Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет109/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113

331
тардан өту үдерісін басқару элементтері дамыған электрондық 
кітапханаларда бар, бірақ e-learning үлкен жүйесін жүзеге асы-
ру үшін бұл қызмет аздық етеді.  Оқу контентін қажет уақытында 
тиісті адамдарға жеткізу жұмысын, оқу ресурстарын пайдала-
нуды қадағалауды, жеке тыңдаушылар жəне топты басқаруды, 
оқытушымен бірге жұмыс жасауды ұйымдастыруды, есеп беруді, 
т.с.с. автоматтандыру қажет болады. Бұл қызметтер e-learning-ді 
орнататын платформасы бар оқытуды басқару жүйесін LMS (ҚОЖ 
– «қашықтықтан оқыту жүйесі») жүзеге асырады, бірақ кейбір 
жағдайларда дəстүрлі оқыту үдерісін басқаруға да пайдаланыла 
алады. 
LMS жүйесі негізінде əр оқушыға оқу материалын анағұрлым 
тиімді үйренуге жеке мүмкіндік беруі, ал оқу үдерісінің менеджеріне 
оқу  бағдарламасын жасауға қажетті құралдарды алуға, оларды 
өткізуді басқаруға, оқытудың тиімділігін көрсететін есепті жасауға, 
оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыруға 
мүмкіндік беруі тиіс. Оқушылар барлық оқу контентінің жіберілу 
нүктесі болып табылатын LMS-дан оқу порталына кіруге мүмкіндік 
алады, сондай-ақ, арнайы сілтемелердің көмегімен қосымша мате-
риалдарды пайдалану арқылы өткізілген аралық алдын ала тесттердің 
негізінде сəйкес оқу тректерін таңдайды.
LMS-дің əкімшілік қызметтері бірнеше негізгі аймақтарды 
қамтиды. Оқушыларды басқаруға қолданушылардың жүйеге жəне 
оқу контентіне тіркелуін жəне кіре алуын бақылау,  оқушыларға 
жалпы курсты таныстыру жəне есеп беру үшін топқа ұйымдастыру, 
аудиториялық жəне оқытушылық ресурстарды басқару жатады. LMS 
сонымен қатар, оқу үдерісінің қосымша элементтерін (практикалық 
сабақ, зертханалық жұмыстар, тесттер, бүрге жұмыс жасау 
құралдары, ішкі материалдарға сілтемелер, т.б.) интеграциялауға 
жауап береді. 
Сондай-ақ, LMS оқу контентін бөліп беруге жəне пайдалануға 
мүмкіндік береді. Олардың қатарында іздеуге ыңғайлы каталог 
курстарды ұйымдастыру, міндетті оқуға жəне өз еркімен оқуға 
арналған курстарды бөлу, жеке оқу тректерін (мысалы, оқушы-
лардың берілген қызмет қорында)  дайындау жəне басқа да оқу 
контентін толықтай бере алатын механизмдер, оқытушымен қарым-
қатынастың синхронды жəне асинхронды режимдерін қолдау. LMS-
нің маңызды элементі оқу үдерісінде электрондық оқытуға салынған 
қаржының тиімділігі жайлы қорытынды шығаруға көмектесетін есеп 


332
беру болып табылады. LMS-да бақылау жəне белгілі бір тақырыпты 
меңгеру барысында оқушы (немесе топ – «ұжымшыл оқушы» 
моделі) қалай дамып келе жатқандығы жайлы есептер механизмі бо-
луы тиіс. 
LMS-дің мүмкіндіктері
-  Электрондық оқытуды қолдау. LMS оқу сыныптарында 
дəстүрлі (аудиториялық) сабақтар мен желілік оқу курстарының 
негізіндегі виртуалды оқытуды қарапайым жолмен біріктіру 
мүмкіндігін беруі тиіс. Бұл мүмкіндіктер біріккен кезде 
қарапайым сабақты да, жекелеген (жеке тұлғаға арналған) 
сабақтарды белсендендіреді. 
-  Оқу мекемелерінде қолданылатындай, LMS оқу мекемесінің 
бірегей ақпараттық жүйесімен үйлесуі қажет, бұл оқушыларды, 
профессорлық-оқытушылық құрамды (қашықтықтан білімді 
жетілдіру), т.с.с. қосқанда үйренушілердің барлық катего-
риясын электрондық оқыту жүйесіне қосуды жеңілдетуге 
мүмкіндік береді. 
-  Басқару құралдары. LMS басқарушыларға қолдану-
шыларды тіркеу мен профильдерді басқаруға, рөлдерді 
анықтауға, тьюторларды, курс авторларын тағайындауға, 
контентті басқаруға, ішкі бюджетті, қолданушылардың 
төлемдері мен шығындарды басқаруға мүмкіндік беруі 
тиіс. Басқарушылар оқыту мəліметтер қорына еркін кіре 
алуы, жеке жəне топтық көрсеткіштер бойынша есеп құру 
мүмкіндігі керек. Жүйе үйренушілерге, нұсқаушыларға 
жəне оқу сыныптарына сабақ кестесін құруға мүмкіндік беруі 
тіис. 
-  Контент интеграциясы. LMS-ға сыртқы өндірушілерден 
курстың кең ауқымды белсенділігін қамтамасыз ету өте 
маңызды. Кейбір LMS-лар өз өнімдерін дайындау құралдарымен 
ғана сəйкес келеді, ал басқалары оқу контентінің стандар-
тымен өте шектеулі түрде сəйкес келеді. LMS жеткізушісі 
үшінші фирмалардың өнім контентін сертификациялауы жəне 
курстарға кіру сырғымалы менюді пайдаланған сияқты оңай 
болуы қажет. 
-  Стандарттарды орындау. LMS-тің SCORM жəне AICC 
сияқты стандарттарды қолдауы қажет. Стандарттарды қолдау 
дегеніміз LMS-тің пайдаланылған дайындау құралдарына бай-


333
ланыссыз стандартқа сəйкес біріктірілген контент пен курстар-
ды импорттауына жəне басқаруына болады деген сөз. Егер 
жеткізуші контентті сертификацияламаса, онда оны қосымша 
сертификаттауға шығындаласыз. 
-  Тестілеу мүмкіндігі. Бағалау жəне тестілеу модульдерінің 
міндетті бар болуы, сонымен қатар, анағұрлым сервистік 
қадам: а) курстың (жүйелік сабақтың) əр бөлімінің бөлігі 
ретінде тестті (бағалау модулін) қосу мүмкіндігі пайда болады; 
б) тестілеудің (бағалау модулінің) өздік модулі бар, мысалға, 
жеке бөлімді немесе толық курсты оқу нəтижесі бойынша.
-  Білімдерді басқару. Білімдерді басқару модулі ұйымға арнайы 
аумақта жұмыс коллективінің компетенциясына оқытуда күш 
салу аймағын инденцификациялау қажеттілігін анықтауға 
мүмкіндік береді. Білімдерді бағалау пікір алмасу мен 360 градус 
əдісін қоса алғанда əртүрлі қайнар көздерден алынуы мүмкін. 
Менеджерлер келесілерді анықтайды: деңгейлестіру, орта-
шаландыру немесе білім деңгейін анықтау үшін нəтижелерді 
салыстыру. Бизнес сондай-ақ бұл қызметті білім бойынша 
спецификалық талаптарға жауап беретін жұмысшылар іздеу 
үшін пайдалана алады.
LMS e-learning желілік ортасына қажетті қорғау механизмімен 
де қамтамасыз ете алады, сондай-ақ, үлкен көлемді оқу жобала-
рында мекеме ресурстарын жоспарлау жəне қызметшілерді басқару 
жүйелерімен біріктіруді қолдайды. 
LMS платформалар əртүрлі дайын курстарды ұсына алуы үшін 
интероперабелділік стандарттары құрылған. Airline Industry CBT 
Committee компьютерлік треннингтердің басқару жүйелерімен бай-
ланысын сипаттайды жəне Web-курстарға сəйкес интероперабелділік 
стандарттардың дамуына негіз болып табылады. ISM стандарты 
оқыту платформаларына кеңінен таныс, сондай-ақ Sharable Content 
Object Reference Model (SCORM) – АҚШ қорғаныс министрлігі
Advanced Distributed Learning программасы аясында дайындалған 
оқыту Web-контентін құруға арналған техникалық спецификациялар 
үйлесімділігі. 
Оқыту контентін басқару жүйесі (LCMS).
Соңғы жылдары оқу контентінің (Learning Content Management 
System, LCMS) басқарылуымен жүзеге асатын жүйенің жаңа кла-


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау