173
Сипатталған мəлімет білім беру порталдар жүйесінің
толықтығын, сонымен қатар оған ақпараттық ресурстарды қолдану
арқылы кіруді қамтамасыз етеді. Мұнда құру, құрастыру, экспертиза
жəне білім беру порталдар жүйесіндегі экспертиза жəне жүзеге асы-
ру ескерілуі тиіс.
Мемлекеттік жəне мамандандырылған білім беру порталдары
үшін білім берудегі ақпараттық ресурстарды жасаудың алдыңғы
қатарлы бағыттары:
- жалпы орта білім беру жүйесінде берілетін пəндер
тақырыптары;
- экономика, менеджмент жəне əлеуметтану;
- заң ғылымы;
- тарих жəне философия;
- физика, химия, биология;
- гуманитарлық ғылымдар;
- бірыңғай мемлекеттік эмтиханды ақпараттық қолдау;
- Шет елдегі оқыту үдерісін ақпараттық қолдау.
Білім беру порталдарын мазмұндық толтыруға бағытталған
білім берудегі ақпараттық ресурстарды жасауда негізгі нормативтік
құжаттар есепке алынады, соның ішінде:
- мемлекеттік білім беру стандарттары;
- пəннің бағдарламасы;
- мемлекеттік білім беру стандарты бойынша оқу басылымдар
тізімі.
Көптеген жағдайда, кез келген білім беру порталында
практика жүзінде бар іздеу, рубрикация жəне каталогизация
жүйесін қолдана отырып, педагогтар жəне оқушылар білім беру
үдерісіне қажетті ақпараттық ресурстарды іздеуді оңтайлан-
дырады. Ресурстарды портал көмегімен іздеуді порталда бірыңғай
кəсіби түрғыдан қалыптастыру қолданылуын ескере отырып,
жүргізу қажет:
- ұқсас қызмет элементтерін орналастыру;
- ақпараттық беттердің қызметтік жəне көркемдік дизайны;
- редакторлар жəне оқырмандарды тіркеу жəне аутентифика-
циялау жүйесі;
- жаңалықтар лентасы;
- материалдарды жариялау сервисі;
174
- файлдарды жəне қосымша гипермедиа-ақпараттарды жарияла-
натын материалдарға біріктіру механизмі;
- білім беру порталдарының жалпы іздеу жүйелерін түзету
жұмыстары үшін ақпаратты қосымша іздеу жəне алу техноло-
гиялары;
- берілген сайттар жиынтығын индексациялау;
- ақпаратты тізбектеу детализациялау механизмі;
- ақпараттық ресурстарды жəне білім беру порталдарының
қосымша тараулары жəне рубрикаторларын енгізу жəне
қабылдау ережесі.
Мұғалімдер порталдарды қолдана отырып, порталды
қалыптастырудағы бірыңғай саясатты жасауда, сонымен қатар
оларға арналған ақпараттық ресурстарды жасауда осы күнге дейін
шешімін таппаған күрделі мəселе болып табылатындығын түсінуі
тиіс.
Аталған мəселе порталдарды қазіргі телекомуникациялық
құралдардың мүмкіндіктеріне қатысты қалыптастыру кеңістік жəне
уақыт бойынша бөлінгендігімен күрделене түседі: Ақпараттық-
қатынастық технологиялар əртүрлі уақытта əртүрлі шығарма-
шылық ұжыммен жасалады, бұдан соң дайын өнім порталда
мəліметтерлі телекомуникациялық каналдар бойынша тасымалдау
жолымен кіріктіріледі. Нəтижесінде педагогтар жəне оқушылар,
білім беру порталдарының негізгі қолданушысы бола отырып,
көптеген бірыңғай емес əртүрлі типті ақпараттардан адасады,
құрылымдау негізінде əртүрлі критерийлер бар, оны тасымал-
дау, өңдеу жəне алу принциптері əртүрлі технологиялық тəсілге
бағындырылған.
Білім беру үдерісі қатысушыларына білім беру порталына
енетін əрбір жеке ақпараттық ресурс үшін компьютерлік техника
жəне программалық қамтамасыз етілуімен қызмет жасаудың жаңа
қосымша тəсілдерін меңгеру жеңілірек.
Интернет желісінің (білім беру порталдарын немесе олар-
ды қолданбай) көмегімен алынған аудио жəне бейне ақпаратты
қолданудың өзіндік ерекшелігі бар. Кейбір жағдайда мұндай
ақпаратты беру оқушылардың денсаулығына кері əсері болуы неме-
се оқу үдерісінің тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Қазіргі педагогтар жалпы орта білім беру жүйесіндегі интер-
нет желісінен алынатын ақпараттық ресурстарды қолдану бары-
175
сында туындайтын керіағар мəселелерді білуі жəне көруі қажет.
Жекеше алғанда, кейбір оқушылар білім берудегі Ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдары беретін еркіндікті пай-
далануға қабілетсіз. Жиі шиеленіскен жəне күрделі тəсілдер педагог-
тар мен оқушыларды меңгеретін материалдан алшақтатуы мүмкін.
Бұған қарамастан, интернет-ресурстардағы мультимедиалық
ақпараттың сызықтық емес құрылымы қолданушыны ұсынылған
сілтемелер бойынша жүрумен «құштарландырады», бұл қол-
данушыны оқу материалынан берудің негізгі өзегінен алшақтатуы
мүмкін.
Күн өткен сайын мұғалімдер жеке ақпараттық ресурстарын жəне
басқа Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын жасау-
мен айналысуда, олардың көпшілігі интернет желісіне түседі. Егер
мұғалім жеке программаларды жасаумен айналыспаса, онда бұрын
құрылған сапасы, педагогикалық тиімділігі жəне эргономикасы
жағынан сыннан өткен интернет-ресурстарды пайдалана алады.
Осындай жағдайда, мұғалімдер денсаулыққа жəне психикасына кері
əсер келтірмейтін білім берудегі Интернет-ресурстарға қойылатын
негізгі талаптарды білуі тиіс.
Мектепте жұмыс жасайтын педагог қолданатын немесе
құрылатын интернет-ресурсты безендірудің негізін құрайтын
көркемдік шешім қабылдай білуі қажет, ол ресурстың пəндік
бағытымен анықталады. Мұнда Ақпараттық-қатынастық технологи-
ялар құралдарын безендіру мектепте қолданылатын жəне ортаның
денсаулық қорғау талаптарына сəйкес оқу жəне балалар əдебиетін
безендіру тəсіліне қарағанда, сабақтас стилистік шешімде құрылуы
тиіс.
Оқушылардың психикасына əсер ететін кемшіліктерді азайту
мақсатында, білім беру интернет-ресурстарын жасау мен пайдала-
нуда агрессивтік, визуалды жəне дыбыстық элементтерді қолдануға
болмайды. Интернет-ресурстарды безендіру мұндай ресурстарды
оқытуда мұғалім мен оқушының қолдануы есепке алынып орында-
луы қажет.
Білім беру интернет-ресурстарының құрамында қажеттілігіне
қарай баланың жасерекшелігі ескеріліп қабылдауына бағытталып
безендірілген тарауларға бөлінуі тиіс. Сонымен қатар мұғалімнің
сабаққа дайындалуына арналған тарауларды безендіру, күрделі
шрифтерді, қараңғы фонды, анимацияланған объектілерді жəне ин-
Достарыңызбен бөлісу: |