Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет64/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   113

195
нымен қатар оның полисенсорлық болатындығы туралы айтуға 
мүмкіндік береді.
Оқудың саналылығын қамтамасыз ететін талап, яғни білім 
алушының қызметін белсендету жəне өзіндік атқару дегеніміз 
оқу қызметінің тапсырмасын жəне мақсатын нақты түсіне 
отырып, оның ішінен оқу ақпаратын саралауға арналған элек-
трондық білім беру басылымдары мен ресурстар құралды-
рымен қамтамасыз етуді білдіреді. Осылайша білім алушы 
үшін саналы мазмұн ретінде оның оқу қызметіне бағытталған 
құрам қарастырылады. Электрондық білім беру басылым-
дары  пайдалану жəне қызмет ету негізіне қызметтік тəсіл кіруі 
тиіс. Сондықтан сəйкесті басылымдар мен ресурстарда білім 
алушының қызметінің нақты моделі зерттелуі қажет. Оның 
қызметтерінің дəлелдері оқу материалының мазмұнына 
қатысты адекватты болуы керек. Оқу белсенділігін арттыру 
үшін электрондық білім беру басылымдары  бөлімшелері оқу 
жағдайларын түрлендіріп, сұрақтарды қалыптастырып, білім 
алушыға оқу жүйесінің сол немесе басқа ізін таңдауға мүм-
кіндік береді жəне болатын оқиғаны басқаруға мүмкіншілік туғызуы 
қажет. 
Оқудың жүйелілігін жəне тізбектілігін қамтамасыз ету талабы 
электрондық білім беру басылымдары мен ресурстарын пайдаланған 
жағдайда білім алушының оқу жүйесінің талаптарын кезекті түрде 
қамтамасыз етуді білдіреді. Яғни, қарастырылатын пəндік саладағы 
білім, іскерлік жəне дағды белгілі бір жүйемен логикалық негізделген 
тəртіп бойынша қалыптасуы тиіс. Ол үшін қажет:
-  оқу материалын жүйелендірілген жəне құрылымдалған түрде 
көрсету;
-  оқу ақпаратының əрбір бөлігін қалыптастырған жəне бейне-
леген кездегі ретроспективтерді жəне білім қалыптастырушы 
перспективтерді, іскерлік жəне дағдыларды есептеу;
-   игерілетін матриалдың пəнаралық байланысын есептеу;
- 
 оқу материалын беру жəне білім алушылардың əсерінің 
дидактикалық негізделген тізбегі:
- 
 оқу логикасымен анықталатын білім алу үдерісін ұйым-
дастырудың кезектілігі;
-    электрондық білім беру басылымдары  ұсынатын ақпараттардың 
байланыстарын қамтамасыз ету. Олар тəжірибеде мысал-
дар келтіру, күрделі ойын шараларын құрастыру, тəжірибелік 


196
сипаттағы тапсырмаларды ұсыну, тəжірибе жасау, нақты 
үдерістердің жəне құбылыстардың үлгісі есебінен орын-
далады.
Электрондық білім беру басылмдары мен ресурстары жəне 
олардың компоненттерінің бақылау-өлшеу құрамдық жəне қызметтік 
өзгермелілігін қамтамасыз ету талабы. Оқу жүйесінің қажет-
тілігі оқу материалының (мазмұндық өзгеруі) мазмұны бақылау-
өлшеу материалының мазмұнына сай талаптарды жəне білім 
алушылардың (қызметтің өзгеруі) қызметін бағалау деңгейін 
қамтамасыз ететін электрондық білім беру басылымдары  талапта-
рына қойылады.
Өлшеу-бақылау электрондық білім беру басылымдары мен 
ресурстарын жəне олардың компоненттерін пайдаланудағы 
сенімділікті қамтамасыз ететін талап электрондық білім беру ба-
сылымдары  қолдану арқылы оқу материалдарын меңгеру деңгейін 
дұрыс өлшеу ықтималдығы ретінде анықталады. Талап көпреттік 
өлшеу нəтижелерінің тұрақтылығын немесе бір ғана сынаушының 
оқу нəтижесін қамтамасыз етуде оқу жүйесіндегі қажеттіліктерге 
жауап береді. 
Дəстүрлі дидактикалық талаптармен қоса, электронды білім 
беру басылымдары мен ресурстарына, оқытуға арналған дəстүрлі 
басылымдар, оқытуды ақпараттандыру құралдарына арнайы 
дидактикалық талаптар қойылады. Бұл талаптың ерекшелігі 
электрондық білім беру басылымдарын жəне ресурстарын əзірлеу 
жəне орындау барысында заманауи ақпараттық жəне байланыс тех-
нологиялары қолданылады.
Бейімделу талабы мектеп оқушысының тұлғалық ерекшелігіне 
электрондық білім беру басылымдары мен ресурстарының лайық 
болуын түсіндіреді. Талап оқу үдерісі кезінде білім алушының 
психологиялық ерекшеліктеріне, электрондық білім беру 
басылымдары пайдалану арқылы білім мен іскерлігінің 
деңгейіне бейімделу, лайық болу дегенді білдіреді. Электрондық 
білім беретін басылымдар мен ресурстарды жасау барысында 
электрондық білім беру басылымдарның үш бейімделу деңгейін 
бөліп көрсеткен жөн. Бейімделудің бірінші деңгейі – бұл білім 
алушының өзінің тұлғалық қарқынына сай келетін материалдарды 
меңгеру үшін таңдау жасау мүмкіндігі. Бейімделудің екінші деңгейі 
дегеніміз оқу əдістемесі жəне оның құрамы нəтижесінде ұсынатын 
негіздерге байланысты білім алушының жай-күйін зерттеп-анықтау. 


197
Бейімделудің үшінші деңгейі ашық тəсілге шоғырланған, яғни ол 
ықтимал тұтынушыларды жіктеуді талап етпейді жəне электрондық 
білім беру басылымдары авторлары барынша білім алушы 
құрамында көбейту мақсатымен сонша нұсқаларды дайындауға ын-
талануда.
Оқуды интербелсенділік талабы оқу үдерісінде білім 
алушының электрондық білім беру басылымдары немесе ресурста-
ры мен өзара əрекеті екі жақты орын алуы қажет дегенді білдіреді. 
Электрондық білім беру басылымдарының  құралдары диалог 
пен кері байланысты қамтамасыз етуі тиіс. Диалогты ұйымдас-
тырудың маңызды жері – оқушылар мен оқытушылардың 
əрекеттеріне электрондық білім беру басылымдарының жəне 
ресурстарының адекватты жауап беруінің міндеттілігі. Кері байла-
ныс құралдары оқушының əрекеттерін бақылайды жəне реттейді, 
ары қарай не істеу керектігіне ұсыныстар жасайды, анықтамалық 
жəне түсіндірмелік ақпараттарға тұрақты рұқсат беруді іске асы-
рады. Оқу жұмыстарының нəтижесі бойынша қате диагностикасы 
бар бақылау кезінде кері байланыс құралдары жұмыстың сарап-
тау нəтижесін білім деңгейін көтеру бойынша ұсыныстармен қоса 
шығарып береді.
Интербелсенділік пен кері байланысты барынша егжей-тегжейлі 
қарастыру қажет, себебі интербелсенділік жəне кері байланыстың 
болуы көптеген электрондық білім беру басылымдарының ерекше 
айырмашылықтары болып табылады.
Үш сатылы кері байланысты «оқытушы – электрондық білім беру 
басылымдары – оқушы» екі негізгі түрге бөлуге болады: сыртқы 
жəне ішкі.
Ішкі кері байланыс дегеніміз жаттығуды орындау барысында 
білім алушының əрекетіне жауап беру мақсатымен электрондық 
білім беру басылымдарынан келіп түсетін ақпарат.  Мұндай байла-
ныс білім алушының оқу үлгерімін өзіндік басқаруға жəне реттеуге 
арналған. Ішкі кері байланыс білім алушыға өзінің оқу үлгерімінің 
табыстылығы немесе қателігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік 
береді. Ол білім алушыны рефлекцияға итермелейді, ары қарай 
əрекеттер жасауға ынталандырады, оқу қызметінің нəтижелерін 
бағалауға жəне түзеуге көмек береді.
Ішкі кері байланыс кеңес беретін жəне нəтижелі болып бөлінуі 
мүмкін. Кеңес беру ретінде көмек, түсіндірме, сыбырлау, үлгісін 
көрсету жəне т.б. болуы ықтимал. Нəтижелі кері байланыс та əрқилы 


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау