Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет59/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   113

179
Оқушыларға интернеттің жағымсыз əсерін төмендетуге 
мүмкіндік беретін оқыту əдістемесі қажет. Практика мұндай 
əдістеменің бар екендігін көрсетеді.  Интернет желісінің ресурс-
тарымен жұмыс жасауға қызығатын оқушыларды бақылаудан, 
оқушылар жұмыстың басында ақпараттық-коммуникативтік сипатта 
болуымен түсіндіріледі. Алдыңғы мотив ретінде жаңа мазмұны көп 
емес, сыни тұрғыдан өңдеуді қажет етпейтін, бірақ оқушылардың 
қызығу тақырыбына байланысты ақпаратты алуға ұмтылысы жата-
ды. Оқушыларда желіні қолдануға деген қызығушылық жəне моти-
вация пайда болады. 
Бұл кезеңде оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін 
ескере отырып, оларды қажетті білім саласына бағыттайтын 
мұғалімнің көмегі қажет.  Желіде ақпаратты немесе нысан-
дарды  іздеу алдында, оқушылар өзі нені іздесе сол ақпаратты 
немесе нысанды үлгілеуі қажет. Оқушылар интернет ресурстын не 
үшін қолданып отырғандығын нақты түсінуі, мектепте оқу үшін 
қажетті нақты мақсатқа бағытталған ақпаратты іздеуге мүмкіндік 
беретін құралдар мен технологияны меңгеруі қажет екенін сезінуі 
тиіс. 
Осындай жағдайда оқушылардың сыни ойлауы, ақпаратты 
сауатты интерпретациялау іскерлігі, проблемалық жағдайды 
əртүрлі тəсілдермен шешу, интернет желісіндегі ақпараттық ресурс-
тармен жұмыс жасау үдерісіне шығармашылық көзқараспен қарау 
дамиды.
Мектеп мұғалімі жасөспірімдердің желіден оқу-танымдық 
ақпаратын алуда мотивациясын арттыру қажеттігін ескеруі қажет. 
Оқушылардың қызығушылығын басшылыққа ала отырып, олар-
ды мектеп пəндерін меңгеру тиімділігін арттыру мақсатында 
оқушылардың денсаулығына психологиясына кері əсерін азайту 
арқылы желі ресурстарына бағыттау керек. 
 Оқушылардың интернет желісіндегі ақпараттық ресурстарға 
адекватты қарым-қатынасын қалыптасу қажеттілігін ескере отырып, 
денсаулығын сақтаудағы шараларды белгілеуге болады:
-  ақпаратты өңдеу жəне алу іскерлігі;
-  ақпараттың адрестік бағытталуы;
-  ақпаратты сыни тұрғыдан түсіну дағдысын қалыптастыру;
-  альтернативтік тұрғыдан негіздеу дағдысы;


180
-  ақпаратты интерпретациялау дағдысын қалыптастыру;
-  тлеқатынастық желі арқылы алынған ақпаратты оқытуда жəне 
күнделікті өмірде қолдану жəне сақтау.
Мұндай мүмкіндіктерге жету үшін оқыту əдістемесі оқушылар 
интернет желісіндегі ақпараттық ресурстар туралы түсініктер ала-
тындай болуы шарт. Сабақта оқушыларға жеткілікті танымал 
жəне белгілі желі ресурстарында нақты емес, толық емес жəне 
дұрыс емес ақпарат болуы мүмкін екендігі жөнінде мəлімет 
берілуі тиіс. Мұғалім оқушылардың зейінін жарнамалық ақ-
параттың қауіптілігіне аударуы қажет, онда əдейі жіберілген 
қателіктері жəне файлдармен еркін қарым-қатынас жасау мүмкіндігі 
беріледі. Барлық толық емес жəне нақты емес ақпаратттарға берілген 
мысалдар сəйкесінше мұғалімнің, сонымен қатар оқушының тара-
пынан берілген комментарийлер жəне түсініктемелермен берілуі 
тиіс.
Интернет желісінде орналасқан ақпаратты меңгеру мен 
қолдануға арналған оқытудың əдістемесі бар. Егер сабақ аз топ-
та жүргізілсе, əрбір оқушыда интернетке қосылған компьютер-
мен жұмыс істеу мүмкіндігі болса, мұғалім телекомуникациялық 
желідегі құралдар мен ресурстармен қарым-қатынас жасауына 
нұқсан келтірмей оқушылардың əрекетін бағыттап отырса жетеді. 
Шағын топтағы оқушылардың қарым-қатынасы өзара көмек сипа-
тында жəне оқушы өзінің шығармашылық қабелітін дамыту үшін 
нақты мүмкіндіктерге ие болады. Оқушылардың интернет желісі 
ресурстарын қолданудағы денсаулығына психикалық жағымсыз 
əсері аз болады. 
Сонымен қатар ақпаратты қабылдау үдерісінде интернет 
жəне желідегі жарияланған ресурстар орнын баса алмайтын 
мұғалімнің сөзі үлкен қызмет атқаратындығын ескеру маңызды. 
Мұғалім оқушылар дұрыс қабылдауы үшін оларға түсінікті тілмен 
жеткізе білуі тиіс. Əдістеменің маңызды элементі өздерінің нені 
меңгергендігі жəне интернет желісіндегі ресурстарды жəне олар-
мен жұмыс жасаудың мүмкін болатын технологиясын қолданудың 
мазмұндық элементтерінің негізін түсінгендігі туралы оқушылардың 
ауызша пікірі болуы тиіс. 


181
6-тарау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Білім берудегі белгілі компьютерлік желідегі сервистерді қолдану 
ерекшеліктері мен тəсілдерін сипаттаңыз.
2. Интернет желісінде жарияланған білім берудегі электрондық ре-
сурстарды қолданудың мүмкіндіктері мен жағымды жақтарын 
сипаттаңыз.
3.  Web-бет дегеніміз не? Ол қандай компоненттерден тұрады?
4. Интернет желісінде ақпараттық ресурстарды іздеу кезеңдері мен 
құралдарын атаңыз.
5. 
Жалпы орта білім берудегі ақпараттық ресурстар каталогын 
қолданудың жағымды жақтары қандай?
6. Мектеп əкімшілігі, педагогтар, оқушылар, ата-аналардың интернет 
желісінде ақпараттық ресурстарды қолдануы не береді?
7. 
Интернет-портал дегеніміз не? Қандай интернет-порталдарды 
білесіз? Мысалдар келтіріңіз.
8. Федералды білім берудегі интернет-порталдар жүйесі құрылымын 
сипаттаңыз. 
9. Білім берудегі интернет-портал жүйесінде ақпаратты іздеуді қандай 
құралдар жүзеге асырады?
10. Білім берудегі интернет-порталдарды құру мен қолданудың 
жағымды жақтары неде? 
11. Интернет желісінде жарияланатын ақпараттық ресурстарды 
безендіру қандай болуы тиіс?
12. Оқушылардың интернет желісінде жарияланатын ақпараттық ре-
сурстармен жұмыс жасау барысында туындайтын мүмкін болатын 
мəселелерді көрсетіңіз?
13. Оқушыларды қарама-қайшы, толық емес жəне жағымсыз ақпараттан 
шектеуде қандай шаралар  қолданылады?
14. Оқушыларда сыни ойлауды қалыптастырудағы мұғалімнің рөлі 
қандай?


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау