56
Дəстүрлі тақтадан ерекшелігі интербелсенді тақта экрандағы
сурет бейнесін графикалық түсіндіруге көп құрал-саймандары
бар. Мұндай мүмкіндік берілген ақпараттың бейнесінің сапасын
арттыруға жағдай жасаумен қатар, оқушылардың зейінін арттыруға,
соның ішінде: пероға арналған көп түстердің саны, пероның
əртүрлі пішіні мен қалыңдығы, сонымен қатар тақтағы əртүрлі түс
фонын беру мүмкіндігі жоғары. Интербелсенді тақта əртүрлі
геометриялық фигураларды салу үшін құрал-саймандар саны көп
болғандықтан, əртүрлі сызбаларды, схемаларды, диаграммаларды,
графиктерді салу жағынан сабақтағы уақытты үнемдеуге жағдай жа-
сайды.
Интербелсенді тақтаның тағы бір ерекшелігі ондағы жазылған
ақпаратты бейнефильм түрінде сақтау мүмкіндігі болып табыла-
ды. Мысалы, есептің шешімінің тек қана ең соңғы нəтижесін емес,
есепті шешу үрдісін басынан аяғына дейін кез келген жылдамдықпен
көруге болады.
Интербелсенді тақта оқу-əдістемелік материалдарды тиімді да-
йындау құралы ретінде қолданылуы мүмкін: мысалы, есептің
шешімі, схемалар, сызбалар, графиктер жəне т.б. Бұл материалдардың
барлығы сабақта да, əрі қарай жаңа материалды түсіндіруде де,
қайталауда, сонымен қатар жеке жұмыс жасауда жаттықтырушы
ретінде қолданылуы мүмкін.
Интербелсенді тақтаны қолданудың мүмкін болатын тəсілдерін
анықтайтын 4 маңызды көрсеткішін айтуға болады:
- шектеусіз аудан;
- ақпаратты жазу мен экран бейнесін графикалық түсіндіруге
арналған құрал-саймандар жиыны;
- ақпаратты электронды түрде жəне əрі қарай шектеусіз көбейту
үшін де электронды түрде сақтау мүмкіндігі экран бетіндегі
суреттерді кеңейтілген түрде жіктеу;
- ақпараттарды сақтап оларды электронды түрде сақтауға
мүмкіндік бар
- ақпараттарды динамикалық түрде сақтауға мүмкіндік бар (бей-
нефайл түрінде).
Бұл мысалдарды əңгімелесу немесе дəріс түріндегі сабақтарда
иллюстрациялайық. Оқытушы сабақты өткізе отырып, тақтада өз
түсіндірмесінің кілттік кезеңдерін жазады. Бұл есептің шешімі бо-
луы мүмкін немесе қандай да бір ұғымның, сызбаның, графиктің
57
қысқа анықтамасы болуы мүмкін. Сонымен қатар тақтада орын жет-
песе жаңа экранға көшу мүмкіндігі (слайд). Əрбір слайд логикалық
аяқталған модуль ретінде безендірілген. Сабақтың барысында
алдыңғы слайдқа қайта оралуға, қосымша өзгерістер мен қосымша
белгілер жасауға болады. Слайд саны шектелмеген.
Оқытушы тақтада жазған кезде, қаламның кез келген түсін
таңдай алады, сонымен қатар қаламның қалыңдығын, сондай-ақ
оқытушының көзқарасы бойынша əрбір слайд көрнекілік үшін
əртүрлі түстермен жəне түрлі стилде безендірілуі мүмкін. Оқытушы
сабақ үстінде бұрыннан дайындалған немесе алдыңғы сабақтағы
статистикалық графикалық бейнелерді қолдана алады, сондай-ақ
қолданылып отырған слайдта сақталып қалатын əртүрлі белгілеулер
жасай алады. Бұл белгілер қаламмен немесе маркермен орында-
луы мүмкін, оның қасиетін (түсі, қалыңдығы, формасы, ашықтығы)
баптауға болады. Егер оқытушы өз дəрісінде бейнефрагментті пайда-
ланса, онда бейнебейнелерді екі режимде, бейнеқатар немесе үзіліс
режимінде тұрмай-ақ сондай құралдармен өзгертуге мүмкіндік бо-
лады.
Жазылған ақпаратты электронды түрде сақтау мүмкіндігі
оқытушыға оны келесі сабақта қайталау барысында немесе білімді
жалпылау сабақтарында қолдануға болады. Осылайша оқытушы
сабақта оқу-əдістемелік материалды келесі сабақтарға дайындай
алады.
Сақталған ақпаратты оқушыларға электронды немесе қағаз
түрінде оқушыларға аудиторияда немесе үйде өзбетінділік жұмыс
үшін де берілуіне болады. Видеоролик түрінде сақталған ақпарат
сабақта білімді бекіту кезеңіндегі жаттықтырушы ретінде де
қолданылады. Оқу материалын осылайша сақтауды есепті шешу
мысалдарын демонстрациялау үшін немесе тапсырмаларды (сызба-
ны аяқтауда, фигураны немесе графикті т.б. құрастыруда) орындауда
қолдануға болады.
Оқу үрдісінде компьютерлік технологияны қолдану ойды
кеңейтуді іске асырып жаңа əдістің пайда болуына, оның
ұйымдастыру түріне əкеледі. Білім беруді ақпараттандыру барысын-
да дидактикалық жəне оқыту құралы болып табылатын компьютер.
Бүгінгі мектепке келіп жатқан техникалық жаңалықтардың ішіндегі
айрықша орын алатыны – интербелсенді тақталар – педагогтардың
оқыту үдерісін көрнекі, анық етеді, сондай-ақ, кері байланысты са-
палы жүзеге асырады.
58
Интербелсенді тақтамен жұмыс істеудің мұғалім үшін
артықшылығы:
1.
Мұғалімге жаңа материалды сынып ортасында тұрып
түсіндіруге мүмкіндік береді;
2. Кез келген қосымшалардың үстіне сурет салуға жəне жазба
жазуға мүмкіндік береді;
3. Артық уақыт, күш-жігер жұмсамай тақтадағы кескінді, сабақ
уақытында жасалған жазбаларды сақтауға жəне баспаға беруге
жəне материалды қабылдау деңгейін тексеруді жеңілдетеді;
4.
Мұғалімдерді оқытудың жаңа түрлерін іздеуге, кəсіби
шеберлікке ынталандырады;
Оқушылар үшін интербелсенді тақтамен жұмыс істеудің
артықшылығы:
1. Сабақты қызықты етеді жəне оқушының ынтасын арттырады;
2. Ұжымдық жұмысқа қатысуға, жеке жəне əлеуметтік дағдыларын
дамытуға көп мүмкіндік береді.
3. Оқыту материалының түсінікті, тиімді жəне өзгермелі
берілуінің арқасында оқушылар қиын сұрақтарды жеңіл жəне
тез қабылдайды.
4. Оқушылар шығармашыл түрде жұмыс істей бастайды жəне
өздеріне деген сенімі арта түседі.
Бірақ тақта – тек қана құрал, ал оқыту үдерісінің тиімділігі
көбінесе мұғалімнің шеберлігі мен арнаулы программалық
қамсыздандырудың сапасына байланысты екенін естен
шығармағанымыз жөн. Осылайша, интербелсенді тақтаны
қол-дану оқу үдерісін кемелдендіруге жаңа мүмкіндік береді,
оқушы мен мұғалімнің өз бетінше атқаратын жəне бірлескен
жұмыстарын шығармашыл етеді. Бағдарламалық-ақпараттық жиын-
тық «Интербелсендік тақта» дегеніміз бұл дəстүрлі мектеп
тақтасының барлық сапасына ие жəне мынадай кең мүмкіндіктері
бар тақта:
– экрандық кесікіндердің графикалық түсініктемелерін беру;
– бір мезгілде сыныптың барлық оқушыларының істеген
жұмысына сараптама жүргізуге жəне тексеруге мүмкіндік
туғызады;
– табиғи амалмен (ұсынылатын ақпарат ағынын арттыру
есебінен) сыныпта оқушылардың оқу жүктемесін арттырады;
– оқытуға жаңа құлшыныстың алғы шарттарын дайындайды;
– сұқбатқа құрылған оқытуды жүргізеді;
Достарыңызбен бөлісу: |