316
- Жүйелілік қағидасы – оқыту үдерісінің компонентімен СБР
белгілі бір нақты құрылымымен сəйкестілігі: құқықтық-
уəждік; мазмұндық; қызметтік – операциялық немесе бағалық
– нəтижелік;
- Зерделік жəне интербелсенділік қағидасы – қолданушыларға
арналған нақты оқу тапсырмаларының қойылуы; оқушы
қызығушылығының тірегі жəне оқудың себептерiн
қалыптастыру; оқушылардың қарқынды зерделi белсендiлiк
ұйымы; нақты уакыт режимінде өзара қарым-қатынас жəне
кері байланыс ұйымы;
- Тəжірибе мен теория арасындағы байланыс қағидасы – оқу
контентінің тəжірибелік бағытталуы; заманауи қоғам мен
экономикаға контенттің бағытталу үдерісі.
Оқу контентін тек мұғалімдер ғана құрады, ал оқушылар мұғалім
құрған оқу ресурстарымен жұмыс жасайды жəне on- жəне off-line
режимінде тапсырмалар орындайды.
Тестілеу жүйесі (Test Management System - TSM) берілген тапсыр-
маларды орындауды қадағалау кезеңіндегі ең нəтижелі электрондық
оқытудың жүйелік компоненті болып табылады.
Бұл проргаммалық жабдық материалды меңгеру деңгейін
бақылауда жəне өзін-өзі бақылауға мүмкіндік береді.
Білім деңгейін қадағалау – оқыту үдерісінің негізгі құрамдас
бөлігінің бірі. Ол «білім алушы – мұғалім» жүйесіндегі кері
байланыстың болуын қамтамасыз етеді. Білім беру үдерісінің
түрлі этаптарында оқыту барысын басқару үшін мұғалім алдымен
оқушының оқу материалын қаншалықты меңгергенін анықтауы
қажет.
Бұл жүйеге келесідей модульдер кіреді: тестілеу; тест құры-
лымы, тест нəтижесі сыныптың, оқушының білім деңгейі жай-
лы есеп беруді қалыптастыруға мүмкіндік береді; статисти-
калық көрсеткіш бойынша мектептің, сыныптың орта деңгейін
анықтауға мүмкіншілік береді жəне т.б.; бірнеше жылдар бойы
жеке оқушы жайлы, сынып немесе мектеп жайлы білім
мониторингінде ақпарат береді. Барлық көрсеткіштерді кестелік
редакторға шығаруға немесе есеп беру формасы ретінде баспадан
шығаруға болады.
Электрондық əдістемелік жүйе (Method Management System
- MMS) – бұл заманауи дамыған мобилдік, ашық, пəн аралық
ақпараттың ұйымдастырылған жəне құрылымды технологиялық
317
мəліметтер қоры, ол педагогикалық жаңа интербелсенді технология-
ларды пайдалануға қабілетті жəне мамандандырылған қағидаларын
дағдыға айналдыруға, əдістемелік жəне ғылыми- əдістемелік
жетекшілікке бағытталған мұғалімдердің өзіндік жұмысы. Мұнда
келесідей модульдер енеді: құжаттандыру; əдістемелік ресур-
стар; педагогикалық технологиялар; тəжірибелік мектеп; мұғалім
портфолиосы; мониторинг жəне диагностика; коммуникация.
Мұның қолданушылары білім беру ұйымындағы барлық педагог
жұмыскерлер бола алады.
Мұның нəтижесі білім беруді толықтай сапаландыруда,
сабақтың сапасын арттыруда, педагогикалық шеберлікті жетілдіруде
көрінеді.
Мамандыққа бағытталған менеджменттік жүйе (PrOS)
түрлі мамандықты оқытушы жаңа ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды интербелсенді инфоркомуникациялық ортада
қарым-қатынас құруға бағытталған. Ол əлеуметтік əрбір оқушының
мүмкіншілігін анықтайтын тест мəліметтерінен жəне сауал-
намасынан ғана емес, сонымен қатар, мамандықтар, квалификация-
лардан тұратын тұтынушыға толық ақпараттың мəліметтер қорын
ұсынады.
Бұл жүйе жалпы орта білім беретін мектептердің жоғары сы-
нып оқушыларына, мамандандырылған лицейлер жəне колледж
студенттеріне бағытталған, ол мамандық классификаторларымен
жəне техникалық, жоғары жəне ЖОО-нан кейінгі мамандандырылған
білім берумен сандық формат түрінде танысуы тиіс.
Ақпараттық-анықтама жүйесі (Information Management
System - IMS) мектептің қызметі жайлы қысқа ақпарат (сабақ кестесі,
сыныптан тыс өткізілетін шаралар кестесі, асхана мəзірі жəне т.б.)
ҚР Бж/еҒМ білім беру ортасының мемлекеттік саясатына сəйкес
қадағаланатын LCD дисплей жəне/немесе мекеме жайлы ақпарат
беретін ғимараты болуы тиіс.
Қазіргі таңда ҚР-да электрондық оқыту – нақты заңдылық.
Ұлттық білім беру жүйесін дамытудағы республиканың алға қойған
негізгі тапсырмаларының шешімінің бірі, Қазақстанда білімді
жетілдіру мен e-learning жүйесін қолдану. Осы арқылы білімінің
сапалылығына қолжеткізу.
318
11.3 Электрондық оқыту технологиялары
Электрондық оқыту технологиялары түсіндірмесі жəне
мазмұны
«Электрондық оқытудың технологиясы» (ЭОТ) түсінігіне
анықтама беруде А.Я. Савельеваның оқыту технологиясына бер-
ген түсінігінен алған жөн. Оның ойынша «оқыту технологиясы
дегеніміз бұл оқытудың мазмұнын нақтыландыру əдісі, ол алдын
ала оқу программаларымен қарастырылған, формада жүйеленіп
ұсынылған, нəтижелі мақсатқа жету жолындағы оқыту құралдары
мен əдістерімен қамтылған жасақтама». Берілген анықтама
мүмкіндікті бағалау үдерісі, операциялар мен оқыту процеду-
ралары секілді негізгі белгілерден тұрады. Кез келген қызмет
түрі технология деген атқа құқылы болуы үшін, ол алдымен бір
ізділік əдейi жəне жоспарлы анықталған элементтерден құрылуы
тиіс. Бұл операциялардың бірінде де бір ізділік, кезеңдер туынды
түрде орнатылмауы қажет, себебі əрбір қызмет түрінің өзіндік ішкі
логикалық дамуы жəне өзіндік атқаратын қызметтері ерекше. Соны-
мен қатар, бұл үдеріс кезеңінде тізбекті пайдаланып таралымдарға
жіберуге болады. ҚОЖ ерекшеліктері (мысалы, көлемі, АКТ
құрамының кең көлемде қолданылуы жəне т.б.) білім беру үдерісі
кезеңінің технологиялық мүмкіншіліктерін алдын ала анықтайды.
Сондықтан ЭОТ анықтамасы əлеуметтік технологияның айқара
ашылған формада аналогия бойынша қалыптастырады, электрондық
оқыту технологиясы – бұл білім беру жолындағы мұғалімдердің
алға қойған мақсатқа жету жолындағы келесі координацияға өту
жəне синхронизациялану кезеңдері жəне процедураларының
анықталған əдісі.
Осылайша, электрондық оқыту технологиясы білім беру
тəжірибесінің көрсеткіші, ғылыми-топтастырылған жүйе ретінде
қарастырылады. Электрондық оқыту технологиясының элемент-
тері өзара қарым-қатынастағы оқыту əдістері, оқыту құралдары
мен білім беру мазмұнында берілген нақты формалары болып табы-
лады.
Электрондық оқыту технологиясы ғылыми білімді дидактикалық
қолдануға, жеке білім алушының жоғары нəтиже көрсетіп
дамуы жəне оқыту үдерісіндегі ұйымды есепке алғандағы
эмпирикалық иновациялық мұғалімдер-курс құраушыларына
Достарыңызбен бөлісу: |