255
Интернетте орналасқан мультимедиалық ақпарат үлкен өлшем-
дегі компьютерлік файлдарды көрсете алады. Бұл интербелсенділік
құралдары, аудио жəне бейне үзінділердің қосылуы, жоғары сапалы
графикалық суреттердің бар болуымен байланысты болуы мүмкін.
Каналдардың мүмкіндіктері мен сенімділігінің жетіспеушілігіне
байланысты бұндай ақпараттық ресурстарды оқу үдерісінде пайда-
лану қиынға соғуы мүмкін.
Көптеген жағдайларда телекомуникациялық жүйелердің
жоқтығы немесе нашар сапасына байланысты мəселелерді жою
үшін мұндай ресурстармен жергілікті режимде жұмыс істеу арқылы
іске асыруға болады. Мультимедиа-ресурспен жергілікті қатынас
жасау кезінде оқушылар ақпараттарды телекомуникациялық
желілерден емес, өз компьютерінің ішкі немесе сыртқы жадысынан
алады. Осыған байланысты ақпараттық ресурстардың мазмұны мен
ақпаратты ұсынудың тəсілдері интернетте орналасқандармен толық
сəйкес келеді. Көбінесе бұндай ресурстар телекомуникациялық
жұмыс барысында желілік ақпарат көздерінен тез көшіріледі, содан
кейін оқушыларға желі түрінде ұсынылады.
Бұндай жағдайда ұсынылған мультимедиалық ақпараттың
үлкен көлемеі салыстырмалы түрде оны тарату мен сақтау
үшін дəстүрлі иілгіш магнитті дисктерді қолдануға мүмкіндік
бермейді. Интернет-сайтты терудің сақталуы барлық компьютерлер-
де бар қатты магнитті дисктерді («винчестерлер»), қолдану арқылы
іске асады. Бірақ мультимедиалық ақпаратты бұл жолмен ұсыну
ақпараттың бір компьютерден басқа компьютерге ауысуын тежеп
тастайды.
Білім беру ортасында интернеттен алынған ақпараттарды сақтау
құралының ең сенімді түрі опикалық лазерлі компакт-диск (CD)
болып табылады. Ақпараттың осы сақтауышта оның физикалық
өлшеміне қатысты жазудың жоғары технологиялық əдісі мен
оқылуының арқасында мультимедиалық ақпараттық жоғары сапа-
сын көрсетеді.
CD оқу құралы ретінде қолданылуы мектептің оқу үдерісіне
келесі негізгі құндылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік жасайды:
- телекоммуникация құралдарында дəстүрлі түрде орналасқан
мультимедиа ақпараттарын оның құрылымы мен
визуализациясының ерекшелігі есебінде оқушыларға ұсыну;
- оқушыларға оқу курсы мазмұнын жəне олардың өзара бай-
ланысын, дағды жəне білік тренингтерін, білімді есте сақтау
256
мен бақылауды терең түсінуге арналған жаңа мүмкіндіктерді
ұсыну;
- оқушылардың жеке жұмысына педагогтар бөлген уақыт
жетіспеушілігінің өтемі, кейбір жағдайларда оқытушы
кəсібінің жетіспеушілігі;
- кері байланыспен кешенді мультимедиалық əсердің жүзеге
асырылуы;
- шектеулі уақыт ішінді өзін-өзі бақылауды қамтамасыз ету;
- оқу үдерісінде қолданылатын мультимедиалық ақпараттық
материалдың жоғары қозғалғыштығы, тасымалдауыштығы
жəне таратылымдылығы.
Білім беруді ақпараттандыруды құрастыру сұрақтары көп
аспектілі жəне қарапайым емес. Мұндай құрылымның техникалық
жəне технологиялық ерекшеліктері арнайы оқулықтарда
қарастырылады.
8.2 Білімді ақпараттандыру құралдарын дайындау
үшін мазмұнды іріктеу
Оқытудың мазмұнын талдау жəне білім берудегі қазіргі
мултимедиа-құралдары мұғалімдердің, əдіскерлердің, оқырман-
дардың бүгінгі таңдағы негізгі актуалды мəселелерінің бірі
болып отыр. Оқытуда жəне оқудағы түрлі тіл пəндерімен
жұмыс жасаудың арнайы оқыту мазмұнын жəне оқыту құры-
лымын қалыптастыратын оқытудың бірнеше түрлері бар. Бұл
мəселенің шешімі оңай болып отырған жоқ, себебі оқытуда
оқулықтарды, оқыту əдістемелік құралдарын ғана пайдаланып
оқыту жеткіліксіз, сондықтан оқыту барысында кешенді компьютер
техникасын пайдалана отырып, белгілі бір бағыт ашу керек болып
отыр.
Алғашқы туындайтын сұрақ, бұл мəселе тек білім берудегі оқыту
барысында ғана емес, сонымен қатар анықталған көзқарастағы
шектеусіз түрлі бағыттағы білім беру жүйелерінің мазмұнын да
қамтуы тиіс. Осы уақытқа дейін педагогика тарихында ғылым
мен білім беру арасындағы қатынас, ғылыми даму бағыттар тек
əдістемелік құралдар мен оқулықтарда ғана жүйелі түрде айтылып
келді. Оқулық оқыту барысындағы тек ғылыми жобалау ғана емес,
сондай-ақ білім беру жүйесінің дидактикалық қорытындысы жəне
257
тұлғаның дағдысы, білімі, ақыл санасының жетуі, материалдық-
практикалық тұрғыдан дамуы, əлеуметтік дамуы да болып табыла-
ды.
Оқыту көлемі – адамның ғылыми дамуының, жетілу
түсінігінің жиынтығы. Сонымен қатар білім беру облысы деп
білім беру əрекетіның мазмұны негізінде алынған жəне оқушының
психологиялық жас ерекшеліктеріне бейімделген пəндік аумақтың
көптігін айтады.
Білім беру басқармасында жобалауды ұйымдастыру мульти-
медиа-құрылғыларын келесідей негізгі этаптардан тұрады:
1. Оқу-танымдық бағытындағы жобаның негізін анықтау: оқу-
танымдық тұрғысынан қарастырылатын мəселенің көлемін анықтап
мəселелер мен оларды шешу жолындағы əдістерді анықтау жəне
түсінік беру;
2. Оқу пəніндегі заңдылықтарды жобалау;
3. Оқу пəніндегі заңдылықтарды жəне білім беру жүйесінің
компоненттері арасындағы байланыстарға баға беру;
4. Оқу пəніндегі білімнің жағдайын жобаға келтіру;
5. Оқу пəнінің білім берудегі мазмұны мен тапсырмалар көлемін
жобалау;
6. Кəсіби-педагогикалық көзқарасында берілетін тапсырмаларды
жобалау.
Оқу құралдарында кезең бойынша көрсетілген келесідей
бағыттар анықталады:
1. Зерттелетін пəндегі қазіргі ғылыми еңбектерге сүйене отырып,
(монография, ғылыми жұмыстар жəне т.б) ғылымның логикалық
құрылымын жасау;
2. Мазмұнның таңдау негізін қалыптастыру;
3. Берілген негіздер арқылы мазмұнның жобаланған құрылы-
мынан оқу элементтерінің санын таңдау (білім беру бағытында) жəне
көздеген мақсатқа жетуге таңдалған оқу элементтерінің санының
жеткілікті екеніне көз жеткізу.
Жоғарыда көрсетілген жоба формаларынан басқа білім беру
мазмұнына оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін жос-
парлау керек, оқушылардан алған білімін, меңгеру деңгейін əр
уақытта талап етіп жəне соны мультимедиалық-технологиялардың
көмегімен ұсына алуы тиіс.
Мультимедиа құрылғыларының ерекшелігі білім беру жолын-
дағы құрылымының жеңілдігі. Көптеген мүмкіндіктерінің бірі
Достарыңызбен бөлісу: |