Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет122/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   211

              242 

 

-  түрлі  ұлттар  әдебиетінегі  тақырыптық,  идеялық,  сюжеттік  ұқсастықтарды,  бейне 



жасаудағы  типологиялық  байланыстарды  анықтау  арқылы  өзге  ұлттардың  ерекшеліктерін 

тануы; 


-  көркем  шығарманы  тану  арқылы  қоғамдық-әлеуметтік  ортадағы  өз  орнын  таба 

білуі; 


-  эстетикалық талғам мен көркемдік таным дағдыларының қалыптасуы; 

-  жастардың сөз мәдениетінің, тіл талғамының орнығуы.  

Осыларға қоса білім алушылардың сабақта өз елінің тарихын тануы, қоршаған ортаны 

тануы,  дүниедегі  ең  қымбат  не  екенін  және  ақ  пен  қараны  ажырата  білуі,  өзін-өзі  және 

қоғамдық-әлеуметтік  ортаны  дұрыс  тани  білуі  олардың  дүниетаным  негіздерінің 

қалыптасуына ықпал етеді. Міне, осындай танымдық қызығушылықтары арту үшін оқытушы 



есті,  ойлауды,  елестетуді,  сөйлеуді  байыту  бағытындағы  оқыту  әдістерін  қолданатыны 

белгілі.  Сол  кезде  оқытушы  білім  алушылардың  оқуға  ынтасын  оятып,  қызығушылығын 

арттыра  алады.  Педагогтің  алға  қойған  мақсаты  да  сол,  яғни  талабы  таудай  жеке  тұлғаны 

іздеп  табу,  оны  өсіру,  әр  білім  алушының  танымдық  қабілетін  дамытып,  саналы  деңгейге 

көтеру, адам дәрежесіне жеткізу. 

Танымдық  мәні  бар  тапсырмаларға  негізінен  ойлауға  арналған  тапсырмалар  кіреді. 

Жоғарыда  атап  өткендей,  есті,  ойлауды,  елестетуді,  сөйлеуді  байыту  бағытындағы  оқу 

әдістері енетін технологиялардың бірі – дамыта оқыту технологиясы.  

Дамыта  оқытудың  тіл  дамыту  үрдісіндегі  орны,  маңызы  ерекше.  Дәстүрлі  оқытудың 

басты мақсаты білім беру, білім алушылардың іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру болса, 

дамыта  оқыту  білімді  де,  тәрбиені  де  жеке  тұлғаға  бағыттай  отырып,  оны  жан-жақты 

дамытуды,  танымдық  қабілеттерін  арттыруды  мақсат  етеді.  Дамыта  оқыту  білім  алушыны 

субъект ретінде қарастырады.  

Дамыта  оқыту  жеке  тұлғаның  ойлауын,  танымын,  есте  сақтау  қабілетін,  эмоциясын, 

сезімін, жан дүниесін, тілін, ерік-қайраты, мінезін, дарынын дамытуға бағытталады. Ал бұл 

қабілеттер  тұлғаның  дүниетанымын  кеңейтетін  негізгі  себептер.  Қ.  Бітібаева  дамыта  оқыту 

тұлғаның  шығармашылық  ойлауын  дамытуға  ықпал  ететінін  айтады.  Ал  шығармашылық 

ойлау  адам  дамуының  ең  жоғарғы  биігі  болып  табылады  дейді.  Оқытудың  бұл  түрі  білім 

алушылардың теориялық ойлау, танымдық қабілеттерін дамытуды негізгі мақсаты етеді. Ал 

енді теориялық ойлау – білім алушының бір нәрсе, құбылыс туралы, олардың жаратылысы, 

мән-мағынасы,  қасиеттері  туралы  зерттеулерінің  сөз  арқылы  көрініс  табатын  іс-әрекеті. 

Дамыта оқытудың ерекшелігін ғалым былай көрсетеді: 

-  білім  ғана  емес,  білім  алушылардың  абстрактілі  ойлау  іс-әрекеттері,  ғылыми-

танымы, тұлғалық қасиеттерін дамытудың алдыңғы кезекте тұруы; 

-  оқу үрдісінің тікелей тұлғаға бағытталуы; 

-  оқушы – субъектінің, білімді өз ізденісі, жетістіктері арқылы алуы; 

-  оқытушы  –  әр  баланың  танымдық  түйсігін  оята  отырып,  оларды  даму  аймағына 

кіргізуші; 

-  оқытушы  оқушыларға  дайын  біліммен  емес,  проблемалық  сұрақпен  келеді, 

берілетін  білім  проблемалық  баяндау  негізінде  болады.  Оны  шешу,  мақсатқа  жету 

оқушының өз іс-әрекеті арқылы жүреді.  

Тақырыпқа байланысты түрлі сұрақтар қою, жеке пікірін сұрау, тақырыпта көтерілген 

мәселені  талқыға  салу  –  дамыта  оқытудағы  басты  тәсілдердің  бірі.  Мысалы  ақиық  ақын 

Мұқағали  Мақатаевтың  «Аққулар  ұйықтағанда»  поэмасын  оқыту  үшін,  оқытушы  бірден 

білімді  бермей  білім  алушылардың  өзін  сөйлетеді.  Шығармаға  кірісу  үшін  ой  шақыру 

мақсатында  және  танымдық  қабілеттерін  арттыру  мақсатында  мынадай  сұрақтар  қоюға 

болады: 

1. Аққу қандай құс?  

2. Табиғат адамға не үшін қажет?  

3. Ананың адам өміріндегі орны қандай? 




              243 

 

Міне, осы сұрақтарға білім алушылар жауап беру арқылы және бір-бірінің танымдық 



қабілеттерін көру арқылы және оқытушының да пікірі арқылы өздерін дамытады. Аққу, ана, 

табиғат  ұғымдары  туралы  танымдары  кеңейеді.  Әрі  қарай  шығарманың  кейіпкерлері, 

композициялық  құрылымы,  мазмұнымен  танысады.  Соңында  шығарманың  көркемдік 

шешіміне  байланысты  өз  ойларын  ортаға  салу  арқылы  дүниетанымдары  тереңдей  түседі. 

Мысалы, 


білім алушылар «Аққу» және «Ана» тобы болып екіге бөлінеді. «Аққу» тобы

 қандай 


жағдай болмасын аққуды атуға болмайтындығын, оның киесі барын дәлелдейді. «Ана» тобы 

ананың  бала  үшін  кез  келген  қадамға  баратындығын,  сондықтан  осы  әрекетті  жасауға 

мәжбүр болғанын дәлелдейді. Міне, осылайша білім алушы поэманың мазмұнымен танысып 

қоймай, өздерінің шығармашылық ойлау, пікір білдіру қабілеттерін дамытады.  

Дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып жүргізілген сабақтардағы оқытушы-

оқушы іс-әрекетін Қ. Бітібаева былай көрсетеді: 



Оқытушы  қызметі:  оқушыларды  дербес  таным  әрекетіне  кірзігу;  талдаушы, 

саралаушы,  коррекция  жасаушы;  ықпал  етуші,  көмекші,  ақылшы,  психологиялық  жағымды 

ахуал, эмоция тудырушы, мадақтаушы. 

Оқушы қызметі: Ізденуші, зерттеуші; табушы, жаңа өнім жасаушы, білімді өз бетімен 

алушы, өзін-өзі, достарын тексеруші, бағалаушы, сараптаушы. 

Білім  алушылардың  танымдық  қабілеттерінің  артуына  көмектесетін  келесі  оқыту 

технологиясының  бірі  –  проблемалық  оқыту  технологиясы.  Проблемалық  оқыту 

шығармашылық  жұмыстарды  жүргізудің  ең  өнімді  жолы  болып  табылады.  Оның  басты 

себебі,  проблемалық  оқыту  технологиясының  өзіндік  ерекшелігінде  жатыр.  Проблемалық 

оқытуда  білім  алушылар  бейтаныс,  белгілі  емес  мәселелерді  өз  беттерінше  шешуге 

жұмылады.  Проблемалық  ситуацияны  шешу  арқылы  білім  алушылардың  шығармашылық 

ойлауы дамиды, интеллектуалдық таным үрдісі жетіледі.  

Ойлау үрдісі тоқтаусыз жұмыс істейді. Ойлаумен бірге тілдері де дамиды.  

Проблемалық  оқытуға  негізделген  жұмыстар,  тапсырмалар  білім  алушылардың  ғана 

өзіндік  ойлауына,  өзіндік  ізденісіне  бағытталады,  білімді  өз  беттерімен  алуға  жол  ашады, 

таным  белсенділігін  арттыруға  түрткі  жасайды.  Проблемалық  оқытуға  негізделген 

шығармашылық  тапсырмалардың  ең  басты  белгілері,  білім  алушылардың  белсенді  дербес 

ізденісі,  өзіндік,  шығармашылық  ойлауы  арқылы  проблемалық  ситуацияны  шешулерінде. 

Мысалы,  қазақ  тілі  пәнінде  «Егер  мен  Қазақстан  Парламентіне  депутат  болсам»  деген 

тақырыптағы сабақты өткізу барысында, студенттерді үш топқа бөліп, әр топқа проблемалық 

сұрақтар беруге болады. Бірінші оқытушы білім алушыларды іздену, зерттеу іс-әрекеттеріне 

кіргізеді.  Яғни,  оқытушы  алдына  проблема  қояды,  ол  проблемаға  балалардың  назарын 

аударады,  сабақ  түсіндіру  барысында  сұрақ-жауап,  басқа  да  өнімді  тәсілдер  арқылы  оны 

шешуге түрткі жасайды. 

1  топ  сұрағы:  Егер  сен  депутат  болса,  Қазақстандағы  білім  беру  деңгейін  көтеру 

үшін білім саласына қандай өзгерістер енгізіп, ұсыныстар айтар едің? 

2  топ  сұрағы:  Егер  сен  депутат  болсаң,  «Қарттар  үйін»  мүлдем  жауып  тастау 

үшін не істер едің? Осы мәселені қалай шешер едің? 

3 топ сұрағы: Егер сен депутат болсаң, «Балалар үйін» мүлдем жауып тастау үшін 

не істер едің? Осы мәселені қалай шешер едің? 

Білім  алушылар  проблеманы  шешу  үшін  болжам  жасайды,  дәлелдеу,  салыстыру, 

қорытынды  шығару  тәсілдерін,  амалдарын  іздестіреді.  Өз  беттерімен,  өз  ізденістерімен 

мақсатқа жету үшін еңбектенеді. Осылайша білім алушылардың таным белсенділігі артады.  

Әдебиеттен  білім  беруде  интерактивті  оқыту  технологиясының  әдістері  де 

танымдық қабілеттерін арттыруға өте тиімді болып келеді. Ол, әсіресе, тіл дамыту үрдісінде 

де  белсенді  әрекет  атқарады.  Оған:  диспут,  дискуссия,  дебат,  конференция,  рөлдік  ойындар 

жатады.  Көбінде  ауызекі  сөйлеу  түрі  арқылы  жүзеге  асатын  жұмыстарға  пайдалы  болып 

келеді.  



жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау