189
- бақылауыш (оқу материалдарын игеру деңгейін бақылау,
өлшеу немесе өзіндік бақылау бойынша оқу жүйесінің
қажеттіліктерін қанағаттандыратын электрондық білім беру
басылымдары);
- ақпараттық іздеуіш жəне ақпараттық-анықтамалық (ақ-
паратты жүйелендіру шеберлігі жəне іскерлік тəжірибелері
туралы мəліметтерді баяндау бойынша оқу жүйесінің талапта-
рын орындайтын электрондық білім беру басылымдары);
- демонстрациялық (объектілерді зерттеу жəне игеру мақсатымен
құбылыстарды, үрдістерді көрнекілеу бойынша оқу жүйесінің
талаптарын қанағаттандыратын электрондық білім беру басы-
лымдары );
- имитациондық (шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін елес-
тету кезінде олардың құрылымдық немесе қызметтік сипатта-
маларын оқып білу бойынша оқу жүйесінің талаптарын орын-
дайтын электрондық білім беру басылымдары);
- зертханалық (шынайы қондырғыда қашықтықтан сынақ
жүргізу бойынша оқу жүйесінің талаптарын қанағаттандыратын
электрондық білім беру басылымдары);
- моделдеуші (объектілерді, құбылыстарды, үрдістерді зерт-
теу жəне игеру мақсатымен моделдеудегі оқу жүйесінің
қажеттіліктерін қанағаттандыратын электрондық білім беру
басылымдары);
- есептік (əр түрлі есептерді жəне басқа ағындық операция-
ларды автоматтандырудың оқу жүйесіне қажетті талаптарды
орындайтын электрондық білім беру басылымдары);
- оқу барысындағы ойындар (білім алушылардың қызметі ойын
түрінде іске асатын оқу жағдайларын жасаудағы оқу жүйесінің
талаптарын қанағаттандыратын электрондық білім беру басы-
лымдары);
- ойындық (білім алушылардың бос уақыттарын, есте сақтау
қабілетін дамыту, олардың іс-əрекетін, көңіл аударуларын жəне
басқа да ерекшеліктерін ұйымдастыру бойынша оқу жүйесінің
қажеттіліктерін орындайтын электрондық білім беру басылым-
дары);
- қатынастық (мұғалімдер, əкімшілік, білім алушылар, ата-ана-
лар, мамандар, қоғам арасындағы тұлғалық қатынаста жəне
мұғалімдер мен білім алушыларды талап етілетін ақпараттық
ресурстарға қолжеткізуді ұйымдастыру бойынша оқу жүйесінің
190
қажеттіліктерін қанағаттандыратын электрондық білім беру
басылымдары);
- интегралданған (оқу жүйесінің кең аспектілік қажеттіліктерін
қанағаттандыратын интегралданған құралдардың кешенінен
құралатын электрондық білім беру басылымдары).
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын мей-
лінше мақсатқа сай басылым немесе ресурс түрлерін қолдануға
болатын сабақты ұйымдастыру формасына байланысты топтарға
бөлуге болады. Дəріс сабақтарын, зертханалық сабақтарды,
тəжірибелік сабақтарды, оқу-зерттеу жұмыс, өзбетіндік дайындық,
сынақ жəне оқушылардың емтихандарын өткізу барысында
пайдалануға арналған электрондық білім беру басылымдары түрлері
бар.
Жоғарыда аталған дидактикалық басымдықтарға сəйкес
электрондық білім беру басылымдар мен ресурстарды олардың
дидактикалық мақсаттарына байланысты мына түрде жіктеуге
болады: білімді қалыптастыру, мəліметті баяндау, іскерлікті
қалыптастыру, білімді жадына сақтау, оқып игерудің деңгейін
бақылау, жалпыландыру, білімдерін, іскерлік пен дағдыны жетілдіру.
Мұндай құжатты электрондық басылмдарды жəне ресурстарды
өңдеу кезінде таным қызметін психологиялық тізбекті кезеңдерін
есепке алу барысында толықтырылуы мүмкін. Олардың қатарына
мыналар жатады:
- қабылдау;
- пайымдау жəне білімді бекіту;
- тұлғалық тəжірибені қалыптастыру (іскерлік, дағды, кəсіби-
бағытталған интуиция);
- жобалық зерттеу жəне іздеу қызметі.
Ақпарат сақтауыштарда орналастырылған электрондық білім
беру басылымдары мен ресурстарын сипатына қарай мына түрлерге
бөлеміз:
- біртомдық электрондық білім беру басылымдары – бір
ғана ақпарат сақтауыш құралын оқитын машинада жасалған
электрондық басылым;
- көптомдық электрондық білім беру басылымдары – екі немесе
одан да көп нөмірленген бөліктерден құралатын электрондық
басылым. Мұндағы əрбір бөлім машинаның жеке ақпарат
сақтайтын құралында орналасқан;
191
· электрондық сериялар – ортақ мағынасы, тақырыбы, мақсаттық
бағыты бойынша біріктірілген томдардың жиынтығынан
құралған электрондық білім беру басылымдары сериялары.
Олар бір типте рəсімделеді.
Материалдың баяндау формасына байланысты электрондық
білім беру басылымдарын жəне ресурстарды конвекциялық,
бағдарланған, мəселе туғызғыш жəне аралас (əмбебап) деп бөлуге
болады.
Конвекциялық электрондық білім беру басылымда-
ры – классикалық педогогика дəстүріне сəйкес келеді жəне
энциклопедиялық немесе монографиялық сипатқа ие. Бұл секілді
электрондық білім беру басылымдары оқытудың ақпараттық
қызметін атқарады.
Бағдарланған электрондық білім беру басылымдары «реак-
циялық ынталандыру» жүйесі бойынша оқытуға негізделген.
Мұндай басылымның тармақталған немесе сызықты бағдар-
ламасының формалары бар. Жəне ең алдымен білім алушының
өзіндік жұмысына бағытталған, осылайша ол алынған білімнің
негізімен əдістерін ашады жəне оларды кəсіби шеберлікпен байла-
ныстыруды үйренеді.
Мəселелік электрондық білім беру басылымдары проблемалы
оқу теорияға шоғырланған жəне логикалық ойлау жүйесін дамытуға,
білімді қабылдау құраушысын шығармашылық ынталандыруға
бағытталған.
Аралас (əмбебап) электрондық білім беру басылымдары
құрамына аталған электрондық білім беру басылымдары түрлерінің
жеке элементтері кіреді.
Технологиялық таралуына байланысты электрондық білім беру
басылымдарын жəне ресурстарды былайша жіктеуге болады:
- жергілікті электрондық білім беру басылымдары – жергілікті
пайдалануға арналған электрондық басылымдар. Олар
белгілі бір мөлшерде жекедара дана (тираж) түрінде ақпарат
тасығыштарда шығарылады;
- желілік электрондық білім беру басылымдары – байла-
ныс желісі арқылы шексіз тұтынушыларға рұқсат берілген
электрондық басылым;
- аралас таралған электрондық білім беру басылымдары –
жергілікті жəне желілік электрондық білім беру басылымдары
түрінде қолдануға болатын электрондық басылым.
Достарыңызбен бөлісу: |