Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


7-ТАРАУ БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет60/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   113

182
7-ТАРАУ БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ 
ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПЕДАГОГТЫҢ КƏСІБИ ІС-ƏРЕКЕТІ
7.1 Оқыту үрдісіндегі ақпараттандыру құралдары
7.1.1 Оқытуды ақпараттандыру құралдарын жіктеу
Білім беруді ақпараттандырудың қазіргі кезеңдегі үрдісі 
электрондық анықтамалар, энциклопедия, оқыту бағдарламалары, 
білім алушылардың білімін автоматтандырылған басқару 
құралдары, компьютерлік оқулықтар жəне жаттығулар тəрізді 
əртүрлі компьютерлік оқыту құралдары мен ақпараттық-қатынас-
тық технологиялар құралдарын, электронды білім беру басылым-
дары жəне ресурстары (электрондық білім беру басылымдары) 
ретінде қарастырылатын, бірыңғай бағдарламалы-əдістемелік 
кешендерге біріктіру үшін жаппай ұмтылыс жасау. Бұл жердегі 
біріктіру (интеграция) дегеніміз мазмұндық жағынан толыққанды 
əртүрлі ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын физи-
калық тұрғыдан бір басылымға бірлестіру. Осылайша əрқилы 
ақпараттандыру құралдары электрондық білім беру басылымда-
ры ретінде қарастырылады, ал бұл терминнің өзі жинақтаушы 
сипатқа ие. 
Электрондық білім беру басылым ұғымының анықтамасы жал-
пы электрондық басылым ұғымы арқылы туындаған. 
Электрондық басылым (ЭБ) дегеніміз графикалық, мəтіндік, 
сандық, сөйлеу, музыкалық, бейне-, фотосурет- жəне басқа да 
ақпараттардың жиынтығы. Бір электрондық басылымның ішінде 
ақпараттық (немесе ақпараттық-анықтамалық) түпнұсқалар, 
ақпаратты жасау жəне өңдеу құрал-жабдықтары, басқару 
құрылымдары болуы мүмкін. Электрондық басылым кез келген 
электронды тасмалдауышта орындалуы мүмкін, сонымен қатар 
электрондық компьютерлі желілерде жариялануы ықтимал.
Бұл жағдайда электрондық білім беру басылым (электрондық 
білім беру басылымдары) дегеніміз сəйкесті ғылыми-практикалық 
білім саласындағы жүйелендірілген материалдардан құралатын 
электрондық басылым. Ол осы салада студенттердің жəне білім бе-
рушілердің шығармашылық белсенділігі жəне іскерлігі мен дағды-
сын қамтамасыз етеді. Электрондық білім беру басылым жоғарғы 


183
деңгейде орындалуы қажет жəне көркемділік безендіруі, ақпараттық 
толықтылығы, əдістемелік құрал-жабдықтың сапалылығымен, 
техникалық орындалу сапалылығымен, көрнекілігімен, логикалық 
жəне тізбекті мазмұндалуымен ерекшеленуі тиіс. Электрондық білім 
беру басылымы ешбір дидактикалық қасиеттерін жоғалтпай қағаз 
түріне ықшамдалуы мүмкін емес. 
Өзіндік анықтамасының ерекшелігіне қарай электрондық 
білім беру басылымдары  визуалды жəне аудио ақпараттық 
сапаны елеулі жоғарылатады, ол жарқын, əсем жəне қарқынды 
бола бастайды. Бұл тұрғыда заманауи мультимедиа технология-
лары өте зор мүмкіндікке ие. Сонымен бірге, электрондық білім 
беру басылымдарын білім беру жүйесіне пайдалану визуалды 
жəне аудио ақпаратты құру əдістерін түпкілікті түрде өзгертеді. 
Егер білім берудің дəстүрлі көрнекілігі, оқытатын объектінің 
нақтылығын түсіндіретін болса, онда компьютерлік техноло-
гияларды қолданған жағдайда тек шынайы объектілердің ғана 
емес, сонымен қатар ғылыми заңдылықтардың, теориялардың, 
ұғымдардың табиғи қасиеттерін қарқынды түсіндіруге мүмкіндік 
болады. 
Білім беруді ақпараттандырудың өзекті мəселелерінің бірі 
электрондық білім беру басылымдарын, ресурстарды жəне басқа 
да Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын жіктеу 
мəселесі. Бұл тəрізді жіктеуді бірнеше əртүрлі критерийлер-
ге негіздеп жүргізуге болады. Бір жағынан, атқаратын қызметіне 
байланысты электрондық білім беру басылымдары дəстүрлі оқу 
басылымдарына жатқызады жəне сəйкесінше, оқу кітабына 
пайдаланатын жіктеу қағидаларын қолдануға болады. Екінші 
жағынан, олар электрондық басылымдар категориясына кіреді 
жəне оларға электрондық басылымдардың жіктелу қағидаларын 
қолданылу тиіс.
Электрондық білім беру басылымдарын жіктемес бұрын 
электрондық білім беру басылымдары сипаттайтын негізгі пара-
метрлерді ерекшелеу қажет. Осылайша олар жіктеуге арналған кри-
терийлер қатарына енетін еді. Жəне осындай параметрлердің ық-
тимал мəндері барынша нақты жəне алдын ала белгіленген-тарау-
ларды талап етеді. Осындай негізгі критерий-параметрлер ретінде 
мыналарды келтіруге болады:
·   электрондық басылымның типі;
·   білім беру саласының заттық құндылығы;


184
·   ұсынылатын білім деңгейі;
·   ұсынылатын білім беру үрдісінің типі;
·   білім беру үрдісінің ұсынылатын формасы;
·   аудиторияның ерекшелігі. 
Осындай тараулардың негізіне алыс-жақын шетелдік 
жəне отандық еңбектер мен тұжырымдар, білім беру жүйе-
сінде, телекомуникациялық ортада ақпараттық ресурстарды 
жариялау тəжірибесінде қабылданған маңызды құжаттар алынуы 
мүмкін.
Ары қарай жарияланатын электрондық білім беру басылым-
дары мен ресурстарының тарау типтері, жоғарыда көрсетілген та-
рауларда қарастырылған, барлық ықтимал ақпараттық білім беру 
ресурстарының бірлесуі түрінде болады. 
Электрондық білім беру басылымдарының түрі
Электрондық ақпараттық өнімдер
Мəліметтер қоры
Көрмелер
Электрондық журнал
Электрондық газет
Мультимедиялық жазбалар
Қағаз басылымдар мен ақпараттық материалдардың 
электрондық ұсынылуы
Ғылыми енбектер, мақалар жинағы
Газет/журнал жарияланымдар
Нұсқау
Стандарт
Оқу құралы
Практикалық оқу құралы
Практикалық жетекшілік
Оқулық 
Оқулық құралы
Хрестоматия
Оқу-əдістемелік құралы
Оқу программасы (курс, тəртіп)
Оқу жоспары (курс, тəртіп)


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау