ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР
МИНИСТРЛІГІ
«ҚАЗПОШТА» АҚ
КЕЛІСІЛДІ
«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ
Басқарма төрағасының орынбасары
_____________ Ж.З.Жахметова
«______» _________ 2018 жыл
|
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру саласында мемлекеттік саясат департаментінің директоры
__________________ Д.Н.Бекманов
«______» ___________ 2018 жыл
|
«Электрондық сауда» курсы бойынша семинардың
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
ӘЗІРЛЕНДІ
Трансформация және IT жөніндегі басқарушы директор –
Басқарма мүшесі, «Қазпошта» АҚ
_____________ Н. Н.Мукушев
«______» __________ 2018 жыл
|
Астана қаласы. 2018 жыл
КЕЛІСУ ПАРАҒЫ
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
№
|
Аты-жөні
|
Лауазымы
|
Қолы
|
1.
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
3.
|
|
|
|
«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ
№
|
Аты-жөні
|
Лауазымы
|
Қолы
|
1.
|
Жуманалиева Л.С
|
Цифрлық дағдыларды дамыту департаментінің директоры
|
|
2.
|
Абдыгалиева Г.Д.
|
Цифрлық дағдыларды дамыту департаментінің бас талдаушысы
|
|
«Қазпошта» АҚ
№
|
Аты-жөні
|
Лауазымы
|
Қолы
|
1.
|
Мустафин Султан
|
eCommerce департамент директоры
|
|
2.
|
Абдильдин С.Т.
|
«Қазпошта» АҚ е-сервистер департментінің директоры
|
|
3.
|
Әміржанұлы Ерлан
|
eCommerce департаментінің бас менеджері
|
|
4.
|
Шамишева Л.Ә.
|
«Казпошта» АҚ е-сервистер департментінің менеджері
|
|
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы «болашақ экономикасының секторы» деп аталатын экономиканың ең қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту Цифрлы Қазақстан Мемлекеттік бағдарламасының басымдықтарының бірі болып табылады, ол қазіргі Қазақстанның экономикасы үшін маңыздылығын көрсетеді.
Дамыған және дамушы елдерде электрондық коммерция қарқынды дамып келеді, оның оң әсері бизнес саласына ғана емес, елдегі халықтың өмір сүру сапасына да тұтастай алғанда әсер етеді.
Электрондық сауда - бұл телекоммуникация желілері арқылы жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстар және қызметтерді сатуға арналған кәсіпкерлік қызмет.
Атап айтқанда, электрондық сауданың арқасында, мысалы, халықаралық саудаға қатысу арқылы халық әлдеқайда арзан бағамен тауарлардың көп мөлшеріне қол жеткізе алады. Бизнеске әсер ету тұрғысынан алғанда, электрондық сауданың өсіп келе жатқан танымалдылығы осы салада өз бизнесін ашуды қалайтын адамдар санының артуына әкеледі.
Курстың мақсаты:
|
Электрондық сауда бойынша азаматтардың білімі мен іскерлігі деңгейін арттыру
|
Курстың міндеті:
|
тыңдаушыларды интернет саудасының мүмкіндіктерімен таныстыру. Азаматтардың қызығушылығын арттыру, сондай-ақ интернет сауданы пайдалану деңгейін арттыру;
құрылым сайты арқылы коммуналдық қызметтерге онлайн төлем мүмкіндігімен танысу.
|
Тыңдаушыға қойылатын талаптар:
- дербес компьютермен, интернет-браузерлермен, папкалар және файлдармен жұмыс істеу дағдысы;
- смартфондармен / планшеттермен жұмыс істеу дағдысы;
- ЭСҚ-ның болуы;
- ұялы қосымшаны орнату үшін смартфон / планшеттің болуы (міндетті емес).
Тыңдаушы курсты оқу нәтижесінде төмендегіні білуі тиіс:
интернет сауданың негізгі мақсаттары мен артықшылықтары;
интернет желісінде қауіпсіз сатып алу;
интернет дүкен құру;
интернет дүкенін ілгерілету;
салық переференцияларын алуды білуі қажет.
интернет-дүкендерде сатып алу, сату, ілгерлету;
Интернет желісі арқылы қызметтерге төлем жүргізе (коммуналдық қызметке төлем төлеу) білуі тиіс.
Бағдарлама 2 аудиториялық сағатқа арналған. Курстың оқу материалына нақты оқу бағдарламасы, «Құрылым сайты» пайдаланушы нұсқаулығы кіреді.
Ұйым аумағында семинар өткізілген және компьютерлік сынып болмаған жағдайда семинар таныстырылым түрінде өткізіледі. Мұндай семинардың ұзақтығы - 1 академиялық сағат.
Тақырыптық жоспар
№ р/н
|
Тараулар мен тақырыптар атауы
|
Аудиторлық сағат
|
ТС
|
Барлығы, мин
|
Дәріс, мин
|
1
|
Электрондық сауда мүмкіндіктері.
Тапсырыс беруді ресімдеу.
Төлеу.
Жеткізу.
|
15
|
15
|
Проектор, дербес компьютер/ноутбук, Интернет желіге қол жетімділік
|
1.1
|
Интернет-дүкенді қалай ашу керек.
Базалық дағдылар.
|
10
|
10
|
Проектор, дербес компьютер/ноутбук, Интернет желіге қол жетімділік
|
1.2
|
Өз сайтыңызды қалай дамытуға болады (Html базалық дағдылары).
Платформа таңдау.
Доменді сатып алу және т.б.
|
20
|
20
|
Проектор, дербес компьютер/ноутбук, Интернет желіге қол жетімділік
|
1.3
|
Интернет-дүкенді ілгерлету.
|
15
|
15
|
Проектор, дербес компьютер/ноутбук, Интернет желіге қол жетімділік
|
1.4
|
Салық преференцияларын қалай алуға болады.
|
15
|
15
|
Проектор, дербес компьютер/ноутбук, Интернет желіге қол жетімділік
|
2
|
«Сайт құрылымы» порталының ерекшеліктері.
1. Құрылымның пошталық индексін табу.
2. Тұрғын рөлін алу.
3. Хабарландырулар мен талқылаулар.
4. Пәтер иелерінің кооперативтерінің жұмысын бақылау (бұдан әрі - ПИК).
|
30
|
30
|
Проектор, дербес компьютер/ноутбук, Интернет желіге қол жетімділік
|
2.1
|
Коммуналдық қызметтерді «Құрылым сайты» арқылы төлеу.
|
15
|
15
|
Проектор, дербес компьютер/ноутбук, Интернет желіге қол жетімділік
|
Жаттықтырушы үшін әдістемелік ұсынымдар
Түпкілікті мақсат:
- тыңдаушыларды интернет-дүкендерді пайдалануына қызықтыру;
- тыңдаушыларды тауар туралы ақпарат алуға қызықтыру;
- тыңдаушыларды өз интернет-дүкенін құру және ілгерілетуге қызықтыру;
- тыңдаушыларды «Құрылым сайты» веб-порталын пайдалануын қызықтыру.
Жаттықтырушының міндеті тыңдаушыға ақпаратты жеткізу ғана емес, сондай-ақ қызығушылық таныту (сендіру) немесе қандай да бір іс-әрекет (түрткі болу) түрінде жауап алу.
Материалды баяндау (Материал мазмұндамасы)
Материал мазмұны халықтың барлық жіктері үшін қолжетімділік ұстанымдарымен негізделуі тиіс. Материалды бяндағанда, электрондық сауданы талқылаудың негізгі артықшылықтарына назар аудару қажет.
Материалды ұсыну оқушыға ұсынылған білімі күнделікті өміріне, кәсіби қызметіне байланысты екендігі түсінігімен құрылуы қажет.
Аудиториямен жұмыс істеу
Семинарды өткізу аудиториямен міндетті түрдегі өзара әрекеттерді қамтиды. Сұхбаттасушыға бағдарлаусыз айтылған пікір монолог түрінде болатындығын ескеру қажет. Монолог түріндегі тілдесу ақпараттың шығын соммасы 50% -ға, ал кейбір жағдайларда бастапқы ақпарат көлемінен 80% -ға дейін жетуі мүмкін.
Семинардың барлық тарауларын қарастыру кезінде «коммуникативті» оқыту компоненті міндетті түрде болуы керек. Жеке блоктарды қарап шыққаннан кейін талқылауды ұйымдастыру қажет, сонымен қатар семинарға әрбір тыңдаушыны тарту маңызды.
1. Кіріспе
Электрондық сауда - бүкіл әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан сала. Жылдам дамып келе жатқан нарықтарда Интернет желісіне кеңжолақты қол жетімділікті белсенді тарату нәтижесінде бөлшек сауда секторының компаниялары үшін мүлдем жаңа нарықтар ашылады. Интернет желісі сондай-ақ, тұтынушыға, өнімдермен жылдам таныса алатындықтан және жергілікті сауда компаниялары ұсынатын тауарлар жоғары немесе төмен сапалы өнім тауары болып табылатынын анықтай алатындықтан, өнімді білу үшін көптеген мүмкіндіктер береді.
Тауарлардың электрондық саудасы - төмендегі талаптарды біруақытта сақтау кезінде интернет-дүкен және (немесе) интернет алаңы арқылы жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың тауарларды өткізу бойынша кәсіпкерлік қызмет:
тауарларды өткізу бойынша мәміле электрондық нысанда жүзеге асырылады;
- тауарларға ақы ақшасыз төлем бойынша жүзеге асырылады;
- сатып алушыға (немесе алушыға) тауарларды жеткізудің өзіндік қызметінің немесе жүкті тасымалдау, курьерлік және (немесе) пошта қызметін жүзеге асырушы тұлғалармен жасалған шарттардың болуы.
Мақсаты – Интернет желісінде бизнесті ұйымдастыру процессін қарастыру.
Келесідей негізгі міндеттерді қарастыру:
- түсінік беру және Интернет-бизнестің болмысын қарастыру;
- интернет-дүкенді ілгерілетуді қарастыру;
- электрондық сауданы ұйымдастыруды білу.
Оқу бағдарламасына № 1 қосымша
№1 дәріс
Электрондық сауданың мүмкіндіктері
Орындалу уақыты: 15 минут.
1. Тапсырысты ресімдеу:
- тауарлардың түрін анықтау керек: киім, тамақ, кітап, зергерлік бұйым және т.б.;
- тауар сәйкестендірілген жағдайда, іздеу жүйесінен теру қажет: «Онлайн брондау». Сілтемелерге өту арқылы, Сіз ұнаған нұсқаңызды табасыз.
- немесе танымал сайт бар. Мысалы, amazon.com, ebay.com – Америка мен Еуропадан тапсырыс беру үшін.
Төлем.
Қажетті тауарларды таңдаған кезде, пайдаланушы әдетте сайтқа төлем әдісін таңдауға мүмкіндік алады.
1. Банктік карточка – қолма қол ақшасыз есептесу түрі.
2. Терминалдар – төлем көшедегі төлем терминалдарында жүргізіледі.
3. Қолма-қол ақшаны төлеу – сатып алушы тауарды алған кезде курьерге қолма-қол ақшамен төленеді.
Салынған төлем – поштадан тауар алған кезде төленеді
Алаяқтық операцияға ұшырауы мүмкін төлем әдістерінің бар екендігіне және соның салдарынан адал интернет-дүкендерде пайдаланылмайтынына назар аударыңыз:
- Western Union аударымы. Аударымның бұл түрі тек жеке тұлғалар арасында ғана қолданылады, төлемді қайтып алу немесе наразылық білдіру мүмкіндігі жоқ.
қысқа нөмірге өзгеріссіз сомадағы SMS-төлемдер. Төлемді қайтарып алу немесе наразылық білдіру мүмкіндігі жоқ. Шағын сомалар, түбіртектер жоқ. Оның қарапайымдылығына байланысты ол жиі түрлі алаяқтық схемаларда пайдаланылады және әдетте жоғарыда айтылғандай мамандандырылған төлем жүйелерімен жұмыс істейтін маңызды интернет-дүкендерде пайдаланылмайды.
Жеткізу
Сатып алушымен тапсырыс төлемінен кейін, сатушы байланысқа шығып, тапсырыс берілетін орын мен уақытты нақтылайды.
Жеткізу:
- меншікті курьер қызметімен;
- жеткізу қызметін көрсететін компаниямен;
- поштамен – посылка немесе бандерольмен жүзеге асырылады.
Оқу бағдарламасына № 2 қосымша
№2 дәріс
Интернет-дүкенді қалай ашуға болады?
Орындалу уақыты: 10 минут.
Бүгінде онлайн-дүкендер әлемде күннен-күнге танымал болып келеді. Адамдар интернет-дүкендерден тамақ өнімдерінен бастап тұрмыстық техникаға дейін бәрін сатып алады. Интернетте сатып алу әлдеқайда ыңғайлы және қарапайым, оны үйден шықпай-ақ жасауға болады. Интернет-дүкендер әртүрлі, үлкен және кіші болуы мүмкін. Интернет-дүкенді нәрсе сатқысы келетін және қажетті білімі бар кез келген адам аша алады.
Интернет-дүкен – Интернет желісі арқылы тауар сататын сайт. Пайдаланушыларға интернет желісінде, өзінің браузерінде немесе мобильді қолданба арқылы сатып алу тапсырысын қалыптастыруға, төлем әдісін және тапсырысты жеткізу түрін таңдауға, тапсырыс төлемін жүргізуге мүмкіндік береді.
Интернет-дүкен құру және тауарларды сату үшін ең алдымен:
1. Нақты нені сатқыңыз келетінін жоспарлау;
2. Интернет желісі қажет – онлайн режимінде тапсырыс алу, клиенттерді пошта арқылы және басқа да веб қызметтер арқылы қолдау үшін;
3. Қойма-кеңсеге арналған орынжай қажет, онда сіздің қойма-кеңсеңіз орналасады, тауарлар қоймаланады және клиент тапсырыс берген тауарды «өздігінен жеткізу» режимінде беруге болатын мекенжай болып табылады.
Персонал – әкімшінің, жүргізушінің, қойма жұмысшысының, шеберлердің, яғни сіздің жұмысыңызды қамтамасыз ететін барлық адамдардың жұмысына ақы төлеу;
Интернет желісіндегі хостинг – ол интернет желісінде болатын компьютер, онда сіздің интернет-дүкеніңіз жұмыс істейтін болады.
Домендік атау – есте жеңіл сақталатын, ағылшын әріптеріндегі жарқын атау. (Мысалы: domen.kz)
Сондай-ақ, интернет-дүкендерді әзірлеумен айналысатын компаниялар бар.
Оқу бағдарламасына № 3 қосымша
№3 дәріс
Интернет-дүкенді ілгерілету
Орындалуы уақыты: 15 минут.
Интернет желісінде тауарды жылжытудың келесі негізгі түрлері бар.
Баннерлік жарнама. Баннерлік желілерде тауар мен қызметті жылжыту.
2. Хабарландыру тақталары, конференциялар арқылы өнімді жылжыту.
3. Интернет-жіберілулер, пошта жөнелтімдері арқылы өнімдерді жылжыту.
4. Интернеттегі өкілдіктер арқылы тауарларды нарықты жылжыту.
5. Іздестіруді оңтайландыру – Интернет желісінде ұзақ мерзімділікке ие жарнама және сондықтан да соңғы кездері көбірек танымал. Іздестіруді оңтайландыру сайтты іздестіру машиналарында кәсіпорынның көрінушілігін арттыру және пайдаланушының сұранысы бойынша берілетін нәтижелер туралы Интернет-сайттың ұстанымын жақсарту мақсатына ие. Бүгінгі күні ешқандай маңызды ресурс алдын ала оңтайландырусыз және одан әрі ілгерілетусіз табысты қызметке жету мүмкіндігіне ие емес. Баннерлік жарнамаға қарағанда, іздестіру машиналарындағы жарнаманың тиімділігі 6 есе жоғары. Статистика көрсетіп отырғандай, іздестіру машиналарынан өтетін кірушілердің өздері ең көп сатып алуды жасауда.
Оқу бағдарламасына № 4 қосымша
№4 дәріс
Салық преференцияларын қалай алуға болады?
Орындалу уақыты: 5 минут.
Онлайн сауда жасайтын кәсіпкерлер корпоративтік табыс пен жеке табыс салығын төлеуге 100% жеңілдікті пайдалана алады.
Жасалған салықтық преференциялар кәсіпкерлерге Интернет желісі арқылы сауда жасауға ынталандырады – кәсіпкерлер КТС (заңды тұлғалар үшін) және ЖТС (жеке кәсіпкерлер үшін) төлемінен босатылады.
Негізгі талаптар:
Міндетті түрде электрондық шарт жасау.
Қолма қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру.
Тауарды жеткізу: бизнесте өзінің курьерлік қызметі немесе курьерлік компаниямен шарты болуы тиіс.
90-ның 10-ға қағидасы сақталуы тиіс. Жеңілдікті қолдану үшін онлайн жылдық жиынтық табыс кем дегенде 90% құрауы тиіс.
Оқу бағдарламасына №1 қосымша
№5
«Құрылым сайты» порталының мүмкіндіктері
Орындалу уақыты: 30 минут.
Мақсаты: «Құрылым сайт» порталына көшуге халықтың қызығушылығын арттыру
Кіріспе
Құрылым сайты бұл - туристерге және жергілікті тұрғындарға құрылым тарихы, нақты заңды мекенжайы, қызмет көрсететін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың байланыс байланыс деректері туралы өзекті ақпараттарды, жергілікті атқарушы органдар, ПИК және т.б. құрылымына қатысты хабарландырулар алуға мүмкіндік беретін, әкімдік, ПИК өкілдері және тұрғындар арасындағы байланыс Интернет-алаңы. Құрылым сайтында коммуналдық және өзге де қызметтер үшін ақы төлеу сияқты электрондық қызметтерді алуға мүмкіндік бар.
Құрылымның пошталық индексін қалай білуге болады?
Орындалу тәртібі:
city.post.kz сайтын ашу;
Іздеу жолына құрылымның нақты мекенжайын енгізу;
Ашылмалы тізімнен мекенжайды таңдаңыз. Құрылым сайтына кіру.
Рөлі
Тұрғын рөлін қалай алуға болады?
Құрылым сайтына кіріңіз;
«Мен осында тұрамын» тетігін басыңыз.
ПИК/УК/Қоғамдық кондоминуим рөлін қалай алуға болады?
Құрылым сайтына тіркеліңіз;
ПИК/УК/Қоғамдық кондоминуим рөлін беру үшін әкімдікке өтініш білдіріңіз.
Әкімдік рөлін қалай алуға болады?
Әкімдік рөлін алу үшін аталған сайттың техникалық қолдауына жазу қажет.
Хабарландыру және талқылау
Хабарландыруды қалай орналастыруға болады?
Құрылым сайтына тіркеліңіз;
Бастапқы парақшада «Жаңа хабарландыру» тарауында хабарландырудың тақырыбын енгізіңіз;
«Хабарландыру мәтінін» енгізу;
«Сақтау» батырмасын басу.
Достарыңызбен бөлісу: |