Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет105/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   113

319
бағытталған. Бұл оқыту үдерісін басқаруды болжайды, ал ол екі 
өзара байланысты үдерістен тұрады: оқушының оқу қызметін 
ұйымдастыру жəне осы қызметті қадағалау. Сонымен қатар, 
педагогикалық толықтай үдеріс кезеңінде бұл элементтердің 
əрқайсысының өзіндік  алға қойған мақсаты мен электрондық 
оқыту технологиясы сəйкестендіріледі, əрбір технологиялық про-
цедура, əрбір  технологиялық қолданыстың оқыту барысында 
өзіндік анықтамасы, тапсырмаларды оңтайландыру кезеңінде 
əрқайсысының өзіндік шешімі бар.
Осылайша, ЭОТ – дидактикалық басқару кезеңіндегі ең негізгі 
механизм элементі, абстрактілі ғылыми тілді тəжірибеде нақтылы 
қарапайым тілге аударатын құрылғысы болып табылады.
ЭОТ жобалау кезеңінде өзгертілмейтін механикалық шығысы 
жоқ үдеріс емес, вариантты – құрамды алгоритм, мұғалім мен оқушы 
арасындағы векторлық өзара байланысу мүмкіндігі екенін ескеру 
керек. Педагогикалық технологиялық нəтиже беру кезеңінде оқу-
тəжірибелік кешенін өңдеу деңгейі, тьютор даярлығының дəрежесі, 
əрбір жеке оқушының жалпылай дамуы, ақпараттық технология-
лар бөлім құрылғысын қабылдау, сонымен қатар, оқыту кезеңіндегі 
материалдық-техникалық деңгеймен қамтылуы, электрондық 
оқытудың технологиялық платформасын таңдау, жəне т.б. үлкен 
əсерін тигізеді.
Төменде заманауи электрондық оқытудың технологиясын өңдеу 
кезеңінде жетекшілік ететін негізгі талаптары көрсетілген: 
- «Бүтіндік». ЭОТ мақсаттар жүйесі түрінде ұсынылып, 
əдістер, құралдар, оқытудың шарттары мен формала-
ры, нақты дидактикалық жүйелермен қамтамасыз етілуін 
қадағалайды. Электрондық оқытудың дидактикалық жүйесі 
құқықтық-нормативтік, қаржылық-экономикалық, марке-
тинг, материалдық-техникалық жəне қауіпсіздік жүйелерінен 
тұрады.

«Жүргізушілік». Электрондық оқыту технологиясы 
педагогикалық ортаны сипаттай отырып, белгілі бір оқытудың 
мақсатқа жететіндігіне кепілдік береді. Заманауи ЭОТ 
тарамдалған түрде болуы тиіс. Оны жүргізуге жəне түрлі оқыту 
орындарында аналогиялық нəтижеге жетуге болады.
-  «Адаптация» білім алушылардың жекелей оқыту кезеңі. Бұл 
кезең білім алушылардың нақты ерекшеліктерінің танымдық 
бағалау талаптарына жауап беруі тиіс.


320
- «Психологиялық негізділік». Бұл оқушының оқшауланған 
жұмыс ерекшеліктерінен құралған, оқыту кезеңінде ерекше 
компьютер жəне телекоммуникациялық құралдарын қолдану.
-  «Экономикалық пайдалылық» білім беру ортасында қазіргі 
жеткіліксіз қаржылық алғашқы дəрежелік шарттарынан 
тұрады. 

«Ғылымилық» педагогикалық білімнің соңғы жеткен 
жетістігінің тірегін талап етеді, ғылыми топтастырылған 
жəне дидактикалық жаңа кіріспе тəжірибелік тексеруден 
өткен, білімнің іргелес дидактикалық областарынан алынған 
мəліметтер қоры.
-  «Иілгіштік» – оқытудың үздіксіз мазмұнын жаңартып оты-
ру мүмкіндігі, оқу пəнінің мазмұнын жетілдіру жəне оларға 
дидактикалық материалдар табу. Бұл жүйе оқытудың 
желілік технологиясын қолданған жағдайда жеңілдетіледі. 
Ол əсіресе жылдам актуальдандыру оқу-əдістемелік 
материалдардың электрондық түрде ұсынылған жағдайда 
ерекше көзге түседі. 
-  «Қадағалау» – білім беру кезеңіндегі жедел түзетулер мен 
технологиялық оқытудың барлық кезеңдер бойынша сапалы 
бағалау нəтижелерін қамтамасыз ететін жүйелік компоненттің 
бар болуы. Желілік технологиялық оқыту кезеңі талаптарын-
да білім алушылардың идентификациялық жетекшілігі қажет 
етіледі.
Электрондық оқытудың нəтижелілігі оған қолданылатын 
технологияға тікелей байланысты. Электрондық оқытудың 
мүмкіншіліктері мен технологиялық сипаттамасының басты мақсаты 
мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысты барынша жоғары 
деңгейдегі жүйе екендігін көрсету.
Электрондық оқыту кезеңінде қашықтықтан оқытудың негізгі 
технологиялары ТВ технологиясы, кейс технологиясы жəне желілік 
(Интернет) технологиялары болып табылады. 
ТВ технологиясы телевидениялық оқу-əдістемелік материалдар 
мен мұғалім-тьютордың əрдайым кеңесін алып отыруымен жүйеге 
келіп қорға айналады. Сонымен қатар, спутниктік телевидениялық 
жəне телемостларды қолдана отырып семинарлар, сабақтар өткізу 
мүмкіншілігі бар.
Кейс технологиясы мəтіндік жинақтарды, аудиовизуальды жəне 
мультимедиалық оқу-əдістемелік материалдарын, оқушылардың 


321
мұғалім-тьюторлардың көмегімен өзіндік зерттеуін негізге алып 
қолданылатын жинақ. 
Желілік технологиялары мұғалім мен оқушы арасындағы 
өзара интербелсенді байланысты орната отырып, оқу-əдістемелік 
материалдармен қамтиды, телекоммуникациялық желілерді пай-
далана отыру негізінде жүзеге асырылады. Олар асинхронды жəне 
синхронды болып бөлінеді. Асинхронды технологиясы орнықты 
оқытуды, ал синхронды – шынайы қашықтықтан оқытуды жүзеге 
асырады.
 Асинхронды технологиялар жеткілікті түрдегі жəне көпке таны-
мал СВТ (немесе «қарапайым» СВТ) жəне WBT (топтастырылған 
технологиялар жинағы) болып табылады:
-  Computer – Based Тraining  (СВТ) – мұғалім мен оқушы 
арасындағы жергілікті компьютердің интербелсенділігі түрлі 
дəрежедегі оқыту программаларын қолдана отырып жекелей 
оқыту.
-  Web - Based Тraining (WBT) -  мұғалім мен оқушы арасындағы 
жергілікті компьютердің интербелсенділігі түрлі дəрежедегі 
оқыту программаларын қолдана отырып жекелей жəне топпен 
оқыту.
Оның негізгі ерекшеліктері:
-  желінің арнайы серверінде сақталынатын оқу материалы;
-  оқушының оқыту деңгейін басқарып жəне зерттеп отыру;
-  интербелсенділігі əртүрлі коммуникациялық технологияларды 
жекелей жəне топпен қолдану мүмкіншілігі.
Синхронды желілік оқыту технологиясы мұғалім мен оқушы 
бір- бірінен алыс қашықтықта болған жағдайда қолданылады. Олар 
бейнеконференциялық байланыстар орнату арқылы жəне қосымша 
ортақ жұмыс құрылғыларын жасап, виртуалды сынып құрайды. Бұл 
технологиялар оқу кезеңіндегі барлық қатысушылардың бір мезгілде 
қатысуын талап етеді.
Электрондық оқытудың базалық технологиясы – Интернет-тех-
нологиясын қолдану арқылы құралған технология. Интернет желісі 
электрондық оқытуға қажетті барлық құрылғыларды ұсынады. 
Электрондық оқытуда өте аз тараған телевидения мен кейс техноло-
гияларынан құрылған телевидения-ғарыштық  технологиясы болып 
табылады.
Жалпылай алып қарағанда, Интернет-желісін қолдану арқылы 
құралған электрондық оқыту технологиясын қолдану басқа 


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау