ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ –ЗАМАНАУИ ОҚЫТУДЫҢ БЕЛГІСІ
Л.Ш.Уралбаева
Ақтөбе қ.
Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-
әрекетінің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеруі –маңызды мәселелердің бірі. Бүгінгі мақсат –
әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына
қолайлы жағдай жасау.
Инновациялық үрдістің негізі –жаңалықты қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық
қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл, бір мұғалім үшін
табылған жаңа әдіс, жаңалық, басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді. Инновация білім деңгейінің
көтерілуіне жағдай туғызады.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани,
азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып,
оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: дамыта
отырып оқыту әдістемесі (Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдов, В.Репин, В.Левин); оза отырып
оқыту(С.Лысенкова); іс-әрекетті бағалау( Ш.Амонашвили); тірек және тірек конспектілері арқылы
оқыту( В.Шаталов); саралап оқыту; шоғырландырып қарқынды оқу жүйесі; деңгейлік тапсырмалар
арқылы дамыта оқыту; жобалап оқуты технолдогиясы.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру; баланың өз бетімен
әрекеттенуін қалыптастыру; баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр
оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту; оқу үрдісін оқушының сезінуі.
Мемлекетіміздің әлемдегі дамыған елдермен тең болуы әрі басқа елдер арасында өркениетті ел
ретінде танылуы үшін мектеп оқушысына саналы тәрбие мен сапалы білім берудің маңызы зор. Қазақ
тілі мен әдебиеті пәнінен білім беру әдістемесін айқындауда жаңа технологияны прайдалану –бүгінгі
күннің талабы.
Қазіргі кезең –технологияның әртүрінің қарқынды дамыған заманы. Әрбір ұстаз өз Отанын
шексіз сүйетін, білімді, іскер, рухани адамгершілігі мол, парасатты, мәдениетті, жан-жақты жетілген
ұрпақ дайындау міндетті. Яғни, сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану, оқушының жеке басын
құрметтей отырып, білім беру –қазіргі оқытудың негізгі талабы. Инновация –педагогикалық үрдісте
оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларының, оқу жоспарларының, бағдарламаларының,
түрлерінің, әдістерінің, құралдардың мақсатына жету.
Инновация-жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс. Инновациялық құрал және үрдіс әлде бір жаңалықты
енгізу деген сөз. Педагогикалық үрдісте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсатымен
мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.
Қазақ тілін оқытуда сөйлесім іскерлігін кейбір интербелсенді әдістерді қолдану арқылы үйретеді.
Инновациялық үрдіссіз мектептің дамуы мүмкін емес.
Инновациялық іс-әрекет-қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын
дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту
үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс-әрекетін саналы түрде өзгертеді.
Инновациялық үрдістің кезеңдері:
инновацияның себептері;
жаңалықты жобалау;
жаңалықты жүзеге асыру.
Инновациялық үрдісті күшейтетін бес фактор:
1. Мектеп басшысының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға
қабілеттілік, педагогикалық үрдіске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым-қатынасы.
2. Инновациялық үрдістің жоспары, бағдарламасы.
3. Бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда
инновациялық үрдіске ететін жғдайларды көрсетіп, сәтсіздік болғанда оны жоятын шараларды да
белгілеу.
4. Әлеуметтік-экономикалық жағдай.
5. Инновациялық үрдіске қатысушылар: бастама көтерушілер, қарсы тұрушылар.
Инновациялық оқыту арқылы біз жаңа технологияларды қолданамыз. Сабақты компьютерге
жазып, оқушылар үйде көріп, тыңдуына мүмкіндік бар.
Инновациялық оқыту тәсілдерін қолдану арқылы өткен сабақтың тиімділігі:
1. Материалды түсіндіруге мұғалім көп қиналмайды.
2. Оқушылар жаңа сабақты, материалды оңай қабылдап, тез меңгереді.
3. Сыныпта басы артық шу, әңгіме болмайды.
4. Интербелсенді тақта арқылы жаңа сөздің мағынасын түсіндіруге болады.
5. Оқиғаға құрылған сурет бойынша оқушыға заттың атын, түсін ататқыза отырып, қимылына,
көрген-байқағандарына байланысты сөйлем құрғызып, әңгіме айтқызуға болады.
Жаңашыл мұғалімдердің жаңа бағытта, инновациялық әдіспен жұмыс істеу жолдары:
оқушылар мен мұғалімдер, ата-аналар арасындағы ынтымақ; ұжым мүшелерінің
шығармашылық жұмысы;
оқушыға атқарушылық және шығармашылық қабілетін дамытатын жұмыстар беру;
оқушыны өзін-өзі және ұжымды талдауға үйрету;
тұлғалық дамуы;
тірек идеясы;
жаңару идеясы;
озу идеясы;
тұлғаны дамыту идеясы.
Инновациялық оқыту-заманауи оқытудың белгісі, білім берудегі оқыту мен тәрбиенің негізгі
мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілетін, ақыл-ойын дамыту.
Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап,
бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы
және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол
жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей,
жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Қазіргі кезде мектептің алдына қойылып отырған басты талаптарының бірі – рухани дүниесі бай
жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың жолдары,
құралдарын анықтау ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға,
жаңа тәсілдер табуға ұмтылу. Қай пәнде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін
дамыта оқыту, олардың сабаққа деген қызығушылығын ояту, ойын ынтасын дамыта түседі.
Жалпы білім беру мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне мектеп оқушысын белгілі бір қажетті
біліктілер мен дағдыларының иесі, жас ерекшелігіне байланысты өз жасын қалыптастыруға күш
жұмсап еңбектенетін оқушы деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім мен тәрбие
мазмұнын анықтап, құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта оқыту идеясы арқау болады. Сонымен
қатар қай мемлекетті айтар болсақ, негізгі тірегі – білімді, білікті, іскер, белсенді адамдар екені айқын.
Сондықтан қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды
мәселе екені даусыз. Қазір білім беру саласында жаңа жүйе жасалып, әлемдік білім кеңістігіне ену
бағытында елеулі істер атқаруда. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.
«Білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда, қапы қалып жүрмейік» – деп
Абылай хан айтқандай әр мұғалім жаңа технологияның идеяларын іздене оқып, педагогика саласында
өз жолын, өз тың еңбегін, өз сүрлеуін салуға үлес қосуға тиісті.
Әдебиеттер
1.Крутецкой В.А. О проблемной обучении. Вып.,1, Москва: Высшая школа, 1967.
2.Курт Мередит, Джинни Стил, Чарлзь Тэмпл, Скот Уолтер. Оқу мен жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлауды дамыту. Әдістемелік құрал. Алматы, 2000.
3.Выготский Л.С. Мышление и речь. Москва, 1999.