334
сы дамып келе жатыр. LMS-дан айырмашылығы, мұндай жүйелер
оқыту үдерісін емес, оқу бағдарламаларын басқару тапсырмасын ше-
шуге негізделеді жəне назар менеджерлер мен үйренушілерге емес,
контентті дайындаушыларға, курстың əдістемелік жинақтаушы
мамандарына жəне оқыту жобасының жетекшілеріне аударылады.
LCMS-дің негізінде өз тыңдарманы жəне арнайы қолдану контенті
бар көп ретті қолданылатын оқу объектілерінің жинақтамасы сияқты
оқыту мазмұнын жеткізу концепциясы жатыр. Талдаушылардың
байқағанындай, аты соншалықты ұқсас екі класс арасындағы ше-
караны айыру өте қиын: LCMS жүйесінің көптеген өндірушілері
оларға оқытуды ортақ басқару қызметін қосады, ал LMS-дің жетекші
шешімдері қазіргі уақытта оқу контентін басқару мүмкіндіктерін де
қосады.
LCMS-дің көптеген мүмкіндіктеріне қарамастан, ол өзіне келесі
компонеттерді қоса алуы қажет.
Оқыту объектілерінің репозиториы. Бұл оқыту контентін
басқаратын жəне сақтайтын орталық мəліметтер қоры. Осы ор-
тадан оқушының жекелей оқу талаптарына сай оқыту объектілері
қолданушыларға толық курс бөлімінің құрамы болатын немесе
жеке элемент ретінде немесе үлкен оқыту моделінің бөлімі ретінде
қолжетімді болады. Түпкі өнім Web, CD-ROM немесе қағаз бетінде
ұсынылады. Əрбір объект қойылған талаптарға байланысты түрлі
мақсатта жəне бірнеше рет қолданылуы мүмкін. Контенттiң
үйлесiмдiлiгi жеткiзудiң əдiсiнен тəуелсіз қамтамасыз етiледi. Жеке
элементтер үшін XML-ң логикалық программаның кілттік сөзімен
қамтылады.
Автоматтандырылған ауторингтің программалық қамсыздан-
дырылуы. Бұл ПҚ репозиторий қолжетімділігі үшін көптеген
оқыту объектілерін құруда қолданылады. Оқу контентінің негізгі
əрлеу принциптеріннен тұратын, архивті нұсқада жəне шаблон ав-
торын ұсына отырып, қосымша өңдеуді автоматтандырады. Бұл ша-
блондарды қолдану арқылы автор репозиторидегі бар объектілерді
жəне жаңа немесе ескі объектілер комбинациясын қолданып, жаңа
курстар өңдеп шығарады. Бұл тақырыптардың зерттеушілері, оқыту
курстарын көркемдеушілер, медиа-жабдықтарды құраушылар,
тəжірибелік құрамның көшбасшылары жəне тағы басқалар ав-
торлары болып есептеледі. Бұл құрылғы сонымен қатар, оқыту
контентінің кітапханасы ұйымындағы аудиовизуалды материалдар,
арнайы интерфейстер жəне оқыту əдістемесі секілді жылдам кон-
335
вертациялауда қолданылуы мүмкін. Автор ұйыммен жұмыс жасай
отырып, аутсорсингтік өңдеулерді іске асыра алады.
Бейненің интерфейсі (контенттің ұтылуы). Оқыту объектілерін
кешендік оқытумен сəйкестендіріп ұсынуда, алдын ала тестілеуде
жəне / немесе қолданушылар сауалдарын қанағаттандыру мақсатында
материалдардың бейнесінің интерфейсі қажет. Бұл контент нəтижелер
трекингін қамтамасыз етеді, сəйкес ақпарат көзіне сілтеме жасайды
жəне бағалаудың түрлі нұсқалары мен қолданушылармен кері бай-
ланыс жасайды. Бұл интерфейс LCMS қолданатын нақты белгілі бір
ұйымға арналып құрылады. Мысалы, ұйымның қабылдауы бойынша
шешілген стильді көрсету мақсатында контент ұйымның эмблемасы
мен веб-беттерінде, көркемдеу элементтерінде көрсетілуі мүмкін.
Сонымен қатар, бұл басқару элементтері жəне көркем құралдары та-
лап қойылған аймақ бойынша тіркеуге алынады.
Əкімшілік ету құрылғылары. Бұл қосымша оқушылардың
есептік жазбаларын басқаруда, каталогтағы курсқа өтуде, нəтижені
зерттеуде, оқыту кезеңі жайлы есеп берулерде жəне басқа да
қарапайым əкімшілік басқару қызметтерінде қолданылады. Бұл
ақпарат ілгерірек əкімшілік қызметті жүзеге асыруға арналған LMS-
ке жіберіледі.
LCMS нарығы əзірге жеткіліксіз шикі, алайда ол жылдам даму-
да; бұл сыныптас жүйелер уақыт өткен сайын көп қолданысқа ие
жəне тек қана e-leaming қажетті инфрақұрылым ретінде ғана емес,
сонымен қатар, ИТ инфрақұрылым бөлігі ретінде жалпы батыстық
корпоративтік компанияларды қолданылаы. Оған дəлел, SAP (SAP
Learning Solution), Oracle (iLeaming), PeopleSoft (Enterprise Learning
Management) компаниялары мен жалпы білім беруді басқаратын
өндірушілердің қызығушылығы.
Электрондық оқытуды ұйымдастыру жүйесін талдау
Виртуалды оқыту ортасында платформа таңдау мəселесі кілттік
жəне келесідей факторларды таңдаудан туындайды: ортада қандай
талаптар қойылады, қандай функционалдық сипаттамалары бо-
луы керек, қандай орта қолданушыларына бағытталған жəне талап
етілген платформалардың құрамында қандай қасиеттері болуы.
Қазіргі уақытта электрондық оқытуды ұйымдастыру жүйесінің
негізгі екі тармағы бар: коммерциялық жəне еркін таратылатын
LMS\LCMS.
336
Коммерциялық LMSXLCMS
Нарықтың білім беру шарттарында пəндік қолданысқа
бағытталған немесе электрондық оқытуға арналған бірнеше
коммерциялық өңдеулер ұсынылған. Олар:
-IBM Lotus Workplace Collaborative Learning (LWCL) – бұл əмбебап
жүйесі дəстүрлі жəне электрондық оқытудың басқару жүйесінде
жұқа, сенімді жəне масштабтық, оқыту материалдары мен ресурста-
рын сипаттайды. Мұндай жүйелер ірі басқару компаниялар мен хол-
дингтермен қатар оқыту мекемелерінде де қолданылады. Сонымен
қатар, жүйенің Shareable Content Object Reference Model (SCORM)
жəне Aviation Industry CBT Committee (AICC) секілді салалық стан-
дарттары бар.
Олардың:
-
түрлі топтағы қолданушыларға арналған курстардың
қолжетімділігін басқарады;
- оқыту үдерісін басқарады;
- сабақтың өтілу барысы мен оқыту программаларын құрады
жəне зерттеп отырады;
- күнтізбелік жоспар мен сабақ кестесін құрады жəне басқарады;
- оқыту материалдарын құрып, енгізу жəне курстық каталогтар-
ды басқару;
- оқыту қорытындыларын тестілеу жəне зерттеу;
- дискуссиялар мен хат алмасуларды қамтамасыздандыру;
- алшақ/ мобилдік қызметкерлер үшін оқыту үдерісін қамту
сияқты қызметтік мүмкіншіліктері бар.
Бұл жүйенің кемшілігі оның IBM шешімдерімен байланысты-
рылуы жəне орыс тілінің шектелуі:
- Oracle Learning Management (OLM) – оқытуды басқарудың
корпоративтік жүйесі. Оқытудың барлық іс-əрекеті түрлеріне
арналған (дəстүрлі жəне онлайн оқыту режиміндегі):
- курсты жəне оқудың бағдарламасын жоспарлау жəне оқыту
үрдісін жоспарлау жəне қамтамасыз ету (дəрісхананы, нұсқаушыны,
жабдықты, қашықтықтан курстарды жəне т.б), дəрісханаларда
жəне онлайн курстардағы курсқа шақыруды, сондай-ақ қызметкерді
оқытудың барлық жағдайына араластыру, қаржыларды есептеу.
OLM оқытуды басқару жүйесі:
- оқудың үдерісінің барлық қатысушыларын: оқушы, оқу
үдерісінің оқытушысы жəне оқу бағдарламасын жеткізушісінің
менеджерлері;оқытудың біртұтас ақпараттық ортасына
біріктіруге мүмкіндік береді;
Достарыңызбен бөлісу: |