Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет81/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   113

246
кета қорлары мен басқада түрлерде сақталатын кітапхана шығарған 
толық мəтінді мəліметтер қоры болуы мүмкін. Одан бөлек қазіргі 
заманғы кітапхана өзінің оқырмандарына қызмет қөрсету мақса-
тында басқа жоғарғы оқу орындарында, кітапханалар, басқа 
ұйымдарда бар немесе жергілікті жəне жаһандық ақпараттық 
компьютерлік жүйелерге ашық қол жеткізуге болатын   толық мəтінді 
ресурстар мен олардың бөліктерін қолдануы мүмкін жəне қолдануы 
керек. 
Ақпараттандыру құралдарының жасалуы мен тұрақты орын-
далу технологиясы электрондық ақпараттық қордың жасалуы-
мен қатар бір уақытта жасалуы керек жəне осындай қорлардың 
эквивалентті электрондық анықтама-іздестіру жасауды қамтамасыз 
ету керек. 
Оқу мекемесі кітапханасының электрондық анықтама-іздестіру 
аппараты:
-   сақталған кітапханалық қорлардың түрлі бөліктері мен 
тақытыптық кесіктерін бейнелеу;
-   барлық оқырмандар дүниежүзілік ақпараттық-библиогра-
фиялық ресурстарға бағдарлануына мүмкіндік жасау;
-   оқырмандарға жойылған қолжетімділік режиміндегі кітапха-
наның ақпараттық ресуртастыранан ақпаратты тез, жайлы 
жəне шектік іздеуді қамтамасыз ету.
7.5.2 Ақпараттандыру құралдарын пайдалануға 
байланысты педагогтың жұмысы
Жыл өткен сайын оқытушы еңбегі күрделене түсуде. Оқу 
пəндерінің мазмұны өзгеруде, оқытудың жаңа құралдары мен 
əдістері пайда болуда. Көптеген жағдайларда оқытушылар еңбегінің 
күрделенуінің өсуі оқытушы өз жұмысында қолдануы керек 
ақпараттың көбеюімен байланысты. 
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын қолдану 
көптеген жағдайларда осындай əрекеттің автоматтандырылуына 
жəне оқытушыға қатысты сағат сандарының қысқаруына əкеліп 
соғады. Педагогикалық əрекетті есептеу, жоспарлау жəне  басқаруда 
ақпараттандыру құралдарын қолдану оқушылардың оқу жүйесінде 
көрініс бере алады.


247
Анық айтатын болсақ, ақпараттық-қатынастық технология-
лардың құралдарын оқытушылардың қолдануы оқушылардың та-
нымдық əрекетін тиімді түрде басқаруға, оқу мен тəрбие нəтижесін 
жедел зерттуге, оқу жəне оқушылар білімі сапасының тиімді жүйесін 
жоғарылату деңгейінің қисынды жəне мақсатты өлшемін қабылдау, 
əдістемелік шеберлікті мақсатты түрде іске асыру, мектеп жинаған 
ұйымдастырылған ақпаратқа жедел адрестік қолжетімділікке ие 
болу мүмкіндіктерін  береді.
Ереже бойынша оқытушы еңбегінің тиімді автоматтандыруы мен 
басқарылуы мектепке арналған компьютер техникасын үйреншікті 
қолданумен іске асырылуы мүмкін. Оған кейбір жағдайларда қалта 
компьютері де қосылады.  
Қазіргі кезде жəне болашақта жалпы орта білім беру жүйесінде 
жасалған оқытушы еңбегінің жоғарылауы тиімділігіне бағыт-
талған бағдарламалық құралдар қатарында мыналарды атап айтсақ 
болады: 
-   оқытушы өзінің кəсіптік əрекетін іске асыруына қажетті 
ақпараттық ресурстар мен электрондық баспаларға 
қолжетімділік құралдары, сонымен қатар бұл ресурстар 
мен басылымдар мектептің компьютерлік желілік жүйесінде 
орналасады, электрондық кітапхана қорында сақталады 
немесе дүние жүзілік компьютерлік жүйелерде жариялана 
алады; 
-   оқу мазмұны мен əдісін жобалау құралдары; 
-   оқытушы иелігіндегі оқу жəне əдістемелік материалдардың 
қысқа жəне кеңейтілген сипаттама құралдары, сонымен 
қатар əрбір оқу жəне əдістемелік ресурстарды қолдануы да 
жобалаудың ішкі жүйелері;
-   жаттығу сабақтары, оқудан тыс мерекелік шаралар, 
оқушылардың жеке əрекетін жоспарлау жəне диспетчеризация 
құралдары;
-   əрбір оқушының оқуын бақылау жəне нəтижесін өлшеуді авто-
маттандыру құралдары;
-   əрбір оқушы мен əрбір пəн бойынша дербес хабарларды еске-
руге мүмкіндік беретін жүйелер мен мəліметтер қоры;
-   əрбір оқушының оқу үлгерімінің жүйесі;
-   іс-қағаздарды жүргізу мен есеп беру іс-қағаздарын құрастыруды 
автоматтандыру жүйесі;


248
-   оқушылармен, ата-аналармен жедел қарым-қатынасты түзетуге 
мүмкіндік беретін телекомуникациялық жүйелер, əрбір 
оқушының білімі мен нəтижесін ата-аналарының біліп отыру-
ын қарастыратын құралдар.
Оқытушы еңбегін автоматтандыру негізін құраушы Ақпараттық-
қатынастық технологиялардың құралдарын  қолдану педагогтардың 
келесі əрекет түрлерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді:
-   талап етілген уақыт ішінде сағат санының есебі;
-   оқушылар сағат санының талабына сай сабақ жəне мерекелік 
шаралардың кестесін құру;
-   оқушылардың дайындығына бағытталған əдістемелік жүйе 
аясындағы оқу материалдары мен құралдарының ізденісі;
-   əрбір сабақтың дəстүрлі сынып журналы, сабаққа қатысу жур-
налы элекрондық түрге ауысуын жүргізу мен нəтижесінің 
есебі;
-   сабақ тақырыбын жоспарлау, оларға оқу əдістері мен 
құралдарын қолдану;
-   педагогикалық əрекет нəтижесінде оқытушылар жинаған оқу 
жəне əдістемелік материалдардағы бағыт;
-   əрбір оқушы бойынша оқуды бақылау мен нəтиже өлшемі;
-   оқушыларды оқыту мен тəрбиелеу кезінде туындайтын ата-
аналар мен мектеп басқармасын жедел ақпараттандыру;
-   есеп беруші іс-қағаздарды жүргізу мен құрастыру.
Оқытушы еңбегін автоматтандыруда қолданылатын ақпарат-
тандырудың барлық құралдары мен технологиялары негізгі 
мақсаттың жоғарылауына бағытталған оқытушылар оқушылармен 
байланыс жасамайтын қиын жəне ескі жұмыстардан барынша 
босатылу. Осындай құралдар мен технологияларды қолданудың 
арқасында оқытушылардың жеке кəсіби өсуіне арнайтын, жаңа 
оқу жəне əдістемелік құралдарды жасау, сонымен қатар оқу-
шыларды қосымша оқыту мен тəрбиелеуге уақыты мен күшін 
үнемдей алады.  
Жыл өткен сайын көптеген адамдар компьютерлік теле-
коммуникациялар, Интернет желісіне, ақпараттық-қатынастық 
технологияларының түрлі құралдарына қол жеткізіп жүр. Бұл 
компьютерлік жəне бағдарламалық қамтамасыз етудің көбеюімен, 
үй жағдайындағы компьютер санының көбеюімен, ақпараттық 
жəне телекомуникациялық технологиялар аясында қолданылатын 
адамның кəсіби əрекетінің өсуімен байланысты. 


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау