Рефераттар мен баяндамалар



жүктеу 33,43 Kb.
бет1/5
Дата23.02.2023
өлшемі33,43 Kb.
#41450
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Зертханалық жұмыстар (1)Ғылыми зерттеу негіздері (1)


Рефераттар мен баяндамалар
Ғылыми биотехнологиялық зерттеулер жүргізу кезінде (әсіресе тақырып бойынша жұмыстың бастапқы сатысында) сараланатын мәтінді дұрыс рефераттау дағдыларын қалыптастыру - маңызды мәнге ие болып табылады. Реферат - бұл биотехнология саласында берілген тақырып бойынша ғылыми еңбектердің (монографиялардың, оқу құралдарының, ғылыми мақалалардың) мазмұнын жазбаша түрде қысқаша баяндайтын ғылыми-зерттеу жұмысы. Реферат көлемін әрбір нақты жағдайда оқытушының өзі анықтайды. Рефератта студент бірнеше дереккөздерде қамтылған негізгі ережелерді (идеяларды, шешімдерді, ұсыныстарды және т.б.) баяндайды, әртүрлі көзқарастарды келтіреді, олар бойынша өз пікірін негіздейді. Таңдалған (берілген) тақырып бойынша жұмыс келесідей кезеңдерден тұрады:
- дерек көздерді іздеу және оқу;
- библиография жасау;
- жоспарды әзірлеу;
- реферат жазу.
Реферат келесідей құрылымдық бөліктерден тұрады:
- титулдық парақ;
- мазмұн (жоспарға сәйкес);
- мәселенің даму тарихы мен оның мәні қысқаша баяндалатын кіріспе;
- зерттелінетін жұмыстардың мазмұны, негізгі идеялары мен қорытындылары қисынды дәйектілікпен баяндалатын негізгі бөлім;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Рефераттағы баяндау стилі қысқа және дәл болуы тиіс. Мысалы, «Көптеген ұзақ тәжірибелер нәтижесінде авторлар келесідей тұжырым жасаған ..." деген ұзақ сөйлемді бір сөзбен «Анықталғандай...» деп қысқартып жазған абзал. Алдыңғы жұмыстарда баяндалған мәселенің жалпыға мәлім фактілері мен тарихынрефератта жазудың қажеті жоқ. Рефераттың негізгі бөлігінің мәтіні, әдетте, жұмыстың мәнінен басталады. Дайын реферат оқытушыға тексеру үшін тапсырылады. Рефератты бағалай отырып, оқытушы студенттің ғылыми - техникалық әдебиеттермен жұмыс істеу, даулы мәселелер бойынша әртүрлі көзқарастарды талдай білу, өз пікірін дәлелдеу, сілтемелерді, пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу дағдыларын ескереді. Егер реферат оң бағаланса, ол өткен тақырыптарды толық меңгергені бойынша сынақ тапсырды деп есептелінеді. Студент рефератты оқытушымен бірге студенттің өзіндік жұмысы қосымша сабағында қорғайды. Реферат А4 форматындағы стандартты парақтарда қолжазба немесе компьютерлік жазба түрінде рәсімделеді. Реферат тезтікпесі бар папкаға салынады және белгіленген мерзімде оқытушыға тапсырылады. Баяндама - белгілі бір тақырыпқа ауызша хабарлама жазу. Ол семинар сабағында, ғылыми конференцияда оқуға арналған еңбек түрі. «Ғылыми зерттеулер әдістемесі» пәні бойынша студенттердің баяндамалары сынақ жұмыстары да болып саналады. Ғылыми конференцияда баяндамамен (хабарламамен) сөз сөйлеу курстық жұмыс үшін есепке алынуы мүмкін.Баяндама мәтіні реферат сияқты немесе презентация түрінде рәсімделеді және оқытушыға белгіленген мерзімде тапсырылады. Баяндаманы дайындау кезінде сөз сөйлеуге берілген уақытты ескеру қажет. Сондықтан, баяндаманы таныстырмас бұрын, алдын-ала мұқият дауыстап оқып, асықпай алдын ала дайындалу керек. Егер сіз белгіленген уақытта баяндаманы оқып үлгермесеңіз, онда баяндаманы қысқартып, қажет деп таныған бөлімдері мен қорытындыны оқып таныстыру керек. Студенттік баяндамалар, әдетте, үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Бірінші бөлімде тақырыптың өзектілігі, теориялық және практикалық құндылығы негізделеді, екінші бөлімде негізгі ғылыми ережелер, үшінші бөлімде – қорытындылар мен ұсыныстар жазылады.

жүктеу 33,43 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау