ҚазаҚстан Республикасы білім және ғылым министРлігі балалаР ҚұҚыҚтаРын ҚоРғау комитеті



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет14/31
Дата14.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#12266
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31

50
9 сурет. Тәрбиешілердің тәрбиеленушілер дамуының ерекшеліктері 
туралы пікірлері
1. Өз кінәсін мойындай білмеуі мен мойындағысы келмеуі.
2. Адамдарға деген тұтынушылық көзқарас, ойлаудың нашар дамуы, әр 
түрлі тосқауылдарға жоғары сезімталдық, қиындықтарды бағындыруға дайын 
еместік, қолдау мен ескертуге эмоциялық жауаптарының барабар емес фор-
малары, танымдық қызметінің төмендігі.
3.  Ықпалға  оңай  түсуі,  тек  ең  мәнді  қажеттіліктерді  ғана 
қанағаттандыруға бейімділік, өмірлік жоспарлардың, өмірлік құндылықтардың 
қалыптаспағандығы, жәбірленгіштік
4.  Айналасындағылармен  өзара  қатынастардағы,  қарым-қатынастар 
орнатудағы. қиындықтар, жанжалды сындарлы шешуге қабілетсіздік, жауап-
кершілік сезімінің нашар дамуы, моральдық арамтамақтық. Өздігінен таңдау 
жасау немесе мәнді шешімдер қабылдауға қабілетсіздік.
5. Өзін өзі бағалаудың барабар еместігі.
6. Барлығы үшін айналасындағыларды кінәлауға бейімділік. Көңіл-күйдегі 
өзгерістер (мәнерлілік, жабырқаңқылық, долылық).
7. Айналасындағылардың пікірлеріне тәуелділік.
8.  Қорқыныш-үрейге,  алаңдаушылық,  мазасыздануға  бейімділіктің 
жоғарылығы.
9. Отбасылық рөлдер туралы түсініктердің қалыптаспағандығы, ер аза-
мат пен әйел үлгісіне қойылатын талаптар жүйесінің қайшылықтары, басқа 
адамдарға тілектестік қабілетінің төмендеуі, қатыгездік.
10.  Болашақ  туралы  оңды  түсініктердің  жоқтығы,  мақсатқа 
ұмтылушылықтың нашар дамуы.
11. Бос уақытын өткізуде өзіндік қызығушылықтарының дамымауы, бос 
уақытын өткізуді ұйымдастыра алмауы.
12. Адамдарға сенбеу. 
13. Болып жатқан оқиғаға немқұрайлылық, өзімен-өзі болу, белсенділік 
танытпау.


51
Өмірлік қиын және күйзелісті жағдаяттарда өзін өзі ұстау 
стартегиясын анықтайтын сауалдаманың нәтижелері
«Күйзеліс жағдайларындағы копинг-мінез-құлық» сауалнамасы 
жүргізілді (С. Норман, Д.Ф. Эндлер, Д.А. Джеймс, М.И. Паркер; бей-
імделу нұсқасы Т.А. Крюкованікі). 
Арналуы.  Мінез-құлықтың  копингтік-күйзелістік  бейімделген 
нұсқасы күйзелістік жағдайларға жауап берулердің тізбесін қамтиды 
және басым болатын  копинг-күйзелістік мінез-құлықтық стратегия-
ны анықтауды көздейді.  
10 кесте
Тәрбиешілерге арналған сұрақтар

Стратегия үлгілері
Жоғары 
деңгей
 %
Орташа 
деңгей
 %
Төменгі 
деңгей
 %
1. 
Міндеттерді шешуге 
бағытталғандық
93,5
6,5
0
2. 
Эмоциялылыққа 
бағытталғандық
71
8

3. 
Қашқақтауға бейімдік
32
7,5
60,5
4. 
«Әлеуметтік мақұлдау» субшка-
ласы
39
48
13


52
10 сурет. Өмірлік қиын және күйзелістік жағдаяттарды меңгере білу 
стратегиялары бойынша сауалдаманың нәтижелері 
1. Міндеттерді шешуге бағытталғандық.
2. Эмоциялылыққа бағытталғандық.
3. Қашқақтауға бейімдік.
4. «Әлеуметтік мақұлдау» субшкаласы.


53
дербестікті таныту тәсілдері бойынша жоғары сынып 
оқушыларына сауалдама жүргізудің нәтижелері
 11 кесте 
Жоғары сынып тәрбиеленушілеріне арналған сұрақтар

стратегия үлгісі
Жоғары 
деңгей 
%
Орта 
деңгей
 %
Төменгі 
деңгей
 %
1. 
Шешімдер қабылдаудың сыртқы 
факторларға тәуелділігі
63
15

2. 
Шешімдер  қабылдаудағы  дер-
бестік
37
45
18
3. 
Қиын жағдаяттарда өзін сындар-
лы көрсете білу
54

32
4. 
Өзін өзі дамытуға ұмтылу
74
20
6


54
11 сурет. Тәрбиеленушілердегі дербестікті таныту тәсілдері
1. Шешімдер қабылдаудың сыртқы факторларға тәуелділігі.
2. Шешімдер қабылдаудағы дербестік.
3. Қиын жағдаяттарда өзін сындарлы көрсете білу.
4. Өзін өзі дамытуға ұмтылу.
*  *  *
Алынған  деректер  жетім  балалар  мен  ата-аналарының 
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында 
балаға деген достастық ортаны дамыту жолдарын көрсетеді.
Сауалнаманың  нәтижелеріне  сәйкес,  кестелер  мен  суреттер-
ден    көріп  отырғанымыздай  кейбір  мәселелерге  басымдық  беру-
де  тәрбиешілер  мен  тәрбиеленушілерде  алшақтықтар  анықталды. 
Тәрбиешілердің  түсініктеріндегі  қайшылықтар  тәрбиеленушілердің 
қажеттілік  салаларына,  тәрбие  әдістеріне,  өз  мәселесін  өзекті 
ету  құралдары  мен  жеке  кеңістікке  байланысты.  Тәрбиешілердің 
күйзеліс  және  қиын  жағдайларда  өзін  ұстауы,  тәрбиеленушілердің 
психологиялық ерекшеліктері және олардың өз бетінше әрекет ету-
ін  анықтау  үшін  жүргізілген  сауалнаманың  нәтижелеріне  талдау 
жасалды.  Айқындалған  қарама-қайшылықтардың  пайда  болу  се-
бептері  мен  оларды  жою  жолдары  анықталды.  Копинг-стратегия 
мен  тәрбиеленушілердің  өздерін  дамыту  мен  белсендіру  ерекше-


55
ліктері  арасындағы  байланыстың  болуы  әбден  мүмкін.  Алынған 
мәліметтерді  сондай-ақ  жоғары  сыныптардағы  тәрбиеленушілерге 
арналған сауалнамалардың мәліметтерімен де салыстыруға болады. 
Атап  айтқанда,  өзін  көкейтестілендіруге  ұмтылыстарды  зерттеуге 
арналған сұрақтар. Мәліметтерге контент-талдау жасалды. Алдын ала 
мәліметтер бойынша эмоциялық жауап беру мен міндеттерді шешуге 
бағытталған копингтер теңгермеленген мекемелерде тәрбиеленушілер 
интерналдылықтың  (өздігінше  шешім  қабылдаудың)  және  өзін  өзі 
көкейтестілендіруге  ұмтылыстардың  белгілерін  көбірек  байқатады. 
Бірақ  көпшілік  жағдайларда  сауалнамаға  қатысушылар  өзін  өзі 
көкейтестілендіру құралдарын бөлуді көрсетпейді. 
Сонымен,  психология  ғылымындағы  копинг-стратегия 
жаңа  немесе  күрделі  міндеттерді  шешуді  (қиын  немесе  титықтау 
жағдаяттарында)  талап  ететін  жағдаяттарда  қолданылатын  мінез-
құлық паттерні ретінде анықталады.
Тәрбиелеу процесінде копинг-стратегияларды тәрбиеленушілер 
мінез-құлық  паттерні  ретінде  қабылдайды  және  көбінесе 
аз  ұсынылады.  Копингтердің  алуан  түрлілілігі  қалыптасқан 
жағдаяттарға жауап берулердің икемділігін көздейді. Копинг-страте-
гиялар  қабылданған  адамның  конгруэнтті  мінез-құлқында  олардың 
кез келгені бұдан кейін де табысты қолданылуы мүмкін. Міндетті ше-
шуге бағытталған, эмоцияға бағытталған, болдырмауға бағытталған 
копинг көріністері және әлеуметтік мақұлдаудың субшкаласы зерт-
телді [27, 28].
Алынған  нәтижелер  міндеттерді  шешуге  бағытталған  копинг-
стратегиялардың айқындығы туралы баяндаса, мұнымен бір мезгілде 
эмоциялық көріністер шкаласы бойынша орташа балл көрсетілген. Ба-
лалар үйлерінің тәрбиеленушілерінде алуан түрлі өмірлік тәжірибеге 
ие  болу  мүмкіндіктерінің  елеулі  түрде  шектеулі  екендігі  белгілі. 
Сондай-ақ  бұл  тығыз  эмоциялық  қатынасқа  да  қатысты,  бұл  кезде 
отбасында  тәрбиеленетін  балаларда  еліктеу  пайда  болады  немесе 
копингтік мінез-құлық – әлеуметтік және тұрмыстық дағдыларға 
ие болудың негізі жасалады. Қазіргі заманғы қоғамда «бұл мекеме-
лердегі балаларға тәрбиешілер өзінің туған балаларына қарағандай 
қарауы тиіс» деген дақпырт орын алған. Мұнымен бірге нақты де-
ректер,  іс-тәжірибе  мұндай  әрекеттердің  қолайсыз  салдарларға 
әкелетінін көрсетеді. Мұның жарқын мысалы эмоциялық күйіп кету  
проблемасы болып табылады.


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау