 

адамгершілік  пен  сауатты  өмір  салтының  берік  негіздерін  қалыптастыру,  жеке  басының 

дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту», – деп көрсетілген [1].  

Дамыта оқыту мен танымдық қызығушылығын арттыру бағытындағы педагогикалық 

технология  В.В.  Давыдов,  Л.В.  Занков,  Г.И.  Щукина,  проблемалап  оқыту  М.Махмутов, 

А.Матюшкин,  В.Оконь,  «Дидактикалық  бірліктерді  ірілендіру»  П.М.Эрдниев  еңбектерінде 

жан-жақты  қарастырылды  [2].  Қазіргі  білім  беру  жүйесінде  әдіскерлер  осы  жаңа 

технологиялардың элементтері негізінде оқу материалын түрлендіріп, жаңартып, насихаттап 

жүр. 

Оқыту үдерісінде дамыта оқыту технологиясы кең қолданыста деуге болады. Дамыта 



оқыту  жүйесіне  ерте  кезден  бастап-ақ  ұлы  педагогтар  Я.А.  Каменскийдің,  орыстың  ұлы 

ағартушысы  К.Д.  Ушинскийдің  қосқан  үлестері  мол.  Ал  дамыта  оқыту  үдерісінің  ғылыми 

негіздемесі Л.С.Выготский есімімен байланысты қалыптасты.  

«Дамыта  оқыту»  деген  термин  психология  ғылымында  туып,  баланың  дамуын 

қалыптастырған  Ж.Пиаженің  еңбегінде,  ойлаудың  әртүрлі  деңгейі,  типтері  Л.С.Выготский 

еңбектерінде жан-жақты талданды [3, 8]. Осылардың негізінде дамыта оқыту проблемасына 

арналған  эксперименттер  жасалды.  Оның  бірін  –  В.В.Давыдов,  ал  екіншісін  –  Л.В.Занков 

басқарды. 

Дамыта  оқытуда  тұлғаның  ізденушілік-зерттеушілік  әрекетін  ұйымдастыру  басты 

назарда болады. Яғни, сабақ төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады: 

1.  Оқу мақсаттарының қойылуы; 

2.  Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру; 

3.  Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу [3, 11]. 

Білім  алушының  алдына  оқу  мақсаттарын  қоюда  ешқандай  дайын  үлгі  берілмейді. 

Мақсатты шешу – іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. 

Оқытушы сабақ үдерісін ұйымдастырушы адам ретінде, шешім табылған кезде әркім 

оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр студентке өз ойын, пікірін ойлауға 

мүмкіндік  беріледі,  жауаптар  тыңдалады.  Әрине,  жауаптар  барлық  жағдайда  дұрыс  бола 

бермейді. Дегенмен әр студент жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс 

жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді. 




              237 

 

Дамыта оқыту  –  күрделі  құрылымды  педагогикалық  жүйе  [4,  11].  Оның  нәтижесінде 



әр  студенттің  өзін-өзі  өзгертуші  субъект  дәрежесіне  көтерілуі  көзделіп,  оқыту  барысында 

соған лайық жағдайлар жасалады. Сонымен, қазіргі кездегі сапалы білім беруге бағытталған 

дамыта оқыту психологиясы – студенттің ақыл-ойын дамытуға арналған теориялық әдістерді 

қолдана  отырып,  бағдар  алған  оқыту  жүйесі  [5,  18].  Дамыта  оқытуда  –  білім  алушы  өз  іс-

әрекетін  өзі  құруға,  өзін-өзі  дамытуға,  білімді  өз  бетімен  меңгеруге,  өз  ойын  еркін  айтуға, 

дәлелдеуге,  шешімнің  дұрыс-бұрыстығын  қабылдауға,  өз  бетімен  іздену  жұмыстарын 

жүргізуге, өзін-өзі бағалауға үйретіледі. 

Дамыта  оқыту  –  сабақтардағы  ерекше  ахуал,  оқытушы  мен  студент  арасындағы 

ерекше  қарым-қатынас.  Оқытушы  –  бұл  жағдайда  дайын  білім  түсіндіріп  қоюшы, 

бақылаушы,  бағалаушы  емес,  танымдық  іс-әрекетті  ұйымдастыратын  ұжымдық  істердің 

ұйытқысы. 

Тек 


осындай 

оқыту 


ғана 

студенттің 

интеллектісінің 

көзін 


ашып, 

шығармашылығын  дамытады.  Студенттің  шығармашылық  қабілеті  оның  ойлау  мен 

практикалық әрекеттері арқылы дамиды. 

Дамыта  оқыту  жүйесінде  оқытушы  мен  студент  арасындағы  қарым-қатынас  жаңа 

қағидаларға  негізделеді.  Олар  –  ынтымақтастық,  өзара  сыйластық,  түсіністік  сияқты 

қасиеттер.  Бұл  технологияның  маңызды  тағы  бір  ерекшелігі  –  білім  алушыларды  жақсы, 

орташа  деп  бөлмей,  барлық  білім  алушының  дамуы  үшін  қолайлы жағдай  туғызуды  мақсат 

тұтуы.  Білім  алушының  өз  шамасы  келгенінше,  қабілеті  жеткен  жерге  дейін  еңбек  етуі 

ойластырылған. 

Сол  арқылы  ол  да  өзін  мүмкін  дәрежеге  дейін  дамыта  алады.  Бұл  жолда  оның 

қателесуі  мүмкін.  Мұнда  оқытушы  тарапынан  көрсетілген  сабырлылық,  байсалдылық оның 

өз күшіне деген сенімін арттырып, алға жетелейді деп есептелінеді. Ал студенттің дамуының 

негізі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті, әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. 

Қазақ  әдебиетін  осы  технология  арқылы  оқытуда  көп  нәтижелерге  қол  жеткізілді. 

Шәкәрім 

Құдайбердіұлы 

шығармаларында 

тілді 


байытар, 

көркем 


шығарманы 

шырайландырар  тәсілдер  мол.  Сол  амал-тәсілдердің,  тілдік-көркемдегіш  құралдардың 

қолданылуы,  ақынның  сөз  құбылту,  түрлендіру,  суреткерлік  шеберлігі  дамыта  оқыту 

технологиясы  арқылы  ашылды.  Шәкәрім  Құдайбердіұлы  поэзиясының  көркемдік 

ерекшеліктерін  ашу  үшін  оның  дүниетанымына  бойлау,  сол  арқылы  қазақтың  өлең 

өрнегіндегі  өзіндік  нақышын,  даралық  стилін  таныту  сабақтың  басты  мақсаты  болып 

табылды.  

Тақырыптық  мазмұны,  көркемдік  болмысы  алуан  түрлі,  әрі  күрделі  Шәкәрім 

поэзиясын  дамыта  оқыту  технологиясы  арқылы  меңгертуде  төмендегі  нәтижелерге  қол 

жеткізілді: 

Біріншіден, ақын поэзиясындағы өлеңдік өрнектер, көркем суреттеулер ашылды.  

Екіншіден,  Шәкәрімнің  лирикалық  кейіпкерлерді  сомдауда  «шын  нұр»,  «шын  асық», 

«таза  ой»,  «от  жүрек»,  «тәтті  тіл»,  «таза  жан»  [6]  т.б.  көптеген  эпитеттік  қолданыстарды 

түрлендіре  қолдануы  ақынның  қаламгерлік  қолтаңбасын  айқындайтын  айрықша  белгі 

екеніне көз жеткізілді. 

Үшіншіден,  ақын  поэзиясындағы  адам  мәселесі  өзгеше  өрнекпен  суреттеледі. 

Суреткер  осы мәселені  шешуде  жаңа  метафоралар  мен  ауыстыруды  түрлендіре  қолданғаны 

анықталды. 

Төртіншіден,  ақын  өлеңдері  фразеологиялық  оралымдармен  бейнелі  суретті 

сөздермен  дараланады.  Мысалы,  «сұм  жүректің  оянбауы»,  «жебір  ұлық  қылған  іс»,  «өлі 

жүрек»,  «көңілдің  қабағы  салбырады»,  «залым  ғалым»,  «сұм  ақын»,  «тозған  ой»,  «азат 

ақыл», «күңшіл мұңдар» сияқты алуан сипатты сөз образдары ашылды. 

Қорыта  айтқанда,  оқу  материалын  дамыта  оқыту  технологиясы  арқылы  түрлендіріп, 

жақсы нәтижелерге жетуге болады: жаңа теориялық білім аз уақыт  ішінде өнімді игертіледі 

әрі  көбірек  біліктілік  пен  дағды  қалыптастыруға  мүмкіндік  беріледі,  студенттің 

шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасалады. 




жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау