Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет85/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   113

258
мультимедиа құрылғыларын пайдалана отырып, білім беру 
мақсатындағы көптеген бір мағыналас сөздер мен түсініктерді 
белгілі бір мəліметтер қорына жинақтап құрылымды жасайды. 
Білім беру облысы түсінігі жүйесінің өңделуі таңдау үдерісі 
мен оқу пəні мазмұнының құрылуының, сонымен қатар мульти-
медиа құралдарының өңделуіндегі таңдаулы мазмұнды қолдану-
дың маңызды сəті болып табылады. Ұғымды дұрыс таңдай 
мəселесімен қазіргі оқу үдерісімен байланысты барлық ғылыми 
облыстарда жұмыс жасайтын мамандар соқтығысатынын естен 
шығармалық. 
Түсінік деп қисынды рəсімделген жалпы ой немесе заттар не-
месе құбылыстар сыныбы туралы жалпы ойды айтамыз. Соны-
мен қатар, термин дегеніміз – берілген пəн облысындағы басқа 
түсініктермен сəйкес жəне ғажайып ғылыми анықтамаға ие арнайы 
ұғымды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері. 
Терминдерді таңдау үдерісі кезінде келесі факторларды ескеру 
қажет:
-   термин өзінің лексикалық эквивалентімен дұрыс, көбіне 
біркелкі сəйкестігі болуы қажет;
-   термин өзі қолданылып отырған жалпы контекстен бос бола 
алмайды;
-   терминді дұрыс түсіну үшін оның морфологиялық құрылымын, 
жалпы қолданылатын сөздерден ерекшелейтін семантикалық 
ерекшеліктерін, олардың құрылымдық ерекшеліктері мен 
қолдану ерекшеліктерін білу керек. 
Білім беру облысында мультимедиа ресурсты жасау үшін 
таңдалып алынған  құрастырылған түсініктер жүйесі немесе оның 
жиынтығы оқу мазмұнын анықтауда бірінші кезең болуы қажет. 
Өз кезегінде осындай жүйелердің жасалуы бір-бірінен ажыра-
майтын 2 құрамдас бөліктен тұрады: барлық оқу материалының 
«қаңқасы» болып табылатын түсініктің анықталуы жəне олардың 
құрылымының жасалуы-бөлек түсініктер арасында байланыстардың 
пайда болуы. 
Түсініктің құрылуы (немесе оның меңгерілуі) субъект кейбір 
нақты объект немесе ойларға қатысты субъектің қасиеттерінің пай-
да болу əрекетін ұйымдастыру біліктілігін ұсынатынын ескере кет-
кен жөн. Оқушыдағы түсініктің дұрыс қалыптасуына бағытталу кез 
келген білім беру облысының мазмұнын құрастырудың маңызды 
құрауыштарының бірі болып табылады. 


259
Танымның негізгі рөлін басқа түсініктермен анықтал-
майтын бастапқы түсініктер ретінде қарастырылатын жалпы 
түсініктер (категориялар) атқарады. Жүйе логикасы мен теория-
сында категория болып объект, қасиет, қарым-қатынас, пікір, ой 
тұжырымы, ақиқат, жүйе, орта, пəндік облыс жəне т.б. сияқты 
түсініктер табылады.  
Əрбір түсініктің таңдалуы төмендегідей маңызды көрсет-
кіштердің есебінде іске асуы керек: 
-   танымдық маңыздылық жəне дидактикалық құндылық; 
-   ғылым мазмұны мен оның теориялық жүйесінің орнына 
сəйкестігі;
-   оқушыларға қолжетімділік;
-   түсінік мазмұны мен талдауының материалды формасының 
адекваттылығы;
-   білім беру облысындағы басқа да маңызды түсініктермен өзара 
байланыс;
-   Оқудағы қызметтің оңтайлы мүмкіндігі.
Мультимедиа-ресурстарды жасауда қолдану мүмкін болатын 
түсінік жүйесін құрастырудың кейбір қадамдарын қарастырайық. 
Мұндай жүйелердің құрылуы үшін оқытылатын пəндік облыстың 
табиғи-логикалық моделін қарастыру керек. Бұл тапсырма нақты 
оқу пəндерінің құралдары көмегімен шешіледі. Ол берілген ғылым 
сияқты пəндік бағыт білімінің негізіндегі сараптаушы арқылы 
шешіледі: белгіленген білім беру облысының түсінік жүйесі сол 
түсінік жүйесінің ғылым негізінде таңдала алады жəне оның 
бір бөлігі болады. Табиғи-логикалық модель берілген дамушы 
түсініктің түрі жайлы толық ақпаратқа ие. Бір-ақ бұл ақпараттың 
бөлігі анық емес түрде берілуі мүмкін. Одан өзгеше концептуал-
ды модель анықталған түсініктің мазмұнын толық ашуға, сонымен 
қатар анықталған түсінікке кіру əдісін ашуға мүмкіндік береді. 
Осы кезеңде түсініктің құрылымы жəне олардың арасындағы бай-
ланыстар туралы сұрақ туындайды, «ата-ана»-«ұрпақ» қағидасы бо-
йынша.
Ұғымның дұрыс құралуы білім облысының мазмұнын 
жеңілдетумен қатар оның анықтамасының технологиясын да 
жеңілдетуге мүмкіндік туғызады. Бірақ терминдер енгізілуінің 
үлкен дəрежесіне ие «қиындатылған» ұғым жүйесі мазмұнын қатты 
қиындатып жəне «шиеленістіріп» жіберетін кері рөлді де сомдауы 
мүмкін. Бөлуді анықталмаған аксиомаларға дейін жеткізе отырып, 


260
білім беру облысының құрылымын негізінде құрастыруға болады. 
Сонымен қоса, бұндай бөліну құрылымды өте үлкен етеді. Түсінікті 
құрылымның деңгейі мен күрделілігі оқу мақсатынан, жасалған 
білім берудегі мультимедиа құралдарын қолдану ерекшелігі мен 
мақсатынан бөлек əрбір нақты жағдайда анықталуы керек екендігі 
анық. 
Түсініктер мен олардың арасындағы байланыстың əр түрі те-
заурус атауына ие болды. Анық айтатын болсақ, тезаурус ұғымы 
мағыналы қарым-қатынаспен берілген кейбір тілдердің көптеген 
мағынасын білдіруші элементтер (сөздер, сөз тіркестері жəне т.б.) 
деген мағынаны білдіреді.
Тезаурус көптеген ұғым тапсырмасының нақты əдісі 
жəне олардың қарым-қатынасын тусіндіру қамтылған. Мысалы, 
дəстүрлі жалпы тілдік тезаурус Роджет сөздігінде сипатталған. 
Дəстүрлі тезаурустың кілті əрбір сөзге оның айдары көр-
сетілген (сонымен қатар, синониммен байланысты сөздер) 
əліпбилік сөздікті білдіреді. Айдардың айдар түрлеріне бөліну 
құрылымы сөздер көптігінде тек-түрлік байланыс туғызады. Те-
заурус ұғымы (грек тілінен thezaurus – қазына, байлық, қор) 
педагогикаға сөздер мағыналы ұяшықтарға топтастырылған бір 
тілдік сөздіктердің жасалуымен байланысты өмірге келген лексико-
графиядан келді.
Мультимедиа ресурстардың мазмұнды толықтырылуының жа-
салуына қажетті білім беру облысында тезаурустардың құрылуы 
келесі кезеңдермен келісе отырып өткізілуі мүмкін.
1. Білім беру облысының негізгі түсініктерін қамтитын əдеби 
қорларды талдау негізінде, олардың анықтамасы мен ұғымы тізімінің 
жасалуын анықтау.
2. Түсініктер арасындағы байланыстар, олардың жіктелу 
белгілерінің анықталуы, қарым-қатынас құрастырудың түрлі 
белгілерінің сəйкестігінің байланысын қарастыруды анықтау.
3. Тезаурустың құрастырылуы – ұғымдар арасындағы өзара 
байланысқан сипаттама қарым-қатынасы.
4. Иерархиялық құрылым түріндегі түсінік жүйесінің 
құрастырылу үлгісі.
5. Түсініктер арасындағы қатынасты жобалаумен байланысты 
анықтамаларды толықтаудың қажеттілігін анықтау.
6. Құрылған ұғым құрылымының мағыналы тұйықтыққа, 
мағынаға қайшы еместігіне жəне қолжетімділікке тексеру.


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау